Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 09:44, курсовая работа
Нарықтық экономикада барлық табыстар ақшалай түрде жүргізіліп, өндіріс факторы бағасымен органикалық байланыста болады. Бұл бағаға нарықтың күштер кәдімдігідей әсер етеді: сұраным мен ұсыным ара-қатынасына; бәсеке мен монополия.Енді осы табыстардың түсуі мен бөліну механизмін толығырақ қарастырамыз.
Табыстардың негізгі түсу көздері мыналар:
а) жұмыскерлердің еңбек табысы- (жалақы,сыйақы және т.б);
ә) кәсіпкерлік табыстар (пайда)
б) меншік табыстары (салымнан алынатын проценттер, рента және т.б)
КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІНДЕГІ БАҒА БЕЛГІЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ҮЛГІЛЕРІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНУ ШАРТТАРЫ
1.1 Қаржы активтеріндегі баға белгілеу үлгілердің капитал нарығында алатын орны............................................................................................................5
1.2 Баға белгілеудің капитал нарығында қолдану шарттары................................................................................................................13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒА БЕЛГІЛЕУДІҢ ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КАПИТАЛ НАРЫҒЫНДА ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің негізгі туындаған мәселелері............................................................................................17
2.2 Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің қалыптасу мәселелері...............................................................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................32
Корреспендеттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операциялар түрлерін жүзеге асырады. Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай – ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады. Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма – қол ақшаны аударуды, төлем тапсырманы ұсынуды, чектерді беруді, вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді, төлем карточкасын пайдалануды, тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды, тапсырма – талап төлемдерін ұсынуды, инкассалық жарлығын ұсынуды, республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады. Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма, чек, вексель, тапсырма-талап төлемдері, кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады. Төлеші мен алушылар өзара есеп айрысу нысандарын келісім – шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады [5].
Дебиторлық борыш дегеніміз - белгілі бір қарым қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай - ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады. Яғни осы субъектіге берешек борышы бар кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай – ақ және тұлғалар болып табылады.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебитор лық борыштар ағымдағы активтер қатарына есептелінеді. Олардың қатарына жататындар:
- ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық төлем;
- тапсырылған шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
- вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
- кегізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
- акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының дебиторлық борышы;
- басқадай дебиторлық борыштар;
Дебиторлық қарыздар кірістермен байланысты айқындалады: өнімдердің реализациясы , тауарлардың өндірісі заңды тұлғалардың келісім шарттары негізінде өндіріледі.
Келісім шарттарда ақшалай жеңілдіктер туралы қарстыру керек.
Товарды сыртқа шығару счет – фактура және накладная құжаттарымен анықталады.
Сатып алушылардан дебиторлық қарыздары сомасы, бойынша бухгалтрлік құжаттарда есептеледі.
Сатушы мен сатып алушылардың есептесуі қолма-қол және қолма қолсыз түрде жүреді. Күмән келтіретін талаптар резервтері дебиторлық қарыздардың күмән келтіретін талаптары ЖШС егер толық соманы қайтара алмаса жүзеге асырылады. Күмән келтіретін талаптар резерві дебиторлық қарыздардың интерверизациясы нәтижесінде пайда болады
Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы №2 «қаржылық есепті дайындау мен үсынуға арналған тұжырымдамалық негіздер туралы» -еп аталатын қаулысына сәйкес «Дебиторлық борыш иелік ету құқықтарымен қоса, заңды құқықтарына байланысты актив болып » – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтарымен байланысты активте қамтылған болашақтан экономикалық тиімділік болып табылады. Дебиторлық берешек үш топқа бөлінеді: алынуға тиісті шотта , алынған вексельдер және басқалар[6].
Алынуға тиісті шоттарға; ақшалай қаражатқа, тауарға көрсеткен қызметке және субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілеп - талаптары кіреді . Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу кетілетін күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді болады . Әдетте дебиторлық берешек шот – фактуралармен расталады . «Алынған вексельдер бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады».
Мерзімде төленбеген дебиторлық берешек ақталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмалаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік, тауарлық-матермалдық қорларды жіберуді бақылаудағы босансулар салдарынан пайда болады. Қазақстан Республикасындағы барлық шаруашылық субъектілеріндегі табысты есептеу тәсілімен айқындайтындықтан, күдікті борыштар бойынша резерв құру қажеттілігі туады . Олар тәуекел қоры болып табылады, сол немесе басқа борыштың өтелмей қалуынан сақтандырады . Бухгалтерлік баланста дебиторлық берешек күмәнді борыштар бойынша резервті есептен шығару үшін көрсетіледі. Күмәнді борыштар бойынша резерв құру тәртібі «табыс » 5 бухгалтерлік есеп стандарттарымен және оған «күмәнді борыштар бойынша резерв құру тәртібі» атты әдістемелік ұсыныстармен реттеледі. Күмәнді борыштар бойынша резерв есепті кезен соңында өткізілген дебиторлық берешекті түгендеу қорытындылары негізінде құрылады. Күмәнді борыштарды бағалау жөнінде екі тәсіл бар: өткізу, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет көлемінің процент тәсілі , төлеу мерзімі бойынша шоттарды есептеу тәсілі.
1.2 Баға белгілеудің капитал нарығында қолдану шарттары
Нарық пен баға ажырамайтын ұғымдар. Олардың бір қалыпты «өмір сүру ортасы» - нарықсыз – баға өзінің экономикалық мазмұнын жоғалтады, экономикалық байланыстарды пәрменді түрде реттеуші мүмкіндігінен айырылады.
Бағаның өз міндеттерін атқаруы – қоғамдық еңбек шығындарын жалғастыруы, айырбастың эквиваленттігін, өндірісті ынталандыру, сұраным мен ұсынымның арақатынасын реттеуі, нарықтағы тепе-теңдікке жетуі үшін – олар белгіленген бір дәрежеде икемді болуға және өздерін айқындайтын жағдайлармен бірге өзгеріп отыруы тиіс.
Бағаның төмендеуі және өсуі тек қана құн заңының әрекетімен шақырып қоймайды, сонымен бірге сұраным мен ұсыныш заңының әрекетінен де тәуелді болады. Бірақ бұл тәуелділіктің сипаты өзгеше болады. Егер бірінші жағдайда баға динамикасының негізінде құнның қозғалысы жатса, ал екіншісінде – бағаның одан ауытқуы тұр.
2. Нарық жағдайындағы баға құру стратегиясы.
Нарықтық баға ұсыну бағасынан төмен түсе алмайды, әйтпесе өндіріс пен өткізу тиімсіз болады. Неғұрлым бұл баға төменболса, соғұрлым аз тауар түседі, себебі көптеген өндірушілердің өндіру, бөлу және өткізу шығындары ол бағадан жоғары болады, сөйтіп тауар өндіруді тиімсіз қылады. Ұсыным бағасының өсуіне қарай өндірушілердің саны да нарыққа жеткізілетін тауардың көлемі де ұлғаяды [ 7].
Қ.Р -ң экономиканы тұрақтандыру және нарыққа көшу кезеңіне арналған «Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтік экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасында» 1993 жылы халыққа сатылатын энергия көздерінің , темір жолдың, жүк және жолдаушылар тасымалдың бағдарламасы. Бағаны мемлекеттік реттеудің заңдар, жарлықтар, қаулылар түріндегіқұқықтық негізі жасалған.
Бағаға әсер ететін факторлар
Фирма баға стратегиясын таңдау үшін оған қандай факторлар әсер ететінін біле отырып, оларды талдауы қажет. Көбінесе ол сыртқы себептерден болады. Бағаға әсер ететін негізгі факторлар: шығындар, тұтынушылар, таар қозғалысына қатынасушылар, бәсекелестер және мемлекет. Осы факторларға қысқаша тоқталайық.
1. Шығындар түпкі бағаға аса қатты әсер етеді. Шығындар көлемі шикізат сатып алуға, жұмысшылардың жалақысын төлеуге , транспортқа, қоршаған ортаны қорғауға кеткен қаражатқа байланысты. Бұл шығындар бағаны белгілеу кезеңінде есепке алынып, бағадағы пайданың үлесіне қарай баға деңгейіне белгіленеді. Баға деңгейі тұрақты болғанда, іс жүзіндегі шығындар көлемінің өзгерісі пайданың әрқалай түсуін белгілейді.
2. Тұтынушылар. Баға және сату көлемінің өзара тәуелдігінің екі себеппен түсіндіруге болады. Бірінші сұраныс пен ұсыныс заңынын әрекеті және баға икемділігі; екіншісі әртүрлі рынок сегменттері тұтынушылырының бағаға деген жауап әрекеті.
Бағаны қабылдау және тауарды сатып алу бағына қарай тұтынушыларды төрт топқа бөлуге болады:
үнемдегі сатып алушылар тобы- бұл топтағы тұтынушылар тауар бағасына, сапасына, түр-түріне, яғни ассортиментіне көп көңіл бөледі және осы тұтынушыларға жарнама қатты әсер етеді;
дербестендірілген сатып алушылар – бұлар тауар бейнесіне сатушылардың қызмет көрсету днңгейіне көңіл бөледі;
этикалық сатып алушылар – өздерінің сатып алуымен кішігірім фирмаларды қолдауға әзір және оларды тауарларына қымьат баға төлеуге дайын;
көңілсіз сатып алушылар- а дегенде тауарды пайдалануының ыңғайлығын және қолайлығын жоғары бағалайды [8].
3. Тауар қозғалысына қатысушылар бағаны белгілеу үдерісінде маңызды рөл атқарады. Олардың пікірімен санасуға тура келеді, өйткені олар тауардың өткізу көлемін ұлғайтуға, жағымды тауар бейнесін жасауға, сатып алуды жалғастыруға өз ықпалын тигізеді. Тауар тез арада сатылуы үшін өндіруші түпкі бағаны қатаң бақылауға алуы мүмкін, егерде:
1. Тауар бағасы алдын ала келісіп белгіленсе;
2. Бөлшек саудасы аз боса;
3. Консигнация шарттарын пайдаланса;
4. Тауар қозғалысына қатынасушылар пайда көлемін жеткілікті алса.
Көтерме және бөлшек саудадағы тауар қозғалысының негізгі қатынасушылары бағаны қатан қадағалауы мүмкін , егерде:
өндірушіге өзінің маңызды екенін көрсете білсе;
падасыз тауарды өткізуден бас тартса;
бәсекелес өнімді қоса өткізіп, тұтынушының сатушыға деген адалдығын қалыптастырса.
4. Бәсекелестер. Маркетинг тұрғысынан фирма әрекетінің ортасы талданады. Баға бақылауының жағдайына байланысты бәсеке ортасы 3 түрге бөлінеді:
Бағаны рынок бақылайтын орта. Онда бәсеке деңгейі жоғары, тауар бір типтес, үқсас дап сипатталады. Бұл ортада фирма тауарын төмен бағамен ұсынса, ол тауарға сұраныс көбеюі мүмкін, өйткені тұтынушылар бағасы төмендеген таурға тез ауады. Ал басқа бәсекелестер жауап қайтару ретінде ұқсас тауарлардың бағасын төмендетуі мүмкін. Бірақ бәсекені баға «қақтығысына» айналдырмаған дұрыс болады. Сондықтан қолданған баға стратегиясының болашақ нәтижесін қарастыру аса маңызды іс.
Бағаны фирма бақылайтын орта. Оған шектелген бәсеке тән және ұсынған тауарлардың ерекшеліктері болады. Бұл ортада фирманың жұмыс істеуі және іс-әрекеті оңайлау болады. Тауардың бағасы жоғары немесе төмен болса да оны алушы тұтынушылар әрдайым болады.
Бағаны мемлекет бақылайтын орта қоғамдық транспорт, энергетика, комуналды қызмет және де басқа салаларда кездеседі. Мемлекет орынадары тұтынушылардан және өндірушілерден жан-жақты ақпарат жинаған сол нақты баға деңгейін белгілейді.
5. Мемлекет. Кәсіпорының бағаны белгілеудегі еркіндігін мемлекет шектейді. Бұл шектеуді 3 дәрежеге бөлуге болады:
* Мемлекет бағаның өзі белгілейді. Ол үшін келесі әдістерді пайдаланады: мемлекеттік прейскурант бьағасын еңгізу, еркін рынок бағасын бір деңгейде «қатыру», монополист кәсіпорындардың бағаларын жоғарыдан белгілеу.
* Мемлекет баға қою ережелерін бекітеді (реттелген бағалар қалыптасады). Бағаны реттеу әдістері: кейбір тауарларға бағаның жоғары деңгейін орнату, бағаның негізгі көрсеткіштерін реттеу нақты тауарлардың бағасын бірлік көтеру дәрежесін анықтау.
* Арамзалық бәсекеге және рынокты монополиялауға шек қою үшін «рыноктық ойын» ережелерін орнатады. Ол үшін мелекет мына іс - әрекеттерді шектейді: кәсіпорындардың бағаны жоғары деңгейде сақтау мақсатымен келісім қабылдауына шек қояды, өндірушілердің өз бағасын жабдықтаушыларға және сауда орындарына күшпен міндеттеуіне шек қояды[9].
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒА БЕЛГІЛЕУДІҢ ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КАПИТАЛ НАРЫҒЫНДА ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің негізгі туындаған мәселелері
Әрбір экономика қандай да болмасын еңбек нәтижесі ақша бірлігіне бағаланбай өмір сүру мүмкін емес. Сонымен бірге нарықтық баға белгілеу бұл нарықтық баға сұраныс пен ұсыныс әдістерінің ара-қатынасын көрсетеді. Сонымен қатар нарықтық заңдарының есебі керек. Сұраныс заңдары, ұсыныс заңдары мунда баға арақатынасы S/Д олардың тепе-теңдік деңгейіне байланысты. Еркін бәсеке заңы .
Баға паритеті (арақатынасы) ауылшаруашылығы үшін шығарылған ауылшаруашылық өнімдері және өнеркәсіп тауарлары мен қызметтері аграрлық сектор ҚР өте қажет. 90 жылға дейін ҚР толығымен өз сұраныстарын қамтамасыз етті. Баға паритеті 1992 жылы баға либерализациясынан кейін бұзылды. Өнеркәсіп өнімдердің бағасы түгелдей жіберілді, ал ауылшаруашылық өнімдерінің өсу бағасы біраз жылдар бойы тұрақты ұсталды [10].
Нарықтық экономикалық кезінде әлемдік бағалармен тығыз іс-қимыл жасайды бұл жағдай арнаушы тауар өндірушілердің бұйымдарды шығарудағы бәсекесі болды. Бәсеке кезінде бәсекелестердің шығындары мен баға деңгейі шығынмен бағамен салыстырды.
Баға экономиканың қуатты санаты ол көптеген экономикалық әлеуметтік саяси мен шешімдерді белсенді қабылдауғасонымен қатар мемлекеттің және әр түрлі рынок субъектілері қатысып өздерінің әрекеттік баға сапасына қолдана алады. Бағаның қызметі оның микро және макро деңгейлері арқылы функцияларынан көріне алады.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің қалыптасу мәселелері