Ақша жүйесі және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 15:28, курсовая работа

Краткое описание

Ақша ежелгі заманда пайда болған. Ақшаның негізін тауарлы шаруашылық құрайды, ал оның негізін қоғамдық еңбектің бөлінісі құрайды. Еңбек бөлінген соң (алғышқы бөлінісі: егіншілік пен мал шаруашалығы) адамдар арасында айырбастау қажеттілігі туындайды, яғни сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі- тауар пайда болады.Бірақ кез келген зат тауар емес. Оны тауар деп айту үшін оның екі қасиетті болуы жөн: тұтыну құны және айырбас құны. Тауардың тұтыну құны міндетті түрде көрінсе, ал айырбас құны ақшаға теңістірілген жағдайда көрінеді.

Оглавление

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1.АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ…………………………........5
1.1 Ақшаның экономикалық мәні мен қызметтері ...........................................5
1.2 Ақша жүйесінің элементтері және ақшаның түрлері....................................7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АҚША
ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ………………………………………11
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы………..11
2.2 ҚР заңдастырылған ақша белгілері ............................................................12
2.3 Қолма – қол ақшасыз айналым және есептесу жүйесі ...............................17
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫ...19
3.1 Қазақстан Республикасының 2009 жылғы ақша-кредит саясаты…………..19
3.2 Қазақстан Республикасы экономикасының 2010 жылға арналған
дамуының сценарийлік нұсқасы......................................................................20
3.3 Қазақстан Республикасының 2010 жылға арналған
ақша-кредит саясаты………………………………………………………….23
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………..27
ҚОСЫМША……………………………………………………………………….28

Файлы: 1 файл

МАЗМ (2).doc

— 297.50 Кб (Скачать)

     Қазіргі айналыста жүрген орталық банктен шығатын банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірак олардың белгілі бір дәрежеде тауарлык немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ак олар қағаз-ақша айналысының заңдылыктарына бағынады.

     Қазіргі кезде банкноталардың эмиссиялануының келесідей үш жолын бөліп көрсетуге болады:

  • шаруашылықты банктік несиелеу жолымен;
  • мемлекетті      банктік      несиелеу,      яғни      мемлекеттік      қарызды
  • міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы барысында;
  • активті төлем балансы бар елдерде (Германияда, Жапония және т.б.) ресми валюталық резервтерінің өсуі жолымен.

Бюджет  тапшылығын жабу максатында қағаз ақшалардың шығарылуы. Сонымен, алтын айналысы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін  ғана болып, соғысушы елдер өздерінің  шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.Нағыз ақшаның орынбасарлары (құндық белгілері) - номинальдық құны накты құнынан, яғни олардын, өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшаларды білдіреді.

Оған мыналар  жатады:

  • құнның металлдық белгілері - арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
  • құнның қағаздан жасалған белгілері.

     Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінеді:

  • қағаз ақшаларға
  • несиелік ақшаларға.

Қағаз ақшалар - бұл нағыз акшалардың өкілдері болып табылады. Тарихта олар айналыста  жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда  болған. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардын айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты болды.

Несиелік  ақшалардың мынадай түрлері бар: векселъ банкнота, чектер, және несиелік карточкалар.

Вексель - белгілі бір соманы алдын ала  келісілген мерзімде және белгіленген  жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша қарыздық міндеттемесін білдіреді.

Вексельдің екі  түрі болады:

1)жай вексель

2)аудармалы вексель.

     Жай вексель - борышқордың қарыз берушіге берген төлеу туралы сөзсіз міндеттемесі ал аудармалы вексель (тратта) - вексель берушінің (трассанттың) қарызды алушыға (трассатқа) белгілі соманы белгіленген мерзімде үшінші бір тұлғаға (ремитентке) төлеу туралы бұйрығынан білдіреді. Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссаментке (басқа біреуге аударуы туралы қолына) байланысты айналыста бола алады. Аудару туралы қолдардын көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант, вексель бойынша бірлескен түрде жауап береді.Жай вексель мен аудармалы вексель - коммерциялық вексельдің түрлері болып табылады.Сонымен қатар, вексельдің мынадай түрлері болады: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.

Қаржылық  вексель - белгілі бір соманы қарызға  беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.

Қазыналық вексель — бұл қаржылық вексельдің бір түріне жатады. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.

Достық  вексель - кейіннен банкте оларды есепке алу максатында бір біріне беріледі.

Бронзалық вексель - нақты қамтамасыз етілмеген  қарыздық міндеттемені білдіреді.

     Вексельдің келесідей өзіне тән қасиеттері бар:

  • абстрактылық, яғни вексельде мәміленің нақты түрі көрсетілмейді;
  • даусыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылған дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиістігі;
  • айналымдық,   яғни   баска   бір   тұлғаларға   аударып   жазу   арқылы (индоссамент) төлем кұралы ретінде вексельдің берілуі, вексельдік міндеттемелерді өзара есепке алуға мүмкіндік жасайды;

     Банкнота - қазіргі уақытта вексельдерді қайта есепке алу жолымен Орталык банктен шығарылатын, несиелік айналыс құралы қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем кұралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие:

М (міндеттеме) - Т (тауар).Сонымен ақша, айналыс  құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті  сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Ал егер, айналыстағы акша массасы тауар  массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляция жол береді.

  • тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;
  • мемлекетке қатысты каржылық міндеттемелер;
  • банктік   ссудалар,   мемлекеттік   және   тұтыну   несиелері   бойынша қарыздық міндеттемелер;
  • сақтандыру міндеттемелері;
  • әкімшілік және сот алдындағы және баскадай міндеттемелер.

      Ақшаның төлем құралы кызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар  атқарады. 

      
 
 
 
 
 
 
 
 

2. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АҚША  ЖҮЙЕСІНІҢ  

    ЖАҒДАЙЫН  ТАЛДАУ 

2.1.Қазақстан Республикасының Ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы 

    КСРО ыдыраған соң ақшаны дезинтеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп бұрынғы кеңес мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын еңгізумен аяқталды.КСРО республикаларының егемендігі жарияланғаннан кейін барлық 15 Ұлттық банктер  бір-біріне тәуелсіз түрде орталық банктер ролін атқара бастады. Мұндай салдардың біріне несиелік экспанциялау жатты. Мысалы, Украина Ұлттық банкі 1992 ж. маусымда несие беру көмегімен кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды өткізді. Бұл мысалды ТМД елдердің көптеген орталық банктері қайталады. Ресей қолма-қол рубльді шығаруда монокомитетке айналғанымен де кейбір КСРО ның бұрынғы республикалары өздерінің ішқі тұтыну нарығын басқа республикалардың сатып алушыларынан « қорғау» мақсатында өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай жағдайлар, Украина, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда болды.1992 ж. шілде айында орталық банктердің корресподенттік шоттарындағы ақша қаражаттар көлемінде және Ресей бұрынғы кеңес мемлекеттері арасындағы төлемдерді күнделікті екі жақта өзара есеп айырысу талабын ескере отырып, еңгізілген де ғана бұл іс жүзінде ұлттық қолма-қолсыз рублдердің құрылуына әкеліп соқтырады. Келесі қадам  - меншікті валюталарының шығаруы екен осы бастан белгілі боды, сөйтіп 1992 ж. маусым-шілдеде Эстония, Латвия , 1992 ж. қазанда Литва, 1992ж. қарашада Украина мен Беларусь мемлекеттері өз ұлттық валюталарын еңгізе бастады. 1993 ж. мамырда Қырғыстан, тамызда Грузия ұлттық валюталарын еңгізді. Бұл жерде соңғы болып еңгізген қатарына (1995 ж. Таджикстанды қоспағанда) Түркменистан, Узбекистан, Армения, Молдова және Қазақстан (1993 ж. қараша) болды. Бұл елдер тобы рубль аймағын Ресей орталық банкінің 1993 ж. рубльдік банкноталарды жаңаларына айырбастауды жүргізген соң барып кетті. Кейбір елдердің, оның қатарында Қазақстандың рубль, аумағын қалпына келтіруге деген ұнтылысынан еш нәтиже шықпады.

     Ресейдегі ақша реформасы ескі үлдегі ақшаларды ТМД елдеріне , оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.1992 ж. 1 жартысында-ақ ҚР-ның жетекшілері ендігі жерде рублден күтер үзіп, өз валютасын шығаруға бет жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның «Харисон» фирмасымен шарт жасалды. Сөтіп, 1993 ж. 1,3,5,10,20,50 100 теңгелік ақшалар ҚР жеткізілді. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.1993 ж. 12 қарашада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «ҚР Ұлттық валютаны еңгізу туралы » Жарғыға қол қойды. Осы Жарғымен 1993 ж. 15 қарашада сағат 8.00 ден бастап ұлттық валюта – теңге еңгізілді.КСРО Мембанкінің және 1992-1993 жж. Ресей үлгісіндегі қазыналық және  банктік билеттерді айырбастау 20 қарашада сағат 18.00 де аяқталды.Қома-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдар мен  міндеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 руб. айырбас бағамы бойынша жүргізілді.Кәсіпорындардың баланстарындаға рубльмен берілген активтермен пассивтер екі күн ішінде (15-16 қарашада) қайта есептеленді. Қолма-қол ақшаны айырбастау және активтермен пассивтерді қайта есептеу кезеңде банктер клиенттермен операциялар жүргізбеді.ҚР Ұлттық Банкі теңгенің валюталық бағамын : 1 доллар тең 4,70 тийын шамасында белгіледі. Келесі жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған сәйкес бағамен жалақы да өсті. 

2.2. ҚР ұлттық ақшаның белгілері 

     Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 127 бабына сәйкес: 

  1. Қазақстан Республикасының ақша бөлгісі теңге болып табылады.
  2. Теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдануға міндетті заңды төлем құралы болып табылады.
  3. Қазақстан Республикасының аумағындағы төлемдер қолма-қол төлеп және қолма-қол төлемей есеп айырысу түрінде жүзеге асырылады.
  4. Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың реттері, тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

     Мәселе мынада — "өтімділік" дегеннің не екенін түсінбей, біз "ақшаның" не екенін айыра алмаймыз. Өз кезегінде, өтімділік мәнін түсіндіру қазіргі ақша теориясының негізіне алынатын принципте жатыр. Ол былай айтылады — "ақша орнына жүретін барша нәрсе, ақша болып саналады".Шындығында, активтердің көпшілігі әлуетті ақшалар болып саналады, бірақта, әрине, ол үшін әртүрлі жараңдылық дәрежеде. Кез келген нақтылы активтің, міне, осы қабілеттілігі төлем құралы рөлінде көрінеді, сонымен ол өзгеше ақша рөлін ойнайды, сондықтанда ол экономика теориясында "өтімділік" деген ат алды.Тікелей тәжірибенің бізге көрсетіп отырғанындай, өтімділік — нарықтық экономика активтерінің нақтылы қасиеті; принципте, рынокта сұранымы бар кез келген актив төлем құралы бола алады. Бар мәселе сол активтерді басқа активке айырбастауға орай болған шығында жатыр. "Өтімділік" басқа активті айырбастау кезінде болған ұқсас шығынмен салыстырғанда тап осы активті айырбастауға кеткен шығынның салыстырмалы мөлшерін білдіреді. (Экономика теориясында айырбастауға кеткен мұндай шығынды "трансакциялық шығындар" деп атайды).Айтылғандарға қарап, барлық активтерді өтімділіктің азаю дәрежесіне қарап орналастыруға болады. Осынау ұзын қатардың бір полюсін трансакциялық шығындары болымсыз активтер иеленеді; олардың арасында қолма-қол ақша (банкноттар мен монеталар) "чемпион" болып саналады, себебі олардың тікелей басқа активке нөлдік шығынмен айырбастауға боларлық ерекшеліктері бар — барлық сатушылар әрқашанда және қандай мөлшерде болмасын сізден ондай активті қабылдауға даяр. Қысқартып айтқанда, қолма-қол ақша — ол абсолютті өтімді актив.Басқа полюсінде рыноктік сұраным жоқ және болмайтын да (мысалы сіздің беторамалыңыз) абсолютті өтімліліксіз актив орналасады.Ол полюстер арасында қалған басқа активтер орналасады. Бұған қарап мынаны түсінуге болады — өтімділігі жоғары болған сайын ол ақшаға жақындай түседі, ақшаға жорық жасалынады.

     Өтімділік кез келген әлеуметтік айыру активінің үш ерекшелігін қамтыйды (яғни, қажеттілік туған жағдайда басқа құндылыққа айырбастауға болғандай субъектіге жататын құндылықтарды):

  • активті төлем құралы ретінде пайдалану мүмкіндігі;
  • "сенімді" активті төлем құралына айналдырудың жылдамдығы мен жеңілділігі;
  • өзінің "уақыт пен кеңістіктегі" алғашқы атаулы құнын сақтаудағы актив қабілеттілігі.

     Көптеген адамдардың өздеріндегі бар активтерді "әлуетті қол-ақша" ретінде бағалаулары кездейсоқтық емес, оны олар көбінесе өтімділіктің нақтылы дәрежесіне түзету жасау арқылы істейді (қолма-қол ақшаға айналдыру).

     Активтердің өтімділігі — экономикалық агенттің нарықтық мәртебесіне маңызды сипаттама болып табылады: ол өтімділік активтерін неғұрлым көп иеленген сайын, оның алдынан солғұрлым экономикалық мүмкіндіктер мол ашылады.Сонымен, иелігінен айырылған кез келген нарықтық (яғни, сұраным бар) актив іс жүзіңде төлем құралы рөлін ойнай алады және сонысымен бірге, мейлі шығындарымен, бірсәттілік, бір-жолғы ақша рөлінде көрінеді деп қорытуға болады.Мұндай жағдайда ақша массасының мөлшерін қалай анықтауға болады? Өтімділік мәні жөніндегі білім бұл сұраққа жауап беруге көмектеседі: ол — төлем (айналым) құралы сипаттамасына өтемділіктің қай дөрежесінің енетіндігіне байланысты.Сірә, егер, тек абсолютті өтімділік мойындалса, онда төлем құралына тек қолма-қол ақша ғана жатқызылатын болады; егер жоғары өтімділіктегі активтер болса, онда ақша массасының көлемі ұлғаяды.Ақша массасы мөлшерін қалай анықтау керек, бұл мәселе оңай шаруа емес; егер осы масса ауқымы шешуші макрозкономикалық мәні бар деп санайтын монетаристер пікірі дұрыс болса. онда реітеуге не жататындығын анықтау керек. Өтімділік көзқарасы "ақша агрегаттары" негізіне — олардың жалпы мөлшерін есептеу мақсатындағы өтімділік активтерін топтауға жатады.

     Нарықтық құндылықтардың әртүрлі дәреже бойынша топтамасы "ақшалар агрегаттары" деген атқа ие болды. Себебі олар ақшаның санын немесе акша сияқтыларды (қажеттілік жағдайда ақша орнына жүретін жоғары өтімділіктегі активтерді) көрсетеді.

          Дәстүр бойынша біз өлі күнге дейін "ақшаны" банкнот және теңге түрінде білеміз. Ал көптеген елдерде ақшаның негізгі бөлігі талап етіп алынатын банк есепшотына жазылатын чек формасында болады. Міне, сондықтанда "М1"(1-сурет) қолма-қол ақшаны ғана емес, сонымен бірге "талап етіп алатын банк есепшотын да" қамтиды.

Информация о работе Ақша жүйесі және түрлері