Сыртқы экономикалық қатынастардағы валюта-қаржы механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 17:46, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі заманғы нарық жағдайында білім кез келген мемелкеттің саяси,экономикалық және әлеуметтік дамуының басты факторы ретінде танылады. Сондықтан, күнделікті өзгеріп тұратын нарықтық қатынастар білім беру жүйесінен мемлекет экономикасының даму қажеттіліктеріне сай икемділікті қажет етеді. Себебі, кез келген дамыған немесе дамушы мемлекетті алсақ та – жарқын болашақтың негізі – білімді әрі тәрбиелі ұрпақ. Ал сол ұрпақ сондай болуы үшін – баланың балабақшадан бастап,мектеп,университетті тәмәмдағанға дейін сапалы әрі жоғарғы білім берілуі тиіс. Ал сол білімді сусындататын бірінші кезекте, әрине, мемлекет болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫСТАР: ТҮСІНІГІ,МӘНІ, ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ

1.1. Білім беруге жұмсалатын шығыстар мемлекеттік шығыстардың бір бөлігі ретінде ....................................................................................................................5
1.3. Қазақстанның нарыққа көшу жағдайында білім беруге жұмсалатын шығыстары бөлу қажеттілігі мен ерекшеліктері ................................................7

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫСТАР
2.1. 2008-2009 жылдары білім беру сферасына жұмсалған мемлекеттік шығыстарға талдау жасау ...................................................................................10
2.3. Қазақстандағы білім беруге жұмсалатын шығыстарды оңтайландыруға байланысты ұсыныстар .......................................................................................18

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫСТАРДЫ НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
3.1. Білім беру жүйесіне жұмсалатын шығыстарды нарық жағдайында қаржыландыру мәселелері және оларды шешу жолдары................................21
3.2. Білім беруге жұмсалатын шығыстар – алдағы жарқын болашақтың негізігі құралы ретінде.........................................................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................28

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс. Қаржы. Оқасова Жібек.doc

— 729.50 Кб (Скачать)

     Нарық жағдайында мамандық бойынша, сонымен  қатар кәсіпқой, орта, жоғары, жоғары оқу орнында оқу жаңа сипатқа  ие болып отыр. Нарық ең бірінші  нарық  қатысушыларының мүдделеріне бағытталған. Сондықтан да, ең бірінші Жұмыс беруші жұмысқа алған кезінде қызметкердің мамандандырылған деңгейін басшылыққа алады.Нарық сонымен қатар анықталған шаруашылық қызмет түрін орындауда кіріс мамандандыру кедергіге ие. Маман кепілдігі ретінде білім, маман (диплом, сертификат) алуда куәлік болады. Ал сол кепілдікті алу үшін ең маңыздысы – білім беру жүйесін дамыту. Даму үшін, әрине, ең бірінші қаржы керек.

     Мемлекеттік -  әлеуметтік мақсатқа жету үшін үкімет әртүрлі білім беретін  мекемелердің және ұйымдардың қаржыландыру түрлерін нарық ерекшеліктеріне қарай қолданады, мысалы:

     1. Білім беретін кәсіпорындарды  қаржыландыру 

     a. тікелей: сметалық қаржыландыру, мемлекеттік тапсырыстар 

     b. жанама: салық жеңілдіктері 

     2. Оқушыларды қаржыландыру 

     a. тікелей: оқу гранттары, несиелер

     b. жанама: салық жеңілдіктері, несие  кепілдігі. 

     Кез келген қаржыландыру түрінде оқу  кәсіпорындарын қолдануда қоғамдық қорлардың рационал емес тарату тәуекелі көрінеді. Мемлекетке білім берудің  сапалығының және мекемелердің  қисынды екендігіне сенімділік қажет, сонымен қатар студенттерде және білім беру ұйымдарында да  білім беру процесінің аяқталуын қажет ететін кейбір кепілдік қажет.

     Білім беру шығыстары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын білім беру шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі бар:

     Көбіне, жеке меншік білім беру мекемесі болып  табылатын мектепке дейінгі ұйымдар  үшін, мектептер, лицей және университеттер үшін қаржыландыру - меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі бюджеттік қаражаттар есебінен жасалынады.

     Бюджеттік қаржыландыру. Бюджеттік тәртіппен  ерекше құжаттардың - қаржыландырудың дара жоспарларының негізінде алдын ала беліленген білім беру ұйымдарын қаржыландырады. Бюджеттік тәртіппен қаржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп аталады.

     Білім беру бағдарламалары мен шараларға, халықты сауаттылықтың ең жоғарғы деңгейіне жеткізуді қамтамасыз етуге және басқа мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны - бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеуқаржы, субвенциялар, субсидиялар.

     Демеуқаржылар кезінде ақшалай қаражаттар қайтарусыз тәртіппен бюджет пен бюджеттік қорлардан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді.

     Субвенциялар - халықты әлеуметтік колдауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және баска мақсаттарға нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.

     Субсидиялар - үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға бюджеттік, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың каражаттары есебінен ақшалай және натуралдық нысандағы жәрдемақылар.

     Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен жэне бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді каржылаңдыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және кайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша төлемдер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет жэне т.б. жүйесін үстауға берілетін жәрдемақылар.4 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫСТАР

     2.1. 2008-2009 жылдары білім  беру сферасына  жұмсалған мемлекеттік  шығыстарға талдау  жасау

     Қазақстанда 5 жастан 24 жасқа дейінгі халықтың 85% білім беру бағдарламаларымен қамтылған. Еліміздегі 4,5 млн. дерлік адам білім алуда. Білім және ғылым саласында 500 мыңға жуық оқытушы мен ғалым жұмыс істейді. Білім және ғылым жүйесімен республика халқының 30%-ға жуығы қамтылған. Республика халқының 99,5%-ы сауатты, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 177 елдің ішінен 14-орынды алады.

     Қазақстан соңғы 12 жылда адамның даму индексінің (АДИ) орнықты артуы нәтижесінде 20-тұғырға алға басты және 73-орын алады, сөйтіп Беларусь мен Ресейден басқа, бүкіл ТМД елдерінің алдына шықты. Бұл ретте өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында АДИ төмендеуінің тек 11 %-ы ғана білім беру деңгейінің төмендеуімен байланысты болды (52 %-ы күтілген өмірдің сүру ұзақтығының кемуіне және 37 %-ы ЖІӨ-нің төмендеуіне негізделді).

     Барлық білім беру деңгейлері тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, білім беру жүйесінің жай-күйіне Қазақстанда жүріп жатқан демографиялық процестер өзінің елеулі әсерін тигізуде.

     Қазақстандағы білімді қаржыландыру соңғы 10 жылда, яғни 2000 жылдан 2010 жылға дейін 7 есе өсті. Оның өзі елімізде білім саласына аса зор рөл бөлінетінін көрсетеді. Кестеде 2001 – 2009 жылдар аралығында білім беру саласын республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі көрсетілен. Анық байқалатындай, білім беру шығыстары жыл сайын өсуде. Оның өзі білімге де қажеттіліктің артуы мен мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық бағдарламасы неізінде жүзеге асыру негізінде қаржыландырылып отыр.  2009 жылы бюджеттен білім беруге жұмсалған шығыстар әлемді жаулап алған дүниежүзілік қаржы дағдарысына қарамастан, 2008 жылға қарамастан 10,7 % - ға өсіп, 709,9 млрд теңгені құрады. ( 2008 жылы – 627,3 млрд).

                                                                              1-диаграмма 

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1993 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 Жарлығымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы құрылған болатын. 1994 жылдан бастап 2009 жылды қоса алғандағы уақытта «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 6540 адам бағдарлама стипендиаты болды.  
2008 жылғы 24 қаңтарда 223 үміткерге, ал 28 наурызда 104 үміткерге, 2008 жылғы 25 маусымда 137 үміткерге, 13 тамызда 356 үміткерге, 2008 жылғы 26 қыркүйекте 66 үміткерге және 2008 жылғы 23 желтоқсанда 425 үміткерге стипендия тағайындалды. Нәтижесінде 2008 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы 1311 үміткерге тағайындалды, оның ішінде 500-і 2007 жылғы үміткер болса, 811 адам 2008 жылғы үміткер еді. 2009 жылғы 20 сәуірде Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда 295 стипендия тағайындалды. 2008 жылғы конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 1106 адам стипендиат атанды.  
2009 жылғы 10 тамызда Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында 2009 жылдың 464 үміткеріне, 2009 жылғы 17 қыркүйекте  – 254, 2010 жылғы 19 қантарда - 590 стипендия тағайындалды. Осының өзі біздің елдегі білім сапасын халықаралық білім стандарттарына жақындатуға жақындатуға мүмкіндік берді.5

1-кесте

 
 
№ п/п
Оқу бағыты  Стипендия тағайындалған жылдар бойынша стипендиаттар саны 
2008 2009 2010 Барлығы 
адам % адам % адам % адам в %
1 Гуманитарлық  632 48 277 28 183 31 2394 42
2 Медициналық 55 4 21 2 18 3 294 5
3 Техникалық  624 48 715 71 389 66 3067 53
  Жиынтығы 1311 100 1013 100 590 100 5755 100
 
 

2008-2010 жж. оқу бағыты бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау 

     Жеке  қаржы көздерінен, сондай-ақ республикалық  және жергілікті бюджеттер қаражаттары  есебінен елімізде электронды оқыту  жүйесін енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Еліміздегі бес  Жоғарғы Оқу Орындары он  білім бағдарламасы бойынша халықаралық аккредитацияны өтуді бастаса,

арнайы  аккредитацияны үш ЖОО өтті.

     Бюджетте  көзделген қаражат, әр түрлі мүдделі  тараптардың үлестік қатысуымен тікелей инвестициялар, қорлар мен  халықаралық ұйымдардың қаржылары.

      Мемлекет  жыл сайын білім беруге оның басымдылығын ескере отырып, бюджет қаражатын бөледі. Бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің күтімі мен тәрбие алуын қамтамасыз ететін заңды тұлғалар білім беру ұйымдары болып табылады.

      Білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар құрылтайшылар құрайды. Білім беру ұйымдарының қызметтері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерімен және солардың негізінде әзірленген жарғылармен реттеледі. Білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар құрылтайшылар құрайды. Білім беру ұйымдарының қызметтері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерімен және солардың негізінде әзірленген жарғылармен реттеледі.6

      Білім беру ұйымының мәртебесін, үлгісін, түрін  оның құрылтайшылары айқындайды және осы заңмен талаптары, білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары, тиісті үлгідегі Білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережелері ескеріле отырып, оның жарғыларында көрсетіледі. Білім беру ұйымдарының мәртебесін растау немесе өзгерту мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

      Білім беру ұйымдары: мемлекеттік (білім беру мекемелері және білім беру кәсіпорындары), жеке меншік болуы мүмкін, мектепке дейінгі, мектептен тыс, арнаулы және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғанбалаларға арналған ұйымдар, жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік және қосымша кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары болып бөлінеді. Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы орган бекітеді.

      Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру  және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарының филиалдары білім беру ұйымдары құрылтайшыларының келісімімен құрылады. Білім беру қызметін лицензиялау ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың білім беру қызметі Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялануға тиіс.

      Білім беру ұйымдарының филиалдары олар үшін лицензияға және қосымшалар беріле отырып, білім беру ұйымдарының құрамында  лицензияланады. Филиал туралы ережемен тіркеу құжаттары лицензияға табыс  етілуі тиіс.

      Азаматтарды білім беру ұйымына қабылдау кезінде сол ұйым оны және оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкілдерін білім беру ұйымының жарғысы мен білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензия мен қабылдау тәртібін және оқу - тәрбие процессін ұйымдастыруды басқа да құжаттармен таныстыруға міндетті қабылдау тәртібі тиісті үлгідегі оқу орындарына қабылдау ережелеріне сәйкес белгіленеді.

      Көптеген  дамыған елдер мектепке дейінгі  білім беруге тең қол жеткізу  үшін мүмкіндіктер жасайды. Бұл тек  қаржыландыру деңгейінде ғана емес сонымен қатар балалардың толық күнге немесе қысқа уақытқа келуіне негізделген мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі модельдерін жасаудан да айқын көрінеді: міндетті аналар мектептері, сәбилерге арналған мектептер, 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға арналған мектептер, ойын топтары, балаларды қарау және күту топтары.

      Қазақстанда 2008 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі  ұйымдардың саны  10 %,  ал  олардағы  балалардың  контингенті өсіп,2 57053 баланы құрады, бұл мектепке дейінгі  тәрбиелеу мен оқыту сұраныстарының өсуі мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті айғақтайды (-кесте). Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдардағы 100 орынға 110,7 баладан келді. Ал оқытушылар саны 27 258 мың адам болды. Сонымен қатар, кезекте тұрған балалар саны азайып, елбасымыз көрсеткендей, 2020 жылы барлық балалар мектепке дейінгі ұйымдарға баратынының алғышарты болды. 7 

      2-диаграмма

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ҚР  мектепке дейінгі ұйымдар саны 

     2008 2009 оқу жылында жалпы саны 2535,5 мың оқушыны қамтыған  7811  күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеді. Олардың ішінде 4391 мектеп – шағын кешенді мектептер (40 оқушыға дейінгі контингентті құрайтын  бастауыш мектеп, 100 оқушыға дейінгі контингентті құрайтын негізгі мектеп және 280 оқушыға дейінгі контингентті құрайтын орта мектеп). 
 
 
 

Информация о работе Сыртқы экономикалық қатынастардағы валюта-қаржы механизмі