Ақша жүйесі және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 15:28, курсовая работа

Краткое описание

Ақша ежелгі заманда пайда болған. Ақшаның негізін тауарлы шаруашылық құрайды, ал оның негізін қоғамдық еңбектің бөлінісі құрайды. Еңбек бөлінген соң (алғышқы бөлінісі: егіншілік пен мал шаруашалығы) адамдар арасында айырбастау қажеттілігі туындайды, яғни сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі- тауар пайда болады.Бірақ кез келген зат тауар емес. Оны тауар деп айту үшін оның екі қасиетті болуы жөн: тұтыну құны және айырбас құны. Тауардың тұтыну құны міндетті түрде көрінсе, ал айырбас құны ақшаға теңістірілген жағдайда көрінеді.

Оглавление

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1.АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ…………………………........5
1.1 Ақшаның экономикалық мәні мен қызметтері ...........................................5
1.2 Ақша жүйесінің элементтері және ақшаның түрлері....................................7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АҚША
ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ………………………………………11
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы………..11
2.2 ҚР заңдастырылған ақша белгілері ............................................................12
2.3 Қолма – қол ақшасыз айналым және есептесу жүйесі ...............................17
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫ...19
3.1 Қазақстан Республикасының 2009 жылғы ақша-кредит саясаты…………..19
3.2 Қазақстан Республикасы экономикасының 2010 жылға арналған
дамуының сценарийлік нұсқасы......................................................................20
3.3 Қазақстан Республикасының 2010 жылға арналған
ақша-кредит саясаты………………………………………………………….23
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………..27
ҚОСЫМША……………………………………………………………………….28

Файлы: 1 файл

МАЗМ (2).doc

— 297.50 Кб (Скачать)

     Акша агрегаттары жүйесінде "L" ақша массасының ең кең анықтамасын береді.Қай кезде болмасын экономистер ақша массасын реттеу қажеттілігі туралы айтқанда, олар ең алдымен "МІ-ді" назарға алады. Бізге ақша массасының бір компоненті банкноттар мен теңгелерді біріктіретін "қолма-қол" ақша екендігі белгілі. Алайда ол шаруашылық өмірде айналым құралдарының тіптен кішкентай бөлігін құрайды: қазіргі айналым құралының негізгі түрі — ол қолма-қолдық емес, ағымдық чектік есепшот (біздің практикамызда — "талап етіп алынатын салым"). 

1-сурет. Aқша агрегаттары. 

     Талап етіп алынатын салым да — сол ақша, тек, "көрінбестігі" болмаса, өйткені чек арқылы оның көмегімен және банк кітабына жазғызумен, қолма-қолдылықты талап етпестен төлеуді жүзеге асыруға болады.Демек, біз ақшаны қолма-қолдылық (банкноттар мен теңгелер) секілді дәстүрлі түсініктен кеңейте бергеніміз жөн. Ақшаны әлгідей "тар" ұғымда түсіну экономикалық теорияда 30-шы жылдардың басында-ақ өзгере бастаған болатын, бірақ баяғы ескі түсінік бұл өзгеріске бірден жол бере қойған жоқ. Алайда қазіргі ақша теориясына аудартылатын есепшоттағы (трансакциялық депозит) — қолма-қол есеп ажыратпай-ақ пайдалану үшін құ-рылған "талап етіп алу" есепшотында жатқан секциялар да кіретіні жаппай мойындалған нәрсе. Әлемнің дамыған елдерінде келісімдердің басым көпшілігі трансакциялық депозиттердің көмегімен жасалынады.Айта кету керек, "адамдар ақша қаржыларын сақтаудың тәсілдерін: қолда ұстау түрін немесе аударма есепшот түрін таңдаған кезде нені басшылыққа алады екен?" деген сұраққа экономистер баяғыдан бері бастарын қатырып келеді.

     Бүгіндер ақшаны қолда ұстаудың пайдасына өмірлік маңызды төрт дәлел айтылып жұр:

  • өтімділікті артық керушілік (Д.Кейнс ендірген термин) —оның абсолюттік өтімділігіне қарай қолма-қол ақшаға сұраныс;
  • трансакциялык себеп — қолма-қол ақша төлем құралы ретінде пайдалануға ыңғайлылығы жағынан адамдарға тиімділеу көрінеді (чекті, мысалы, тексеру керек, кейбір жағдайларда қабылдамауы да мүмкін);

-сақтық  себеп (қауіпсіздік), қолма-қол ақшаны қолда сақтау аяқастылық жағдайда сатып алушылық қабілеттің қоры ретінде қарады;

-алыпсатарлық  себеп, ақша иесі қолындағы ақшасын құңды қағаздар құндарының болжап болмайтын нарықтық бағытынан сескенетіндіктен ол қағаздарға салуға тәуекел ете алмайды.

     Ақшаның бір бөлігі қолма-қолдылық формада болатын дәлелдермен таныса келіп, біз енді ақша теориясындағы пайдаланылатын ақша агрегаттарының сипаттамасына өте аламыз.Бірінші ақша агрегаты ("М1") қолма-қол ақшаны және аудармалы есепшоттарды қамтиды. Демек, М1 тек төлем құралы ретінде дәстүрлі түсінікпен шектеледі.80 жылдардан бері ақша теориясы өзінің қамтуына М1 және тағы депозиттің екі түрін (банктік салымдар) — "қарапайым" (яғни, пайыз әкелетін және айыппұлсыз кез келген уақытта алуға болатын, бірақ есепшот қаржысынан чекпен төлеуді пайдалану жөнінен құқы болмайтын) және "жедел" (көтеріңкі пайыз әкелетін салым, бірақ мерзімсіз ақша алу айыппұлға соқтырады деген шартпен) деп аталатын түрлерін қамтитын М2 — жаңа ақша агрегатын қабылдаған болатын. Демек, М2 =М1 + қарапайым + жедел есепшоттар.Бұдан соң өзіне М2 + депозиттік сертификаттар + ірі жедел депозиттерді қамтыған одан да ауқымды ақша агрегаты (МЗ) шықты.Ақыр аяғында, ақша теориясында МЗ-ке барша өтімділік құндылықтарды біріктірген аса зор ауқымды ақша агрегаты (L) бой көрсетті. Сірә, қазіргі ақша теориясы экономиканың бүгінгі тосын пікірлерін ескере отырып: егер классикалық саяси экономикада ақша жергілікті эквиваленттердің тарихи "марафонында" жеңімпаз болса, ал бүгін төлем құралы қызметін атқара алатындардың бәрін тарта отырып, "ақша" ұғымы тіпті тұлғасыз болып барады.Әртүрлі активтердің өтімділігі әртүрлі болатындыны белгілі, соған байланысты ақшаға жақын (өтімділік дәрежесі өсіп келе жатқан) активтер жоғары бағаланады.

     Бүгіндер барлық дәрежелі өтімділіктің (барлық өтімділік активтерінің жалпы мөлшерлі агрегаты) барша активтерін қамтитын жинақтаушы көрсеткішті іздеу жүріп жатыр. Мұндай көрсеткішті есептеу әдістемесі әр активтің айналым жылдамдығын бағалауды көздейді, өз кезегінде, бағаланатын активтің айналым жылдамдығының өлшемі мәмлелердің жылдық көлемінің осы активке салынған қаражаттың жылдық орташа санына қатынасымен есептелінеді.

     Мұндай тәсілді сақтау кезінде М1 ірі масштабты ақша агрегаты ішіне "сіңіп кетеді-ау" деп (оның аз мөлшерлігіне байланысты) қорқудың қажеті жоқ. Себебі ол көптеген мәмелелерде пайдаланылып, төлем құралы функциясынан гөрі, құндылығын сақтау үшін қолданылып, басқа активтерге қарағанда үлкен үлес салмаққа ие болады.

     Телем құралы ретіндегі функциядан ақшаның айырықша формасы — несиелік ақша шығады. Несиелі ақшаның негізгі түрлері болып мыналар саналады: вексель, чек, облигация, акция, банк сертификаты және басқа құжаттар.

     ҚР Азаматтық кодексінде облигацияның, чектің, вексельдің, акцияның, банк сертификатының заңдық анықтамалары берілген.

Несиелік  карточка — банктің өз салымшыларына беретін және оларың қолма-қол төлемсіз тауарлар мен қызметтерді алуларына құқық беретін есеп айырысу-төлем құжаты. Ол иесінің аты-жөні, иесінің қол қою үлгісі, оның банктегі есепшотының нөмері, несиелік карточкасының өз күшіндегі мерзімі көрсетілген пластикалық жетон болып келеді. Несиелік карточканың айналым сферасына кіретін сауда орындарынан тауарларын сатып алған иесі оны сатушыға көрсетеді, ол өз кезегінде несиелік карточканың нөмірін, оның иесінің аты-жөнін және зат сатып алған күнін көрсетіп, счет жазып береді. Несиелік карточканың иесіне сатып алған заттарының жеке счеттарының көшірмелері тіркелген жалпы счет ұдайы жіберіліп тұрады.

     Ақша айналымы – бұл мемлекеттің ішкі  экономикалық айналымындағы, сыртқы экономикалық қатынастар жүйесіндегі ақшаның ағаымы. Ақшалай айналымының негізі – тауарлық өндіріс. Барлық тауарлар дүниесі екі топқа бөлінеді: нақты тауарлар және ақшалай тауарлар. Ақшалар нақты түрде немесе қолма-қол ақшасыз формаларында тауарлардың айналымын қамтамасыз етеді. Ақша айналымы түсінігінен ақша айналымы деген ұғым пайда болды.

Ақшалай айналысы- бұл ақша ағымының мазмұның көрінісі. Ақша айналысы бөлу және айырбастау процестерін қамтамасыз етеді. Оның көлеміне және құрылымына өндіріс және тұтыну процестері әсер етеді. Ұзақ мерзімді өндірістік процесс үлкен көлемде өндірістік запастарды қажет етеді, ал ол өз кезегінде ақшалай айналымды ұлғайтады.Ақша айналысы екі сфераға бөлінеді:

1)нақты-ақшалай;

2)қолма-қол ақшасыз.

    Егер нақты ақшалай айналым  банкноттармен және қазналық  билеттер мен жүргізілсе, қолма-қол  ақшасыз айналым несиелік мекемелердегі  шоттардан аударым арқылы жасалынады  және чектермен, вексельдермен,  несиелік карточкалар мен қамтамасыз етіледі.Екі формадағы айналым өте тығыз байланысты және бір-бірін тез-тез ауыстырып тұрады.

     Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз куштерін енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.

     Эмиссия - бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.

     Қолма-қол ақша түріндегі  эмиссия  -  айналысқа   банкноталар   мен монеталардың қосымша шығарылуын сипттайды.Қазақстандағы  теңгенің   көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі - кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп    айырысулардың  біртіндеп   қолма-қол есеп айырысуларға  ауысуы,бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялаудың үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды. 

2.3.Қолма –  қол ақшасыз айналым және қолма-қол ақшасыз есептесу жүйесі 

     Қолма-қол ақшасыз айналыс – бұл банк шоттарындағы қалдықтарының өзгеруі, ол өзгеріс шот иесінің қалауы нәтижесінде болады ( бүйрықтар чектер, пластик карталар, төлем тапсырмалары, электрон ақшалары арқылы жасалынады).Қома-қол ақшасыз төлемдер келесі сфераларды қамтамасыз етеді:

  • несиелік мекемелерде шоттары бар әр түрлі меншікті заңды тұлғалары арасындағы есеп-айырысуды;
  • депозиттерді және несиелерді қабылдау және қайтару процесінде заңды және несиелік мекемелер арасында есеп-айырысу;
  • заңды және жеке тұлғалар арасында депозиттерге, бағалы қағаздарға табыс төлеу, жалақы төлеу кезіндегі есептесулерді;
  • заңды, жеке тұлғалары, мемлекет арасындағы салықтар мен басқа төлемдерді өтеу кезіндегі есептесулерді.

  Заңға  сәйкес қолма-қол ақшасыз айналым  келесі құжаттар мен жүргізіледі:

  • төлем тапсырмаларымен;
  • чектермен;
  • төлем талап-тапсырмалармен;
  • аккредивтермен.

     Заңды тұлғалар арасындағы есептерді банктер және басқа несиелік мекемелер жасайды, ал банктер арасында Орталық банктің есеп-айырысу-кассалық орталықтары.

     Төлем тапсырмасы – бұл төлеушінің өзінің есеп – айырысу шоттынан белгілі бір соманы аудару туралы банке берген бүйрығы. Бұл есептердің объектілері:

  • сатып алынған тауарлар;
  • көрсетілген қызметтер;
  • тауарлық емес операциялар ( салықтар, бюджеттік емес қорларға төлеулер)

     Төлем талап-тапсырмасы – бұл жабдықтаушының сатып алушыға белгілі бір соманы төлеуді  талаб ететін құжаты. Сонымен бірге ол банкке тауарлар немесе көрсеттілген қызметер туралы растайтын құжаттарды тапсырады. Егер төлеушінің шоттында қаржы болса, онда банк төлем талап-тапсырманы қабылдайды. 3 күн ішінде төлеуші төлеуге рұқсат берсе немесе одан бас тартса банк оны орындап жабдықтаушыға тиісті құжаттарды жібереді.Егер шот иесі чекпен есептессе, онда банк белгіленген соманы төлеушіден алушыға аударады. Кейбір кезде банктер аккредитив ашу арқылы есеп-айрысуды жасауі мүмкін.

     Аккредитив- бұл клиенттің өтінуімен және сонгың есебінен жеке адамға немесе заңды тұлғаға тапсырмада көрсетілген сома шегінде төлем жасау жөнінде банкінің бір немесе бірнеше банкіге беретін тапсырмасы.  Басқа қалаларда орналасқан өнім берушілер мен сатып алушылар арасында есеп айырысқанда, сондай-ақ коммерциялык операциялар бойынша халықаралық есеп айырысуда қолданылады. Поштамен және телеграф арқылы ашуға болады.Бұл кезде жабдықтаушымен төлеушінің арасында келісім-шарт жасалынады ( эмитент банктің аты, аккредитив мерзімі, есеп жүргізу тәртібі). Егер жабдықтаушы келісімдегі барлық шарттарды орындаса, онда ол аккредитивтен соманы алады, бірақ аккредивтен нақты ақша алуға болмайды. Бұл форма жабдықтаушыға қолайлы, себебі тез арада және гарантия мен соманы алуға мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫ 

3.1. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы ақша-кредит саясаты

     2008 жылдың аяғында – 2009 жылдың басында ішкі валюта нарығында теріс девальвациялық күтулердің едәуір өсуі байқалды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айырбастау бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және нақты емес дәлізді бір АҚШ доллар үшін 120 теңге ±2% шегінде сақтау жөнінде айтарлықтай күш салды. 2008 жылғы қазаннан бастап 2009 жылғы ақпан аралығындағы кезеңнің өзінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің айырбастау бағамының тұрақтылығын қамтамасыз етуге 9 млрд. АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады. Алтынвалюта резервтерінің көлемі осы кезеңде 10,4%-ға төмендеді.Алайда, 2009 жылдың басында әлемдік экономикада қалыптасқан ахуал, оның ішінде Қазақстан Республикасының сауда-әріптес елдері валюталарының девальвациясы және қазақстандық экспорттың негізі болып табылатын энергия ресурстары бағаларының айтарлықтай төмендеуі төлем балансының 2009 жылғы көрсеткіштерінің тұрақтылығын қамтамасыз етпеді және олардың күрт нашарлауына әкеліп соқты.Ақша-кредит саясатын жүргізу кезіндегі тәсілдердің міндетті түрде өзгеруі жағдайында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі назарды баға тұрақтылығын қамтамасыз етуден және инфляциялық таргеттеуге көшу саясатын жалғастырудан валюталық дәлізді белгілеуге қарай ауыстыру жолдарын зерделеді. Әлемдік тәжірибеге жасалған талдау бағамды жаңа деңгейде кейіннен ұстай отырып, ұлттық валютаны бір реттік девальвациялау қалыптасқан жағдайдағы жалғыз дұрыс шешім болып табылатынын көрсетті.Соған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2009 жылғы ақпанда теңгенің айырбастау бағамының бір АҚШ доллары үшін 150 теңге +/-3% деңгейіндегі жаңа дәлізін белгіледі. Бұл нарықтағы девальвациялық күтулерді төмендетіп қана қоймай, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қайта қалпына келтіруді және алтынвалюта резервтерін сақтауды қамтамасыз етті. Осы шаралардың, сондай-ақ қазақстандық экспорттың негізгі позияцияларының әлемдік бағаларының қалпына келуі нәтижесінде ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақтанып, 2009 жылдың аяғында ұлттық валютаның нығаю үрдісі байқалды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алтынвалюта резервтерінің көлемін толықтыра алды. 2009 жылдың аяғында ол 23,2 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 16,8% артық.Экономикадағы ең төменгі әлеует Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақша-кредит саясатының негізгі бағыты ретінде халықтың ұлттық валютаға деген сенімін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауды айқындауға мүмкіндік берді.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ол үшін банктерге қысқа мерзімді теңге өтімділігін беру жөнінде шаралар қабылдады. Осы бағыт шеңберінде банктерге қайта қаржыландыру заемдары берілді, осы операциялар бойынша кепілдікті қамтамасыз ету ретінде қабылданатын құралдардың тізбесі түзетілді. Ресми қайта қаржыландыру ставкасы  10,5%-дан бұрын-соңды болмаған ең төменгі деңгей – 7,0% дейін біртіндеп төмендетілді.  2009 жылғы наурызда банктерге қойылатын ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері ішкі міндеттемелер бойынша 2%-дан 1,5%-ға дейін және өзге міндеттемелер бойынша 3%-дан 2,5% дейін  төмендетілді. Борышын қайта құрылымдау үстіндегі банктердің ағымдағы өтімділігіне қолдау көрсету үшін 2009 жылғы қарашада осы банктердің барлық міндеттемелері бойынша 0% мөлшерінде ЕРТ-нің жекелеген нормативтері белгіленді.Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдарының жоспары шеңберіндегі банк жүйесіне мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау банктік өтімділікпен байланысты ахуалды едәуір жақсартуға ықпал етті. Нәтижесінде 2009 жылдың 2-тоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресурстарына банктер тарапынан сұраныс қысқарды.Қазақстан Республикасының экономикасындағы жоғары тәуекелдердің сақталуы және нақты сектор тарапынан кредиттік ресурстарға деген сұраныстың шектелуі, сондай-ақ банктердің несие портфелі сапасының төмен болуы кредиттік белсенділіктің өсуіне әсер етпеді. Нәтижесінде сыйақы ставкаларының төмендеуіне және банктерден тартылатын депозиттер және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын қысқа мерзімді  ноталары бойынша мерзімдерінің ұлғаюына қарамастан банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құралдарындағы өтімділіктің едәуір көлемін жинақтады.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уақытша лагты ескере отырып қабылдаған шараларының тиімділгі 2010 жылы көрінетін болады.

Информация о работе Ақша жүйесі және түрлері