Жылжымайтын мүлікті салыстырмалы бағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 18:38, курсовая работа

Краткое описание

Бағалау – материалдық игіліктердің құнын анықтау мақсатында жүзіге асырылатын іс-әрекеттердің жиынтығы. Бағалау курделі экономикалық процесс. Дамыған нарықтық экономика жағдайында бағалау жер үлестерін сатуда, үй және пәтер саудасында, өндіріс қуаттарды сатып алу немесе инвестициялық жобаларды іске асыруда жиі қолданады. Бағалау қызметiнiң негiзгi принциптерi объективтiлiк және дұрыстық болып табылады.

Оглавление

І. КІРІСПЕ....................................................................................................3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Кәсіпорын құнын бағалау қағидалары............................................4
2.2 Кәсіпорын(бизнес) құнын бағалаудағы әдістемелік тәсілдер
(Табыстық тәсіл бойынша).......................................................................11
2.3 Тікелей капитализация әдісі...............................................................13
2.4 Ақша ағымын дисконттау әдісі..........................................................21
2.5 Кәсіпорын капиталының құны мен капитал салымның пайдалылық нормасы................................................................................28
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................30

Файлы: 1 файл

проект 30.doc

— 206.00 Кб (Скачать)

            

2.5 Кәсіпорын капиталының  құны мен капитал  салымның

пайдалылық  нормасы. 

        Капитал құны деп - өздерін ақтау үшін салынған жаңа капиталды салымдар  алып келетіе табыс.

       Капитал құны -  капитал сомасынан пайыздық  ставка түрінде  анықталады. Инвестор болып несие беруші, кәсіпорын акционері   немесе кәсіпорынның өзі бола алады. Капиталды  пайдаланғаны үшін төлеу қажет  және сол төлемнің өлшемі болып  капиталдың құны болып табылады.

        Демек,капитал құны – бұл альтернативті   құн, яғни  капитал салудан  инвесторлардың күтетін табысы.

         Кәсіпорынды  бағалағандағы капитал  құны дисконт  ставкасы қызметін атөарады. Дисконт ставкасы-бұл қайтарымның  пайыздық ставкасы. Оны кәсіпорын қызмет істеу прцесінде тапқан қаржы қаражаттарын алуды жоспарлайды. Кәсіпорын өзінің инвестициялық қызметін жүргізе отырып , өзінің қаржы ресурстарының  тиімді салу жолдарын   таба алатынына сенімді болмайды. Бірақ  сол ақшасын өзінің  бизнесіне салып, капитал құнына тең болатын  қайтарым ала алады . Сонымен кәсіпорын капиталының құны- бұл қызмет жасау барысында  тапқан қаржы қаражаттарының  салымының минималды пайдалылық нормачы. Капитал құнына мынадай факторлар әсер етеді;  басқа капиталдық салымның  табыстық деңгйі, аталған инвестицияның  тәуекелдік деңгейі, қаржыландыру көздері.Капитал құны – альтернативтік құн болғандықтан,аталған капиталдық салымның құны бағалы қағаздар нарығының ағымдағы пайыздық  қойылымның деңгейіне  байланысты болып келеді. Егер кәсіпорын неғұрлым  тәуекелді бизнеске  капиталын салуды болжаса,онда оған соғұрлым жоғары табыстылық деңгейі қамтамасыз етілуі қажет.  

 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      ҚОРЫТЫНДЫ

      Бұл жұмысымызда жалпы бизнесті (кәсіпорынды) бағалау қағидалары мен олардың  анықталу тәсілдері жайлы сөз  болып отыр.

      Бизнес дегеніміз жалпы заңды және жеке тұлғалардың нақты қызметі болып табылады. Бизнесті бағалаушы, жасалып жатқан бағалаудың міндетін білгеннен кейін ғана керекті әдістемені дұрыс таңдай алады.

      Кәсіпорын бизнесін жүйе ретінде қарастырсақ, құрамына тауар нарығының секторын бақылауға рұқсат ететін, оның мүліктік кешені мен құқық жүйесі немесе қоржыны  кірсе, мүліктік кешеннің жиынтығында қосымша құнның пайда болуы мүмкін.

      Айрықша құқықтар портфелінің көмегімен  тауар нарығының ірі секторларын  басқару бойынша компаниялардың мүмкіндіктерін бағалау, олардың айырықша құқықтар мен бизнесін бағалауына қосылады.

     Кез келген мүліктің құнын, бір – бірімен тығыз байланысты екі тәсілмен анықтауға болады: біріншіден, осы мүлікті басқа бір мүліктің кейбір санына алмастыруы. Екіншіден, мүлік иесі болашақта алатын табыстардың ағымды құнын анықтауы.

     Кәсіпорын құнын бағалау 3 әдістік тәсілмен жүргізіледі:

      1. Табыстық тәсіл - объект құнын потенциалды табыс әкелу мүмкіндігі негізінде бағаланатын, әдістер мен тәсілдер жиынтықтарын көрсетеді. Табыстық тәсілді қолдана отырып, бағалаушы жылжымайтын мүлікті иемденуде болашақта алатын табысын ағымдағы құнын өлшейді.
      2. Шығындық тәсіл – бағаланатын объектінің қайта қалпына келтіру құны есебі кезіндегі ағымдағы құнын және бағалау күніне сәйкес функционалды физикалық және техникалық жағдайын анықтау.
      3. Салыстырмалық тәсіл – жылжымайтын объектілерді салыстыру үшін табыс қатынасын сату бағасына жиі қолданады. Бұл жағдайда салыстыру объектісі болып валюталық рента, мультипликатор немесе капитализация коэффициенті болып табылады.

      Мүліктің  құнын бағалау нақты бір мақсатпен  жүргізіледі бұл мақсат, бағалаудың тағайындалуы деп аталады. Құнның әр түрлі анықтауларын қолдағанда, мүліктін құны әр түрлі болады. Мысалы, оттан сақтандыру мақсатында құнның бағалануынан ерекшеленеді. Бірінші жағдайда, құнның мөлшері құрылғылардың элементтеріне кеткен шығындармен, ал екінші жағдайда, ипотекалық несие бойынша төлемдердің тоқталу жағдайында, объектіні сату үшін нарықтағы мүмкін болатын бағамен анықталады.

      Бұл жұмыста келтірілген қағидалар  жалпы түрде әмбебап және мүліктің барлық түрлеріне қолданылады. Олардың  құрамы объектінің ерекшеліктеріне тәуелді өзгеріп отыруы мүмкін. 
 
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

1. Асқарова  Ж.А. «Бизнесті бағалау», оқу құралы. Алматы – 2007ж. 

2. Ондасынова А.И. «Баға белгілеу» оқу құралы. Алматы – 2003 ж.   

3. Есипов  В, Маховикова Г, Терехова В  «Оценка бизнеса»  Питер – 2002ж. 

4. Мейірбеков  А.Қ, Әлімбетов Қ.Ә, «Кәсіпорын  экономикасы»,

       оқу құралы. Алматы. «Экономика –  2003» 

5. Акимбеков  С.  «Экономикалық теория»   Алматы – 1999ж. 
 
 
 


Информация о работе Жылжымайтын мүлікті салыстырмалы бағалау