Банк жүйесінің қалыптасуының теориялық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 13:12, курсовая работа

Краткое описание

Бүгiнгi таңда ауқымды өзгерiстер кезеңi қоғам өмiрiнiң барлық саласын жан–жақты қамтуда. Сол себептi қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлуметтiк және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшу мiндетi тұрды. Қазiр ендi көштiк десек те болады. Осы негiзгi әлеуметтiк, рухани және тағы басқа күрделi мәселелердi шешу – бүгiнгi күннiң басты талабы. Сөйтiп бұл мәселелердi дәйектi түрде жүзеге асыру бүкiл қоғам мүшелерiнiң жаңаша көзқарасына, нақты iс-қимылына және олардың экономикалық бiлiмiне тiкелей байланысты.

Оглавление

Кіріспе...................................................................................................................3
Банк жүйесінің қалыптасуының теориялық ерекшеліктері
Банк жүйесі, оның атқаратын қызметі мен негізгі функциялары........................................................................................5
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің ерекшеліктері.......7
Банк жүйесінің шетелдік тәжірибесі................................................11

Қазақстан Республикасындағы банктік жүйені талдау
Екінші деңгейлі банк жүйесінің қызметтерін талдау.....................14
Ұлттық банк жүйесінің қызметтері мен көрсеткіштерін талдау..................................................................................................16
Қазақстандағы банктік жүйенің негізгі бағдарламасы оның жүзеге асырылуын талдау..............................................................................21

Қазақстан Республикасының банктік жүйені дамыту перспективасы
Қазақстандағы банктік жүйені дамыту мен мемлекеттік қолдау..................................................................................................26
Қазақстандағы банктік жүйені дамытудың жолдары....................28

Қорытынды..................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................32
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

БАНКТИК жуйе дамуы.doc

— 171.50 Кб (Скачать)

Қазақстанның экономикасының дамуындағы жетістіктерді көптеген дамушы елдер мойындап, халықаралық қаржы институттары мен рейтинг агенттіктері атап көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алуға ұмтылуда. ҚР Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша ЖІӨ 2006 жылдың ішінде экономиканың тұрақты дамуы туралы куәландыратын өсудің тұрақты серпінін көрсетті.

Алайда, Қазақстан экономикасы  соңғы жылдары инфляция қысымының күшейе түскенімен қатар қарқынды дамуда, бірақ Ұлттық банк пен Үкіметтің төмен инфляцияны ұстап тұру жөніндегі үйлестірілген саясатының арқасында 2006 жылдың шілде айынан бастап оның динамикасында түбірлі өзгеріске қол жеткізілді. Нәтижесінде инфляция 9%-дан 8,4%-ға дейін төмендеді, және қазіргі уақытта аса жоғары емес тұрақты деңгейде қалып отыр.

Дегенмен де, инфляциялық  үдерістің баяулауына қарамастан, Ұлттық банк ақша-кредит саясаты шараларын  әлсіреткісі келмейді, себебі жылдық инфляцияның төмендеу үрдісі тұрақсыз болып қалуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-кредит саясатының 2007 – 2009 жылдарға арналған негізгі бағыттарына сәйкес Ұлттық банк 2007 жылы және одан кейін де орташа жылдық инфляцияның төмен деңгейін қамтамасыз етуге бағдарланған ақша-кредит саясатын жүргізуді өз қызметінің басым бағыты деп айқындайды.

Ресми қайта қаржыландыру ставкасын қоса алғанда, Ұлттық банктің операциялары бойынша ставкаларды реттеу ақша нарығындағы жағдайға  және инфляция деңгейіне байланысты жүргізіледі. Қаржы нарығындағы сыйақы ставкасын, сондай-ақ банктердің артық өтімділігін реттеудің басты құралы – екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі қысқа мерзімді ноталары мен депозиттері болып қала береді.

Қазіргі кезеңде Қазақстанның экономикалық саясатының негізгі мақсаты-экономиканың макроэкономикалық және қаржы тұрақтылығына қол жеткізу болып табылады, сондай-ақ келешекте экономиканың өсу алғышарттарын жасау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банк 2007 жылдың қаңтар айында “2007 жылға арналған экономикалық және әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары және экономикалық көрсеткіштердің болжамы туралы” бірлескен мәлімдеме жасады. Осы құжатқа сәйкес Ұлттық банк пен Үкімет Қазақстанның халықаралық  бәсекеге қабілетін арттыруға, елдің өмір сүру деңгейін жақсартуға, экономиканың қарқынды дамуын және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге қолайлы жағдай туғызуға бағытталған саясатты келісіп жүргізетін болады.

 

    1. Қазақстандағы банктік жүйені дамытудың жолдары

 

Банк жүйесінің қысқа  мерзімді төлемпаздығын реттеу құралдары ретінде: қысқа мерзімді ноталармен операциялар, ашық нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздар мен операциялар, ресми мөлшерлемелерді реттеу, вексельдерді қайта есепке алу арқылы банктерді қайта қаржыландыру, банктерге төлемпаздықты қолдау үшін қысқа мерзімді несие беру қолданылды. Теңге бағамының шектен тыс нығайуы мен айырбастау бағамының қысқа мерзімді күрт ауытқуына жол бермеу үшін ішкі валюта нарығында шетел валютасын сатып алу және сату операциялары жүргізілді.

     Теңге құнсыздығының тұрақты бағытын сақтау негізгі сауда әріптес елдерге қатысты баға тепе-теңдігін қалпына келтіруге ықпал етті. ТМД елдеріне қатысты теңгенің нақты тиімді айырбастау бағамының индексі жылбасынан 7,6% төмендеді, бұл ресей рублінің 8,5%  нығайуына байланысты болды. Жалпы жыл бойы теңге басқа елдер валюталарының кәрзеңкесіне қатысты 16 % нығайды. Нәтижесінде 2012 жыл бойы 20 ел – сауда әріптестер тобы бойынша теңгенің нақты тиімді айырбастау бағамы 2,8% артты. 

     Екінші деңгейдегі банктердің несие бойынша мөлшерлемелерін төмендету мақсатында Ұлттық Банк жыл бойы қайта қаржыландыру мөлшерлемесін орташа деңгейде сақтап, ресми мөлшерлемелерді төмендетті. Жыл бойы қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 18% – дан 14% дейін, «овернайт» несиесі бойынша мөлшерлеме – 27 – ден 21%, «репо» операциялары бойынша - 23 – тен 19% дейін төмендеді.

Экономикалық механизімінің  дамуы нарыққа өту жағдайында, ақшалай айналым жүйесін құруда, клиенттерге кассалық есеп айырысулық қызметте ұйымдастыруда өте жоғары талаптарды көрсетеді. Төлемдік айналымның өсуі немесе айналым шығынның өсуі, төлем түріндегі тез өсетін қажеттілікті қанағаттандыратын және айналым шығындарын бір уақытта төмендетуде ақша құралдарының айналымын тездететін және еңбек шығындарының қысқаруын қамтамасыз ететін ақшалай айналымның жаңа механизмін құрудың қажет екендігін білдіреді. Осыған байланысты банктік қызмет нарығында жаңа банктік өнімдер және қызметтер түрлері пайда болуда. Сонымен қатар, бұрын ұмытылып кеткен ескі аккредитив, банктік кепілдемелер және инкассо сияқты өнімдерді активтендіру жағдайларын да айтуға болады. Мынандай жаңа банктік қызметтерді атап өтуге болады: төлемдік карточкалар, форфейтинг, банк-клиент жүйесі, резервтік аккредитивтер, факторинг, траст операциялары, банк-клиент, НОМЕ-Банкинг және т.б.

Бұл банктік қызмет түрлері  өздерінің қолдауларын тапты және ҚР-да соңғы төрт жылда кең тарады. Жаңа банктік өнімдерді жеке-жеке қысқаша қарастырайық (тәуекелдер, артықшылықтары, кемшіліктері).

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстан аумағында шетелдіктердің қатысумен банктердің немесе  еншілес банктердің, сондай-ақ шетел банктерінің өкілеттіліктерінің ашылуына Ұлттық банк лицензия береді.

Төлем   айналымы    және    оның    біздің    елдегі    қалыптасуы   мен   жұмыс    жасау    қарқыны   ақша-несие    саясатының    негізгі    мақсатының бірі,   мұнымен   қоса   инфляциялық    тежелуді    қамтамасыз    ету   және    қаржы    нарығының    тұрақтылығын    қадағалау   қызметтері   де   жүктеледі.   Айырбас    бағамының    икемділігін    сақтап   тұру   өз   алдына   үлен   жауаптылық.    Бұл   мақсаттарды    бір   мезгілде   шешу    қиындық    тудырады.  Себебі    экономикалық    өсу   үшін   несиелік   экспансия,    ал   инфляцияны    тежеу    үшін,    керісінше,    несиелік    рестрикция,   яғни    ақша    массасының    жалпы    шектеулілігі    қажет.   Сондықтан   да  ақша-несие     саясаты    тұрақты    бюджет,    төлем    балансы   және   салық    саясатымен     байланысты    келеді.  

           Ақша-несие    саясаты    бүгінгі    таңда    несиелеуге    болатын   экономика    секторын    дұрыс    таңдай   білуге,    сондай-ақ    несие    беру    мүмкіндігі    туралы,   төлем   балансы   сұрақтарын    шешуде    банк    үшін   бірінші    реттік   маңызы   бар    басқа   факторлар   мен    қарыз    алушының    несиелік    қабілетіне    қарап   өз   клиентін   таңдаудағы   біліктілігіне    негізделеді.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының  орталық банкі ретінде басқа  елдердің орталық банктермен және халықаралық  қаржы ұйымдарымен қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді. Ұлттық банк-эмиссиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие, «банктердің банкі» ролін атқарады, сондай-ақ ақша-несие және валюта саясатын анықтайды.

Ұлттық банк –оның жоғарғы үкімет органы тұлғасындағы мемлекеттік біртұтас органы, бір ғана қол қоюшы және жарғылық қордың иесі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басты міндеті ұлттық валюта теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Ұлттық банктің негізгі  қызметтері мыналар: айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен  мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізу, ақша эмиссиялау, банктерге, ұйымдарға  несие беру, және республикада қолма-қолсыз есеп айырысуды іске қосу, инвестициялық қызмет, екінші деңгейдегі банктер қызметін бақылау және қадағалау.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі «банктердің банкі» қызметін атқарады, яғни коммерциялық банктер резервтерін сақтайды, оларға қарыздар береді, қолма-қолсыз есеп айырысуларды жалпы ұлттық ауқымда жүзеге асырады, банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының «Банктер және банктік қызмет туралы» Президент жарлығы - 2003 жыл
  2. «Банки, банковское дело»: Учебное пособие/ под ред. И.Т.Балабанова, Москва -–2001 г
  3. «Коммерческие банки и их операции», под ред.О.М.Марковой, М.Банки и биржи, ЮНИТИ, 1995
  4. «Рынок ценных бумаг Казахстана» Алдашов Н.Б. №4, 2005
  5. Сейткасымов Г.С. Ақша,  несие,  банк.  –  алматы,  1999
  6. Хамитов Н.Н. Банк менеджменті – алматы , 2007
  7. С. Мақыш Банк ісі  Алматы, 2004
  8. Жуков Е.Ф. «Деньги, кредит, банки» Москва «Юнити»2002г.
  9. Калиева Г.Т. Кредитное дело – Алматы: Қаржы – қаражат, 1997ж.
  10. Кравцова Г.Ж. «Организация деятельности коммерческих банков» Минск , БГЭУ – 2002г.
  11. Көшенова Ақша. Несие. Банктер Алматы, 2003
  12. Міржақыпова Банктегі бухгалтерлік есеп Алматы, 2006
  13. Мақыш Коммерциялық банктер операциялары  Алматы, 2003
  14. Мақыш Ақша айналысы және несие  Алматы, 2004
  15. Платонов К., Хиггинс С. « Банковское дело. Стратегическое руководство» Москва – 2001г.
  16. Товасиев А.М. «Банковское дело» Москва: «Юнити» - 2001г.
  17. «Управление ликвидностью коммерческого банка» Москва: «Банковское дело» №9 – 2001г.
  18. Ширинская Е.Б. «Операция коммерческих банков и зарубежный опыт».
  19. «Банк Центр Кредит» АҚ 2009 жылдық есебі
  20. WWW. BANK CENTERCREDIT.KZ
  21. Банковское дело: справочное пособие. М.: Эклномика. 2003г
  22. Выступление Председателя Правления Национального банка республики Казахстан.
  23. Голуб М. Развивать новые виды кредитных операций необходимо\\ Банки Казахстана. – Алматы, 2012 – №11. – С. 43 – 46
  24. Давлетова М.Т. Современное состояние банковской системы и перспективы развития рынка банковскиъ услуг в Казахстане\\ Финансы Казахстана\\ Каржы Каражат. – Алматы, 2011. –№ 9 – 10. – С. 37-50
  25. Деньги, кредит, банки\ Под ред Г.С.Сейткасимова. – Алматы: Экономика, 2011. – 363с.
  26. Жунусова Г. Некоторые особенности банковской конкуренции\\АльПари. – Алматы, 2011. –N 4. – С.100 – 103.
  27. Инструктивные материалы Министерства финансов, Министерства экономики, Национального банка, других министерств и комитетов республики.
  28. Кичигина М.Т. Как проводится ежегодное информирование вкладчиков\\ Банки Казахстана. – Алматы, 2012. N4. – С.2 – 5
  29. Куанова Г. Теоретические основы развития депозитного рынка\\ Евразийское сообщество. – Алматы, 2011. - ¹ 3. – С. 73 – 83. – Библиогр. : 11 назв
  30. Куанова Г.А. Депозиты в банковской системе Казахстана\\ Саясат. – Алматы, 2011. - ¹ 6 – 7. – С.63 – 68.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар

Ақша-кредит саясатының 2010 - 2012 жылдарға арналған

негізгі көрсеткіштері

 

2011

(алдын ала қорытындылар)

2010

2011

2012

Инфляция (орташа алғанда кезең ішінде), %

6,9

4,9-6,5

4,8-6,2

4,1-5,5

Қайта қаржыландыру ставкасы (кезеңнің аяғында), %

7,0

7,0

6,5

6,0

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы алтынвалюта  резервтері,                 млрд. АҚШ долл.

9,3

11,7

13,1

14,7

өзгеруі %-бен

87,0

26,3

11,5

12,1

Ақша базасы,                                               млрд. теңге

578

803

1022

1 248

өзгеруі %-бен

82,3

39,0

27,3

22,1

Ақша массасы,                                                  млрд. теңге

1 635

2 123

2 760

3 470

өзгеруі %-бен

68,2

29,9

30,0

25,7

Резиденттердің депозиттері,                      млрд. теңге

1 255

1 590

2 093

2 677

өзгеруі %-бен

71,2

26,6

31,6

27,9

Банктердің экономикаға кредиттері,      млрд. теңге

1 484

1 960

2 520

3 132

өзгеруі %-бен

51,7

32,0

28,6

24,3

Жеке тұлғалардың  мерзімді теңгелік депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы, %

9,3

8,3-10,3

8,0-10,0

7,5-9,5

Информация о работе Банк жүйесінің қалыптасуының теориялық ерекшеліктері