Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 15:28, курсовая работа
Ақша ежелгі заманда пайда болған. Ақшаның негізін тауарлы шаруашылық құрайды, ал оның негізін қоғамдық еңбектің бөлінісі құрайды. Еңбек бөлінген соң (алғышқы бөлінісі: егіншілік пен мал шаруашалығы) адамдар арасында айырбастау қажеттілігі туындайды, яғни сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі- тауар пайда болады.Бірақ кез келген зат тауар емес. Оны тауар деп айту үшін оның екі қасиетті болуы жөн: тұтыну құны және айырбас құны. Тауардың тұтыну құны міндетті түрде көрінсе, ал айырбас құны ақшаға теңістірілген жағдайда көрінеді.
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1.АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ…………………………........5
1.1 Ақшаның экономикалық мәні мен қызметтері ...........................................5
1.2 Ақша жүйесінің элементтері және ақшаның түрлері....................................7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АҚША
ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ………………………………………11
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы………..11
2.2 ҚР заңдастырылған ақша белгілері ............................................................12
2.3 Қолма – қол ақшасыз айналым және есептесу жүйесі ...............................17
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫ...19
3.1 Қазақстан Республикасының 2009 жылғы ақша-кредит саясаты…………..19
3.2 Қазақстан Республикасы экономикасының 2010 жылға арналған
дамуының сценарийлік нұсқасы......................................................................20
3.3 Қазақстан Республикасының 2010 жылға арналған
ақша-кредит саясаты………………………………………………………….23
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………..27
ҚОСЫМША……………………………………………………………………….28
3.2. Қазақстан Республикасы экономикасының 2010 жылға арналған
дамуының сценарийлік нұсқасы
Әлемдік экономиканың баяу қалпына келуі, тауар нарықтарындағы, оның ішінде қазақстандық экспорттың негізгі тауарларына қалыпты әлемдік бағалар, әлемдік қаржы нарығындағы айқын еместік Қазақстан Республикасы экономикасының үрдісін айқындайтын негізгі факторлар болып табылады.2010 жылы Қазақстанға, негізінен өркендеу шыңы 2009 жылға сай келген Солтүстік Каспий жобасын қаржыландырудың қысқаруы есебінен, тікелей шетелдік инвестициялардың төмендеуі күтіліп отыр.Қазақстандық банктерге ұзақ мерзімді қаржы құралдарының әлемдік нарығына кірудің шектеулі болатындығына қарамастан, кейбір банктердің сыртқы қарыз алуды жаңартуы жоққа шығарылмайды, сондай-ақ 2007-2009 жылдары басталған жобаларды нақты секторда қаржыландыру жалғасады.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдердің өсуімен байланысты 2010 жылы ресурстардың болуы мүмкін әкетілуі мұнайдың әлемдік бағасының деңгейімен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын жинақтау мен пайдалану тетігімен айқындалатын болады.Қазақстан Республикасының экономикасына әсер ету дәрежесін ескере отырып, мұнайдың әлемдік бағасының деңгейі 2010 жылға арналған ақша-кредит саясатын әзірлеу кезінде сценарийлік нұсқаға бөлудің негізгі критерийі болып айқындалды. Макроэкономикалық жағдайдың дамуының үш сценарийі қаралды. Бұл ретте мұнай бағасының деңгейі бір баррель үшін 30 және 50 АҚШ болуын болжайтын бірінші және екінші сценарийлер тиісінше Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағаларымен синхрондалған және келісілген болып табылады. Сондай-ақ 2009 жылы қалыптасқан мұнайдың бағасының орташа жылдық деңгейін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мұнайдың бағасы бір баррель үшін 70 АҚШ доллары деңгейінде болатын үшінші сценарийді әзірледі.
2010 жылы Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының барлық сценарийлері іске асырылған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады, бұл инфляцияны 6,0-8,0% дәлізінде ұстап тұруды көздейді.
Бірінші сценарийді іске асыру кезінде 2010 жылы Қазақстанның экономикасын қысқарту күтіліп отыр.Осы сценарий бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған үлгілеу мен болжау нәтижелері төлем балансы көрсеткіштерінің нашарлауын, кредиттеудің және ақша сұранысының төмендеуін көрсетті. Бұл іскерлік белсенділіктің төмендеуі, жиынтық сұранысты шектеу сияқты объективтік факторлардың ықпалына байланысты.Төлем балансының 2010 жылғы ағымдағы шотының дефициті ЖІӨ-ге қарағанда 8,5%-ға жуықты, жалпы төлем балансының дефициті – ЖІӨ-ге қарағанда 4%-дан астамын құрайды. Экономиканың ақша деген сұранысының төмендеуі кезінде белгіленген дәліз шеңберінде инфляцияны ұстап тұру ақша базасын 2,3%-ға тарылтумен, ақша массасының 4,7%-ға, экономикаға кредиттің – 1,4%-ға, банк жүйесіндегі депозиттердің – 5,4%-ға азаюымен қамтамасыз етілетін болады. Монеталандыру деңгейі бұл ретте 2010 жылдың аяғында 45,9%-ға жетіп, іс жүзінде өзгермейді (1-қосымша).Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіні�� бағалауы бойынша бұл сценарийді іске асыру мүмкіндігі барынша төмен.
Екінші сценарийді іске асыру кезінде мұнай бағасының ең жоғары деңгейі Қазақстанның сыртқы ағындарына қолайлы әсер етеді, нәтижесінде 2010 жылы ағымдағы шоттың дефициті ЖІӨ-ге қарағанда 4%-ға жуықты, жалпы төлем балансының дефициті – ЖІӨ-ге қарағанда 2%-ға жуықты құрайды.Бұл даму сценарийінде ақшаға деген сұраныс шектеулі болып қалады. Ақша базасының кеңеюі 10,0%-ды құрайды, ақша массасы 9,6%-ға, банк жүйесіндегі депозиттер – 9,2%-ға, экономикаға кредиттер көлемі – 5,9%-ға ұлғаяды. Бұл ретте монеталандыру деңгейі 46,5%-ға дейін өседі (1-қосымша)Осы сценарий бойынша ахуалдың дамуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2010 жылы экономикалық белсенділікті ынталандыруға мүмкіндік береді, бұл экономиканың өсуінің қалыпты қарқының қамтамасыз етеді.
Үшінші сценарийге сәйкес 2010 жылы экономикалық өсу қарқыны алдыңғы сценарийлермен салыстырғанда анағұрлым жоғары деңгейде болады деп күтілуде.Әлемдік нарықтағы анағұрлым қолайлы конъюнктура қазақстандық экспортерлерге оң ықпал етеді. Ағымдағы шоттың ЖІӨ-ге 1%-дан аспайтын деңгейде шамалы дефициті күтіледі, жалпы төлем балансы ЖІӨ-ге 1%-ға жуық мөлшерде оң белгімен қалыптасады.Осы жағдайда ақшаға деген сұраныс алдыңғы сценариймен салыстырғанда анағұрлым жоғары болады. Ақша базасы 2010 жылы 11,3%-ға кеңейеді, ақша массасы 15,4%-ға, банк жүйесіндегі депозиттер – 15,2%-ға, экономикаға кредиттер –8,5%-ға ұлғаяды, монеталандыру деңгейі 46,5%-ды құрайды (1-қосымша).Бұл сценарийді іске асыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне алтынвалюта активтерінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының 2010 жылға арналған екінші және үшінші сценарийлерін іске асыруды анағұрлым мүмкін деп санайды, осыларды ескере отырып 2010 жылға арналған ақша-кредит саясаты әзірленді.
Ақша-кредит саясатының 2010 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы
кезең соңына
2008
(факт) |
2009
(бағалау) |
2010 (болжам) | |||
1- сценарий | 2- сценарий | 3- сценарий | |||
Инфляция, % | |||||
- жыл соңында, % | 9,5 | 6,2 | 6,0-8,0 | 6,0-8,0 | 6,0-8,0 |
Ресми қайта қаржыландыру ставкасы, % | 10,5 | 7,0 | 6,0 | 7,0 | 8,0 |
Ақша базасы, млрд. теңге | 1525 | 2451 | 2395 | 2697 | 2728 |
өзгеруі % | 4,2 | 60,7 | -2,3 | 10,0 | 11,3 |
Ақша массасы, млрд. теңге | 6267 | 7386 | 7042 | 8097 | 8524 |
өзгеруі % | 35,4 | 17,9 | -4,7 | 9,6 | 15,4 |
Резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттері, млрд. теңге | 5409 | 6473 | 6123 | 7070 | 7459 |
өзгеруі % | 39,0 | 19,7 | -5,4 | 9,2 | 15,2 |
Банктердің экономикаға кредиттері, млрд. теңге | 7460 | 7644 | 7539 | 8092 | 8296 |
өзгеруі % | 2,8 | 2,5 | -1,4 | 5,9 | 8,4 |
Экономиканы монеталандыру деңгейі, % | 39,0 | 46,2 | 45,9 | 46,5 | 46,5 |
3.3. Қазақстан Республикасының 2010 жылға арналған ақша-кредит саясаты
Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы мақсатқа жету жөніндегі шаралары экономикалық өсуді қолдауға, депозиттік нарықтың әлуетін дамытуға, сондай-ақ банк секторының кредиттік белсенділігін қалпына келтіруге ықпал етеді.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған айырбастау бағамы саясатын жүргізуді жалғастырады. Бағамдық саясат үнемі өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етуі мүмкін ұлттық валютаның нақты бағамының біршама ауытқуларына жол бермеу мақсатында жүргізіледі.Бағамды қалыптастыру икемділігін арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында 2010 жылғы 5 ақпаннан бастап теңгенің ауытқуы дәлізі кеңейтіледі: 150 доллар/теңге (+)10% немесе 15 теңге, (-)15% немесе 22,5 теңге. Теңге бағамының динамикасында басым үрдіс әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы жағдайға және төлем балансының жай-күйіне байланысты болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
пайыздық саясаты нарық ставкаларын қысқа
мерзімді құралдардың ақша нарығында
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
ставкаларының дәлізі шеңберінде ұстап
тұруға бағытталған. Жүргізілген шаралар
нарық ставкаларының құбылмалылығын төмендетуді
және ақша нарығының тұрақтылығын арттыруды
қамтамасыз етеді, сондай-ақ өтімділікті
тиімді басқаруға ықпал етеді. Дәліздің
ең жоғарғы шекарасы болып табылатын ресми
қайта қаржыландыру ставкасы ақша нарығындағы
жағдайды және инфляция деңгейін ескере
отырып айқындалатын болады. Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған
банктердің депозиттері бойынша ставка
ақша нарығындағы қысқа мерзімді ставкалар
дәлізінің төменгі шекарасы ретінде айқындалады.
Бұл ретте ол болуы мүмкін ең төмен деңгейде,
яғни банктерді Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіндегі депозиттерде бос ресурстарды
жинақтауға қайта ынталандыруға болатындай
етіп белгіленеді.Артық өтімділікті алып
тастау мақсатында Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі қысқа мерзімді ноталар эмиссиясын
жалғастырады. Оларды шығару сондай-ақ,
мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама
нарығын қолдауға, 1 жылға дейінгі мерзімдегі
қаржы құралдары бойынша қисық кірістілікті
қалыптастыруға бағытталады. Фундаментальді
факторлар тарапынан күтілетін шамалы
инфляциялық қысым кезінде Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі қаржы тұрақтылығын
қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.
Банктердің өтімділігі деңгейінің және
оған байланысты тәуекелдердің, оның ішінде
валюталық тәуекелдерің мониторингі жалғасады.
Бұл операциялардың мерзімі қысқа болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
қорландыру базасын қалыптастыру кезінде
банктерді ішкі көздерге бұдан әрі қайта
бағыттауға ықпал етеді. Осы мақсатта
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
2010 жылы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік
беру қоры» АҚ-ын 11 млрд. теңгеге капиталдандыруды
ұлғайтады.Сондай-ақ банктердің ресурстық
базасын тұрақтандыру үшін Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған
банктік емес қаржы ұйымдарының уақытша
бос ақша қаражатын отандық банктердің
депозиттеріне аудару туралы мәселе қаралады.
Ақша-кредит саясатының осы шараларын
іске асыру Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне инфляция бойынша белгіленген
бағдарларға жетуге мүмкіндік береді.
Бұл экономиканың тұрақты және сапалы
өсу жағына шығуына ықпал етеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ ақша жалпылылама эквивалент. Ақша – жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауарлардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірішулер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтын,а бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғаты емес. К.Марк айтқандай: ″ Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген ″
Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиеттінің бірігумен көрініс табады:
Егер нақты ақшалай айналым банкноттармен және қазналық билеттер мен жүргізілсе, қолма-қол ақшасыз айналым несиелік мекемелердегі шоттардан аударым арқылы жасалынады және чектермен, вексельдермен, несиелік карточкалар мен қамтамасыз етіледі.
Екі формадағы айналым өте
тығыз байланысты және бір-
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Заңңамалық актілер
4.Инструктивно-нормативные акты Национального Банка РК (Сборник актов)
5. Закон Республики Казахстан от 28 апреля 1997 года N 97-1 «О вексельном обращении в Республике Казахстан» (с изменениями, внесенными в соответствии с Законом РК от 24.12.01 г. N 276-П),
6.Стратегический план индустриально-инновационного развития РК на 2004-2015 годы. Собрание актов Президента РК, № 3, 2004
7.1993
ж. 12 қарашада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев
«ҚР Ұлттық валютаны еңгізу туралы » заңы
Оқулықтар және статистикалық деректер
1.Березина М.Г. «Вопросы теории безналичных расчетов» //Банковское дело.-1998,№8,
2.Березина М.П. «Проблемы организации безналичных расчетов» //Финансы.-1997,№3,
3.Булатов М.Л. «Совершенствование безналичных расчетов» //Бухгалтерия и банки.-1996,№4,
4.«Деньги. Кредит. Банки» под редакцией Лаврушина О.И.- М.: Финансы и статистика, 1999г, I ).
5.Косой A.M. «Принципы безналичных расчетов»//Деньги и кредит.- 1995,№6,
6. Солнцев О.Г. «Проблемы денежного оборота и банковской системы» //Банковское дело.-1997г,№4, 7.
7.Ежегодный статистический бюллетень Национального Банка РК.
8. www.nationalbank.kz.
ҚОСЫМША-А
ҚОСЫМША-Б