Сыртқы экономикалық қатынастардағы валюта-қаржы механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 17:46, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі заманғы нарық жағдайында білім кез келген мемелкеттің саяси,экономикалық және әлеуметтік дамуының басты факторы ретінде танылады. Сондықтан, күнделікті өзгеріп тұратын нарықтық қатынастар білім беру жүйесінен мемлекет экономикасының даму қажеттіліктеріне сай икемділікті қажет етеді. Себебі, кез келген дамыған немесе дамушы мемлекетті алсақ та – жарқын болашақтың негізі – білімді әрі тәрбиелі ұрпақ. Ал сол ұрпақ сондай болуы үшін – баланың балабақшадан бастап,мектеп,университетті тәмәмдағанға дейін сапалы әрі жоғарғы білім берілуі тиіс. Ал сол білімді сусындататын бірінші кезекте, әрине, мемлекет болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫСТАР: ТҮСІНІГІ,МӘНІ, ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ

1.1. Білім беруге жұмсалатын шығыстар мемлекеттік шығыстардың бір бөлігі ретінде ....................................................................................................................5
1.3. Қазақстанның нарыққа көшу жағдайында білім беруге жұмсалатын шығыстары бөлу қажеттілігі мен ерекшеліктері ................................................7

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫСТАР
2.1. 2008-2009 жылдары білім беру сферасына жұмсалған мемлекеттік шығыстарға талдау жасау ...................................................................................10
2.3. Қазақстандағы білім беруге жұмсалатын шығыстарды оңтайландыруға байланысты ұсыныстар .......................................................................................18

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫСТАРДЫ НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
3.1. Білім беру жүйесіне жұмсалатын шығыстарды нарық жағдайында қаржыландыру мәселелері және оларды шешу жолдары................................21
3.2. Білім беруге жұмсалатын шығыстар – алдағы жарқын болашақтың негізігі құралы ретінде.........................................................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................28

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс. Қаржы. Оқасова Жібек.doc

— 729.50 Кб (Скачать)

      Білімді қаржыландыру деңгейінде жоғары білім беруді дамыту үшін кадрларды даярлауда бөлшектесуді, бір бейімділікті теңдесу бұзылуын және артық қосарлануды жою үшін жоғары білім беру мамандықтары жіктемесін одан әрі жетілдіру; оқытудың ілгерішіл жүйелері мен технологияларын оның ішінде кредиттік және қашықтан оқытуды әзірлеу мен енгізу; магистратураны жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейге ауыстыру: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беруді үш сатылы модельге өзгерту, бакалавриат, магистратура, доктарантура; білім беру гранттарының санын ұлғайту, студенттерге кредит берудің жаңа үлгісін жасау арқылы жоғары білімге қол жетімділікті арттыру; Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалық-инновациялық даму стратегиясын іске қамтамасыз ететін техникалық мамандықтар бойынша' жоғары білікті кадрларды басымдықпен даярлау үшін жағдайлар жасау арқылы да білім беруді қаржыландыруды жүзеге асыруға болады.

     Болашақ қаржы маманы ретінде мен еліміздің  әлемнің бәсекеге қабілетті елу  елдің қатарына кіруі үшін басты  құралдарыдың бірі –  сапалы әрі жоғарғы білім екенін ескере отырып, қазіргі дүниежүзілік қаржы дағдарысы жағдайында қаржы ресурстарының, яғни мемлекеттік шығыстар мен республикалық және жергілікті  бюджет шығыстарының шектелген жағдайында нарықтық экономикада осы шығыстарды ұтымды әрі тиімді ұйымдастыру үшін төмендегі ұсыныстарымды ұсынамын:

Ресурстарды мобильдендіру:

  1. Қазақстанда Жалпы Ішкі Өнімге шаққандағы білім беруге деген шығыстарды көбейту керек, мәселен 2010 жылы елімізде мемлекеттік бюджеттегі білім беруге деген шығыстар ЖІӨ құрамында 3,6% құрағалы тұр;
  2. Грант жүйесінің тиімділігі мен мөлдірлігін қамтамасыз ету үшін жоғарғы оқу бюджетін көбейту керек, сол арқылы студенттер санын көбейтуге тырысу керек. Мәселен, ең аз дегенде мемлекеттік бюджеттің 20% мақсатты түрде білім беруге жұмсасақ, оның 15% жоғарғы оқу үшін бөлу  керек. 2010 жылы елімізде мемлекеттік бюджеттегі білім беруге деген шығыстар 15,5% құрағалы тұр;

Ресурстарды бөлу:

    1. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды көбейту керек. Белгілі бір саладағы зерттеу топтар мен жобаларға қаржыландыру конкурстық негізде жүзеге асырылуы тиіс.

Ресурстарды пайдалану:

  1. Мемлекеттік және аумақтық маңызға ие білім беру бағдарламаларына қатысатындардың санын көбейту мақсатымен арнайы стипендиялық қор құру арқылы грант пен шәкіртақы сияқты білім беру гранттарын өз алдына жеке – жеке бөлу;
  2. Еліміздің жоғарғы оқу орындарына, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарына, басқа да білім беретін ұйымдарға көбінесе жеке меншік ұйымдармен қолданылатын қаржылық басқару механизмін қолдануға мүмкіндік беру керек,сол арқылы тиісті мөлшердегі білім беру гранттары мен блогтық субсидиялар формасындағы мемлекеттік субсидияларды алуға мүмкіндік беруіміз керек.
  3. Барлық білім беру мекемелеріне арналған біртұтас салық салу жүйесін қолдануды ұсынамын.

Әлеуметтік әділеттілік:

    1. Оқып жатқан жағдайы нашар жанұялардан шыққан балалар үшін кепілсіз несие, пайыз төлеу үшін субсидиялар беру арқылы коммерциялық несиелендірудің жаңа схемасының қол жетімділігінің жағдайларын  жасау керек;
    2. Мемлекеттік бюджеттің қаражаттарын білім беру сферасының барлық салаларына әділетті бөлу үшін студенттердің әлеуметтік жағдайы туралы ақпаратты жинайтын сенімді ақпараттық жүйені енгізу керек.

Сонымен қатар, табыс көлеміне қарай студенттерді несиелендіру жүйесін енгізу тиімді болып шығуы мүмкін. 
 
 
 
 

3.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫСТАРДЫ НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРУ

3.1. Білім беру жүйесіне  жұмсалатын шығыстарды  нарық жағдайында  ұйымдастыру мәселелері  және оларды шешу  жолдары

     Тәуелсіздік алғаннан бастап Қазақстан жақсы  дамыған білім еру мекемелерінің жүйесін және ересек адамдардың арасындағы сауаттылықтың жоғарғы пайызын ( тәуелсіздік алған жылы 97.5%) қоса алғанда, жоғарғы оқу орындарына түсуінің жоғарғы көрсеткішіне ие болды. Өтпелі дағдарыс кезеңінде еліміз бір уақытта тәуелсіз мемлекет және нарықтық экономика қағидаларына негізделеген білім беру саласында реформаны іске асыра отырып, өткен уақытта болған жетістіктерін сақтай отыруға тырысты.

     Экономикалық  құлдырау нәтижесінде білім беруге кеткен шығыстар көлемі біршама қысқарды және сол сектор ішіндегі шығыстар құрылымы да біршама өзгеріске ұшырады:

  • Капиталдық шығындарға мемлекеттік шығыстар қысқарды және мағынасыз болды;
  • ЖІӨ құрамындағы білім беруге жұмсалатын шығыстар қысқарды;
  • Негізігі оқу құралдарына мен тауарларына  деген шығыстар қысқарды;
  • Көптеген мектептер (әсіресе мектепке дейінгі ұйымдар) жабылып қалды, мемлекет шығыстарына қарағанда, білім беруге ата аналар өз шығыстарын жұмсады.

     Алайда, уақыт өте жағдай жақсарды десе де болады. Республикалық және жергілікті бюджеттерден  білім беруге көп қаржы бөліне бастады, мемлекет басшылары саланы жетілдіру үшін біршама жағдайлар жасап отырды. Бірақ, экономиканың өзгерістерге икемді болуынан білім беру саласында қаржының жетіспеушілігінің мәселесі әлі күнге дейін қалып отыр. Менің ойымша, бұл кемшілікті экономиканы жандандыру арқылы түзетуге болады.  Берілген аспектіні қоспағанда, білім беруге жұмсалатын мемлекеттік шығыстарға қатысы бар басты мәселелерге мыналарды жатқызуға болады:

  • Ресурстарды қолданудағы тиімсіздік, яғни студенттер санының оқытушылар санына аз қатынасы, сыныптағы салыстармалы түрде оқушылар санының көптігі немесе аздығы, мұғалімдер санының аздығы, ескірген инфрақұрылым мен құралдардың қолданылуы;
  • Аумақтық деңгейде өсіп отырған теңсіздік, яғни ауылдық жердерде оқитын оқушыларға төменгі деңгейде білім берілуі;
  • Нарықтық экономиканың туындап отырған қажеттіліктерне білім беру жүйесінің құрылымының сай келмуі , сонымен қатар  барлық деңгейлерде білім беру қызметі сапасының төмендеуі.

     Кедейшілік  деңгейін төмендету мен экономикалық өсудегі білім берудің маңыздылығын, сонымен бірге қаржы ресурстарының жетіспеушілігін ескере отырып, білім беру жүйесін реформалау стратегиясы ең бірінші ресурстарды тиімді пайдалануға, білім беру қызметтерінің сапасын жақсартуға және барлық деңгейлер арасындағы теңсіздікті қыстару мақсатында жүзеге асырылуы тиіс.

     Атап  айтсам, Қазақстан Республикасының  Үкіметі мемлекеттік шығыстар саясатын білім беру жүйесінде ынталандыру  құралы ретінде белсенді түрде төмендегі  нәтижелер үшін пайдалана алады:

  • Жұмыс істеп тұрған білім беру мекемелерінің рационнализациялау арқылы ( керегі жоқ, тиімсіз, артық бағдарламалар мен мекемелерді жабу немесе біріктіру арқылы), сонымен қатар: а) оқытушылар құрамынығ санын азайту; ә) артық аудандарды жабу; б) сектордағы әлеуметтік көмек бағдарламаларын қайта қарау жолымен  қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және тиімділігін арттыру;
  • Негізгі оқу құралдары мен тауарларымен қамтамасыз етуге көңіл бөле отырып, мұғалімдер мен оқытушылардың білімділік деңгейіг жоғарлата отырып, студенттердің мониторингі мен бағалауды жаңа жүйеге келтіру , яғни халықаралық стандарттарға сай келтіру арқылы, басшылардың құзіретін арттыру арқылы білім беру сапасын арттыру;
  • Білім алу материалдарымен тегін қамтамасыз ету арқылы, ауылдық жерлерде оқу мен білім алуға субсидиялар бөлу, кедейшілік деңгейі сияқты маңызды факторларды есепке ала отырып, қаржы ресурстарын, яғни білім беруге жұмсалатын мемлекеттік шығыстар мен республикалық және жергілікті  бюджет шығыстарын ұтымды бөлу формуласын ойлап табу арқылы қоғамның әр түрлі таптары арасында білім алуға деген теңсіздікті және әділеттілікті орнату;
  • Икемді және орталықтандырылған қаржы саястатын, есептіілкті жетілдіруді және қысқа мерзімге арналған тиімді жоспарды құра отырып, шығыстар құрылымын оңтайландыру жолына негізделген бюджетті дайындау мен ресурстарды тиімді орналастыру ;
  • Жоғарғы оқу жүйесіде  студенттерді несиелеу бағдарламасында оқытудың жаңа саясатын тезірек енгізу арқылы, жеке меншік оқу орындары мен басқа да білім беру саласындағы ұйымдардың жұмыс істеуіне оң жағдай жасау үшін құқықтық – нормативтік базаны қайта қарау және жетілдіру және сапаны растау процедураларын көбейту (аккредиттеу) керек. Осы іс – шаралар арқылы білім беру саласының мемлекеттік қаржыландырудан тәуелсіз ету.

     Білім беру жүйесіндегі сапаны төмендететін негізгі проблемалардың біріншісі - білім беруді тиімсіз басқару. Екіншісі- жеткіліксіз қаржыландыру, үшіншісі - білім беру ұйымдары желісі мен ресурстарының теңгерілмеуі. Біздегі білім беру жүйесінде басқарудың біртұтас тетігінің болмауы білім берудің қол жетімділігі бойынша айтарлықтай аймақтық айырмашылықтарға соқтырды. Мысалы, мектепке дейінгі білім беру жүйесімен қамту Алматы облысында 30 пайызға дейін ғана болса, Астана қаласында 45 пайызды құрайды. Сонымен қатар, бір оқушыға деген шығыстардың айырмашылығы да аймақтарда екі есеге дейін барады. Дей тұрғанымен, шығыс көлемінің көптігі білім берудің жоғары сапасына кепіл бола алмайды. Мәселен, бір оқушыға бөлінетін шығыс Солтүстік Қазақстан облысында жылына 12,5 мың теңге болса, Оңтүстік Қазақстан облысында 60 мың теңгені құрайды. Ал ҰБТ нәтижесі бойынша бірінші орында Астана қаласы, соңғы орында  Атырау қаласы тұр. Бұл жерде Атырауда орташа айлық еңбекақы 70 мың теңгеге дейін жететіндігін ескерсек, қаржы білім сапасының көрсеткіші бола алмайтынын көреміз. «ҰБТ нәтижесі бойынша да аймақтық айырмашылықтар соңғы үш жылда өзгерген (азайған) жоқ. Білім беру сапасындағы мұндай аймақтық айырмашылық қалыпты дамуға айтарлықтай қатер» дейді Ж. Түймебаев. ЮНЕСКО ұсынымдарына сәйкес, тұрақты даму үшін білім беру шығыстары жалпы ішкі өнімнің 6-7 пайызын құрауы тиіс. Ал Қазақстандағы білім беру шығыстары ЖІӨ-нің 3,8 пайызынан аспайды. Осы орайда, білім беру шығыстары бойынша алдыңғы қатарлы елдердің үш топқа топтастырылғанын және соның бірінші тобында -  АҚШ, Жапония, Люксембург, Австралия, екінші тобында-  Испания, Корея, Чехия, Израиль, үшіншісінде - Қытай, Түркия, Ресей, Зимбавве елдері тұрғанын да айта кету керек. Менің ойымша, біздің елдегі бір оқушыға бөлінетін білім беру шығыстары үшінші топтағы елдердің деңгейінен төмен. Біз осы үшінші топтамыз, бірақ көптеген өлшемдер бойынша бұл топтың деңгейіне де жетпей жатырмыз.

          Сондықтан да, білім  беруді қаржыландыру тиісіті дәрежеде болу үшін, тек қаржыландыру деңгейін емес, нарық заманына сай реформа жүргізуіміз керек, білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатуымыз керек.

          Бірінші кезекте -басқаруды жетілдіру үшін сапаны бақылаудың вертикалды басқару жүйесін құру, білім беру саласында біртұтас саясат жүргізуді ұсынамын. Екіншіден - білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогикалық қызметкерлерді тәуелсіз тестілеу мен аттестациялауды, үшіншіден - басқарудың корпоративтік қағидаларын енгізу тиімді болады деп ойлаймын.

          Ал, нарық жағдайында білім беруді қаржыландыруды жетілдіру үшін мынадай шаралар жүзеге асыру керек:

           Бір оқушыға кететін шығыстар біртіндеп жоғарыда аталған үшінші топ елдерінің орташа деңгейіне жеткізілуі үшін барлық аймақтарда бірдей деңгейде білім беру;

          білім беру жүйесінің  шығыстарын жалпы ішкі өнімнің 5 пайызына дейін жеткізу ұсынамын;

          Ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу бойынша жоғары оқу орнына түсуге қажетті ең төменгі  шек 60 балл болып қала беруі керек, себебі мемлекет тарапынан ҰБТ-ға дайындыққа тиісті мөлшерде қаражат бөлінсе, бітірушілердің жоғарғы балл алу мүмкіндіктері мол;

           Жекешелендірілген балабақшаларды қайтару, себебі білім беру саласын жетілдіруде республикалық және жергілікті бюджеттердің бөліп жатқан қаражаттары жеткіліксіз болғандықтан, сырттан басқа да қаражаттарды тарту керек;

          Салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде міндетті түрде балабақша құрылысын қарастыру;

          Халықаралық жүйені пайдалану арқылы білім беру сапасын бағалаудың ашық стандарттарын енгізу; 
 
 

3.2. Білім беруге жұмсалатын  шығыстар – алдағы  жарқын болашақтың  негізігі құралы  ретінде

     Мемлекет басшысы бастамаларының арқасында еліміздің білім беру саласы тұрақты даму траекториясына көшті.Білім беру процесін ресурстық қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалды.

     Ағымдағы  жылғы 11 наурызда Қазақстан Болон  декларациясына ресми түрде қосылып, оның 47-ші мүшесі болды. Бұл қазақстандық жоғары білім реформасына берілген жоғары баға.Болон процесіне қатысу шетелдерде академиялық дәреженің салыстырмалылығын, студенттер мен оқытушылардың біліктілік деңгейлерінің, еуропалық өңірлерде жоғары білім туралы қазақстандық дипломдардың танылуын және біздің түлектеріміздің кез-келген елде жұмысқа орналасу құқығын қамтамасыз етеді.

     2010 жылғы елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың «ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» атты жолдауында көрсеткендей Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында басты басымдылық барлық деңгейлерде білім берудің сапасын арттыру болып табылады. Яғни, стратегиялық бағыттар айқындалып, 2020 жылы білім беруді жетілдіру мына негізгі бағыттар бойынша жаңғыртуды іске асыру жоспарланып отыр:

Информация о работе Сыртқы экономикалық қатынастардағы валюта-қаржы механизмі