Сыртқы экономикалық қатынастардағы валюта-қаржы механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 17:46, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі заманғы нарық жағдайында білім кез келген мемелкеттің саяси,экономикалық және әлеуметтік дамуының басты факторы ретінде танылады. Сондықтан, күнделікті өзгеріп тұратын нарықтық қатынастар білім беру жүйесінен мемлекет экономикасының даму қажеттіліктеріне сай икемділікті қажет етеді. Себебі, кез келген дамыған немесе дамушы мемлекетті алсақ та – жарқын болашақтың негізі – білімді әрі тәрбиелі ұрпақ. Ал сол ұрпақ сондай болуы үшін – баланың балабақшадан бастап,мектеп,университетті тәмәмдағанға дейін сапалы әрі жоғарғы білім берілуі тиіс. Ал сол білімді сусындататын бірінші кезекте, әрине, мемлекет болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫСТАР: ТҮСІНІГІ,МӘНІ, ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ

1.1. Білім беруге жұмсалатын шығыстар мемлекеттік шығыстардың бір бөлігі ретінде ....................................................................................................................5
1.3. Қазақстанның нарыққа көшу жағдайында білім беруге жұмсалатын шығыстары бөлу қажеттілігі мен ерекшеліктері ................................................7

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫСТАР
2.1. 2008-2009 жылдары білім беру сферасына жұмсалған мемлекеттік шығыстарға талдау жасау ...................................................................................10
2.3. Қазақстандағы білім беруге жұмсалатын шығыстарды оңтайландыруға байланысты ұсыныстар .......................................................................................18

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫСТАРДЫ НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
3.1. Білім беру жүйесіне жұмсалатын шығыстарды нарық жағдайында қаржыландыру мәселелері және оларды шешу жолдары................................21
3.2. Білім беруге жұмсалатын шығыстар – алдағы жарқын болашақтың негізігі құралы ретінде.........................................................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................28

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс. Қаржы. Оқасова Жібек.doc

— 729.50 Кб (Скачать)
 

МАЗМҰНЫ 
 

КІРІСПЕ.................................................................................................................3 

  1. БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК  ШЫҒЫСТАР: ТҮСІНІГІ,МӘНІ,  ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ
 

1.1. Білім беруге жұмсалатын шығыстар мемлекеттік шығыстардың бір бөлігі ретінде ....................................................................................................................5

1.3. Қазақстанның нарыққа көшу жағдайында білім беруге жұмсалатын шығыстары бөлу қажеттілігі мен ерекшеліктері ................................................7 
 

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫСТАР

2.1. 2008-2009 жылдары білім беру сферасына жұмсалған мемлекеттік шығыстарға талдау жасау ...................................................................................10

2.3. Қазақстандағы  білім беруге жұмсалатын шығыстарды  оңтайландыруға байланысты ұсыныстар  .......................................................................................18 
 

  1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫСТАРДЫ НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

3.1. Білім  беру жүйесіне жұмсалатын шығыстарды  нарық жағдайында қаржыландыру мәселелері және оларды шешу жолдары................................21

3.2. Білім  беруге жұмсалатын шығыстар –  алдағы жарқын болашақтың негізігі құралы ретінде.........................................................................................24 
 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................28 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

                                 «XXI ғасырда білімін   дамыта алмаған  елдің тығырыққа тірелері анық...». 

ҚР  Президентінің «Қазақстан экономикалық,

                                             әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты

 Қазақстан  халқына Жолдауынан. 

     Қазіргі заманғы нарық жағдайында білім  кез келген мемелкеттің саяси,экономикалық және әлеуметтік дамуының басты факторы  ретінде танылады. Сондықтан, күнделікті өзгеріп тұратын нарықтық қатынастар білім беру жүйесінен мемлекет экономикасының даму қажеттіліктеріне сай икемділікті қажет етеді. Себебі, кез келген дамыған немесе дамушы мемлекетті алсақ та – жарқын болашақтың негізі – білімді әрі тәрбиелі ұрпақ. Ал сол ұрпақ сондай болуы үшін – баланың балабақшадан бастап,мектеп,университетті тәмәмдағанға дейін сапалы әрі жоғарғы білім берілуі тиіс. Ал сол білімді сусындататын бірінші кезекте, әрине, мемлекет болып табылады.

     Ал  тәуелсіздік алғанына небары 20 жылға жуық уақыт, алайда әлемдік сахнада алда көп үміт күттіретін мемлекет ретінде таныла бастаған еліміз үшін де білім беру жүйесін жетілдіру – республикалық маңызы бар шара болып табылады. Себебі, елу бәсекеге қабілетті елдер қатарына кірудің, жарқын болашаққа бастаудың алғышарты осы.

     Зерттеу тақырыбының өзектілігі. КСРО құрамында  ұзақ жылдар болған мемлекетіміздің  халқы білімділіктің жақсы деңгейін иеленген. Жоғарыда атап кеткенімдей, өз алдына тәуелсіз ел болып, нарық  жүйесіне енгеннен кейін білім беру жүйесі жыл сайын жаңарып тұруды қажет етеді. Сондықтан да, еліміздегі білім беруге жұмсап жатқан мемлекеттік шығындар, олардың көлемі мен мақсаттылығын зерттеу, қазіргі дағдарыс жағдайындағы олардың динамикасын анықтау маңызды мәселе болып табылады.

     Зерттеу мақсаты. Жұмыстың ең басты зерттеу  мақсаты болып Қазақстандағы  білім  беруге жұмсайтын мемлекеттік  шығыстарын , оның  құрамдас бөліктерін зерттеп,олардың Қазақстанның экономикалық,саяси, әлеуметтік дамуында алатын орнын анықтау, сонымен қатар әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі еліміздің мемлекеттік шығыстарының өзгерісіне  сараптама жасау болып табылады. Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу мақсатында оған терең үңіліп, барлық тақырыпшаларға жеке – жеке  тоқталып, мәнін ашатындай етіп, кешенді түрде қарастыру қажет. Сондықтан да, еліміздегі білім беру сферасына жұмсалатын шығыстарды нарық заманында ұйымдастыру  , оны ұйымдастыру проблемаларын мен  болашақтағы даму жағдайын зерттеп, Қазақстандағы мемлекеттік шығыстардың  мәнін ашу – менің жұмыс жазғандағы басты мақсатым болып табылады.

   Берілген  курсық жұмыс кіріспеден, мемлекеттік  шығыстар ұғымын ашатын,еліміздегі білім  беруге жұмсайтын мемлекеттік шығындардың  мәнін,  мазмұнын көрсететін және 2009 жылдағы білім беруге жұмсалған шығандар мен алдағы жоспарланған шығыстардың жағдайы сарапталған үш бөлімнен, қорытындыдан және жұмысқа тіркелеген қосымшалардан тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК  ШЫҒЫСТАР: ТҮСІНІГІ,МӘНІ,  ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ
 

1.1. Білім беруге жұмсалатын  шығыстар мемлекеттік  шығыстардың бір  бөлігі ретінде 

     Қаржы ұғымы экономикалық категорияның маңызды бір бөлігі ретінде де  , мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілерде арасында туындайтын ақшалай қатыныстар ретінде де мемлекет экономикасын қалыптастыруды маңызды рөл атқарады. Алайда, білім беру саласына жұмсалатын шығыстарға қатысты қаржы көбіне ақшалай нысанда жүзеге асырылады. Кез келген мемлекеттің экономикасын, саяси, әлеуметтік өмірін қалыптастыру үшін білім беру маңызды сала болып табылаты сөзсіз. Сондықтан, әр елде білім беру саласын дамыту үшін оны қаржыландыру аса зор маңызға ие. Білім беруге кететін шығыстарды ашып қарайтын болсақ, әдетте ол шығыстар мемлекеттік шығыстардан және бюджет шығыстарынан қаржылануы мүмкін. Соныдықтан, алдымен осы қаржыландыру көздерін жеке – жеке бөліп қарастырып алсақ.

       Мемлекеттің шығыстары - бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалык қатынастарды білдіреді.

     Мемлекеттің шығыстары - мемлекеттің қаржылық саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған жэне орталықтандырьлмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржылық қатынастардың бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.1

     «Шығыстар» ұғымының қос мағынасы бар:

    • Ақшалай қаражаттарды олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни ақшалай қаражаттары айырбас үдерісінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың кұрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының, халықтың шығыстары кіріктіріледі, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
    • Айырбас үдерісінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жен, бұл шығыстар қаржы арқылы қальптасады: жалпы мемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде; ақшалай шығыстар барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізі болып табылады.

     Бұл екі аспект «шығыстар» ұгымының оның «шығындар» ұғымына түрленген кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті қамтып керсетеді: егер «шығыстар» түпкілікті рәсуаны, тұтынуды («табыстарга» қарама-қарсы) қажет ететін болса, «шығындар» «есепке жатқызылатын» алдымен, келешектегі табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.

     Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты әлеуметтік – мәдени шараларға - оқу-ағарту, ақпараттық қызметтерге (баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, шығармашылыққа, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады. Бүл шығыстар ірілендірілген түрде мынадай түрлерге бөлінеді:

    • білім беру жэне кадрларды кәсіби даярлау;
    • мэдениет, өнер, спорт жэне бұқаралық ақпарат құралдары;
    • денсаулық сақтау;
    • мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жэне элеуметтік комек.

Аталған шығыстар қоғамдық тауарларға, игіліктерге, қызмет-

     тсрге жұмсалатын шығыстардың (10.2 параграфты қараңыз) бір болігі болып табылады. Оларды мемлекет ақгяалай трансферт түрінде, сондай-ақ ақысыз (немесе жеңілдетілген) материал-дық игіліктер мен қызметгер көрсету түрінде қоғам мүшелерінің үжымдық жэне дара түтынуына бағыттайды.2

     Білім беру шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюжеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді. Білім беру шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың катаң тәртібін белгілеу арқылы кол жетеді. Сондықтан білім беру шығыстарын   ұйымдастыру кағидаттарының бірі жоспарлылық болып табылады. Жалпы ел экономикасын  баланстандырылмалы дамыту және халықтың әлеуметтік жұмыс деңгейін арттыру мақсатында мемлекет өндірістік және өндірістік емес сфералары, оның ішінде көбінесе, білім беру сферасына , салаларға , экономикалық аудандар арасында жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлуге және қайта бөлуге қатысады.

     Білім беру шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде білімді республикалық деңгейде қаржыландыра отырып, барлық аудандарда, өңірлерде білім берудің жекелеген салаларын дамытуда үйлесімдіктерге жету, каржыларды ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын неғүрлым перспективалық жэне прогрессивтік салаларға, дамытуды қажет ететін, білім алуға қажетті жағдай жасау мақсатымен бөлу және аса маңызды екі әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.

     Білім беру шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды (кредиттік механизмнен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап етпейді. Бұл қағидат бойынша каржылық ресурстарды беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен қатар қолданылады (мысалы, Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры) бұл пайдаланылатын қаржылық ресурстардың тиімділігін арттырады.

     Даму жоспарларыныц (болжамдарының) орындалуына карай каржыландыру қаржылық ресурстарды тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде бөлуді қажет етеді.

     Ресурстарды пайдалануда үнем режімін сактаумемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың маңызды қағидаты, ол ішкі резервтерді жұмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды әрі тиімді пайдалануға бағытталған. 
 

1.2. Қазақстанның нарыққа  көшу жағдайында  білім беруге жұмсалатын  шығыстары бөлу  қажеттілігі мен  ерекшеліктері

     Қазақстан Республикасын әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретiнде таныды. Тәуелсiздігінiң қысқа тарихи кезеңiнде елiмiз әлемдiк қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткiздi.

      Осы орайда, қоғамдық даму деңгейiнiң,  елдiң экономикалық қуаты мен ұлттық қауiпсiздігiнiң өлшемдерi ретiнде бiлiм беру жүйесiнiң, адам ресурстарының рөлi мен маңызы арта түседi. Қоғамдық қатынастар жүйесiндегi өзгерiстер бiлiм беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнiң болмысына барабар әрекет етудi және экономиканың даму қажеттiктерiне сай болуды талап ете отырып әсерiн тигiзедi.

     Жедел өзгерiп тұратын әлем және ақпарат  легiнiң ұлғаюы жағдайында iргелi пәндiк  бiлiм мiндеттi, бiрақ ол бiлiм берудiң  жеткiлiктi нысанасы болып табылмайды. Оқитындар қазақстандық бiлiм беру жүйесi бағыт алған бiлiмнiң, дағды-бiлiктiң жиынтығын меңгерiп қана қоймауға тиiс. Оқитындардың өзiн барынша көрсете бiлу және қоғам өмiрiне пайдалы түрде қатысу үшiн ақпаратты өз бетiнше табу, талдау, құрылымдау және тиiмдi пайдалану дағдысын бойына сiңiру әлдеқайда маңызды да күрделi. Қазақстандық бiлiм беру жүйесi оның әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiнде лайықты орын алуына мүмкiндiк бермейтiн ескiрген әдiснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Бiлiм беру мазмұны фактологиялық күйiнде қалып отыр және оқитындарды қоғам өмiрiне құзыретті, жауапты әрi шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңiрлiк деңгейде бiлiм берудi басқарудың бiрiздендiрiлген жүйесiнiң болмауы, бiлiм беру бөлiмдерiнде мамандардың штат санының жетiспеушілiгi бiлiм берудi басқарудың тиiмдiлігіне керi әсер етедi.3

Информация о работе Сыртқы экономикалық қатынастардағы валюта-қаржы механизмі