Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 10:47, реферат
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операцияларды ақша қаражаттары ман инвестициялар жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған.
Кіріспе
1. Аудиттің пайда болуы мен даму кезеңдері
1.1. Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы
1.2. Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері
1.3. Аудиттің мәні мен маңызы және жіктелуі
2. Негізгі құралдардың аудиті
2.1. Негізгі құралдар, оларды жіктеу мен бағалау
2.2. Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің мақсаты және ақпарат көздері
2.3. Негізгі құралдардың аудиті
3. Аудиторлық қорытынды
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
2.3 Негізгі құралдардың аудиті
Негізгі құралдардың сақталуының, пайдалануының және есебінің аудитінің барысында аудитор:
- Негізгі құралдардың нақты бары мен сақталуын бақылау мен қамтамасыз етілгенін;
- Заттардың негізгі құралдарға дұрыс жатқызылғанын және олардың пайдалану мақсатына, сипатына, заттық нысанына, меншіктік қатынасына, болмыстық құрамдарына қарай дұрыс топтастырылғандығын;
- Негізгі құралдардың есепте дұрыс бағаланғанын;
- Негізгі құралдардың тозуының және жөндеуінің дұрыс құжатталғанын және есепте дұрыс көрсетілгенін;
- Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс құжатталғанын және есепте дұрыс көрсетілгенін;
- Негізгі құралдардың дұрыс және тиімді пайдаланылғанын;
- Негізгі құралдардың нақты бары мен қозғалысы туралы мәліметтердің есепте және есеп беруде дұрыс көрсетілгенін;
- Мүлік салығы бойынша бюджетпен дұрыс есеп айырысқанын анықтауы қажет.
Аудитор аналитикалық есептің мәліметтерінің негізінде негізгі құралдардың құрамы және құрылымымен танысуы қажет (негізгі құралдардың мүліктік есеп карточкалары, ведомость-машиногарммалары). Ол үшін аудитор бірінші кезекте негізгі құралдардың сипаты және ұйымның қызметінде пайдалану мақсатына, заттық құрамына, иеленуіне қарай дұрыс топтастырылғанын және негізгі құралдар белгілеріне қарай кіріске алынып, техникалық құжаттары мен мүліктік карточкаларының негізінде топтастырылғанын анықтайды:
- Негізгі құралдар
өндіріске қатысуына қарай
өндірістік және өндірістік
- негізгі құралдар сипаты мен ұйымның қызметінде пайдалану мақсатына қарай былай бөлінеді: жер; үйлер мен ғимараттар; машиналар мен жабдықтар; кемелер; ұшақтар; автокөліктік құралдар; жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымалы мүлік және кеңсе жабдығының жекелеген түрлері;
- пайдалану
сипатына қарай негізгі
- заттық құрамына
қарай негізгі құралдар
- меншігінде
болуына қарай негізгі
Негізгі құралдардың нақты бары мен сақталуы бақылаумен қамтамасыз етілгенін тексеру үшін аудитор:
- ұйым басшысының бұйрығымен материалды жауапты тұлғаның бекітілгенін;
- материалды
жауапты тұлғамен толық жеке
материалдық жауаптылық туралы
жазбаша келісім шарттың
- материалды-жауапты
тұлғаға материалдық
- ғимаратты
өрттен-қорғау сигнализациялары
- ұйым басшысының
бұйрығымен материалдық
- негізгі құралдарға
түгендеу жүргізілетінін және
оның нәтижелері
Сонан соң аудитор негізгі құралдардың бағалануының және қайта бағалануының дұрыстығын тексеруі қажет.
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оларды бағалаудың қабылданған біртұтас принципі болып табылады. Қаржылық есеп берудің 16 Халықаралық стандартына сәйкес негізгі құралдар бастапқы құн, ағымдағы құн, қалдық (жойылу) құн, келісілген құн бойынша бағаланады.
Негізгі құралдардың бағалануының дұрыстығын тексеру келіп түскен негізгі құралдар бойынша бастапқы құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Кәсіпорындарға негізгі құралдар қаржылық салымдар, басқа кәсіпорындар мен тұлғалардан сатып алу, тегін беру, жарғылық қорға салымдар салу, негізгі құралдардың артық шыққандарын балансқа есепке алу және т.б. нәтижесінде кірістеледі.
Аудитор негізгі құралдардың кіріске алыну тәртібінің сақталуын тексеру барысында мыналарды:
- келіп түскен
негізгі құралдарды кәсіпорын
жетекшісімен бекітілген
- қабылданған
негізгі құралдарды рәсімдеген
кезде әр объектіге акт
- негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. есебін жүргізген кезде, объектілер бір типті, олардың құндары бірдей болып, бір күнтізбелік ай ішінде қабылданған болса ғана рұқсат етіледі;
- актіге объектінің техникалық құжаттары (паспорт, сызбалар және т.б.) тіркелінгенін;
- негізгі құралдардың қабылдау-тапсыру актісі толтырылып рәсімделгеннен кейін оның кәсіпорын бухгалтериясына берілгенін;
- қабылдау-тапсыру
актісіне бас бухгалтердің
- қабылданған
негізгі құралдарға
- кіріске алынған негізгі құралдардың тұрған және пайдалану орындары бойынша материалды жауапты тұлғаларға бекітілгенін, олармен шарт жасалғандығын анықтап алуға тиіс.
Аудитор негізгі құралдардың бағалануының және қайта бағалануының дұрыстығын тексеру барысында үлес қосушылардан жарғылық капиталды толтыру мақсатымен кіріске алынған негізгі құралдардың бастапқы құны, тозуы және жарғылық капиталға салым ретінде есепке алынатын келісілген құнының көрсетілген тізіміне аса назар аударуы қажет.
Егер келіп түскен бірнеше бұйымдар, құрал-саймандар, тағы басқалар қосылып бір мүліктік объектіні құрайтын болса, онда осы мүліктік объектінің құрамына кіретін барлық бұйымдардың тізімі көрсетілуі тиіс.
Сатылатын негізгі құралдар бойынша, оларды өткізу кезінде баланстық құнынан төмен емес нарықтық құны анықталуы қажет.
Негізгі құралдарды тегін берген жағдайда қосылған құн салығы есептелінуі тиіс. Салықты негізгі құралды сатушы жақ төлейді.
Тозған, бүлінген, істен шыққан негізгі құралдарды есептен шығарған кезде іске жарайтын материалдар, бөлшектер бухгалтерлік есептің 1315 – «Басқа да материалдар» шотында есепке алынуы тиіс.
Негізгі құралдардың қозғалысы туралы ақпаратты талдап қорыту үшін 2400 – «Негізгі құралдар» бөлімінің 2410 – «Негізгі құралдар», 2420 – «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» шоттарының мәліметтері қолданылады.
Аудитор негізгі құралдардың бағалануының есебін тексеру барысында шоттар корреспонденциясының дұрыстығына назар аударуы қажет. Қайта бағалау нәтижесіндегі негізгі құралдардың бағасының өсуі 2410 – «Негізгі құралдар» шотының дебетінде және 5320 – «Қайта бағалауға арналған резерв» шотының кредитінде жазылуы тиіс. Қайта бағалау нәтижесіндегі негізгі құралдардың бағасының кемуі бұрынға жүргізілген қайта бағалау сомасының көлемінде бастапқы құнды түзеткенде 5320 – «Қайта бағалауға арналған резерв» шотының дебетінде және 2410 – «Негізгі құралдар» шотының кредитінде, ал жинақталған амортизация сомасына түзету жүргізілгенде 2420 шотының дебетінде 5320 – «Қайта бағалауға арналған резерв» шотының кредитінде көрсетілуі тиіс. Ал бұрынғы жүргізілген қайта бағалау сомасынан жоғары бастапқы құнды түзеткенде 7420 – «Активтердің құнсыздануынан болған шығыстар» шотының дебетінде және 2410 – «Негізгі құралдар» шотының кредитінде, жинақталған амортизация сомасына түзету жүргізілгенде 2420 – «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» шотының дебетінде және 7420 шотының кредитінде көрсетілуі тиіс.
Аудитор негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесін тексерген кезде егер негізгі құралдардың құны өсетін болса, онда бұрын 7420 шотының дебетінде есепке алынған сома табыс ретінде қайта қалпына келтіріліп 2410 шотының дебетінде және 5320 шотының кредитінде көрсетіледі, ал егер бағалауға дейінгі сома бұрын осы объект бойынша 7420 шотының дебетінде көрсетілген сомадан артық болса, онда бұл сома 2410 шотының дебеті мен 5320 шотының кредиті бойынша көрсетілетіндігін ескеру қажет бухгалтерлік жазуы беріледі.
Аудитор негізгі
құралдардың аудитінің
Аудитор негізгі құралдардың қозғалысын қадағалау кезінде негізгі құралдардаң кірістелуі, ішкі орын ауыстыруы және есептен шығарылуына байланысты шаруашылық операциялардың корреспонденциясының дұрыстығына назар аударуы тиіс.
Негізгі құралдардың түсуі бойынша бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесі және олардың арасындағы өзара байланыстары 1-суретте келтірілген.
1 – сурет
Негізгі құралдардың түсуі бойынша бухгалтерлік есеп шоттар жүйесі және өзара байланысы тексеру бағыты
ТЕКСЕРУ
Дебет 2410
Негізгі құралдар ұзақ уақыт (бір жылдан жоғары) бойы өндіріс процесіне қатысып, өзінің қасиетін, қалпын сақтай отырып біртіндеп тозады.
Қаржылық есеп берудің №16 халықаралық стандартына сәйкес бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес тозу – бұл негізгі құралдардың күш-қуаты мен моральдық сипаттамаларын жоғалту процесі.
Амортизация – жұмыс істеу мерзімі бойынша активтің амортизацияланатын құнын жүйелі түрде бөлу түріндегі тозудың құнмен көрсетілуі. Амортизациялық аударымдар шығындар ретінде танылып, табыстан тікелей немесе жанама шегеріледі. Олар активтің пайдалы қызмет мерзіміне сүйене отырып анықталуы тиіс.
Қаржылық есеп берудің №16 халықаралық стандартына сәйкес пайдалы қызмет ету мерзімі – бұл негізгі құралдарды пайдаланудан экономикалық пайда табу көзделіп отырған кезең.
Осы стандартқа сәйкес негізгі құралдардың сондай-ақ нормативтік қызмет мерзімі де анықталынуы тиіс. Нормативтік қызмет мерзімі – бұл ұйым белгіленген нормаларға сәйкес негізгі құралдардың тозуын есептейтін кезең.
Актив ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай оның өзіндік құны бойынша немесе барлық жинақталған шығындарды қоспағандағы қайта бағалау күніне дұрыс құны болып табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.
Қаржылық есеп берудің №16 халықаралық стандартына сәйкес амортизация есептеуде әр түрлі әдістер қолданылады:
Негізгі құралдардың әр түріне амортизация есептеудің әр түрлі әдістерін қолдануға болады. Бірақ жыл бойында негізгі құралдардың бір түріне бір ғана әдісті қолдану керек.
Ұйымдар негізгі
құралдардың күй-жайын
Амортизация есептеудің таңдап алынған әдісі есеп саясаты арқылы айқындалып, бір есеп беру кезеңінен екіншісіне дейін дәйекті түрде қолданылып отырады.
Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелгенін тексеру үшін аудитор мыналарды:
- есептік саясатта
бекітілген амортизация
- есептеуде
амортизация нормаларының
- негізгі құралдардың тозуын есептеу ведомосінің дұрыс есептелініп толтырылғандығын;
- жолаушы және
жүк тасымалдайтын
- негізгі құралдар
есепке алынғанда және есептен
шығарылғанда тозу есептеу
- пайдалы қызмет
ету мерзімі бітуіне
- негізгі құралдардың пайдалы қызмет ету мерзімі (ұзартылғанды, қысқартылғанда) қайта қаралып, тозу есептеу тәртібіне өзгерістер енгізілгендігін;
- тозу есептеудің
жедел әдістерін қолданудың
- күрделі жөндеуге
және қайта жарақтандырып, жабд