Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 18:53, курсовая работа
Халық шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізеді.
Кіріспе……………………………………………………………...............2-3
1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі........................................4-7
2. Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдану кезіндегі негізгі құралдар есебінің ерекшеліктері.....................................................8-18
3. Негізгі құралдардың бағалануы, негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру...................................................................................19-24
4. Негізгі құралдардың тозу есебі және амортизацияны есептеу әдісі.................................................................................................25-35
Қорытынды.............................................................................................36
Қолданылған әдебиеттер........................................................................37
Мынаны ескерте кетемін, экономикалық пайда алу үшін негізгі құралдар обьектісі мынадай операциялар жүргізу барысында пайдаланылады:
ұйым сататын тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетуде бөлек, сол сияқты басқа активтер мен үйлестіріліп пайдаланылады;
сатылуы немесе басқа активтерге ауыстырылуы;
Міндеттемелер бойынша есеп айырысу шотына берілуі;
Ұйымның меншік иелері арасында бөлінуі мүмкін;
Менің пікірімше, біріншіден, тоңазытқыш, үй, офис жиһаздарын, сатып алу бойынша операциялар мекеме үшін, атап айтқанда активтердің туындауына немесе кәсіпорынның шығыстар жұмсауына ғана әкеп соқты ма, соны айқындау қажет.
АҚ «Коксу-Шекер» мекемесінің қаржы директоры тоңазытқыштың теледидардың, жиһаздардың фирма қызметкерлеріне ыңғайлы еңбек жағдайларын жасау үшін ғана сатып алынғаның және алдағы уақытта компания басшыларында оларды басқа мақсатқа пайдалану ниетінің жоқ екендігін түсіндірді. Атап айтқанда: кәсіпорын тауарлар шығарғанда, жұмысты орындағанда, қызмет көрсеткенде оларды жеке, сол сияқты басқа активтермен үйлестіріп те пайдалануды жоспарламайды, сондай – ақ оларды немесе басқа активтерге айырбастау, міндеттемелер бойынша есеп айырысу шотына береді.
Айтылғандарға байланысты мынаны қосқым келеді, кәсіпорындар негізгі құралдарды, әдетте, пайдалану үшін емес, оған салынған капиталдан пайда алу үшін сатып алады. Сондықтан негізгі құралдардың бағалылығы олардың пайда әкелуінде болып табылады. Егер активтер кіріс әкелінетін болса, онда оларды кәсіпорынның есептілігінде негізгі құралдар ретінде көрсетудің мәні жоқ, дегенмен, объектілерді есепке алу және сақталуын бақылау мақсаттары үшін мекемелердің:
осындай объектілердің баланстан кейінгі есебін жүргізуі;
оларды материалдық жауапты адамдардың есептілігіне қоюы;
ішкі бақылаудың жұмыс істейтін жүйесін растау үшін жоспарлы түгендеу жүргізуі қажет шығар.
16-ХҚЕС-да қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектер жөн жабдықтардың көпшілігі әдетте тауарлы-материалдық қорлар ретінде есепке алынып, олардың пайдаланылуына қарай шығыстарға есептен шығарылатыны айқындалған. Алайда, егер мекеме ірі қосалқы бөлшектер мен резервтік жабдықты бір кезеңнен астам уақыт ішінде пайдалануға ниеттенетін болса, мекеменің басшылығы оларды негізгі құралдар ретінде жіктеу қажет екендігін ескергені жөн.
Егер техникалық қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектер мен жабдық негізгі құралдардың белгілі бір объектісіне қызмет көрсету үшін ғана пайдаланылса және олар тұрақты түрде пайдаланылмайды деп болжамдайтын болса, олар негізгі құралдар ретінде есепке алынып, олар қызмет көрсетуге арналған негізгі құралдардың тиісті объектісінің пайдалы қызмет ету мерзімінен аспайтын кезең ішінде амортизациялануға тиіс. Егер объектінің құрамдас бөліктерінің әр түрлі қызмет ету мерзімі болса немесе жекелеген бөліктерін түрлі схемалар бойынша қолданудан пайда алынса, құрамдас бөліктер бөлек амортизацияланатын актив ретінде көрсетілуге тиіс.
Әдістемелік ұсынымдарда жоғарыда көрсетілген 16-ХҚЕС ережесіне түсініктеме беретін барынша көрсеткіш мысал келтірілген: үй және жылыту жүйесі олардың пайдалы қызмет ету мерзімі әр түрлі болғандықтан, бөлек амортизацияланатын активтер ретінде есепке алынуы тиіс .
Осылайша, ХҚЕС-на сәйкес негізгі құралдар объектісі ретінде сатып алынған активті дұрыс жіктеу үшін тағы бір негізге алынатын факторды бөліп көрсетуге болады: ол осы активтің пайдалану мерзімін айқындау.
Бірден мынаны айтқымыз келеді: негізгі құралдардың алдағы уақытта күтілетін қызмет ету мерзімі туралы мекемесінің шешімі бір маманның шешімі болып табылмайды, өйткені маман активтің пайдаланылу процесінің барлық ерекшелігін бермеуі мүмкін. Іс жүзінде бұл шынында да осындай. Бухгалтер есеп жүргізген кезде объектілердің пайдаланылу саласы туралы көп жағдайда толық және дұрыс мәліметтер бермейтін, оларды сатып алу жөніндегі бастапқы құжаттарда көрсетілген ақпаратты ғана біледі.
Қызмет ету мерзімін айқындау бойынша жауапкершілік негізгі құралдарды есепке алу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияға жүктелуі тиіс. Негізгі құралдарды есепке алу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құрудың бастамашысы мекемесінің бухгалтерлік қызметі бола алады. Объектіні қарап шығатын және қабылдайтын комиссияның құрамын және жұмыс тәртібін кәсіпорын:
лаузымды адамдардың аты-жөнін;
олардың міндеттерін;
тиісті құжаттаманы ресімдеу тәртібін көрсете отырып, өз бетінше реттеп отырады.
Объектіні есепке қабылдаған кезде, негізгі құралдардың қызмет ету мерзімін айқындауды мекеме жүйелі негізде, активті пайдаланудың техникалық шарттарын, субъект белгілеген нормаларды немесе басқа да шарттарды ескере отырып жүзеге асыруға тиіс.
16-«Жылжымайтын мүлік, үйлер, жабдық» ХБЕС-на сәйкес негізгі құралдар объектісі тану көзінде сатып алуға жұмсалған нақты шығындар бойынша бағалануға тиіс.
Негізгі құралдар объектісін сатып алуға жұмсалған нақты шығындарға сатып алу бағасы, оның ішінде импорттық баж салықтары және сатып алуға салынған өтелмейтін салықтар, сондай-ақ мақсатқа пайдалану үшін активті жұмыс істейтін қалыпқа келтіру бойынша кез келген тікелей шығындар кіреді. Сатып алу бағасын айқындағанда кез келген сауда жеңілдіктері шегеріледі.
Тікелей шығындардың мысалдары: алаңды дайындауға жұмсалған шығындар, жеткізу және түсіруге жұмсалған бастапқы шығындар, орнатуға жұмсалған шығындар, кәсіби қызмет көрсету құны болып табылады.
АҚ «Коксу-Шекер» мекемесінің қызметі барысында негізгі құралдар объектілерін ұстауға және техникалық қызмет көрсетуге, жөндеудің барлық түрлеріне, түрлендіруге және қайта құруға қосымша шығындар жұмсау қажеттілігі туындайды деп болжайық .
АҚ «Коксу-Шекер» мекемесінің қолданылып жүрген есеп саясатына сәйкес негізгі құралдар объектілеріне байланысты кейінгі шығындар, активтің өнімділігін арттыра отырып, оның құнын жақсартқанда немесе осы активтің қызмет ету мерзімін ұзартқанда актив ретінде танылады.
16-ХҚЕС-ның 49-тармағына сәйкес негізгі құрал объектілерінің ұтымды қызмет мерзімі кезең сайын қайта қарастырылуға тиіс және егер ұсыныстар алдыңғы бағалаулардан елеулі түрде ерекшеленетін болса, ағымдағы және болашақ кезеңдердің амортизациялық аударымдарының сомасы түзетілуге тиіс. Активтің қолданысы кезеңінің ішінде оны ұтымды пайдалану мерзімін бағалау дәл болмауы мүмкін.
Мысалы, ұтымды қызмет мерзімі негізгі құралдың жағдайын бастапқыда есептелген нормативтерден тыс жақсартатын кезекті шығындардың нәтижесінде ұзартылуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда ұтымды қызмет мерзімі және тиісінше амортизация нормасы ағымдағы және болашақ кезеңдер үшін түзетіледі іс жүзінде кәсіпорындардың негізгі құрал объектілерін пайдаланудың ұтымды мерзімі өсу жағына қарай қайта қарастырылады.
Ұтымды пайдалану кезеңінің ұзақтығын бағалау есептілікті халықаралық стандарттар бойынша жасайтын маманның кәсіби пайымдауына байланысты болады. Осыған байланысты кәсіби бухгалтердің оны сипаттау үшін де, қолайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін де пайдалы шару-ашылық жағдай туралы әділ пікірін кәсіби пайымдау деп түсіну керектігіне назар аударғым келеді.
Бірден айта кететін жайт - мекеменің негізгі құралдардың күтілген қызмет мерзімі туралы шешімі маманның активті пайдалану процесінің бүкіл ерекшеліктерін біле алмайтынына орай бір маманның шешімі болып табыла алмайды.
16-ХҚЕС активті пайдаланудың ұтымды мерзімін анықтаған кезде негізгі құрал объектісінің ұтымды қолданыс мерзімінің ұзақтығына ықпал ететін мынадай факторлардың кешенін назарға алуды ұсынады:
- активті пайдаланудың күтілетін қарқындылығы;
- күтілетін физикалық тозуы;
- жоспарлы моральдық тозу;
- заңдық шектеулері.
Практикада компанияда қызметті қайта кәсіптендіру және елеулі техникалық жаңғырту жүргізу ниеті пайда болған кезде, ұтымды қызмет мерзімі қайта қаралады, осыған байланысты кейбір активтерді оларды ұтымды пайдаланудың бастапқы жоспарланған мерзімінен неғұрлым қысқа мерзімде пайдаланудан шығару жоспарланады.
3. Негізгі құралдардың бағалануы
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі бір мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады. Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына келтірілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құралдың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіреді:
а) жер учаскесінің бастапқы құнына:
Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу сату жөнінде келісімшартты рәсімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті алынған мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді (табысты) алып тастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар, жерді тазалау, тегістеу және т.б.) енгізіледі.
ә) құрал жабдықтың бастапқы құнына:
құрал жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп түсіруге кеткен шығындар, оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар және т.б. енгізіледі.
Алайда құрал жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер негізіг құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.
Ескерту: салынатын немесе салынып жатқан құрылыс үшін алынған несиеге есептелген пайыз сомасы бұған жатпайды. Сатып алынған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына шот бойынша сатып алу бағасы, ол үшін төленетін салықтар мен алымдардың сомасы және бұл құралдардың құжаттарын реттеу барысында заңгерге төленген төлемдер кіргізіледі.
Кәсіпорынның өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындар: материалдар, жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген еңбекақы сомалары, еңбекақы бойынша бюджнтке жасалған аударым, алынған несиелер үшін есептелген пайыздар сомасы, заңгерлерге, архитекторларға төленген төлемдер, құрылысты салу үшін рұқсат алу барысында жұмсалған сомалар мен басқа да кеткен шығындар енгізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар жерді және сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды біртұтас ретінде пайдалануға сатып алса, онда осы обьектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір обьекті бойынша бөліп көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі және олар тозады, ал жердің пайдалану мерзімінде шек жоқ, яғни ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса, онда олардың құндары әрбір обьекті бойынша жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер сатылып алынған болып есептелінеді және де оның бастапқы құны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық обьектілердің (жердің және ол жердегі обьектілерді қоса) шығынның қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардың бағасын шегеру арқылы анықталады.
Мысалы кәсіпорын жер учаскесін және сол жерде орналасқан үймен қоса 500000 теңгеге сатып алды делік. Бұл жерде орналасқан үй бұзылуы тиіс. Кәсіпорынның оларды сатып алу барысында төленген шығындары 25000 теңге (салық сомасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттік пен шарт жасауға қатысқан заңгердің қызметінің төлемдері сомасы). Үйді бұзуға кеткен шығын 40000 теңге. Бұзғаннан алынған материалды сатудан түскен табыс 20000 теңге. Жерді тазалау мен тегістеуге кеткен шығын 15000 теңге. Осы мәліметтерді қорытындылайтын болсақ, сатып алынған жердің бастапқы құны 560000 теңгені құрайды (500000+25000+40000+20000+
Үлес қосушылар мен құрылтайшылар негізгі құралдарды жарғылық қорға өзінің үлесі ретінде салса, онда олардың құны құрылтайшылармен арадағы келісім бойынша;
Ұйымдар негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша;
Ұйымдар негізгі құралдарды басқа заңды тұлғалардан немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау өткізу актісінің мәліметтері бойынша немесе эксперттік (сараптамалау) жолымен.
Негізгі құралдардың бағалануы
Бастапқы құны | ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі бір мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады. |
Ағымдағы құны | бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтың бағасы болып саналады.
|
Баланстық құны | бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады. |
Қалдық құны | негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын және т.б. пайдалануға болатындарының) құнының обьектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады. |
Келісілген құны | бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.
|