Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 09:44, курсовая работа
Нарықтық экономикада барлық табыстар ақшалай түрде жүргізіліп, өндіріс факторы бағасымен органикалық байланыста болады. Бұл бағаға нарықтың күштер кәдімдігідей әсер етеді: сұраным мен ұсыным ара-қатынасына; бәсеке мен монополия.Енді осы табыстардың түсуі мен бөліну механизмін толығырақ қарастырамыз.
Табыстардың негізгі түсу көздері мыналар:
а) жұмыскерлердің еңбек табысы- (жалақы,сыйақы және т.б);
ә) кәсіпкерлік табыстар (пайда)
б) меншік табыстары (салымнан алынатын проценттер, рента және т.б)
КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІНДЕГІ БАҒА БЕЛГІЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ҮЛГІЛЕРІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНУ ШАРТТАРЫ
1.1 Қаржы активтеріндегі баға белгілеу үлгілердің капитал нарығында алатын орны............................................................................................................5
1.2 Баға белгілеудің капитал нарығында қолдану шарттары................................................................................................................13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒА БЕЛГІЛЕУДІҢ ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КАПИТАЛ НАРЫҒЫНДА ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің негізгі туындаған мәселелері............................................................................................17
2.2 Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің қалыптасу мәселелері...............................................................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................32
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІНДЕГІ БАҒА БЕЛГІЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ҮЛГІЛЕРІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНУ ШАРТТАРЫ
1.1 Қаржы активтеріндегі баға белгілеу үлгілердің капитал нарығында алатын орны..........................
1.2 Баға белгілеудің капитал нарығында қолдану шарттары......................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒА БЕЛГІЛЕУДІҢ ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КАПИТАЛ НАРЫҒЫНДА ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің негізгі туындаған мәселелері....................
2.2 Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің қалыптасу мәселелері....................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Нарықтық экономикада барлық табыстар ақшалай түрде жүргізіліп, өндіріс факторы бағасымен органикалық байланыста болады. Бұл бағаға нарықтың күштер кәдімдігідей әсер етеді: сұраным мен ұсыным ара-қатынасына; бәсеке мен монополия.Енді осы табыстардың түсуі мен бөліну механизмін толығырақ қарастырамыз.
Табыстардың негізгі түсу көздері мыналар:
а) жұмыскерлердің еңбек табысы- (жалақы,сыйақы және т.б);
ә) кәсіпкерлік табыстар (пайда)
б) меншік табыстары (салымнан алынатын проценттер, рента және т.б)
в) еңбек салымына байланыссыз түсетін әлеуметтік табыстар (мемлекеттен түсетін трансферттік төлемдер- жұмыссыздарға жәрдем ақы, әлеуметтік қамсыздандыру төлемі және т.б)
Нарықтық қатынастарға көшкен елдерде осы табыстардың барлығы екі үлкен топқа бөлшектенеді:
а) кәсіпкерлік қызметтен (жалақы мен пайда) және еңбектен түскен табыс;
ә) заңды негізге алынған еңбексіз табыстар, оған жататындар: дивиденттер, банктегі салым пайызы, меншіктен табыс, оның ішінде арендаға өткізілген жылжымайтын мүліктен және еңбек шығынымен байланыссыз мемлекеттен алынатын жәрдем ақы мен төлемдер (зейнет ақы, стипендия, жұмыссызға және көп балалы отбасына жәрдем ақы) [1].
Құрстық жұмыстың өзектілігі: Нарықтық жағдайдағы қызметкердің пайдасы мен оны пайдалану және әлеуметтік қамсыздандыру жағдайының маңыздылығын көрсету.
Қурстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі уақытты қызметкердің табысы мен жалақыдан тыс экономикалық пайдасы және әлеуметтік қамсыздандыру денгейі.
Курстық жұмыстың міндеті: Сыйақы мен еңбекақы мөлшері және әлеуметтік көмек жағдайы туралы толық мәлімет беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жалпы курстық жұмыс кіріспеден,екі бөлімен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен құралған.
Бірінші бөлімінде жалпы қызметкердің табысы мен оның түрлері туралы талдау жұмысы көрсетілген, ал екінші бөлімінде кәсіпорындағы қызметкерлермен сыйақы мен еңбкеақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу жүйесі талқыланады.Сондай-ақ жалпы қызметкердің экономикалық пайдасы мен әлеуметтік қамсыздандыру жағдайы.
1 ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІНДЕГІ БАҒА БЕЛГІЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ҮЛГІЛЕРІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНУ ШАРТТАРЫ
1.1 Қаржы активтеріндегі баға белгілеу үлгілердің капитал нарығында алатын орны
Кәсіпорынның іс-әрекетін оперативті басқаруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорында бар ресурстар, олардың жағдайы, орналасуы мен пайдалануы, сондай-ақ пайда болуы, қалыптасу көздері жайлы мәліметтер қажет. Белгілі бір тәртіппен жинақталып, қорытылған, топтастырылған мұндай мәліметтерді баланстың көмегімен алады.
Баланс ұйымдар меншігіндегі активтер, меншікті капитал және міндеттемелерді белгілі бір мерзімге қарай жинақтап көрсетуді қамтамасыз етеді.
Баланс бухгалтерлік есептің екі бөлімнен тұратын тәсілдегі элементтердің бірі. Біріншісі – актив, екіншісі – пассив. Әр түрлі көздерден алынған қаржылық активтер 2 үлкен топтан тұрады : ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер. Өндірістік процесте бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын активтерді ұзақ мерзімді, ал бір жыл ішінде пайдаланылатын және ақшаға айналатын активтерді ағымдағы акивтер деп атайды.
Ұзақ мерзімді активтерге материалдық емес активтер, негізгі құралдар, тауарлы – материалдық қорлар, дебиторлық қарыздар және ақша қаражаттары жатады.
Материалдық емес активтер – бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны жоқ ақшалай емес активтер. Олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі.
Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса, болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.
Материалдық емес активтер – нақты табиғи нысаны жоқ, сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.
Материалдық емес активтерге: лицензиондық келісімдер, компьютерлік бағдарламамен қамcыздандырулар, патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгілері, қызмет ету белгілері, фирма атаулары, тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар және тағы басқалар жатады[2].
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.
Кәсіпорындарда негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Өндірістік емес құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын үй, коммуналдық, шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз – субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады.
Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы (тарихи) құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген баж салығы т.б.), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар және т.б. шығындардан тұрады.
Ағымды құн- бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн- бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату (өткізу) құны- бірін-бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың (тараптардың) негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Жою құны- тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн- негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің шығысы ретінде таратылады.
"ТМҚ кәсіпорынның едәуір маңызды активтерінің бірі және түсімдерінің негізгі көздерінің бірі болып табылады. Қорларды есепке алудағы басты мәселелердің бірі актив ретінде тануға және келесі кезеңдерде тиісті түсім танылғанға дейін ауыстыруға жататын шығындардың көлемін айқындау болып табылады. Есепке алу жүйесі қорларды сатып алуға жұмсалған шығындар мен өнім өндіруге жұмсалған шығындарды бөліп көрсетуге, яғни шығыс құрамасы ретінде қорлардың дайындалу процесінің аяқталатын және кәсіпорын қызметінің мәні болып табылатын өндіріс процесінен басталатын шекарасын айқындауға тиіс.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
1.Дайындалған, келіп түскен, босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
2..Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
3.Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
4.Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған нормасын және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
5. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.
6. Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып пайдаланылған материалдар кұнын әр объектінің шығынына қосу.
Тауарлы – материалдық босалқылар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар,сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс, ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, және басқа материалдар, аяқталмаған өндіріс, субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім тауарлар[3].
Материалдық қорларды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады:босалқыларды дер кезінде есепке алу; сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; көліктік дайындау шығындары дайындалған қорлардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау; өндірістік дайындау шығындарын өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.
Материалдардың түгел және дұрыс сақталынуы және ұтымды пайдалануы, жұмсауы үшін алдын- ала мыналарды жасауы тиіс:
1. Тиісті түрде жабдықталған материалдық қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әр қайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;
2. Материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өнімдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз етіп, орналастыруы керек.
Материалдарға жауапты адамның жұмысқа алынуы, жұмыстан босатылуы алдын- ала келісуі қажет.
Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату жұмыстарына қол қою құндылығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу де субъекті басшысының немесе ол сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.
Ақша қаражаттары. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінең тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік құжаттармен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардын арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле контрак (келісімшарт) бойынша шарттар түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен алатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпке орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек [4].
Ақша қаражаттын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын алады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісімшарттың қатынастын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің қалыптасу мәселелері