Негізгі құралдар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 18:53, курсовая работа

Краткое описание

Халық шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізеді.

Оглавление

Кіріспе……………………………………………………………...............2-3
1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі........................................4-7
2. Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдану кезіндегі негізгі құралдар есебінің ерекшеліктері.....................................................8-18
3. Негізгі құралдардың бағалануы, негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру...................................................................................19-24
4. Негізгі құралдардың тозу есебі және амортизацияны есептеу әдісі.................................................................................................25-35
Қорытынды.............................................................................................36
Қолданылған әдебиеттер........................................................................37

Файлы: 1 файл

негізгі құралдар обновленный.doc

— 254.50 Кб (Скачать)

 

 

 

Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдардың бастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:

а) негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда (кеңейткенде, жаңартқанда және т.б.) немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;

ә) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда.

Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек обьекті бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Негізгі құралдарды пайдалануға берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уақытының арасында айырмашылығы жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбекақысы жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады. Негізгі құралдардың құны оны бір кезде жасап шығаруға өндіруге, салуға кеткен, жұмсалған қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Осыған байланысты негізі құралдарды оқтын оқтын, уақыт өте қайтадан бағалап (индексациялап) тұрады.

Негізгі құралдарды қайтадан бағалау (индексациялау) кезінде оның осы кездегі, яғни бүгінгі күні өндіріп шығаруға кететін құны анықталады. Бұл негізгі құралдың қалпына келтіру құны деп аталады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдарды тиісті  түрде бағалағаннан (индексациялағаннан) бастап оларда баланста қалпына келтіру құнымен есептейді.

Негізгі құралдың бастапқы бағасын белгілі бір күндегі қолданылып жүрген бағаға сәйкес келтіру мақсатында обьектілерді қайта бағалау жүргізіледі.

Қайта бағалау жүргізілген күні ұйымда негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасы негізгі құралдардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субьектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген кіріске  актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады.

 

 

 

 

 

Негізгі құралдар бойынша шоттар корресподенциясы

 

Операция мазмұны

Дебет

Кредит

1.Негізгі құралдардың жаңа нысандарын бастапқы құны (қосымша құнға салынатын салықты қоса есептегенде) бойынша заңды немесе жеке тұлғалардан ұзақ мерзімді есеп айырысу немесе төлемі кейінге қалдыру тәртібінде ақыға сатып алғанда

2410 «негізгі құралдар» шотының – негізгі құралдардың түскен нысандарының қосымша құнға салынатын салықсыз бастапқы құнына

1420 «қосылған құн салығы» - негізгі құралдардың осы нысандары бойынша есептелген қосымша құнға салынатын салық сомасына

 

3310 «жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» - төленуге тиісті қабылдап алу беру кесімінің сомасына

2.Негізгі құралдардың түскен нысандары үшін мердігерлердің (жабдықтаушылардың) есеп айырысу құжаттарын төлегенде

3310 «жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек»

1030 «ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары»

3.Бюджетке төлем есебіне жатқызылатын қосымша құнға салынатын салық сомасы  мердігердің (жабдықтаушының) есеп айырысу құжаттарын төлеу және негізгі құралдардың (үйлер, құрылыстар мен жеңіл автомобильдерден басқа) нақты түсуі

3130 «қосылған құн салығы»

1420 «қосылған құн салығы»

4.Негізгі құралдардың сатып алынған нысандарының баланстық құны (қосылған құнға салынатын салықсыз) мердігердің есеп айырысу құжаттары бойынша нысандар бірден нақты түскенде төленсе

2410 «негізгі құралдар»

1010  «кассадағы ақша қаражаты»

1030 «ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаты

5.Негізгі құралдардың түскен нысандарының жиналған мортизация сомасына

2410 «негізгі құралдар»

2420 «негізгі құралдардың амортизациясы»

6.Мердігердің есеп айырысу құжаттарына енгізілген жеткізу, орнату және делдалдық операциялар бойынша шығындар сомасына есеп айырысу нысандары мен төлем көздеріне

2410 «негізгі құралдар»

1010  «кассадағы ақша қаражаты»

1030 «ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаты

 

7.Негізгі құралдардың осы нысандары үшін төленген есеп айырысу құжаттары бойынша қосылған құнға салынатын салықтың сомасына

 

 

 

1420 «қосылған құн салығы»

 

 

1010  «кассадағы ақша қаражаты»

1030 «ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаты

8.Пайдалануда болған және баланстық құны (қосылған құнға салынатын салықсыз) бойынша ақыға сатып алынған негізгі құралдар нысандарының ұзақ мерзімді есеп айырысу немесе төлемді кейінге қалдыру  тәртібімен түсуі

 

 

2410 «негізгі құралдар»

 

3110 «жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек (бір жылға дейінгі мерзім)

4110 «жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек» (бір жылдан асатын мерзім)

 

 

 

4. Негізгі құралдардың тозу есебi және амортизацияны есептеу әдісі

 

Балапанова Ә.Ж. мен Баймұханова С.Б. «Бухгалтерлік есеп» оқу құралында былай делініп жазылған: негізгі құрал өндіріс процесіне қатысумен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етумен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық) (заман               талабына               сай               келмеуі). 
              Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны)               пайда               болады. 
          Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық процеске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі құралдарды бұдан әрі қолдану экономикалық               жағынан               тиімсіз               болып               қалады. 
              Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуын мынадай факторлар арқылы анықтайды: өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру); технологиялық процесті жетілдіру – жаңа технология қолданған кезде пайдаланудағы машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын өнімнің номенклатурасын өзгерткенде және жаңартқанда (ескі машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз болып танылады); жұмысшы күшінің еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар біліктігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерімдер өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын талап ету мүмкін; өндірістің өңдеуші салаларындағы өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға қажетті шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің өндіретін салаларында өндіріс көлемінің               қысқаруына               әкеліп               соғуы               мүмкін. 
              Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиға тозу мерзімі келгенге дейін негізгі құрал-жабдықтар объектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді) түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Мұражай және көркем туынды құндылықтары, кітапхана кітаптары, фильм қорлары, сәулет және өнер көрсеткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттар және басқа барлық негізгі құралдар моральдық тозуға ұшырайды. 
              Амортизация (латынның «өтеу» деген сөзінен) – тозудың құндық көрінісін білдіреді. 

№16 «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандартына (ХҚЕС) сәйкес, амортизация – активтің қызмет еткен мерзімі бойына амортизацияланған               құнды               тарату               процесі. 
              Баланстық құн – кез келген жинақталған амортизация және құнсызданудан жинақталған залал шегерілгеннен кейін актив танылатын сома. Өзіндік құн – бұл активті сатып алу үшін немесе тұрғызу кезінде берілген төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының сомасы немесе өзге қарсылама берудің әділ құны, не бұл қолданылатын жерде мұндай активті басқа Халықаралық стандарттардың, мысалы, 2-«Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер» IFRS нақты талаптарына сәйкес оны бастапқы тану кезіндегі бағалау сомасы. Амортизацияланатын құн – жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома. Амортизация – активтің амортизацияланатын құнын оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу. Нақты ұйымға арналған айрықша құн – ұйымның болжамына сәйкес қандай да бір активті пайдалануға және оның пайдалы қызмет мерзімінің соңында шығып қалуына байланысты, не қандай да бір міндеттемені өтеуге байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттар тасқынының дисконтталған құны. Әділ құн – жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелсіз тараптардың арасында мәміле жасаған кезде активті айырбастауға болатын сома. Құнсызданудан болған залал - активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сома. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар мынадай материалдық активтерді білдіреді: тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған; және бір кезеңнен астам уақыттың ішінде пайдалану көзделетін. Өтелетін сома – екі мәннің ішіндегі үлкені: активті таза сату бағасы және оны пайдалану құндылығы. Активтің жойылу құны – егер осы актив, болжауға болатындай, пайдалы қызмет соңында болатын мерзімге және жағдайға жететін болса, шығып қалуға болжанып отырған шығындарды шегеріп, активті өткізуден ағымдағы кезеңде ұйым алатындай есептік сома. Пайдалы қызмет мерзімі – бұл ұйымның активті пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі; не активті пайдаланудан ұйым алады деп болжанып отырған өндіріс бірлігінің немесе сол               сияқты               бірліктердің мөлшері. 
              Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударым әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады. 
              Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша - шыққан айдан кейінгі айдың бірінші               күнінен               бастап               тоқтатылады. 
              Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады. 
              Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді. 
              Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды. 

Одан басқа, мына төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архитектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль               жолдары. 

              Құнсызданудан болған залал - активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сома, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар мынадай материалдық активтерді білдіреді.

Сатып алу құнын төлегеннен кейін ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар жалға алушының меншігіне айналады. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы 13-ші бөлімшенің 12-ші «Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы» деген аралық шотының дебеті бойынша және 13 бөлімшенің 1-ші аралық шотының кредиті бойынша               көрсетіледі

              Дүйсембаева К.Ш. «Бухгалтерлік есеп» оқу құралында жазылғандай негізгі құралдар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып табиғи нысаны) табиғи-климаттық жағдайлардың әсерінен басталады. Нәтижесінде негізгі құралдар               құнының бөлігі жоғалады. 

Негізгі құралдардың моральдық тозуы техникалық прогреспен, өндіріс әдістерінің жетілуі және жаңаруымен байланысты. Техника және технологияны жетілдіру қолданыстағы негізгі құралдарға қатысты өндірісті арзандатуға мүмкіндік тудырады. Соған байланысты пайдаланудағы негізгі құралдар өз құнының бөлігін жоғалта отырып, құнсыздана бастайды. Өндіріске неғұрлым жетілген және үнемді машина, жабдық, үй мен ғимараттар түрлерін, жануарлардың тұқымдарының, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сараптарының жаңа және жақсартылған, неғұрлым өнімдірек түрлерін жасалуы мен ендірілуі қолданыстағы негізгі құралдарды одан әрі қолданудың экономикалық тиімділігін көрсетіп берді. 
Негізгі құралды               моральды               тоздыратын факторлар:

1. Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа,               неғұрлым               өнімделуіне               ауыстырады);

2. Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар               мен               жабдықтарды               пайдалану               мүмкін емес); 

3. Шығарылатын өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз); 

4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуда субъектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азаюы; 

5. Жұмыс күшінің білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің               географиялық               орналасуындағы               өзгерістер. 
Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды               талап               етуі               мүмкін; 

6. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің өндіру салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай мен қылқалам құндылықтарынан, кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізі құралдардың               барлығы               моральды               тозуға               бейім. 
              Амортизация – бұл тозудың құндық белгісі. Бұл негізгі құралдардың амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі қорлардың (негізгі құралдың) жай және кеңейтілген өндірісіне айналдырудың               объективтік               процесі. 
              Амортизациялық құн - дегеніміз бастапқы құн мен жою құнының арасындағы айырмашылық. Ол негізгі құралдар келіп түскенде қосалқы бөлшектердің, сынықтардың қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың               болжамдық               құны               ретінде               анықталады. 
              Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалады. 
              Амортизация нормасы – бұл амортизциялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы. 
Нормалар еңбек құралдарының экономикалық мақсатта қызмет мерзіміне орай белгіленеді. Олар негізгі құралдар өтелуінің нормативтік мерзімін көрсетеді. Олардың деңгейі негізгі құралдың ұзаққа шыдамдылығы мен физикалық тозуына байланысты. Мұның өзі еңбек құралдарының техникалық-құрылымдық және материалдық - заттық ерекшеліктеріне, пайдаланудағы негізгі құралдың (әсіресе машиналардың, жабдықтардың) нақты жасына, қолданыстағы еңбек құралдарының моральдық тозуына байланысты               анықталады. 
              Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының амортизациялық аударымының нормасы 1 000 км жүрістің баланстық құнына процентпен белгіленуі мүмкін. Жыл бойы әрбір айдағы амортизациялық аудырымдардың мөлшерін анықтау негізгі құралдар құрамының өткен айда өзгеруіне байланысты, сондай-ақ негізгі құралдардың толық амортизациясына нормативтік қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты белгіленген нормаларға түзетілген амортизация нормасына қарай жүргізіледі. 
Қайтадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу енгізілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады. Шығарылған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу шығарылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады. Қайтадан құру мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша, егер олар толықтай тоқтатылса және НҚ консервацияға жіберілмесе, амортизация есептеу жүргізілмейді. 
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалдау шартының нысанына және шарттың талаптарына сәйкес жалгер немесе жалға беруші жүргізеді.

Информация о работе Негізгі құралдар есебі