Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 18:04, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты «Локомотив сервис орталығы» АҚ - да негізгі құралдардың есебі мен талдауын ұйымдастыру.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселерді қарастыру қажет:
־ кәсіпорынның негізгі қаржы - экономикалық кәсіпкерлігі бойынша негізгі құралтар түсініктеме беру;
־ негізгі құралдардың есебін жүргізуді қарастыру;
־ талдау жүргізу әдістемесінің мәнін және есебін анықтап көрсету.
Бұл жұмыста өндірістің меншікті негізгі құралдардың есебі, оған қоса толығымен операциялардың талдауы жасалынған.
деп аталатын шоттың кредитіне жазылады.
Ал негізгі құралдарға жөндеу жүргізген уақытында бұл резервтегі қордың жұмсалуына төмендегідей бухгалтерлік жазу жазылады. Егер негізгі құралдарды жөндеу шаруашылық әдіспен, яғни субъектінің өз күшімен жүргізілсе, Қосалқы өндірістер шоты кредиттелініп, Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер шоты деьиттелінеді. Ал егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілсе Өнім беруші және мердігерлермен есеп айырысу шоты кредиттелініп Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген ьөлемдер шоты дебиттелінеді. Жыл соңында Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер деп аталатын шотта ешқандай қалдық қалмауы керек.
3 – кесте. Негізгі құралдарды жөндеу жұмысы барысында бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар
№ |
Операцияның мазмұны |
Дебиттелетін шот |
Кредиттелетін щот |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындар |
7110,7210,8410 |
1310,2110,3350,3130, 3200,1030,1010 |
2 |
Негізгі құралдарды жөндеу үшін резерв қор құрылғанда |
1340,7110,7210,8410 |
3230 |
3 |
Негізгі құралдарды жөндеу үшін жасаалған резервтік қор пайдаланғанда, яғни жұмсалғанда:
|
3230
3230 |
8310
3350 |
Радостовец В.К. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» окулығында негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін арттыру үшін және олардың пайдалану мерзімінде үнемі жұмыс жасау қабілетінде болуын қамтамасыз ету үшін оларды мезгіл-мезгіл сапалы жөндеуден өткізіп, отыру қажет және техникалық күтімнің дұрыс ұйымдастырылуын қадағалап отырған жөн. Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және мерзімдерін белгілеу негізгі құралдардың пайдалану қарқынына және пайдалану ортасының жағдайына қарай анықталады. Осыған байланысты әр шаруашылықта жөндеу жұмыстарының жоспары жасалынып, жөндеуге кететін шығындарының сметасы жасалынады.
Жөндеу жұмыстарының сипаты және күрделілігіне байланысты оларды:
Негізгі құралдардың қалыпты жағдайда жұмыс істеуінің басты шарттарының бірі техникалық күтімін (ұдайы үйкелісте болатын байланыс тетіктерін уақытылы майлап тұру, мотордың майын дер кезінде ауыстыру т.с.с) дұрыс ұйымдастыру. Бұл жұмыстарды негізінен жауапкершілігіне бекітілген адамдар негізгі құралдардың жұмыс ырғағын бұзбай атқарып отыруы керек. Ол жұмыстар үшін арнайы еңбекақы төленбейді және материалдық шығындары да болмашы. Сондықтан ол жұмыстардың бөлек есебі жұргізілмейді.
Ағымдағы жөндеу кезінде
құралдырдың қалыпты жұмыс
Күрделі жөндеу кезінде негізгі құралдар пайдаланудан уақытша алынып, олардың тозған негізгі бөліктері ауыстырылады немесе жөнделеді. Негізінен күрделі жөндеулерді жоспарлы түрде ұйымдастырады (апатқа ұшыраған негізгі құралдардан басқа). Негізгі құралдарды күрделі жөндеуден өткізі үшін міндетті түрде олардың негізгі бөлшектерін құрамы бойынша түгел ажыратып, ішіндегі тозған детальдарын ауыстырып немесе жөндеп қайта жинайды.
Күрделі жөндеуде екі түрлі тәсілмен жасауы мүмкні. Біріншіден, шаруашылықтың өзінде жөндеу материалдары және білікті мамандары жеткілікті болған жағдайда және жөндеу жұмыстарын жүргізуге толық жағдай жасалған болса жөндеу жұмыстары шаруащылықтың өз күшімен орындалады. Мұны шаруашылықтың тәсіл деп атаймыз.
Екіншіден, білікті мамандар мен жөндеу материалдары тапшы болса және жөндеу жұмыстарын жүргізетін орын жағдайы нашар, немесе жоқ болса, онда күрделі жөндеуді мамандандырылған мекемелер орындайды. Мұны мердігерлік тәсіл деп атаймыз.
Күрделі жөндеуден өткізілуге
тиіс негізгі құрал білікті
2.2. Негізгі құралдарды жалға алудың есебі
Шаруашылық жасаушы субъект үшін өзінің қаражылық жағдайын және төлем қабілеттілерден негізгі құрал объектілерін уақытша пайдалануға,яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін.
Жалға жасалатын келісім-шартта: жалға берілетін мүліктің құралы мен құны; жол ақысының мөлшері; жалдық мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарт және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жол ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және басқа қарастырылады.
Негізінен алғанда , жалға алу нысаны оның мәнін белгілейді, демек, жалға алу нысаны мен жал бойынша жасалған келісім-шарттың жағдайы есепке көрсетілетін операцияға да әсер етеді.
Жалгерлік есеп №7-ші «Жалгерлік есеп» деп аталатын бухгалтерлік есептің стандартымен ұйымдастырып ретеледі және сонымен жол мерзіміне байланысты қаржылық және ағымдағы болып бөлінеді.
Жал келісім-шарты қол қойылған күннен бастау алады.
Жал мерзімі- көпке дейін өзгертуге жатпайтын кезеңімен ерекшеленеді және сол жалға алынған мүлік келісім-шартпен ресімделеді, сондай-ақ кез келген келесі кезеңге оның ақысы төленіп немесе төленбей-ақ ұзартылуы мүмкін.
Ағымдағы деп - қаржыландырылатын жалгерліктен басқа кез келген жалгерліктің түрін айтады. Ағымдағы жалгерлікте жалгерлік төлемі бүтін жалгерлік мерзімінің боцында жүйелі түрде әрбір есеп алушының мүлікті тек уақытша иемденуі деп түсіндіріледі. Жалға берілген негізгі құрал жалға берушінің бухгалтерлік есебіндегі 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісілі субшоттарында, яғни негізгі құралдардың құрамында көрініс табады.
Алынуға жататын жал ақысы келісілген келісім-шартқа сәйкес 1430-«Басқа да» шоттың дебетінде және 3280,705 (жалға субъектінің негізгі қызметі болса шоттарының кредитінде көрініс табады.
7210 егер де негізгі құрал жалпы шаруашылық қажеттілігі үшін пайдаланылса 3210 шоттың кредитінде көрініс табады.
Қаржыландырылатын жал өз мәні бойынша жалға алушының есебінен ұзақ мерзімге алынатын несиелеудің нысаны болып табылады.
Қаржыландырылатын жал-мүлікке меншіктік құқымен байланысты, жалға берушінің алжасымен қоса, онымен байланысты болатын тәуелділіктің де үлкен бір бөлігін жалға алушы өз жауапкершілігіне алады.
Қаржылық лизинг - бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға алу, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амартизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады.
Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлуі мүмкін. Ішкі лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да ҚР-ның резиденті болып табылады. Халықаралық лизинг, негізінен ҚР-ның резиденттері емес тұлғалары жүзеге асырады.
Жалға берушіде
1. Бұрын пайдалануда болған негізгі құралдарды жалға берген кезде
Дт 7410 Кт 2412-2416
2. Есептелген жалдау процентінің сомасына
Дт 2940 Кт 4420
3. Есепті кезең басталған кезде жалдық % кіріс ретінде есептен шығарылады Дт 4420 Кт 6110
4. Жалгерден жалдау ақысы келіп түсті:
а) амортизация бөлігінде
Дт 1010,1020,1050,1060. Кт 1430
б) жалдық % бөлігінде
Дт 1010,1020,1050,1060 Кт1270
Жалгердің есебінде мынандай бухгалтерлік жазбалар жасалады:
Жалдау мерзімінің соңында негізгі құралдар өтемін төлеу былайша көрсетіледі: жалға берушінің шоты бойынша өтемін төлеп қайтарылмаса
Дт 2412-12116 Кт 3310
Есептелген тозудың сомасына:
Дт 2421-2428/2 Кт2412-2416/2.
Негізгі құралдарды есептен
шығарған кезде «Негізгі құралдардың
есептен шығару актісі» толтырылады.
Актіні субьектінің басшысы
Есептен шығаруға жұмсалған, сондай-ақ жоюдан
және үйлерді, ғимараттарды бұзғаннан,
құрал-жабдықтарды бөлшектегеннен түскен
материалдық құндылықтардың бағасы актінің
«Объектіні есептен шығару нәтижелерінің
есебі»деген бөлімінде қарастырылады.
Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар
объектісінің баланстық құнын тану мынадай
жағдайда міндетті түрде тоқтатылуға
тиіс,шығып қалғаннан кейін, не оны пайдаланудан
немесе шығып қалуынан болашақ экономикалық
пайдалар күтілмесе.
Жылжымайтын мүлік,
үйлер мен жабдықтар объектісін танудың
тоқтатылуына байланысты туындайтын пайда
немесе залал ондай объектіні тану тоқтатылған
жағдайда міндетті түрде пайдаға немесе
залалға қосылуға тиіс (егер 17 IAS кері жалдап
сату кезінде өзгеше талап етпесе). Пайданы
кіріс ретінде сыныптауға тиым салынады.
Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің шығып қалуы әр түрлі жолдармен жасалуы мүмкін (мысалы, сату, қаржылық жалдау шартын жасау немесе сыйға тарту жолымен). Ондай активтің шығып қалған күнді анықтау үшін ұйым тауарлар сатудан түскен кірісті тануға арналған 18-«Табыс» IAS Халықаралық стандартының өлшемдерін қолданады. 17 IAS кері жалдап сату жолымен істен шығаруға қолданылады.
Егер, баяндалған тану принципіне сәйкес, ұйым жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнында осы объектінің бір бөлігін алмастыру құнын танитын болса, осы алмастырылатын бөлік бөлек амортизацияланған ба, жоқ па, соған қарамастан, ол алмастырылатын бөліктің баланстық құнын тануды тоқтатады. Егер ұйым активтің алмастырылған бөлігінің баланстық құнын анықтай алмайтын болса, ол алмастыру құнын оны сатып алған немесе салған кездегі алмастырылған бөлік құнының көрсеткіші ретінде пайдалануға құқылы.
Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар
объектісін танудың тоқтатылуына байланысты
туындаған пайда немесе залал, шығып қалудан
болған таза түсімдер (егер ондайлар бар
болса) мен осы объектінің баланстық құны
арасындағы айырма ретінде міндетті түрде
анықталуға тиіс.
Жылжымайтын мүлік,
үйлер мен жабдықтар объектісі шығып қалғаннан
кейін алуға ыңғайласпа беру бастапқыда
оның әділ құны бойынша көрсетіледі. Жылжымайтын
мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі
үшін ақы төлеуді кейінге қалдырған ретте
алынған ыңғайласпа беру бастапқыда объектінің
ақшалай қаражаттар баламасындағы бағамен
көрсетіледі.
Негізгі құралдарды есептен
шығарудың қабылданған тәртібін
бұзған жағдайда жою нәтижесінде
алынған материалдық
Негізгі құрал-жабдықтарды бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға беру кезінде екі дана етіп акт жасалады.акт негізінде мүліктік түгендеу тізіміне негізгі құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі соғады.
Негізгі құралдарды есептен шығару актісінің негізінді өндіріс құрал-жабдықтары есептен шығарылды:
- обектінің пайдалану кезіндегі есептелген тозу сомасы
Дт 2423 Кт 2413
- объектінің баланстық құнына
Дт 7410 Кт 2413
Шаруашылықты жүргізуші субьект қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өзіне тиісті үйлер мен ғимараттарды, құрал - жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал-саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға бёруге, уақытша тегін пайдалануға беруге немесе заң актілері мен субьект жарғысында бұл іс - әрекеттер көзделмеген болса, оларды баланстан шығарып тастауына болады.
2.3. Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі
Қызмет көрсету мерзімі мен күйіне байланысты негізгі қорды бағалаудың келесі түрлері кездеседі: