Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 09:44, курсовая работа
Нарықтық экономикада барлық табыстар ақшалай түрде жүргізіліп, өндіріс факторы бағасымен органикалық байланыста болады. Бұл бағаға нарықтың күштер кәдімдігідей әсер етеді: сұраным мен ұсыным ара-қатынасына; бәсеке мен монополия.Енді осы табыстардың түсуі мен бөліну механизмін толығырақ қарастырамыз.
Табыстардың негізгі түсу көздері мыналар:
а) жұмыскерлердің еңбек табысы- (жалақы,сыйақы және т.б);
ә) кәсіпкерлік табыстар (пайда)
б) меншік табыстары (салымнан алынатын проценттер, рента және т.б)
КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІНДЕГІ БАҒА БЕЛГІЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ҮЛГІЛЕРІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНУ ШАРТТАРЫ
1.1 Қаржы активтеріндегі баға белгілеу үлгілердің капитал нарығында алатын орны............................................................................................................5
1.2 Баға белгілеудің капитал нарығында қолдану шарттары................................................................................................................13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒА БЕЛГІЛЕУДІҢ ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КАПИТАЛ НАРЫҒЫНДА ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің негізгі туындаған мәселелері............................................................................................17
2.2 Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің қалыптасу мәселелері...............................................................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................32
1) баға өлшем функциясын орындайды-оның мәні бағаның өзіндік құнның формасы ретінде көрсетеді. Бағаның әр түрлі қайнар көздері жоспарлы немесе нарықтық болсын өндіріс айналымына жатады. Сондықтан бағаның ең бірінші маңызды қызметі шығынға кеткен нәтиженің есеп өлшеуін шығару.
2) баға есептеу қызметін атқарады-тауар бағаның әр түрлі көмегімен оның табиғи заттық түрінен ақшалы түріне айналады. Еңбек шығынының өтеуде және оның пайдалылығында ақша түрінде көрінеді.
3) реттелетін функция-баға реттеуші экономикалық процесс құралы ретінде орындалады. Ұсыныс пен сұраныстың қалыпты жағдайын өндіруші мен тұтынушы арасында ақшалай төлем қабілеті бола алады.
4) ынталандырушы (мотивация) бұның мәні бұл функцияның көмегімен өнеркәсіптің әр түрлі өнімдері мен қызметтері көтерме бағаланады немесе шектеледі. Осы функцияның 3 негізгі бағыты бар:
а) ынталандыру үлесі: өнеркәсіп күштерін Республика аумағына орналастыру;
б) өндірушілер мен тұтынушылар үшін ынталандыруды қалдыру;
в) материалдарды үнемдеу еңбек ресурстарын дұрыс пайдалану, өнімнің сапасын көтеру
4. Қазіргі теориялар бағаның өзара кешенді қызмет ету нәтижесінде бағаны белгілеу факторларында қарастырылады. Олар: сұраныс, ұсыныс болып табылады.
Баға белгілеу факторлары деп: мына жағдайда немесе шарттардан түсінуге болады , бұл бағаның құрылымы мен деңгейін тікелей себептермен өзгереді.
Еркін баға белгілеу шарттарында келесі баға белгілеу факторлары бөлініп шығады: сұраныс- бұл ұсынысқа қарсы тұратын рыноктын маңызды элементі. Сұраныс тауар сатып алуға жұмсалған және қызмет көрсеткені үшін төленетін ақынын ақшалай соммасы. Сұраным негізінде тұтынудан келіп шығады, бірақ бұлардығ арасында айырмашылықтар бар. Тұтыну мен сұранымның арасында сандық және сапалық айырмашылық бар. Сұраныс бағамен кері байланысты болады: тауардың бағасы жоғарылаған сайын оған сұраныс азаяды, ал төмендеген сайын өсе түседі [11].
Сұраныс факторлары: осы берілген факторлардың ішінде тұтынушылардың талғамы жинаған ақшаның мөлшері тауарлардың тұтынушыға қажетті сапалық сипатының барлығы есепке алынады. Нарықтық экономикада тауардың өтуі, сатып алушылардың шешімдеріне байланысты. Сондықтан да нарықты басқарушы фирма шешімдерін шығарған кезде нарық үшін қажетті бағаны шығару керек. Әрбір сатып алушы тауарды сатып алу кезінде оның бағасын қарайды. Осыған байланысты сұраныстан бағаның 9 себепті түрін факторын бөліп айтуға болады.
-бағаның сәйкестік нәтижесі-егерде тауар ерекше болатын болса, онда оның бағасына қарамайды.
-үйлестік туралы хабарландыру нәтижесі – егерде сатып алушы ұйлестіктің бар екенің білсе, онда олар бағаға онша сезімтал келмейді.
- шығынға кеткен ақшаның нәтижесі-тұтынушылар бағаға өте сезімтал егер тауар бағасы оның аздаған табыс бөлігін құраса.
- пайда нәтижесі – тұтынушылар бағаға өте сезімтал, ол шығынға байланысты.
- шығындарды бөлу нәтижесі – тұтынушылар тауар бағасына сезімтал егерде оны басқалармен бөлетін болса.
- қайтарымсыз инвестиция нәтижесі – тұтынушылар бағаға сезімтал егер де олар алдында алынған тауарлармен бірге қайтарымсыз шығындарды анықтаса.
- баға ж/е сапа бағаның нәтижесі сатып алушылар бағаға өте сезімтал егер тауар сапалық болса, оның мәртебесі жоғары.
- қор нәтижесі сатып алушылар бағаға өте сезімтал егер де олардың тауар қорларын құруға мүмкіндіктері болмаса.
Сызба-1 Бағаны белгілеу үлгілері
Бағаны жасау мақсатын анықтау
| ||
| ||
Сұранысты анықтау |
Шығындарды бағалау
|
Ұсынысты, бәсекелестердің бағаларын және тауарларын талдау
|
Түпкілікті бағаны белгілеу |
Баға құру әдісін таңдау |
2.2 Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің қалыптасу ерекшеліктері
Қайта құру кезеңінің өткір проблемаларының бірі – баға белгілеу. Еліміздің егемендігіне байланысты бағаны қайта қарау туралы айтқанда тек экономикалық емес әлеуметтік саяси мәселелелерде қозғалуда, өзгеруде. Олай болатын себебі баға экономиканың ең сезімтал түйінді жемісі. Онда бүкіл халықты, жеке адамдардың мүдделері ұштасып жатыр. Сондай-ақ баға белгілеуде өзгерістерді мемлекеттік бюджетті толықтыру құралы деп қарауды дұрыс емес. Ол қажетті мезгілі жеткен құбылыс. Баға белгілеудің қолданып жүрген жемісі экономикалық экстенсивті даму жағдайында қалыптасып онда ірі кемшіліктер мен сәйкессіздіктер жинақталып халық шаруашылығын басқарудағы белсенді экономикалық тұтқалардың бірі ретінде баға төмендеуіне апарып соқтырды [12].
ҚР-ң баға белгілеу заңында нарық экономиканың қалыптасу кезеңінде азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін өнімдерге тауарлар мен қызметтерге сондай-ақ жалпы деңгейіне серпінділігіне әсер ететін өндірістік техникалық мақсаттағы өнімдерге тіркелген мемлекеттік бағалар мен тарифтер қолдануды делінген. Соңғы кезде өнім өндіру мен сату шарттарында өзгерістер болды.
Экономикаға басқару мәселесі бұрынғысынанда басқаша шешілуде. Мұндай жағдайда баға және баға белгілеудің өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Оны дұрыс ғылыми негізде шешпейінше осы заманға тиімді механизм жасауға болмайды. Баға қоғамдық өндірісті басқару жөнінде лайықты орын алып онын тиімділгін арттыруға әсер етуі экономикалық және әлеуметтік өзгерістердің қозғаушы күшіне айналуға тауарлар шығарумен қызмет көрсетуді ұлғайтып сапасын арттыруға әсер етуі керек. ҚР-ң баға белгілеу заңына сәйкес Қазақстанда баға белгілеу принциптерін жүзеге асыру негізінде баға белгілеудің дербез саясатын жүргізеді. Демек баға саясатының елімізде жүзеге асыру үшін көптеген теориялық проблемаларды сонын ішінде нарықтық қоғамның өсуіне байланысты өндіргіш күштерімен өндірістік қатынастар тауар-ақша қатынасының қолданылуы және экономикалық нарық заңдарының әсерінен байланысты мәселелерді шешу керек. Баға дегеніміз құның ақшалай көрінісі, ал тауарлардың құны сол тауардағы затқа айналған қоғамдық еңбек болып табылады. Құның өзі жеке өнеркәсіптің тауарға кеткен шығынымен емес қоғамдық қажетті еңбек мөлшерімен анықталады. Кәсіпорындардың жекелей шығындардың қоғамдық қажетті еңбектің деңгейінен төмендеуі экономикалық ынталандыру қорын молайтуға мүмкіндік туғызады. Көп жағдайда жаңа өнімдерге баға белгілеуде құн заңы толық есепке алына бермейді. К. Маркс атап көрсеткендей әр жаңалық бұрын екі сағаттағы шығарылған өнімді бір сағаттық өнім сатуға мәжбүр қылады. Ол құнның өндіруге кеткен еңбек уақыты мен анықталу заңына сәйкес істелінеді. Жұмыс уақытының құнның өлшемі ретінде алуына байланысты еңбектің құнының кемуінің өлшемі ретінде алынуына байланысты заңы болып табылады. Баға мен ынталандыру үшін өндірісте мыналар қолданады:
- өндіріс күшін территориясында ұтымды орналастыру
- ГТП жетістіктерін өндіріске еңгізуді орналастыру
- Тиімді тұтынымның құрылымын ынталандыру.
Бұл мақсат үшін бөлшек сауда бағасы да пайдаланады. Ынталандыру баға деңгейін азайту үшін қолданылады. Өкінішке орай кәсіпорындарды басқару кезінде экономикалық тәсілдерді, заңдарды толық ескермеушілік салдарынан көп ретте алға қойылған мақсаттарға жетуге жағдай туғызылмай отырды. Баға белгілеудің жетістіктердің қайта құрудың негізгі бағыттарында өнім сапасын арттыруға, ГТП-ны жеделдетуге және өндірістік қорларды жаңартуға мейлінше ықпал еткенін бағаға шығынды азайту сипаты беріліп бұның ГТП-ны жеделдетуді және өнім сапасын жақсартуды жаңа техниканы жасауды ресурсты ұтымды пайдалануды және ұтымды үнемдеу қалдықсыз технологияларды кеңінен пайдаланудағы ынталандырушы ролін арттыру көзделеді. Баға белгілеу кезінде факторлардың әсерінен өндірілген өнімдерге жұмсалған қоғамдық қажетт еңбек шығындары мен баға деңгейлері әр уақытта сәйкес келе бермейді. Сондықтан да шығарушылар мен тұтынушылар арасында қайта бөлуді қажет етеді. Ұлттық табысты баға арқылы бөлу әрбір өндіріс орындарымен еліміздің әрбір аймағына түпкілікті бөлуге мүмкіндік бермейді. Баға белгілеу жүйесінің түбегейлі реформасы негізінде халық шаруашылығында заттық, натуралдық, құнды пропорцияларды теңестіруді баға артық қайта бөлу процестермен дотацияның ауқымын қысқарту үшін экон/қ алғышарттар қамтамасыз етілуі көзделеді. Бірақ қазіргі таңда баға бұл міндеттерді халық шаруашылығының көптеген салаларында әлі күнге дейін толық жүзеге асыра қойған жоқ. Тауар мен қызметтер крсетілген рыногында сұраныс ұсыныстың арасында сәйкессіздіктің нәтижесінде залалдар туғызып, бәсекелестігін дамытып, тапшылықты және монополизмнің кез келген түрін жоюды тұтынушылардың тарапынан өндірушіге қысым жасау негізінде бағалардың өсу тенденцияларының жойылуы көзделуі керек [13].
Кесте - 1
Қазақстан Республикасының капитал рыногында қолдану шығындары мен функция статиялары.
Шығындар мен функция статиялары | Саясат,стандарттар мен бақылау | Іске асыру мен басқару |
Түсініктеме | |||
Табиғи ресурстар
| Ф
| Ф,А,Ж
| Ішкі нарықтың дамуына ықпал етеді. | |||
Қоршаған орта | Ф,А,Ж | А,Ж | Жалпы ұлттық,аймақтық несие жергілікті көлемдегі тиімділіктер мен шығындар | |||
Өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы
| Ф,А,Ж
| А,Ж
| Аймақарлық маңызды сыртқы әсерлер
| |||
Білім | Ф,А,Ж | А,Ж
| «Табиғи түрдегі» трансферттер
| |||
Денсаулық сақтау
| Ф,А,Ж
|
А,Ж | «Табиғи түрдегі» трансферттер
| |||
Әлеуметтік қамсыздандыру
| Ф,А,Ж
| А,Ж
| «Табиғи түрдегі» трансферттер | |||
Полиция | А,Ж | А,Ж
| Көбіне жергілікті көлемдегі тиімділіктер | |||
Сумен қамтамасыз ету, канализация қалдықтарды тазалау | Ж | Ж
| Көбіне жергілікті көлемдегі тиімділіктер | |||
Өрт сөндіру күзеті | Ж | Ж | Көбіне жергілікті көлемдегі | |||
Жергілікті жолдар | Ж | Ж | Жергілікті көлемдегі тиімділіктер мен шығындар | |||
Қаржылай көмек |
Ф,А |
Ф,А
| Өз мақсаттарына жетуге бюджеттік трансферттер
|
Қайнар көзі: А. Сабыров «Крупнейшие транснациональные корпораций: масштабы деятельности» // Қаржы қаражат 2006-№2.-97 б.
Бюджет немесе билік органдары : Ф- федералды, А – аймақтық,Ж- жергілікті.
Іс жүзінде заңдылықтарға сай Қазақстан Республикасындағы шығыс өкілеттіктердің нақты бөлінуі 1- кестеде көрсетілген. Мұнда нақты қызметтен алынатын құндылықтарды географиялық өлшеудің , оны беретін басқару деңгейіне ауқымды сәйкестігі бар [18].
Ұлттық байлық- бұл қазыналар қоғамдағы материалдық игіліктердің жиынтығы.Ол бүкіл қоғамның не оның жеке таптарының, топтарының жеке адамдардың қолында болуы мүмкін.
Ұлттық табыс- бұл жаңадан жасалған құн. Ұлттық табыс өндіріске қажетті және қосымша еңбекті жұмсап жаңадан жасалады. Ұлттық табыс белгілі бір мерзім ішінде бүкіл қоғам көлемінде жаңадан жасалған құн. Сонымен ұлттық табыс дегеніміз жоспарлы түрде ұйымдастырылған еңбекпен жасалған таза өнім. Ол қоғам мүддесі үшін халықтың тұтыну мен өндірісті ұлғайту мақсаттарына қолданылады. Ұлттық табыс – тұтыну қорымен қорлану қорына бөлінеді.
Халықшаруашылығында көптеген бағалар мен нарықтар жүйесі қалыптасқан. Елімізде өндіргіш күштер өсіп өндірістердің жаңа саласы пайда болып шығарылатын заттар мен көрсетілетін қызметтердің 4 түрінің көбеюіне байланысты белгіленетін бағалар түрлерімен саны да көбейе түсуде.
Құрылыс өнімінде қойылатын құн прейскуранттық және шарттық бағалар баға жүйесінің ерекше бір түрі болып табылады. Бұл бағалар жасауға тапсырылған жұмыс берушілердің құрылыс мекемелері мен тұрғызған құрылыс обьектісі немесе атқарған жұмыстарды бағалап күрделі қаржы көлемін анықтауға және басқа есеп айырысу кезінде қалыптасады. Бағаның бір түрі-көрсетілген қызмет үшін төленетін ақылардың нарықтары. Олар әртүрлі өндірістік және өндірістік емес қызметтері үшін транспортты комуналдық және тұрмыс қажетін өтеу орындарда, байланыс салаларында салынады. Халық шаруашылығында қолданылатын барлық бағалар жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты. Біреуінің деңгейінің өзгеруі басқаларына тікелей әсер етеді. Бұл халық шаруашылығының барлық салаларының бір-бірімен тығыз қатынастар және байланыста екенін көрсетеді. Соңғы кездері елімізде баға жүйесін біртұтас жүйе ретінде басқару принципі бұзылып, көптеген өнім түрлеріне көтерме сатып алу және бөлшек сауда бағасы нарығы дәрежесінде елеулі сәтсіздікке жол беріліп, ал көптеген министрліктер мен ведомстволар негіссіз баға деңгейін бекітіп оларды қолданудың мемлекеттік тәртіпті бұзудың толып жатқан фактілерін тұғызды. Қазақстан Республикасында ең басты міндет баға белгілеу жүйесінің түбегейлі өзгертіп көтерме сатып алып, бөлшек сауда бағасымен нарықтарды біртұтас жүйе ретінде өзара ұштастырып қайта қарауды жүзеге асыруды талап етеді. Осыған байланысты өнеркәсіп өніміне жаңа көтерме сауда бағасы транспорттеу байланысы қызметімен нарықтағы бағаның әзірлену және құрылыста бағамен баға тізімін, ауылшаруашылық саласында сатып алу бағасынан жаңа деңгейін қолдануды қажет етеді. Елімізде белгіленген бағалар өздерінің әр түрлі болуымен қатар, құрылымына байланысты әртүрлі болып қалыптасады тауарға белгіленген бағаның өзі өндірістің әр түріндегі құрылымның өзгешелігінен байланысты әртүрлі болып қалыптасады. Баға құрылымның бөліктері өндіріс басындағы өнімдердің айналымына байланысты жеке құндарға бөлініп олардың әрбіреуі дербес ақшалай түрде көрініс көрінеді. Қоғамға қажетті еңбек мөлшерімен анықталатын әрбір тауардың құны екі бөлікке бөлінеді [14].
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің қалыптасу мәселелері