Компанияның ақша қаражаттарының қаржылық жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 09:48, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Оглавление

Кіріспе..................................................................................................................... 3

1 тарау. Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері.

1.1. Компанияның ақша қаражатының экономикалық мыңызы .....................5

1.2. Компанияның ақша қаражатының атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері ...............................................................................................7

1.3. Коспанияның ақша қаражаттарын басқаруды жоспарлаудың ерекшеліктері ........................................................................................................14

2 тарау. «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау.

2.1. «Ақайнар» АҚ - ның 2009-2010 жылдардағы активтерінің құрамы мен құрылымын талдау ...............................................................................................16

2.2. «Аққайнар» АҚ- ның 2009-2010 жылдардағы негізгі құрал – жабдықтардың көрсеткіштерін талдау ..............................................................18

2.3. «Аққайнар» АҚ - ның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау .....................................................................................................................19

3 тарау. Қазіргі кезде компанияның ақша қаражаттарын басқарудың тиімділігін арттыру жолдары ............................................................................22


Қортынды .............................................................................................................29

Қолданылған әдебиеттер ..................................................................................32

Файлы: 1 файл

Копия акша каражаты .doc

— 196.50 Кб (Скачать)

Үшінші  бағыт инвестициялық сипаттағы  ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шешімдердің талдауы мен бағасын қарастырады:

  • Қаржы ресурстарының трансформациясының тиімділігі;
  • Қаржы салымдарының тиімділігі.

   Қаржылық  шешімдерді жоғарыда аталған бағалауларды пайдалана отырып қабылдау өтеулілік, қаржылық тұрақтылық және тиімділік талаптары арасындағы компромиссті есепке алатын, альтернативті шешімдер нәтижесінде орындалады.

      Қаржы ресурстарын басқару кәсіпорынды  басқарудың жалпы жүйесінің маңызды  тармағы болып саналады. Айналым  қаражаттарының айналымын көтеру запастарды сақтаумен байланысты нәтижелер мен шығындарды анықтауға және запастар мен шығындардың дұрыс балансын жүргізуге әкеледі. Айналым қаражаттарының айналымын жеделдету үшін кәсіпорындарда төмендегі жұмыстарды жүргізген жөн:

  • Керекті материалдарды сатып алуды жоспарлау;
  • Қатаң өндірістік жүйелерді енгізу;
  • Қазіргі заманға сай қоймаларды қолдану;
  • Сұранысты болжауды жетілдіру;
  • Шикізат пен материалддарды тез жеткізу.

     Қаржы ресурстарын басқару бойынша  негізделген шешім қабылдау үшін ең алдымен кәсіпорынның жағдайының қаржылық тұрақтылығының қандай типке жататындығын анықтау керек. Оларды 4 топқа бөлуге болады: жақсы тұрақты жағдайдағы кәсіпорын, орташа тұрақты жағдайдағы кәсіпорын; нашар тұрақты жағдайдағы кәсіпорын; дағдарысты қаржылық жағдайдағы кәсіпорын.

     Инвестициялар бойынша шешім қабылдау ең маңыздысы және сол уақытта кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару процесінің алғашқы құрамдастары болады, өйткені олардың маңызды көлемін айналымнан ұзақ уақыт аралығына алады. Кәсіпорынның қаржы ресурстарыын басқарудың тиімділігін бағалау маңызды дәрежеде активтерге инвестициялаудың тиімділігін бағалаумен ұштасады, өйткені бұл инвестициялар қаржылық ресурстармен – меншікті және тартылған ресурстармен қамтамасыз етіледі. Және керісінше, қаржы ресурстарының мәнінен олардың негізгі тағайындалуының – қайта өндірістің қажеттіліктерін тұтас қаржыландыру мен бөлшекті түрде кеңейтілген қайта өндірісті қаржыландыру болып табылатындығын көреміз. Сондықтан ойлап қарасақ қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігі оларды инвестициялау тиімділігіне шартталғанын байқаймыз. Басқаша айтқанда инвестициялар қаржы ресурстарының мәнін сипаттайтын процесс ретінде, кеңейтілген қайта өндіріс процесінде іскерлік қатынастардың материалды ұстаушылары ретінде болады. Қаржы нарығының тұрақтылығына, маңызды қаржылық тәуекелдерге, нарқытық экономикасы дамыған елдерде қабылданған инвестицияның тиімділігін бағалаудың тәсілдері Қазақстанда бірқатар ерекшеліктерге ие болды, олар әрекеттегі пайыздық ставкалар, кәсіпорынның капитал құрылымының әр түрлі макроэкономикалық циклдардағы серпіні, бірқатар факторлар қатынасында инфляция көрсеткіштерін есептеуде есепке алудың қажеттілігімен байланысты.

     Қазіргі кезде қаржылық болжау процесінде алдыңғы  қатарға ақша ағынын дисконттау моделі ұсынылады. Шаруашылық субъектілерінің  қаржылық жоспарында ақша ағынын дисконттау және моделдерді есепке алуды құрастырудың қажеттілігі төмендегі жағдаймен анықталады: қаржылық нәтижені болжау кезінде көрсетілетін шығындардың көп бөлігі төлемдер тәтібіне әсер етпейді. Мысалы, шаруашылық субъектілерінің айналым қаражаттары оның шығын ретінде пайда және шығын болжамына түскенге дейін төленеді. Осыған байланысты, төмендегідей тұжырым жасауға болады: пайда есепті шотта немесе кассадағы ақшалай қаражаттардың артықшылығын сипаттамайды, ал нақты ақшаның артық көлемі өз кезегінде кәсіпорын пайда алып жатыр дегенді білдірмейді. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздіігі жағдайында бұл маңызды мәселеге айналуы мүмкін, өйткені нақты ақшаның артық көлемі пайдалы жұмысты сипаттамайды. Кейінге қалдырылған кредиторлық қарыздың жоғарғы деңгейін иеленгенде кәсіпорын маңызды қаржылық қиыншылықтарға ұшырауы мүмкін, өйткені кредиторлардың қысымы дебиторлық қарызды алғанға дейін, кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Ақша ағынының болжам моделін жасаудың негізгі тапсырмасы ақша қаражаттарының болжам моделлін жасаудың негізгі тапсырмасы ақша қаражаттарының түсімі мен шығындалуының синхрондылығын тексеру, кәсіпорынның болашақтағы өтеулілігін бағалау, болып табылады және осылайша қабылданған басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыру.

     Кәсіпорындарда  есеп айырысуды жетілдіру келесі бағыттар бойынша жүргізілуі керек  – кәсіпорынның қаржы ресурстарының  жалпы шамасын максималдау позициясында ең тиімді деген есеп айырысу формаларын пайдалану және керісінше – айналымнан қаражаттарды алуға әкелетін есеп айырысу формаларынан бас тарту, мұнда кәсіпорын операцияның кредиторы қатынасында қатысады. Есеп айырысу операцияларына қызмет ететін банктердің сенімділігі, есеп айырысу механизмінің құқығы және инфрақұрылымын қамтамасыз ету сияқты факторларына да көңіл аудару керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       

Қорытынды 

     Сонымен, жоғарғы айтылғандарға қорыты жасайтын болсам,  нарықтық экономика  жағдайына негізделген сан алуан ұйымдық – құқықтық нысандар кәсіпорындардың қалыптасуын және дамуын, жаңа меншік иесінің, жеке азаматтардың, сондай-ақ кәсіпорындар еңбек ұжымдарының пайда болуын қажет етеді. Бұл маңызды  алғышарт және қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижелеріне  мүдделіктің себебі. Бұл қағидатты іс жүзінде жүзеге асыру кәсіпорындарға берілген және мемлекеттің қолдауынсыз өзінің шығындарын қаржыландыру қажеттігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорындар, ұйым, фирма қарамағында қалатын пайданың үлесіне де байланысты.

     Кәсіпорындар  мен ұйымдарға міндеттерді шешу үшін ерікті негізде өздерінің валюта қаржысын кәсіпорындар мен ұйымдар ешкімнің рұқсатынсыз, бірақ қолданылып жүрген валюта заңнамасының шеңберінде қарап шешу бойынша пайдалана алады. Валюта қорлары ең алдымен еңбек ұжымдарының өндірістік, әлеуметтік-мәдени дамуына жұмсалады; валютаның бір бөлігі еңбек ұжымдарының шешімдерімен халық тұтынатын шүетел тауарларын дәрі-дәрмектерді және медициналық техниканы сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Валюта қорларының қаржысы ізгілік және қайырымдылық көмек көрсетуге де пайдаланылуы мүмкін. Кәсіпорындар мен ұйымдар валюта қоры қаражаттарының бір бөлігін қосалқы жеткізушілерге – кәсіпорындар мен ұйымдарға бере алады; бұл түсімдердің көлемі шарттың негізінде экспорттық өнім өндірісіне қатысушылардың үлесі ескеріле отырып шешілді.

      Кәсіпорындардың өзін-өзі қаржыландыруы  толық  қаржы дербестігімен және жауапкершілігімен  тығыз байланысты. Оларға өздерінің  меншікті ресурстарын өз бетінше  ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға  салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың  толық қаржы дербестігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың, валюталық түсім – ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т.б. жүйесі мен тәртібін белгілеу ақылы жүзеге асырылады.

      Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы міндетті орындамағаны үшін заңнамада белгіленген қаржы  санкцияларының жүйесімен анықталған. Бұдан басқа, кәсіпорындар өздерінің  міндеттемелері бойынша меншікті мүлкімен жауапты  болады.  Кәсіпорындардың  қаржылық жауаптылығы  кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру жүйесімен және кәсіпорындардың  қаржы ресурстарында сақтық компанияларынан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейіп келеді.

     Жоғарыда  айтылғандардан  мынадай қорытынды  шығаруға болар еді. Өндіргіш күштер дәрежесі мен сипатынан туындайтын кәсіпкерліктің  әр қилы формалары, қазіргі нарықтық экономикаға аралас экономика сипатын береді. Мұндай экономикалық «бір клеткалы» бірыңғай укладты  экономикамен  салыстырғанда үлкен артықшылығы бар. Өйткені онда көп уклад орын алады, сөйтіп  бәсеке  арқылы  өзінің өміршеңдігін дәлелдей  отырып, қоғам  мүшелерінің  әр қилы қажеттіліктерін  тиімді  қанағаттандыра алады. Аса қиын жағдайда тоталитарлық  жүйеден  кәсіпкерліктің  аралас моделіне  көшіп  жатқан еліміз  үшін  бұл  үлкен  сабақ. 

      Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың  қажетті қағидаты – басқарудың  барлық деңгейлеріндегі қаржы  резервтерінің болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік  және  әлеуметтік қорлардың мөлшеріне  пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты  нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың  қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды қаржыландыруға арналған.

     Сөйтіп, өндірістік капиталдарды жасаумен оның өсімін қаржыландырудың көздерін, меншікті, тартылған жәнеқарыз қаражаттарына топтастыруға болады. Айналым қаражаттарының аза маңызды құрамды бөлігі меншікті айналым қаражаттары болып табылады, өйткені олардың болуы, сақталымдылығы, басқа қаражаттармен ара салмағы нақтылы нарықтағы кәсіпорынның қаржылық орнықтылығының дәрежесін анықтайды.

       Сонымен, курстық жұмысымның бірінші бөлімде Нарықтық экономика жағдайындағы  кәсіпорындар қаржысын басқару туралы қарастырдым. Оның ішінде мынандай бөлімшелерді ашып көрсеттім: бірінші бөлімшеде компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы туралы айтып өтім; екінші бөлімшеде кәсіпорындардың ақша қажаттарының атқаратын қызметтері мен міндеттері   туралы айтып өтім; үшінші бөлімшеде кәсіпорындардың ақша қаражаттарын басқаруды жоспарлау ерекшеліктері бойынша ашып көрсеттім. Ал екінші  бөлімде кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқару және қаржылық жағдайына талдау  жаздым.          
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                   Қолданылған әдебиеттер 

1. Назарбаев Н.А. «Казахстан-2030. Послание Президента страны народу Казахстана» Алматы «Білім», 1997ж.

2. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001жылғы 7 мамырдағы Жарлығы. Алматы, 2001ж.

3.  Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2009-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Алматы, 2003г.

4. «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңы 19.06.1997ж., №131-1.Алматы, 1997ж.

5.  Қазақстан Республикасының Шаруашылық субьектілері  Алматы,   2002ж.

6. Шеденов  Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Сағындыков Е.Н.  «Жалпы экономикалық теория». 

7. Мейірбеков А.Қ.,Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы» Алматы «экономика».

8.  Үмбеталиев  А.Д., Керімбек Ғ.Е. «Кәсіпорын  экономикасы және кәсіпкерлік».

9. Исабеков  Б.Н. « Қазақстанда аралас экономика кезіндегі индустриалдық инновациялық саясат және кәсіпкерлік». Алматы, 2001ж.

10.  К. Бердалиев « Менеджмент»  Экономика, 2005ж. 

11. Шаруашлық  субъектілерінің қаржылық ресурстарын  тиімді басқару кезеңдерін құру // ҚазЭУ Хабаршысы – 2006 № 5, 97-101 б.

12. Қаржы  ресурстарының экономикалық мәні  мен қызметтері // ХҚТУ Хабаршысы,2006 , №3, 165- 173 б.

13. Кәсіпорынның  қаржылық ресурстарын қалыптастырудың  объективті қажеттіліктері мен  жалпы принциптері // Экономика  және статистика. 2007, , №1. 34-37 б.

14. Шаруашлық  субъектілерінің ақшалай ресурстарын  болжау // Қазақстан ғылыми әлімі,  №1, 2007, 123-129 б.

15. Кәсіпорынның  қаржы ресурстарын қалыптастырудың  принциптері // «Қазақстан Республикасының  қаржы тетігін дамытуды жетілдіру – бәсекелестікке қабілеттілігінің айғағы» атты халықаралық ғылыми – практикалық конферецияның материалдары. – Шымкент, 2007. 202 – 204 б. 
 
 

Информация о работе Компанияның ақша қаражаттарының қаржылық жағдайы