Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің қалыптасу мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 09:44, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикада барлық табыстар ақшалай түрде жүргізіліп, өндіріс факторы бағасымен органикалық байланыста болады. Бұл бағаға нарықтың күштер кәдімдігідей әсер етеді: сұраным мен ұсыным ара-қатынасына; бәсеке мен монополия.Енді осы табыстардың түсуі мен бөліну механизмін толығырақ қарастырамыз.
Табыстардың негізгі түсу көздері мыналар:
а) жұмыскерлердің еңбек табысы- (жалақы,сыйақы және т.б);
ә) кәсіпкерлік табыстар (пайда)
б) меншік табыстары (салымнан алынатын проценттер, рента және т.б)

Оглавление

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІНДЕГІ БАҒА БЕЛГІЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ҮЛГІЛЕРІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНУ ШАРТТАРЫ
1.1 Қаржы активтеріндегі баға белгілеу үлгілердің капитал нарығында алатын орны............................................................................................................5
1.2 Баға белгілеудің капитал нарығында қолдану шарттары................................................................................................................13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒА БЕЛГІЛЕУДІҢ ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КАПИТАЛ НАРЫҒЫНДА ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің негізгі туындаған мәселелері............................................................................................17
2.2 Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің қалыптасу мәселелері...............................................................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................32

Файлы: 1 файл

Баға белгілеу.doc

— 173.50 Кб (Скачать)

К. Маркстің құн әрбір құрылымнан қосылмай оларға бөлінеді деген қағидасы осы уақытқа дейін баға белгілеуге толық есепке алынбай келеді.

1) Өндіріс барысында өнімге кеткен өндіріс құрал-жабдықтарының құны

2) Жұмсалған еңбектің құны. Ал ол өз  кезегінде еңбек құнымен қосымша құнға бөлінеді. Тауарға жұмсалған өндіріс құралдарын ақшалай құны мен еңбек ақысы өнімнің өзіндік құнын құрайды. Өнімнің өзі құнын қалыптастыратын шығындар экон/қ мазмунына байланысты төмендегі топтардан тұрады:

- өндірістік шығындар;

- жалақы;

- мемлекеттік қамсыздандыруға төленетін жарна;

- негізгі қорлар амортизациясы;

- басқа да шығындар:

Негізгі қорлар – кәсіпорындардың  өндіріс  құралы мен құрал-жабдықтары. Өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын өндіріс –құрал-жабдықтары негізгі қорға жатады. Олар өз құнын жасалған өнімге өзінің тозуына қарай бірте-бірте  бөлшектеп еңгізеді. Негізгі қорлар пайдалану процесінде табиғи ж/е моральдық  тозуға ұшырайды.

Амортизация деп-ғимарат, машина  т.б. ұстануына тозуына қарай құнын өтеу үшін ауық-ауық ұстап отыратын жарна. Әрине тозған бөлігі ақша түрінде өнімнің өзіндік құнына кіреді, өнім сатылғаннан кейін түскен ақшадан ұсталады. Жасалған өнімге кірген және ол өнімді сатқаннан кейін ақша түрінде қайтып оралатын негізгі қорлардың тозған құны амортизациялық қорды яғни негізгі қордың орның толтыру қорын құрайды. Амортизациялық қор негізгі қорды сатып алуға жұмсалады жеке өнімнің өзіндік құны бірлестіктің кәсіпорынның жоспарлау және олардың жұмысын бағалау кезінде есепті және жоспарлы, ал шығындарды толық есептеу кезінде өндірістік және толық болып бөлінеді. Өнімнің өзіндік құны бірлестіктің және кәсіпорының жұмсалған шығындарды көрсетіп, өндіріс нәтижесін шығарып ішкі мүмкіндіктерді анықтауына оларды іске қосуға мүмкінділік тұғызады. Жоспарлы өнімнің өзіндік құны жоспарлау мерзіміндей шығынның жұмсалу деңгейімен оның өндірісті ұйымдастыру және техникалық жағдайын жақсарту мүмкіндігін есепке алып үнемдеу жолдары қарастырылады. Өнімнің толық өзіндік құны өндірістік өнімнің өзіндік құнымен өнімді өткізуге кадрлар дайындауға өндірістен тыс шығындармен т.б. тұрады. Халықшаруашылығы өзіндік құны өнеркәсіптік және қоғамға қажетті өнімнің өзіндік құндары қалыптасып, өнімді өндіру мен өткізу кезіндегі жағдайды қарастырады. Бағалар жүйесіндегі өнеркәсіптік өнімнің  өзіндік құны  аймақтық, республикалық, облыстық, аудандық, мекендік болып  бөлінеді. Олар  бағаның бүкіл одақтық, аймақтық, мекендік, облыстық, аудандық болып бөлінуіне байланысты әр түрлі тәсілдерімен айқындалады[15].

Баға белгілеу негізіне көп уақытқа дейін  әсер ететін қоғамдық қажетті өнімнің өлшемі ретінде қоғамдық  қажетті өнімнің өзі.

Қоғамдық қажетті өнімнің өзіндік құн категориясы қалыптасқан қоғам  бойынша өндіруге, тұтыну мөлшеріне сәйкес келіп өнімнің көлемі мен құрылысы қоғамның қажетті жан-жақты қамтамасыз етуге мүмкін тұғызды. Табиғат және транспорт жағдайда әр ауданда әр түрлі әсеріне  байланысты көтерме сауда бағасын белгілеген кезде негізіне аймақтық бағалар белгіленеді. Сонымен қатар көмір өндіріс саласында бассейндерге және шахталарда өнімнің өзіндік құнының көп айырмашылығына  байланысты баға белгілеу әр түрлі жүреді, белгіленеді. Электр станциясы  қуатының салаларында және қуат беруге жететін әр түрлі шығындарына байланысты өнімнің өзіндік құны  да әр түрлі болып келеді. Оған да әр түрлі бағалар белгіленеді.

Ағаш дайындау өндірісінде ағашты транспорттық жолға жеткізу ж/е тұтынушы адамдарға тасымал шығындары  өнімнің өзіндік құнының деңгейіне тигізетін әсеріне қарай жаңадан бағалар жасалады[16].

Нарық жағдайындағы баға құру стратегиясы. Нарықтық баға ұсыну бағасынан төмен түсе алмайды, әйтпесе өндіріс пен өткізу тиімсіз болады. Неғұрлым бұл баға төменболса, соғұрлым аз тауар түседі, себебі көптеген өндірушілердің өндіру, бөлу және өткізу шығындары ол бағадан жоғары болады, сөйтіп тауар өндіруді тиімсіз қылады. Ұсыным бағасының өсуіне қарай өндірушілердің саны да нарыққа жеткізілетін тауардың көлемі де ұлғаяды.

  Қазақстан Республикасының экономиканы тұрақтандыру және нарыққа көшу кезеңіне арналған «Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтік экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасында» 2005 жылы халыққа сатылатын энергия көздерінің, темір жолдың, жүк және жолдаушылар тасымалдың бағдарламасы. Бағаны мемлекеттік реттеудің заңдар, жарлықтар, қаулылар түріндегі құқықтық негізі жасалған[17].      

Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі. Австрия, Италия, Франция, Оңт. Корея, Жапония және т.б. елдердің үкіметтерінің баға деңгейін реттеу АҚШ елімен салыстырғанда өте қатал тәртіппен және арнаулы экономиканы басқару органдарымен жүзеге асырылады. Мысалы, Францияда мемлекеттік баға реттеу қызметтері бәсекелестік Кеңес арқылы жүргізеді және халық шаруашылығындағы бағаның 1/5 бөлігін қамтиды. Австрияда мұндай қызмет баға туралы арнайы заң арқылы жүзеге асады. Ол мем-ң экономика өрісінде туындайтын төтенше жағдайын болдырмауын реттеуде үлкен рөл атқарады. Осы мемлекетте баға ырықтандыруының бастапқы кезеңі соғыстан кейінгі (1946-1947) 3-4 онжылдыққа созылды. Бірақта әлі күнге дейін экономика министрлігі мен Үкіметтің тарапында сол елде өндірілген және импорттық тауарларға баға деңгейін реттеу кең өріс алуда. Бірінші топтағы тауар туралы сөз болса, онда оларға деген бағаны реттеу ең алдымен өндіруге кеткен шикізат  материал-ресурсының бағасы төмендеу фактісі ескеріледі, ал, егер екінші топтағы болса, онда ауыл шаруашылығында өндірілген өнімді елге өткізу кезінде қолданылатын баж салығын төмендету фактілері ескеріледі. Мемлекеттік баға реттеудің басты объектісі – ауылшаруашылық өндірісі болып табылатынын бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр. Ғылыми талдау шаруашылық өндірісінің бірқатар ерекшеліктерін бөліп көрсетеді. Біріншіден, ол табиғи-климаттық жағдайға байланысты. Оны шешуде басты рөл ауыл шаруашылық  өнімдеріне бағаны мемлекеттің реттеуі және сол механизмдер арқылы ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің еңбегін ынталандыру яғни, көптеген елдерде қарастырылып отырған саладағы өнімге баға деңгейін анықтау «шығын қосылған табыс» қағидасы қолданылады. Демек, фермер әр түрлі климаттық факторлардың қарама – қарсы жойылуына байланысты болғанда табысқа қол жеткізе алады[13].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Еңбекақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Былайша айтуға болады – еңбекақы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындардың бір бөлігі. Еңбекақы жүйесі мен материялдық көтермелеу формасын белгілеуді, сыйақы  тағайндауды және жыл қортындысы бойынша сыйақы төлеуді бекітуді  кәсіпорын әкімшілігі  кәсіподақ органымен келісе отырып іс жүзіне асырады.

Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді.

Пайда– бұл  кәсіпкерлік қызмет  үшін  марапаттау және  техникалық жетістіктерді  енгізуге  төлем ;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы Жолдауынан  жәрдемақы туралы жолдары халықтың жанына жылы тидi. Жасыратыны жоқ, елiмiзде бюджеттен қаржыланатын мекеменiң қызметкерлерiнiң жалақысы мен елiмiздегi баға арасында сәйкестiк жоқ екенi белгiлi. Осы ретте, Елбасымыз, 2007 жылдан бастап бюджеттiк сала қызметкерлерiнiң жалақысын орташа есеппен 30 пайызға көтеру керектiгiн сөз еттi. 2006 жылдың 1 шiлдесiнен бастап, мемлекеттiк жәрдемақы көлемiн II Дүниежүзiлiк соғысының ардагерлерiне, қайтыс болғандардың жесiрлерiне, қаза тапқан әскерилердiң отбасына, КСРО-ның наградасын иеленгендерге, тылда еңбек еткендерге, Чернобыль АЭС зардабын жоюға ат салысқандарға қосымша көмектер беретiнi туралы сөз қозғады.

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.                  Мамыров Н.К. Государство и бизнес. Алматы / Э 2002ж. 1 – 4 том.

2.                  Назарбаев Н.А. Стратегия развития Р.К. на период до 2030 года (Казахстан 2030 Алматы 1997)

3.                  Крымова В. Экономикалық теория Алматы 2003.

4.                  Аубакирова Я. Экономикалық теория Алматы 1999ж.

5.                  Жүнісов Н. Нарықтық экономика негіздері Алматы 2000.

6.                  Мамыров Н.К., Тлеужанова Н. Макроэкономика Алматы 2003.

7.                  Ценообразование / Салимжанова Н.К. М: финстат 1995.

8.                  Тультаев К.А. Ценообразование в условиях перехода к рыночной экономике учебное пособие А / Э 1997г.

9.                  Вихляев А.А. Розничные цены М: фис 1990г.

10.             Левшин Ф.М. Внешнеторговые цены – М: Внешторгиздат 1990г.

11.             Уткин У. Цены и ценообразование

12.             Мамедов О.Ю Современная экономика

13.             Кузовкин А. Ценообразование и ценовая политика в топливно – энергетическом комплексе / Экономист 1995г, апрель.

14.             Кирилова Н. Дорандеву рукой падать: Цены на продукцию топливно – энергетического комплекса / риск – 1996 №1

15.             Кудринова Н. Сибирь роднее, но Европа ближе; Из – за высоких транспортных тарифов продукции химии и нефтехимии экономнее закупать по импорту / Риск – 1996г №1

16.             Сагайдак А.Е. Государственное регулирование цен в системе АПК / Экономика сельскохозяйственных предприятии – 1993г. №3

17.             Баймуратов У.Б. Национальная экономическая система – Алматы 2000.

18.             А. Сабыров «Крупнейшие транснациональные корпораций: масштабы деятельности» // Қаржы қаражат 2006-№2.-97 б.

 

4

 



Информация о работе Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің қалыптасу мәселелері