Банк жүйесінің қалыптасуының теориялық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 13:12, курсовая работа

Краткое описание

Бүгiнгi таңда ауқымды өзгерiстер кезеңi қоғам өмiрiнiң барлық саласын жан–жақты қамтуда. Сол себептi қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлуметтiк және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшу мiндетi тұрды. Қазiр ендi көштiк десек те болады. Осы негiзгi әлеуметтiк, рухани және тағы басқа күрделi мәселелердi шешу – бүгiнгi күннiң басты талабы. Сөйтiп бұл мәселелердi дәйектi түрде жүзеге асыру бүкiл қоғам мүшелерiнiң жаңаша көзқарасына, нақты iс-қимылына және олардың экономикалық бiлiмiне тiкелей байланысты.

Оглавление

Кіріспе...................................................................................................................3
Банк жүйесінің қалыптасуының теориялық ерекшеліктері
Банк жүйесі, оның атқаратын қызметі мен негізгі функциялары........................................................................................5
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің ерекшеліктері.......7
Банк жүйесінің шетелдік тәжірибесі................................................11

Қазақстан Республикасындағы банктік жүйені талдау
Екінші деңгейлі банк жүйесінің қызметтерін талдау.....................14
Ұлттық банк жүйесінің қызметтері мен көрсеткіштерін талдау..................................................................................................16
Қазақстандағы банктік жүйенің негізгі бағдарламасы оның жүзеге асырылуын талдау..............................................................................21

Қазақстан Республикасының банктік жүйені дамыту перспективасы
Қазақстандағы банктік жүйені дамыту мен мемлекеттік қолдау..................................................................................................26
Қазақстандағы банктік жүйені дамытудың жолдары....................28

Қорытынды..................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................32
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

БАНКТИК жуйе дамуы.doc

— 171.50 Кб (Скачать)

    Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкіне  төлемдегі міндеттер жүктеледі:

  • Қазақстанның экономикалық дамуына және оның әлемдік

экономикаға кіруіне  ықпал ететін ақша айналымы, несиелендіру, банк банк төлемдері мен валюталық  қарым – қатынасты ұйымдастыру  саласында мемлекет саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру;

  • Тұрақты ақша, несие және банк жүйесін қамтамасыз ету;
  • Банктер мен басқа да ұйымдар әрекетін реттейтін актілерді

қабылдау арқылы шетел  шетел валютасын сату, сатып алу  мен айырбастау бойынша операцияларды  жүргізетін ұйым клиенттері мен банк салымшыларының мүдделерін қорғау мен олардың орындалуын бақылауға алу.

    Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі  Қазақстан Республикасындағы ақша  – несие саясатын қайта қаржыландыру  арқылы жүргізеді:

  • Банктер мен шетел валютасын сату, сатып алу мен айырбастау

бойынша операциялар жүргізетін ұйымдар әрекетін бақылауға алады және реттейді, оларға пруденциалды нормативтер белгілейді;

  • Ресми мөлшерлемелерді өзгерту арқылы Қазақстан

Республикасындағы банктердің пайыздық мөлшерлеме деңгейін реттейді.

    Ақшалай реттеу әдістерімен Қазақстан Республикасында инфляцияны тоқтату мүмкін болған жағдайда Қазақстан Рспубликасының Ұлттық Банкі несие салымдарын шектеу мен банк операциялары бойынша пайыздық мөлшерлерді өзгерту құқығына ие:

  • Қазақстан Республикасында есептесу тәртібі, жүйесі мен

түрін анықтайды, банк аралық есептесулердің капиталдық теңге арқылы уақтылы және үздіксіз жүргізуін  қамтамасыз ететін төлем жүйесінің  жұмысын ұйымдастырады [5. 12]

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі банк аралық есеп айырысуды  уақтылы жүргізуін қамтамасыз ету үшін төлемдерді шапшаңдату мақсатында клиринг және есептесу ұйымдарын құруға құқылы.

Экономикалық өсу қарқынының төмендеуі тауарлар импортының қажеттілігін төмендетіп, ішкі сұранысты қысқартады, бұл 2009 жылы төлем балансын реттеуді қамтамасыз етеді. 2013 жылы төлем балансы тепе – теңдікке келеді деп жоспарлануда, бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халқаралық қорлары көлемін 2010 жыл деңгейінде сақталуымен теңгенің айырбастау бағамының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл бағыт үшін төлем балансы мен шынайы сала көрсеткіштерінің өзгеруіне қатысты 2013 – 2014 жылдағы болжам жасалды. Ақша базасының орташа жылдық өсуі 11 – 15%, ақша массасы – 17 – 19%, экономиканы несиелендіру – 16 – 18%, банк жүйесіндегі депозиттер – 15 – 17%.

Ішкі қорларға қол жету қамтамасыз етілмегендіктен, сыртқы қарыз міндеттемелерін өтеу қажеттілігі елден капиталдың әкетуін тудырады.

    Бұл теңгенің  айырбастау бағамына әсер етіп, оны әлсіретеді.

    Осы бағытқа  сәйкес 2012 – 2013 жылдары Қазақстан  Республикасында экономикалық өсу жоспарланбайды. Шынайы сала көрсеткіштерімен төлем балансына қатысты жасалған болжамдарға сәйкес, 2012 – 2013 жылдары банк жүйесінің сыртқы және ішкі активтерінің қысқару есебінен экономикада ақша ұсынысы төмендейді және депозиттер қысқарады. Ақша базасының орташа жылдық қысқаруы 2 – 4%, ақша массасы шамамен 6 – 7% төмендейді,экономиканы несилендіру – 4 – 5%, банк жүйесіндегі депозиттер 3 – 4 % азаяды.

     Аталған экономика дамуының екі бағыты жылдық инфляция деңгейін төмендетуге бағытталған. 2010 жылдың соңында жылдық инфляция 18,8% құрды, 2010 және 2011 жылдары жылдық инфляция деңгейі күрт төмендеуі жоспарланды. Бұл көпетеген факторлардың әсер етуіне байланысты: ақша ұсынысының төмендеуі, сұраныс өсуінің шектелуі, сыртқы әсерлердің болуы.

     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 – 2013 жылдарға жоспарланған ақша – несие саясатының негізгі мақсаты – экономикалық екі даму бағыттарын жүзеге асыруда 2012 жылы 7,9 – 9,9% және 2013 жылы 7,5 – 9,5% шегінде жылдық инфляцияны сақтау болып табылады. Бұл 16 – 18% және 8,0 – 10,0% орташа инфляция деңгейіне сай келеді.

     Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметі бақылауындағы ЖІӨ, мемлекеттік шығындар мен басқа көрсеткіштер қайта қарастырылады, инфляция болжамы да қайта қарастырылады. Сонымен қатар ақша ұсынысы мен ақша – несие саясатының басқа да көрсеткіштері индикативті, яғни экономика жағдайы өзгергенде жүзеге асырылуы міндетті емес.

    Орталық инфляцияны  есептеу ерекшеліктері.

    2011 жылы орташа  жылдық инфляция жылдық инфляция төмендеген жағдайда жоғары деңгейде сақталады. Бұл орташа жылдық инфляцияны есептеу әдістемесіне тығыз байланысты.

     Орташа жылдық инфляцияны есептеуде соңғы 2 жылдағы инфляцияны үдерістерінің дамуы ескеріледі. Орташа жылдық инфляция тұтынушылық бағалар индексін есептеуге қолданылатын тауарлар мен қызмет түрлері кәрзеңкесінің орташа құнының өзгеруін көрсетеді, яғни ағымдағы жылдағы тауарлар мен қызметтер құны өткен жылмен салыстырылады. Орташа жылдық инфляция деңгейі 24 айды қамтиды мәселен, 2010 жылғы инфляция 2011 және 2012 жылдардағы инфляция декгейіне байланысты болды.

3жыл ішінде Ұлттық  Банк ЕврАзЭС банктерімен бірлесе  отырып, жалпы төлем жүйесін ұйымдастыру  жұмысын жүргізеді.

    2012 жылы қаңтар  айында Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банкінің халқаралық қорлары артты.

 

    1. Қазақстандағы банктік жүйенің негізгі бағдарламасы оның жүзеге асырылуын талдау

 

Ақша нарығының тепе – теңдігі мен банктер төлемпаздығын  реттеу үшін 01.06.2011жылдан бастап банктердің міндетті қор нормасы банк есем заңды  және жеке тұлғалар алдындағы банктердің жалпы депозит міндеттемелері бойынша 10 – 8 %  дейін төмендеді.

     Ең төмен қор талаптарын төмендету банк несиелері мен салымшылары мүддесін қорғауды әлсіретпейді, керісінше банктерге тартылған қаржыны тиімді басқарып, экономиканың нақты сапасын несиелендіруді арттыруға мүмкіндік берді.

     Банк жүйесіндегі төлемпаздық пен ақша массасын реттеу мақсатында 2010 жылы Ұлттық Банк ашық нарықта бағалы қағаздарды сатып алу мен сату операциялары, РЕПО және айналым РЕПО операцияларын жүргізді.

     2011 жылы Ұлттық Банк 1401 млн. теңгеге зайым ұсынды, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерге – 1311,2 млн. теңге, ұйымдарға 89,8 млн. теңге.

     Алтын өндіретін өнеркәсіп – «АБС Балқаш» кәсіпорынын қаржыландыру үшін бірлескен банктік несиелендіру негізінде банктер консорциумы құрылды. Ұлттық Банк аталған консорциумды жартылай қаржыландырады (699,2 млн. теңге немесе 4,9 млн. доллар).

     Ұлттық Банктің ЕБРР қарызын өтеуге байланысты шағын және орта кәсіпорындарды дамыту бағдарламасы бойынша ЕБРР займы шегінде Ұлттық Банктің «Казкоммерцбанк» ААҚ–на берге займы қайта рәсімделді. Консорциум келісімі негізінде аталған заем банк заемына аударылды (4,3 млн. доллар немесе 612,0 млн. теңге).

     КЦМР төлемжүйесінің қысқаша орталығын құру үшін арнайы мақсаттағы заем ұсыну жалғасты. 2010 жылы КЦМР – ға 89,8 млн. теңге немесе 573,5 млн доллар берілді.

     Ұлттық Банк вексельдерді қайта есепке алу жүйесін іс жүзіне енгізу жұмысын жүргізді. Жоғары санатты векселдер эмитенттері анықталды – «НАК Казатомпром» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ, 12 банкпен векселдерді қайта есепке алу туралы келісімдерге қол қойылды. 2009 жылы желтоқсанында 7,1 млн. теңгеге төлеу мерзімі 6 айға дейін «НАК Казатомпром» ЖАҚ 6 векселі қайта есепке алу үшін қабылданды.

     Ұлттық Банк екінші деңгейдегі 17 банкпен «овернайт» займын ұсыну туралы келісім – шарт жасасты. Ұлттық Банктен «овернайт» займын алу имиттері ай сайын банктерге хабарланды, бірақ 2008 жылы банктер төлемпаздығы  жеткілікті болғандықтан «овернайт» зайымы рәсімделеді.

     2012 жылы несие қайтарымы 238,2 млн. теңгені құрады. 

    Ай сайын  несие портфелі топтастырылып,  мәжбүрлі шығын қоры құрылды. 2012 жылы мәжбүрлі шығынның жалпы  сомасы 701 млрд. теңгені құрады. [15.12]

    2010 – 2012 жылдары  Ұлттық Банк ұсынған банк заемдары бойынша қарызгерлер қарызы 01.01.2012 жылға 6,1 млрд. теңгені құрады, оның ішінде негізгі қарыз – 2,3 млрд. теңге, төленбеген сыйақы мен тұрақсыздың айыбы 3,8 млрд теңге.

     Ұлттық Банктің банк заемдары бойынша мерзімі өткен қарыздары бар қарызгерлердің 80% қазіргі кезде жою барысында немес оларға қатысты банкроттың қолданылуда олар бойынша мерзімі өткен қарыз 4,7 млрд. теңге, негізі қарыз бойынша сомасы 2,2 млрд. теңгені құрады.

    Қарызгерлер  2,1 млн. теңге заемдарын қайтарды.

     Жою үдерісінің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Бнакінің банк заемдары бойынша қарызы бар 9 банктің мерзімі өткен қарызы жойылды. Сонымен қатар, ішкі істер министрлігі мекемелерінің 71,9 млн. теңге қарызы өтелді.

2012 жылы теңгенің орташа  айбастау бағамы 1 доллар үшін 122,94теңгені құрады. Биржалық бағам 1 доллар үшін 123,77 теңгені құрады. Жыл бойы теңге АҚШ долларына қатысты 2,9 құнын жоғалтты.

    Долларға қатысты  биржалық сауда көлемі 11749,0 млн  АҚШ долларын құрды, бұл 2011 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 26,3% артық.

    2012 жылы қаржы  министрлігі 122,8 млрд. теңгеге мемлекеттік  бағалы қағаздар орналастырды, бұл  2011 жылмен салыстырғанда 2,7% артық. 7 акцион өткізілді, оларды 10 және 15 жылдық МЕУЖКАМ  3,4,5 жылдық МЕОКАМ және 12 айлық МЕККАМ орналастырды. Алғаш рет МЕУЖКАМ мемлекетін ұзақ мерзімді жинақтаушы қазыналық міндеттемелер орналастырылды.

     2012 жыл бойы 12 айлық МЕККАМ бойынша табыс 3,16% –дан 2,75% дейін төмендеді, бағалы қағаздардың басқа түрлері бойынша аукцион 1 рет өткізіліп, олар бойынша табыс төмендегідей болады: 3 жылдық МЕОКАМ бойынша 3,82% 4 жылдық МЕОКАМ бойынша 3,53%, 5 жылдық МЕОКАМ бойынша – 4,09%.

     2012 жылы қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеуі 69,7 млрд теңгені құрады.

    2011 жылмен салыстырғанда айналымдағы қаржы минстрлігінің бағалы қағаздар көлемі 27,0% немесе 291,4 млрд теңгеге артты.

     2012 жылы Ұлттық Бнак ноталарының эмиссия көлемі 1960,2 млрд теңгені құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 3,4 есе артық. Ұлттық Банк ноталарды өтеуі 2210,3 млрд теңгені құрады. 2011 жылдың желтоқсан айында айналымдағы Ұлттық Банк коттары 59,4%  немесе 161,0 млрд теңгеге азайды.

     2011 жылдың 1 желтоқсанында резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 27,2% немесе 1617,0 млрд теңгеге артты. Заңды тұлғалар депозиттері 28,6% немесе 1066,6 млрд теңге, жеке тұлғалар салымдары 24,8% немесе 550,4 млрд теңгеге артты.

     2012 жылдың қаңтар – қараша айларында долларлану деңгейі төмендеді. Ұлттық валютадағы депозиттер 27,7% немесе 921,6 млрд теңгеге, шетел валютасындағы депозиттер 26,6% немесе 695,4 млрд теңгеге артты. Нәтижесінде резиденттер депозиттер көлеміндегі теңгелік депозиттер үлесі 56,8%-дан 57,0% дейін артты.

     2012 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2011 жылдың қараша айында жеке тұлғалардың теңгелік жедел депозиттері бойынша сыйақының орташа мөлшерлемесі 9,3%-дан 9,1% дейін, банктік емес заңды тұлғалар депозиттері бойынша 3,4%-дан 3,3% дейін төмендеді.

     2012 жылдың қаңтар-қараша айларында банктердің экономикаға ұсынған несиенің жалпы көлемі 56,7% немесе 2326,2% млрд теңгеге артты. Ұлттық валютадағы несие 65,0 % немесе 1178,3млрд теңгеге, шетел валютасындағы несие 49,1% немесе 1147,9 млрд теңгеге артты. Нәтижесінде 2011 жылдың басы мен салыстырғанда теңгенің несие үлесі 48,1% - дан 50,7% дейін артты.

     2012 жылдың қаңтар – қараша айларында ұзақ мерзімді несиелер 63,9% артып 1598,8 млрд теңгені құрады, қысқа мерзімді несиелер 43% артып, 727,3 млрд теңгені құрады.  Ұзақ мерзімді несиелердің жалпы үлесі 65,7% -дан 68,7% дейін артты.

     Шағын кәсіпкерлікке берілген несиелер 57,9% артып, 2012 жылдың қараша айында 455,2 млрд теңге немесе экономикаға ұсынылған жалпы несие көлемінің 19,6% құрады.

2012 жылы екінші деңгейдегі  банктердің жиынтық активтері  46,5 пайызға, 1,7 трлн. теңгеге дейін,  ал жиынтық меншікті капиталы -45,1 пайызға 233,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 2012 жылы  салымдардың өсуі жалғаса түсті, олар 33,4 пайыз 343,2 млрд. теңгеге дейін өсті. 2011 жылы банктердің ресурстық балансының айтарлықтай өсуі банктердің экономиканың нақты секторына берген несиелерінің 45,5 пайызға 978,1 млрд теңгеге дейін өсуіне ықпал етті [16. 9]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстан Республикасының банктік жүйені дамыту перспективасы
    1. Қазақстандағы банктік жүйені дамыту мен мемлекеттік қолдау

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттің ақша – несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің ақша – несие саясатының негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының тұрақтылығы мен оның сатып алу қабілеті мен жетекші шетел валюталарына қатысты бағамын қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттің ақша-кредит саясаты жалпыэкономикалық реттеудің маңызды құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Ол инфляцияны тежеу, белсенді нарық конъюнктурасын сақтау, өндірістің құлдырауына және жұмыссыздыққа жол бермеу мақсатында әзірленіп, іске асырылады. Ұзақ мерзімді кезеңге баға тұрақтылығын сақтай отырып, баламалық ақша-кредит саясаты нарықтық экономиканың  дамуы үшін қолайлы жағдай туғызады. Қазақстан соңғы жылдары экономикалық өсудің жоғары қарқынына қол жеткізді, бұл еліміздегі реформалардың табысты жүргізілуіне, сол сияқты сыртқы экономикалық жағдайдың қолайлы болуына байланысты. Соңғы бірнеше жылда ЖІӨ Қазақстан экономикасының тұрақты даму динамикасын көрсетуде. 2005 жылға қарағанда ЖІӨ-нің өсуі 10,6% болды, ал 1991 жылдың (тәуелсіздік алған жылы) деңгейі 41%-ға көтерілді. 2006 жылы жан басына шаққанда ЖІӨ соңғы 6 жылда 4 есеге ұлғайып, 5083 АҚШ долларына жетті.

Информация о работе Банк жүйесінің қалыптасуының теориялық ерекшеліктері