Ақша несие саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2013 в 09:40, реферат

Краткое описание

2006 жылдың 1 наурыз айындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында ақша-несие саясаты туралы мәліметтерді талқылады. Жолдауда айтылғандай, «Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар. Ақша-несие саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру.

Файлы: 1 файл

aksha_nesie_sayasati.doc

— 97.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі инфляция бойынша мақсатқа жету үшін шамадан артық өтімділікті  алу бойынша операциялар жүргізетін болады, олардың ішіндегі негізгілері бұрынғыдай, қысқа мерзімді ноталар шығару және банктердің депозиттерін тарту, сондай-ақ ең аз резервтік талаптардың тетігін пайдаланады.

Мұнайдың төмен бағалардың сценарийі кезінде 2005 жылы мұнайдың әлемдік бағаларын бір баррель үшін 30 долларға, 2006 жылы 24 долларға және 2007 жылы 19 долларға дейін төмендету туралы болжам жасалды.

Әлемдік пайыздық ставкалар 2005 жылдың өзінде-ақ 4,5-5,0 %-ға дейін айтарлықтай  өседі, ал 2007 жылдың аяғында 5,5-6,0% деңгейіне  жетеді деп болжанады. Сонымен бірге  банктердің сыртқы заем алуының нетто-әкелінуінде ресурстардың қымбаттауы салдарынан базалық нұсқамен салыстырғанда 2007 жылдың аяғында 2,3 еседен астам төмендеу үрдісі болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық резервтері базалық нұсқамен салыстырғанда шамалы ұлғаятын болады. Қарастырылып отырған кезеңде экономиканың жыл сайынғы өсу қарқыны баяулайды және базалық нұсқаға қарағанда төмен болады деп болжанады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шамадан артық өтімділікті реттеу бойынша операцияларының көлемі бір жылда орташа алғанда 560 млрд. теңгеге жуық болуы мүмкін[14, б.76-78].

Осы жағдайларда ақша-несие саясатыныц негізгі мақсаты инфляцияны елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған орташа мерзімді жоспарында айқындалған шекте сақтау болады. Осы мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзінің негізгі ставкаларын реттейді, ең аз резервтік талаптар тетігін пайдаланады және ақша - несие саясатының операцияларын жүргізетін болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қарастырылған нұсқалардың ішінен базалық нұсқаны анағұрлым шынайы деп таниды.

Сонымен, банк жүйесіндегі  өтімділікті шектеу жөніндегі міндет таяу перспективада әлі де болса  көкейкесті күйінде қалады деп күтіледі.

Артық өтімділік мәселесінің өткірлігін төмендету үшін және банктердің өтімділігін неғұрлым икемді түрде реттеу үшін ең аз резервтік талаптарды қалыптастыру тетігіне тиісті өзгерістер енгізілетін болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы мақсаттар үшін банктер міндеттемелерінің құрылымын анықтаудың олар бойынша ең аз резервтік талаптардың нормативін сақтауға тиіс түрлі нұсқаларын, сондай-ақ олардың орындалу тәртібін қарастыратын болады және тиімді ақша-несие саясатын жүргізу үшін неғұрлым оңтайлы нұсқа тандап алынады.

Өтімділікті шектеу жөнінде көзделген шараларға қарамастан, алдағы үш жылда ақша агрегаттарының жылдық өсімдері экономикалық өсудің қазіргі кездегі қарқынын сақтауды қамтамасыз ететін болады.

Ақша-несие саясатын қатайту  несиелер бойынша нарықтық ставкаларға  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми ставкалары әсерінің сипатын өзгертуді болжайды. Егер өткен жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шаралары экономиканы несиелеу, оның ішінде ставкаларды төмендету бойынша банктер қызметтерін жандандыру жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталса, «экономиканың қызып кетуін» болдырмау қажеттігі жағдайында ставкаларды төмендету мәселесі енді өзіндік мақсат ретінде қойылмайды.

Экономикадағы ставкалардың деңгейі нақты жағдайды негізге  ала отырып пайда болатын тәуекелдер мен факторларға балама нарықтық негізде қалыптасуы тиіс. Сонымен бірге қайтарылуына Жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры кепілдік беретін жеке тұлғалардың жаңадан тартылатын салымдары бойынша сыйақысының шекті ставкаларын белгілеу тәжірибесі қайта қаралуға тиіс.

Активтері үнемі өсіп келе жатқан жинақтаушы зейнетақы қорлары  инвестициялау үшін ұзақ мерзімді құралдардың  жетпеуі жағдайында активтердің  едәуір бөлігін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарына салады, соған байланысты ақша-несие саясатының банктік өтімділікке ықпалын төмендетеді. Сондықтан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы секторын шолуда зейнетақы активтерін есепке алудың методологиялық аспектілерін және тиісті шаралар қабылдау үшін олардың ақша-несие саясатына ықпалын зерделеуді ниет етіп отыр.

Қазақстан Ұлттық Банкі  қабылданатын шешімдер процесінің тиімділігін  арттыру үшін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, мүдделі мемлекеттік  органдардың, Парламенттің, ғылыми топтардың, сондай-ақ экономиканың қаржы және нақты секторлары өкілдерінің қатысуымен ақша-несие саясаты жөніндегі консультативтік-кеңестік орган құратын болады. Бұл орган ақша-несие саясатының неғұрлым маңызды мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасына ұсынымдар дайындайды деп болжанады.

Ресми қайта қаржыландыру ставкасының реттеушілік қасиетін күшейту үшін Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі практикаға ресми қайта  қаржыландыру ставкасын мерзімді (тоқсан сайын) қайта қарауды және белгілеуді тәжірибеге ендіруді жоспарлап отыр. Дамыған елдердің орталық банктерінің тәжірибесі мұндай практиканың мақсатқа сай екендігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша нарығының жалпы жай-күйіне, заемдар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейі мен инфляциялық күтулерге байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасын мерзімді қайта қарай отырып, сол арқылы қаржы нарығына қаржы саласында күтілетін үрдістер жөнінде маңызды бағдарлар береді. Жұртшылықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ниетін және бағаларын терең түсінуі үшін ресми кайта қаржыландыру ставкасын әр кезде қайта қарау баспасөз конференцияларында немесе баспасөз релиздерінде қабылданған шешімді тиісті түрде түсіндірумен қатар жүретін болады.

Сонымен бірге, Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі өз күш-жігерін ақша-несие саясаты құралдарының алуан түрлері жөніндегі ставкаларды келісуге және қысқа мерзімді ставкалардың реттеуші ролін арттыруға жұмсайтын болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі инфляция жөніндегі болжамдардың дәлдігін арттыру мақсатында трансмиссиялық тетіктің моделін әзірлеу жұмысын жалғастырады. Ашық нарық операцияларының ауқымы кеңейтіледі, бағалы қағаздардың меншік портфелін ұлғайту және жаңа қаржы құралдарын дамыту жөнінде шаралар қабылданады.

 Өтімділіктің артық болуы сақталып отырған жағдайда инфляцияны реттеу жөніндегі міндет оны реттеуді жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шығыстарын көбейтеді. Сондықтан, мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірлескен іс-әрекетін күшейту талап етіледі.

Валюта саясаты саласында  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қандай да бір ұзақ мерзімді белгіленген дәлізді айқындамай-ақ, өзгермелі айырбас бағамының режимін сақтауға ниет етіп отыр.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі валюта нарығында "енжар  позиция" деп аталатын бағытты  ұстануға ниеттеніп отыр, бұл Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің валюта нарығына қатысуын азайтуды білдіреді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің іс-әрекеті валюта бағамының уақытша және алып-сатарлық ауытқулары салдарының әлсіреуіне ғана бағытталады.

Бағамның ауытқуы ақша сұранысы мен ұсынысының арақатынасына  байланысты болады. Әлемдік валюталардың аса жоғары кұбылмалылығы жағдайында валюта нарығындағы ахуал көбінесе әлемдік нарықтағы ахуалға қарай айқындалады.

Валюталық реттеу және валюталық  бақылау саласында Қазақстанда  валюталық режимді одан әрі бейтараптандыруға  бағытталған саясат жалғасады. Қазіргі  уақытта Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңының жобасы қарауда жатыр. Осы заң жобасы ұлттық валютаның толық айырбасталу қағидаттарына кезең кезеңмен көшуі үшін тиімді база құру мақсатында әзірленді.

Қазіргі уақытта Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі жаңа заң жобасының тұжырымдамасына  сәйкес валюталық операцияларды  жүргізу тәртібін, лицензиялау мәселелерін, валюталық операцияларды тіркеуді, валюталық операциялар туралы хабарламаны  және экспорт-импорт валюталық бақылау рәсімдерін реттейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды бастады.

2007 жылдың 1 қаңтарынан  бастап валюталық операцияларды  лицензиялау толық жойылады, сондай-ақ  сыртқы сауда келісім-шарттарында айқындалған мерзімдерге байланысты валюта түсімдерін қайтаруды талап ету белгіленетін болады, бұл валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін едәуір жеңілдетеді және валюталық заңнама талаптарын орындауға сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың шығасыларын азайтады.

Жеке сектордың инвестициялық  шешімдер қабылдауына және шетел  нарығына қазақстандық капиталдың неғұрлым белсенді экспансиясы үшін жағдайлар  жасауға мемлекеттің әкімшілік  араласуын азайту күтіліп отыр.

Валюталық тәртіпті толық  бейтараптандырудың міндетті талаптарының бірі заңсыздық белгілері бар операцияларды шектейтін және бақылайтын жүйенің болуы болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Үкіметінде заңсыз жолмен алынған ақшаны жария етуге қарсы іс-әрекет жүйесін құру жөніндегі кешенді шаралар кіретін заң жобасы жатыр. Ол барлық мүдделі тараптардың, оның ішінде олардың ақпарат ағындары құрылатын жүйенің іргетасы болып табылатын банктердің қатысуымен және олардың мүдделерін ескере отырып, ақшаның жария етуімен күрес жөніндегі тиімді жүйені құруды қарастырады.

«Экономиканың қызып кетуін» алдын алу жөнінде уақтылы шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі елге шетел валютасының келу жағдайын бақылайтын болады және қажет болған жағдайда туындайтын тәуекелдерді төмендету бойынша шаралар қабылдау мүмкіндігін қарастырады.

Төлем жүйелерінің жұмыс  істеуін қамтамасыз ету саласында  төлем жүйелерінің тиімді және сенімді  жұмыс істеуін қамтамасыз ету, олардың  тұ-рақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуді қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру, төлем құралдарының жаңа түрлерін дамыту, Микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесін дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша одан әрі шаралар қабылданатын болады.

Төлем карточкаларының  ұлттық жүйесінің жұмыс істеуіне қойылатын жалпы талаптар 2004 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қаржы нарығын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында қарастырылған.

2005 жылы елдің ішінде бөлшек  сауда саласында қолма-қол жасалмайтын  төлемдерді жүзеге асыру үшін  тиімді төлем құралы және оған  алуан түрлі төлемдер мен төлемге  жатпайтын «қосымшаларды» орналастыру үшін көп функциялы карточка болуға бейімделген ұлттық төлем карточкасын ендіруге ерекше назар аударылатын болады.

Сонымен бірге, төлем  карточкаларына қызмет көрсету және сауда ұйымдарында төлем карточкаларын  қабылдау желілерін кеңейту жөнінде бірыңғай ұлттық желі құру бойынша жұмыс жалғастырылады.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету саласында  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан Республикасының  Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын  реттеу және қадағалау агенттігімен тығыз үйлестіреді.

Ақша-несие саясаты  қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді. Қазақстан Республикасының  қаржы секторын дамыту тұжырымдамасына  сәйкес қаржы нарығын одан әрі  дамыту алдағы үш жылда оның барлық бөліктерін халықаралық стандарттарға жақындату бағытында жүргізіледі. Экономиканың нақты секторының қажеттіліктерін қанағаттандыратын, тұрақты және тиімді жұмыс істейтін қаржы жүйесін қалыптастыру жалғастырылады.

ЕурАзЭО және ТМД сияқты интеграциялық бірлестіктер шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жалпы төлем жүйесін ұйымдастыру және қаржы нарықтары интеграциясының басқа бағыттары бойынша жұмыстарды жүргізуді жалғастырады.

Бұдан басқа, Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі Бірыңғай экономикалық кеңістік, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы және Орталық-Азия Ынтымақтастығын қалыптастыру бойынша мемлекетаралық және ведомствоаралық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуға ниет етіп отыр.Осылайша, ақша - несие саясаты саласындағы  қазіргі кездегі негізгі бағыттары жүзеге асырылып, жетілдіріліп келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ақша несие саясаты