Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 13:12, курсовая работа
Бүгiнгi таңда ауқымды өзгерiстер кезеңi қоғам өмiрiнiң барлық саласын жан–жақты қамтуда. Сол себептi қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлуметтiк және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшу мiндетi тұрды. Қазiр ендi көштiк десек те болады. Осы негiзгi әлеуметтiк, рухани және тағы басқа күрделi мәселелердi шешу – бүгiнгi күннiң басты талабы. Сөйтiп бұл мәселелердi дәйектi түрде жүзеге асыру бүкiл қоғам мүшелерiнiң жаңаша көзқарасына, нақты iс-қимылына және олардың экономикалық бiлiмiне тiкелей байланысты.
Кіріспе...................................................................................................................3
Банк жүйесінің қалыптасуының теориялық ерекшеліктері
Банк жүйесі, оның атқаратын қызметі мен негізгі функциялары........................................................................................5
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің ерекшеліктері.......7
Банк жүйесінің шетелдік тәжірибесі................................................11
Қазақстан Республикасындағы банктік жүйені талдау
Екінші деңгейлі банк жүйесінің қызметтерін талдау.....................14
Ұлттық банк жүйесінің қызметтері мен көрсеткіштерін талдау..................................................................................................16
Қазақстандағы банктік жүйенің негізгі бағдарламасы оның жүзеге асырылуын талдау..............................................................................21
Қазақстан Республикасының банктік жүйені дамыту перспективасы
Қазақстандағы банктік жүйені дамыту мен мемлекеттік қолдау..................................................................................................26
Қазақстандағы банктік жүйені дамытудың жолдары....................28
Қорытынды..................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................32
Қосымшалар
Банктердiң
экономикалық жауапкершлiгi ең
алдымен өздерi қызмет
Банк жүйесiне
когамның барлық ақша қорлары,
атап айтқанда, мемлекеттiң қаражаты,
шаруашылық буындардың
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әртүрлі саласында жан-жақты әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.
Коммерциялық банктер-нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизмі өндірістің обьективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік туғызады.
Дүниежүзілік тәжірибе
дәлелдегендей қазіргі
Ұйымдық тұрғыдан алғанда коммерциялық банктердің басым көпшілігі акционерлік қоғам формасында құрылған. Қоғамның жарғысы бойынша жоғары басқару органы-акционерлердің жылдық жиналысы болып табылады. Кезектегі жиналыс банктің құрылтайшыларының, кеңесінің талаптары бойынша өткізіледі. Жылдық жиналыста ірі акционерлерден тұратын топтар құрылып, олар банктің жұмысын қадағалайды. Жылдық жиналыста банктің есебі бекітіліп, оның директорлар кеңесі сайланады. Директорлар кеңесі жыл бойы банктің жұмысын күнделікті басқарады. Ол бірнеше кеңесші комитеттерден құрылып, нақты іс-әрекеттер бойынша қорытынды және ұсыныстар береді. Мысалы, есеп-несие комитеті банк берген ірі несие бойынша қорытынды дайындайды.
Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері мынадай болып келеді:
Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландырып, оны капиталға айналдыру банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бір жағынан олардың иесіне процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинқ ақша әр түрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттіктерге жұмсалуы мүмкін. Тек банктің делдалдық етуімен ақша қаражаты жинақталып, кейін ол капиталға айналады.
Коммерциялық банктердің атқаратын келесі бір қызметі- несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі. Сондай-ақ қарыздардың төлем қабілетсіздік қаупі капитал иесі мен оны қарызға алушының арасында тікелей несиелік байланыс болуын қиындатады.Капитал иесі қарыздардың қаржылық жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін.
Коммерциялық банктер қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдал ретінде осы кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың әртүрлі секторларына беріліп, өндірістің кеңеюін қамтамасыз етеді.
Коммерциялық банктердің депозиттерді (сонымен бірге ақша массасын) ұлғайту немесе кеміту мүмкіндігін орталық банктер міндетті резервтер жүйесі арқылы несие динамикасын басқаруда кеңінен пайдаланады. Банктердің резервтерін қысқартып, қорытындысында орталық банк депозиттердің қысқару реакциясын тудырса, ал резервтерді ұлғайту депозиттердің өсуін ынталандырады. [2. 24]
Әлемдік тәжірибені және Базель комитетінің банк қадағалау стандарттарын есепке ала отырып, банк қадағалауы мен реттеуінің төмендігі принциптерін тұжырымдауға болады:
Банктің өмірлік
циклі тұрғысынан алғанда
Өз егемендiгiн алғанға дейiн
Қазақстан Республикамызда
Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңiнде несиенi басқарудың жүйесiн және шаруашылық қызметiне банктiк қызмет көрсету механизмiн құру, банктер мен кәсiпорындардың қызметiне жетекшiлiк етуде экономикалық әдiстердi қолдану; банк пен клиенттерi, сонымен қатар, банктiң өз жүйесi шеңберiндегi, оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым – қатынастар жүйесiн қайта құру, яғни жаңадан пайда болған нарықтық құбылыстар мен процестердi ескере отырып, принциптi реформалаудың маңызы зор.
Қазақстан Республикасында банктiк жүйенi реформалаудың қажеттiлiгi, дүниежүзiлiк банктiң маандарының пiкiрiнше, қысқа мерзiмдi мекемелер категориясының бар болуымен түсiндiрiледi және оларды өз кезегiнде макроэкономикалық реформасын жүргiзуде кедергi етуi мүмкiн деп санайды. Бiрiншi категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра болып қалған мақсатты несие мен банктiк тәжiрибенi мемлекеттiк үлестiру жүйесiнiң ескi тәжiрибесiмен келiсiлген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесi; екiншi категория мәселерiне банктердiң “сапасыз” қарыздары мен мемлекеттiк зиянды кәсiпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер несие беруге қабiлеттi және жеке кәсiпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткiзуiне кедергi болып, банктiк қаржылық ресурстардың өмiршең емес кәсiпорындардың пайдасына кетуiне жол бередi.
Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесiнiң құрылуы 1990 жылдың желтоқсанында ҚазКСР – нiң Жоғары Кеңесi қабылдаған “Банктер және банк қызметi туралы” Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екi деңгейлi банк жүйесi құрылды: жоғары (бiрiншi) деңгейдегi банк – ҚазКСР-нiң Мемлекеттiк банкi және төменгi (екiншi) деңгейдегi банк – коммерциялық банктер жүйесi.
Қазақ Кеңес Социалистiк Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншiгi болып саналды. Мемлекеттiк банк республиканың меншiгi және оның Орталық банкi болып саналды. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгiлерiн эмиссиялауға, ақша-несие қатынастарын реттеуге, мемлекеттiк бюджеттiң кассалық жұмысын жүргiзуде, республика территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретiн құқығы болды.
Кәсiпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп жұмыстарын жүргiзу үшiн республика территориясында коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелерi ұйымдастырылды. Коммерциялық банктер өз жұмысында осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттiк банкiсiнiң нұсқаулары мен ережелерiн басшылыққа алды. Коммерциялық... банктер мен басқа несие мекемелерi мемлекеттiк, ұжымдық, жеке және аралас (шетел капиталы қосылған) меншiкте болып бөлiндi. Қазақстан Заңдарына сәйкес Мемлекеттiк банк деп ( Орталық – Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкiмет иелiгiне, немесе акциянерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледi.
1991 – 1993 жылдары елiмiзде экономиканың күрт құлдырауымен байланысты инфляция қарқыны өте жоғары болды. Оның тiптi кейбiр кездерде 1000% - ға дейiн жеткенi көрiндi. Нәтижесiнде банктерде несиелiк жұмсалымдар құрылымы әлдеқайда нашарлады, мерзiмi өтiп керкен несиелер үлесi ұлғайды. 1992 жылы Республикада басталған төлемсiздiк дағдарысы кәсiпорындардың қаржылық жағдайына және жалпы экономикаға қатты әсер еттi. Көптеген кәсiпорындар өнiм өндiрудi төмендеттi, ал кейбiреулерi өндiрiстi тiптi тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша 1993 жылы өзiмiздiң төл ақшамыз теңгенi енгiзуге тура келдi. Осыдан бастап ұлттық банкке ұлттық валютаның енуiмен ақша - несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым – қатынаста классикалық қағидаларды ендiру, банктердiң қызметтерiн реттеу жүйесiн нығайтуға қатысты толық жауапкершiлiк жүктелдi.
Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең , сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша –несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды.
КСРО ыдырап, 1991 ж. Қазақстан егеменді мемлекет мәртебесіне ие болғанан кейін республиканың банк жүйесін қайта қалаптастыру, оның құқықтық негізін құру мен банк әрекетін реттейтін жаңа заңнама актілерін қабылдау қажеттілігі пайда болды.
Қазақстанның банк жүйесін
қайта қалыптастыру үш
Бірінші кезеңде ( 1991 – 1992 ж.ж.) мемлекеттік салалық арнайы банктер қайта құрылды, орталық банктің кейбір қызметтері республика бойынша бөлімшелерге берілді, алғашқы коммерциялық банктер құрылды және орталық банктің кейбір қызметтерін мемлекеттік банкке беру бойынша бастапқы қадамдар жасады.
Екінші кезең ( 1992 –
1993 ж.ж.) сан аумағында орталық
банк қызметтерін Ұлттық
Осыған байланысты 1993 ж. 13 сәуірде « Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен 1993 ж. 14 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы банктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Аталған нормативтік актілердің қабылдануы екі деңгейлі банк жүйесін бекітіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктермен қарым – қатынасы тәртібін анықтады. Сонымен қатар, бұл Қазақстанда екінші деңгейдегі екі жүзден астам банктердің құрылуына әкелді, бұл бастапқы кезеңде нарықтық қатынастарды дамыту мен жағымды бәсекеге қабілетті макроэкономикалық орталық қалыптасуына экономикалық тұрғыдан жақсы жағдай болды.
Республиканың Ұлттық банкінің ең басты
мақсаты экономиканы төлем
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Информация о работе Банк жүйесінің қалыптасуының теориялық ерекшеліктері