Сыртқы экономикалық қатынастардағы валюта-қаржы механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 17:46, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі заманғы нарық жағдайында білім кез келген мемелкеттің саяси,экономикалық және әлеуметтік дамуының басты факторы ретінде танылады. Сондықтан, күнделікті өзгеріп тұратын нарықтық қатынастар білім беру жүйесінен мемлекет экономикасының даму қажеттіліктеріне сай икемділікті қажет етеді. Себебі, кез келген дамыған немесе дамушы мемлекетті алсақ та – жарқын болашақтың негізі – білімді әрі тәрбиелі ұрпақ. Ал сол ұрпақ сондай болуы үшін – баланың балабақшадан бастап,мектеп,университетті тәмәмдағанға дейін сапалы әрі жоғарғы білім берілуі тиіс. Ал сол білімді сусындататын бірінші кезекте, әрине, мемлекет болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫСТАР: ТҮСІНІГІ,МӘНІ, ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ

1.1. Білім беруге жұмсалатын шығыстар мемлекеттік шығыстардың бір бөлігі ретінде ....................................................................................................................5
1.3. Қазақстанның нарыққа көшу жағдайында білім беруге жұмсалатын шығыстары бөлу қажеттілігі мен ерекшеліктері ................................................7

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫСТАР
2.1. 2008-2009 жылдары білім беру сферасына жұмсалған мемлекеттік шығыстарға талдау жасау ...................................................................................10
2.3. Қазақстандағы білім беруге жұмсалатын шығыстарды оңтайландыруға байланысты ұсыныстар .......................................................................................18

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫСТАРДЫ НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
3.1. Білім беру жүйесіне жұмсалатын шығыстарды нарық жағдайында қаржыландыру мәселелері және оларды шешу жолдары................................21
3.2. Білім беруге жұмсалатын шығыстар – алдағы жарқын болашақтың негізігі құралы ретінде.........................................................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................28

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс. Қаржы. Оқасова Жібек.doc

— 729.50 Кб (Скачать)

    3-диаграмма 

      

    ҚР  жалпы және шағын комплекттегі мектептер  саны 

    Елімізде  қабылданып жатқан көптеен бағдарламалардың бірі Қазақстан Республикасында  техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Республикалық және жергілікті бюджетте көзделген қаражаттар, әр түрлі мүдделі тараптардың үлестік қатысуы бар тікелей инвестициялар, қорлар мен халықаралық ұйымдардың  қаражаттары Бағдарламаны іске асырылуымен байланысты қаржылық шығындар: 58178,9 млн. тенге, оның ішінде: 2008 жылы – 5707,8 млн. теңге, 2009 жылы- 23486,7млн. тенге, 2010 жылы- 28984,4 млн. тенге құрайды;

     Республикалық бюджет есебінен: барлығы – 40749,8 млн. тенге, 2008 жылы – 3396,6 млн.тенге, 2009 жылы – 16701,4 млн. тенге, 2010 жылы - 20651,8 млн. тенге;

    Жергілікті  бюджет есебінен: барлығы –  17429,1  млн. теңге, 2008 жылы- 2311,180 млн.теңге, 2009 жылы- 6785,3млн. Теңге, 2010 жылы – 8332,62 млн. теңге құрайды және жалпы ұлттық өнімдегі үлесі 3,6 %-ға дейін өседі.

     4-диаграмма 

       
 
 

     Республикалық бюджет негізінде қаржыландыратын іс – шаралардың шығыс көлемі жыл сайын қаржылық жылға сәйкес келетін Республикалық бюджетті бекіту кезінде нақтыланады.8

     Жыл сайын берілетін оқу гранттар саны өсуде. 2008 жылы республика бойынша 31580 грант берілсе, 2009 жылы оның саны біршама өсіп, бұл көрсеткіш 38840 тең болды.  

     5-диаграмма 

       

     Әлемнің  алдыңғы  қатарлы елдерінде  жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  жүйесінің  дамуын  талдау онда  кредиттік  білім беру  жүйесіне  негізделген, кадрлар  даярлаудың  үш сатылы  моделінің  кең  тарағанын көрсетеді: бакалавриат-магистратура- Ph.D докторантурасы. Бұл  модель АҚШ университеттерінде  және Еуропаның  көптеген елдерінде қолданылады. Ол неғұрлым икемді де тиімді  болып табылады, академиялық ұтқырлықты және еңбек  нарығының  тез  өзгеріп  тұрған  шағында  түлектерге деген  сұранысты қамтамасыз  етеді.

      Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде 610864 студентті біріктіретін 146 (2009-2010 оқу жылдарында)  жоғары оқу орны бар.

     Сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарының артық желісі 20072008 жылдары 176-дан 144-ке дейін қысқарды.9

      Жекелеген жоғары оқу орындарының және олардың көптеген филиалдарының  қысқаруы оларыдың зияткерлік, кадрлық, материалдық-техникалық әлеуетінің жетіспеуінен талапкерлердің және студенттердің даярлық деңгейіне қоятын талаптарының төмендеуі мамандарды даярлау сапасының төмендеуінен болды деп ойлаймын.  . Бұл жоғары оқу орындарын кадрмен қамтамасыз етуге және олардың материалдық-техникалық  базасына қойылатын талаптарды күшейту бағытындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру қажеттігін туындатады. Жоғары оқу орындарындағы бір бейінді мамандықтарға даярлау жоспарлы экономикаға тән тұрақты салаларға және тұтынушыларға ғана бағдарланған. Әлеуметтік серіктестік және кадрларды атаулы даярлау, әсіресе,  өңірлік деңгейде одан әрі дамытуды қажет етеді. Техникалық, аграрлық, технологиялық, ветеринарлық мамандықтар бойынша мемлекеттік тілдегі оқулықтар мен оқу құралдарының тапшылығы байқалады. Жоғары оқу орындарындағы   оқулықтардың, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің 50 %-ы жаңартуды талап етеді.Сонымен қатар дағдарыс әсері де зор болды.  Қазақстандық және шетелдік білім беру бағдарламаларын, білім туралы құжаттарды өзара есепке алу және өзара тану тетіктерін әзірлеу процесі баяу жүруде, ол студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын тежейді.

     Сонымен бірге Мемлекет басшысының 2009 жылғы 12 ақпанда «Нұр-Отан» ХДП саяси кеңесінің кеңейтілеген отырысы барысында берген тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жоғары оқу орындарында білім алушылардың жекелеген санаттарын қолдау жөніндегі шаралар туралы» 2009 жылғы 17 ақпандағы № 177 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Самұрық  - Қазына» әл-ауқат ұлттық қоры» акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісімді мақұлдау туралы» 2009 жылғы 17 ақпандағы № 178 қаулылары қабылданды.

Бұл қаулыларды ақылы негізде білім алатын студентерді мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары көзделген:

    • жоғары оқу орындарының үшінші және одан жоғары курстарының ақылы негізде білім алатын студенттері үшін қосымша білім беру гранттарын тағайындау;
    • техникалық, жаратылыстану ғылымы және медицина мамандықтары бойынша жоғары щқу орындарының бірінші курстан бастап ақылы негізде «жақсы» және «өте жақсы» бағаға білім алатын студентерге, ата-аналары зейнеткерлік жасына жеткен студенттерге қосымша жеңілдікті білім беру кредиттерін беру. 10

      Осы бағдарлама шеңберінде  19мың студент ақылы оқудан грантқа ауыстырылды. 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде жоғары оқу орындарының ақылы негізінде білім беру гранттарына ауыстыруды жүзеге асыру үшін 2009 жылы 3 156 801мың теңге сомасында, 2010 жылға -1 831 751 мың теңге сомасында, 2011 жылы 572 558 мың теңге сомасында қосымша қаражат көзделетін болады.

      Сондай-ақ, техникалық, жаратылыстану ғылым  және медицина мамандықтары бойынша  жоғары оқу орындарының бірінші  курстан бастап ақылы ақылы негізде  «жақсы» және «өте жақсы» бағаға білім алатын студенттері мен әлеуметтік осал топтарының студенттеріне қосымша жеңілдікті білім беру кредиттерін беру үшін «Самұрық - Қазына ҰӘҚ» АҚ қаражаты есебінен 100 млн. АҚШ доллары (15 млрд . теңге ) сомасында қосымша қаражат көзделетін болады.

      «Қаржы  орталығы» АҚ арқылы жоғары оқу орындарының  студентеріне женілдікті пайыздық ставка бойынша берілетін кредиттердің кепілдігін қамтамасыз ету үшін 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылаған кезде жыл сайын 1 млрд . теңге сомасында қаражат көзделетін болады.

      Білім беру жүйесін жетілдіру және қолдау мақсатымен , қаржыландырудың жаңа әдістерін ойлап табу мақсатымен 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 21 млрд. 988 млн. 470 мың теңге сомасында қаржы бөлінген болатын.11 

      2-кесте

  2005 2006 2007 2008 2009 2010 Барлығы

 

Республиклық  бюджет 23 379,8 34 036,9 32 150,8 26 216,8 29 484,4 30 501,1 175 769,8
Жергiлiктi бюджет 18 022,4 19 477,3 21 705,1 31 552,5 32 115,6 32 169,3 155 042,2
Мемлекеттiк  бюджет 41 402,2 53 514,2 53 855,9 57 769,3 61 600,0 62 670,4 330 812,0
 
 

      2-кесте.  Республикалық және жергілікті  бюджеттен білім беруге жұмсалатын  шығыстар 

      Аталған қаражаттың iшiнде жалпы орта білім  беретін мемлекеттiк мекемелердің физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға – 2 млрд. 457 млн. 650 мың теңге, арнаулы (түзету) бiлiм беру ұйымдарын арнайы техникалық және орнын толтырушы құралдармен қамтамасыз етуге – 124 млн. 031 мың теңге, жалпы орта білім беретін мемлекеттiк мекемелердің үлгi штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге – 9 млрд. 870 млн. 715 мың теңге, жаңадан iске қосылатын білiм беру нысандарын ұстауға – 5 млрд. 209 млн. 021 мың теңге, балаларды тамақтандыруды, тұруын және тестілеу пункттеріне жеткізуді ұйымдастыруға – 108 млн. 228 мың теңге қаржы бағытталады. 
Сонымен қатар жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерді Интернетке қосуға және оның трафигiне ақы төлеуге – 500 млн. 012 мың теңге, жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердiң кiтапхана қорларын жаңарту үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер сатып алуға және жеткiзуге – 895 млн. 513 мың теңге, жалпы орта бiлiм беретін мемлекеттiк мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға – 1 млрд. 958 млн. 760 мың теңге, кәсiптiк бастауыш бiлiм беретiн мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 286 млн. 100 мың теңге, облыстық (қалалық) педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру институттарында педагог қызметкерлердi қайта даярлауға және олардың бiліктілігін арттыруға – 503 млн. 440 мың теңге қаржы бөлінді. Сол бөлінген қаржының нәтижелерін 2010 жылдың соңына таман көретін шығырамыз.

      Еліміздегі  білімді  жас ұрпаққа жеткізетін болашақ ұстаздарды қолдау мақсатымен Облыстық (қалалық) педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 75,0 млн. теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді. . 
Көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлуді және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындады.
 
 
 

2.3. Қазақстандағы білім  беруге жұмсалатын  шығыстарды оңтайландыруға байланысты ұсыныстар 

      Қазақстанда білім берудің жаңа моделіне көшуге жағдай жасау үшін экономикалық негізді нығайту қажет. Білім беруді қаржыландырудың мақсаты: адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының басымдылықтары негізде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту болып табылады.

      Білім беруді қаржыландырудың негізгі  міндеттері: халықтың барлық жіктері  үшін сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету, төзушілікке, банк мәдениетіне, адам құқықтары мен бостандықтарына қызметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік даму қағидалары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу. оқытудың жинақтаушы кредиттік жүйесіне негізделген кадрларды даярлаудың біртұтас үшсатылы моделін жасау, бакалавриат, магистратура, докторантура; экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру; әлемдік білім беру кеңістігіне·ықпалдасу; білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру; білім берудің бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру; білім беру процессін оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру; білім беру жүйесінің матеиалдық-техникапық базасын нығайту; білім беруді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру; педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, білім беру жүйесі мен қаржының, кадрмен қамтамасыз етуді жетілдіру, білім беру бағдарламаларын жоғары білім бағдарламаларымен үйлестіру менеджерлерін даярлау; көп деңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету болып табылады.

      Білім беруді қаржыландыруда алға қойған міндеттерді іске асыру үшін мына міндеттерді орындау және оны іске асыру қажет:

      • халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтеріне деген артып келе жатқан қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында түрлі бейімді (дене тәрбиесі, сауықтыру, гуманитарлық, спорттық, эстетикалық, лингвистикалық, экологиялық, ата-аналарды оқыту жөніндегі, мектепке дейінгі жастағы дарынды балалар үшін, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) мектепке дейінгі орталықтарды;
      • отбасылық бала бақшалары; түзету және инклюзивті білім беру кабинеттерін қысқа мерзімде болу топтары бар жалпы білім беретін мектептер базасындағы мектепке дейінгі шағын орталықтады; балалар бөбекжайын, балабақшаларды, бөбекжай бақшаларды .(мектеп - балабақша) кешендерін;
      • Білім беру ұйымдарының базасында мектеп алды топтары мен сыныптарын ашу үшін және олардың материалдық-техникалық базаларын жаңарту үшін нормативтік-құқықтық және қаржылық жағдайларды жасау қажет.

      Республикалық және облыстық жерлерде білім беруді қаржыландыру орталықтарын құру, кәсіптік даярлықтың сапасын арттыру тәуелсіз бағалау жүйесін енгізу арқылы көзделіп отыр. Жоғары сапалы техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлау Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы мамырдағы №109-6 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының индустриалық-инновациалық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын табысты іске асыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді және тұтас алғанда өнеркәсіпті, құрылысты, шағын және орта бизнесті, қызмет көрсету мен экономиканы дамытуға болады.

Информация о работе Сыртқы экономикалық қатынастардағы валюта-қаржы механизмі