Кәсіпорын өнімінің сапасы
және бәсекеге қабілеттілігі. Баға белгілеу
Бағаны нарық категориясы ретінде
қарастыру.
Баға нарықты экономиканың
шешуші элементтерінің бірі б.т.
Баға- күрделі экономикалық
категория. Онда қоғамдағы бүкіл
негізігі экономикалық қарым-қатынастар
айқындалады. Бұл ең бастысы тауар өндірісі
мен оны өткізуге, олардың құнын қалыптастыруға,
сонымен қатар ақша қорларының жиналуына,
бөлу мен қолданылуына қатысты. Баға барлық
тауар-ақша қатынастарын айқындайды.
Баға сатушының өз тауарына
сұрайтын ақша сомасы мен сатып алушының
сол тауарға төлеуге дайын ақша сомасының
мөлшерін сипаттайтын экономикалық категория.
Оның классикалық анықтамасы: «Баға- тауар
құнының ақшалай формасы.
2.Баға түсінігі мен мәні.
Әдетте баға теориясын екіге
бөліп қарастырады:
1-сі бойынша тауардың бағасын
оның құны анықтайды. Ал 2-ші
теорияны жақтаушылардың пікірінше,
тауар бағасы деп тұтынушылардың
қандай да бір игілікке қол
жеткізу үшін беруге дайын
сомасын айтуға болады. Олай болса,
баға- тауар құнының ақшалай формасы
б.т.
3.Бағаны кәсіпорынның экономикалық
мәселелерін шешудің басты құралы
ретінде қарастыру.
Әкімшілік шаруашылықтан нарықты
экономикаға көшу барысында экономикалық
және әлеуметтік саясаттың құралы
ретінде бағаның рөлі белсенді
сипатқа ие болып, басқарудың
әкімшілік және экономикалық әдістері
қиыстырылған өтпелі дәуірде баға белгілеуде
бірқатар қиыншылықтар мен күрделіліктер
қатар жүруде. Өз тауарлары мен қызметтеріне
баға белгілеу- барлық коммерциялық және
коммерциялық емес ұйымдардың негізгі
проблемасына айналды. Нарық жағдайында
баға белгілеу көптеген факторлардың
ықпалына түсетін күрделі процесті құрайды.
Баға белгілеудегі жалпы бағыттарды, өндірістегі
және жаңа тауарлаға баға белгілеу тәсілдерін
анықтауда, өткізу көлемін, тауар айналымды,
өдіріс тиімділігін жоғарылату мен мекеменің
нарықтық позициясын күшейту маркетингтік
шаралардан тұрады. Баға мен баға саясаты
фирма маркетингінің басты шараларының
бірі. Фирма таруарларының баға деңгейі
компания қызметінің басқа жақтарына
байланысты, мемкеменің коммерциялық-шаруашылық
қызметтерінің нәтижесі дәл баға деңгейлеріне
байланысты. Фирманың жүргізетін баға
саясатының дәлдігі мен дұрыстығы түбінде
оның коммерциялық қызметінің сәттілігін
анықтап береді. Баға саясатының түпкі
мақсаты- тауарға өтім көлемін арттыруға
септігін тигізетін деңгейін анықтап,
қажет болған жағдайда оған өзгерістер
енгізіп отыру. Тарихи түрде баға- сатушы
мен сатып алушы арасындағы келісім-шарт
негізінде анықталып отырған. Сатушылар
ойындағы бағадан көбірек сұрап, ал сатып
алушылар төлеуге дайын сомасынан кем
ұсынады. Сөйтіп, түбінде олар бір ортақ
шешімге келіп отырған.
Баға әрқашан да сатып
алушының таңдау шешімін анықтайды.
Бұл әлі күнге шейін кедей
елдерде кең тұтыныстағы тауарларға
қатысты. Бірақ соңғы кездері
сатып алушының таңдауына бағалық
факторлар белсенді түрде ықпал етуде,
атап айтсақ, өтімді ынталандыру, әртүрлі
клиенттер үшін тауарлар мен қызметтерді
жеткізуді ұйымдастыру.
Фирма басқармасының баға
белгілеу жөніндегі шешіміне
көптеген ішкі және сыртқы
факторлар әсер етеді. Маркетингтік
мақсаттар мен фирма шығындары- тауар
мен қызметке деген баға деңгейін анықтаудың
жобаланған шамасын құрайды. Фирма соңғы
бағаны бекітпестен бұрын мемлекеттік
реттеу дәрежесін, сұраным динамикасын,
бәсеке сипатын, көтерме және бөлшек сатып
алушылардың қажеттіліктерін ескерулері
қажет. Өнімге деген бағаның қалайша қалыптасатындығына
тәуелсіз баға деңгейлерінің тауардың
тұтыну құнынан жоғары немесе төмендігін
айқындайтын жалпы экономикалық критерилер
де ескерілуі тиіс. Бұл критерилер ішкі
(өндірушінің өзіне, басқарма мен персоналға
байланысты), және сыртқы (фирмаға тәуелсіз)
болып бөлінеді.
Ішкі критерилерге нақты
түрде:
• (жарнама неғұрлым тамаша
және сәтті өтсе, соғұрлым өндірушінің
тауарына деген баға деңгейі
де жоғары болмақ);
• өндірілетін өнімнің ерекшеліктеріне
де байланысты (оның өңделу дәрежесі мен
сапасы жоғары болған сайын оның бағасы
да жоғары болмақ;
• өндіріс процесінің ерекшеліктеріне
де байланысты (аз сериялы және
индивидуалды өндірістегі өнімнің
өзіндік құны жоғары болып
келеді, әдетте жаппай өндірістегі
тауарлардың шығыны мен сәйкесінше бағасы
да арзанырақ болып келеді);
• өндірушінің нарықтық тактикасы
мен стратегиясына да байланысты
(бір немесе бірнеше нарықтық
сегменттерге бағытталғандығы);
• өнімнің өмірлік циклінің
ерекшелігіне;
• өндірістік процестердің
шапшаңдығына;
• тауардың өндірушіден тұтынушыға
қарай жылжу каналдарының саны
мен ұзақтығы;
• сату және сатудан кейі
сервисті ұйымдастыру;
• нарық көлемі;
• ішкі және сыртқы нарықтағы
фирма имиджі.
Сыртқы критерилерге әдетте
мыналарды жатқызады:
• мемлекеттің саяси тұрақтылығы-
өндіруші мен фирма өнімін
өткізіп отырған мемлекеттегі
экономикалық және саяси жағдай;
• еркін нарықта қандай
да бір қажетті ресурстардың
болмауы (еңбек, материалды, қаржы);
• экономиканы мемлекеттік
реттеу сипатына;
• инфляция деңгейі мен
динамикасы;
• қазіргі және болашақтағы
сұранымның көлемі мен ерекшеліктері;
• бірыңғай өнім өндірушілер
арасындағы бәсекенің болуы мен
оның деңгейі.
Фирманың өзінің нақты тауарына
баға белгілеудегі көздеген
мақсаты қандай? Бұл сферадағы кең тараған
тәсіл мынадай:
1. жоспарланған пайда деңгейіне
қол жеткізу;
2. сату көлемін арттыру;
3. нарықтың қомақты көлеміне
қол жеткізу;
4. нақты тауарды сату барысында
ең жоғары деген пайдаға қол
жеткізуге ұмтылу;
5. бәсекелестерді әлсіздендіру;
6. тауардың қандай да бір
жағымды имиджін қалыптастыру.
Шет елдердегі баға белгілеу мен
бағаны реттеу тәжірибесін зерттеу,
оның заңдылығы мен тенденциясын
түсінуге, Қазақстан экономикасының
нарыққа өту кезіндегі баға механизмін
қалыптастыруда алған білімді пайдалануға
мүмкіндік береді. Олар тәуелсіздігін
бізден бұрын алған және олардың экономикасы
көптеген ерекшеліктерге ие, сонымен қатар
шет дамыған еледрдің баға белгілеу механизмін
білу артықшылық етпейді. Сондықтан төменде
даыған елдердегі баға белгілеу мен бағаны
реттеу үлгілеріне тоқталмақшымыз.
Алпауыт ел АҚШ- тағы баға
белгілеу мен баға реттеуге
келер болсақ, АҚШ- та 70- жылдары
көтерме және бөлшек сауда
бағалары қарқынды түрде өсті.Инфляция
деңгейі жоғарылай берді. Мемлекеттің
жасаған алғашқы қадамы осы инфляция ны
бағаны тура реттеу арқылы жеңу болды.
1971 жылы тамызда АҚШ президенті Р.Никсонның
ұсынысымен бағаға орталықтандырылған
бақылау орнатылды. Ең күрделі экономикалық
жағдайды қоғамдық пікірлердің қысымы
президентке шұғыл шешім қабылдауға ықпал
етті. Инфляцияның күрт түсуі ауыр жағдайға
– жұмыссыздыққа әкелу қаупі болды. Қысқа
мерзімді жоспарда АҚШ- тағы бағаны тікелей
реттеу экономиканы тұрақтандыруға көмектесті.
1972 жылы күзде көтерме және бөлшек сауда
бағасы төмендеп, жұмыспен қамтамассыз
ету біраз өсіп, ЖІӨ тез өсе бастады.
Алайда орталықтандырылған
реттеудің кейбір жағымсыз салдарлары
да көрініс берді. Баға мен
жалақыны тоқтату капиталдың
салааралық құйылуын шектеді,
инвестицмя әрекеті тоқтап, іскерлік
белсенділік деңгейі төмендеді, табыс
өсімі азайды.
1972 жылы мамырда АҚШ бағаны
тура бақылаудан бас тартты. Қазір
Америка әкімшілігі бағасын тура
реттеудің кейбір түрлерін және
мемлекет тұрғысынан қаржыландыруды
шектей отырып, жанама реттеу
әдісі мен нарық тұтқасын белсенді
пайдаланды, себебі елдегі жалпы экономикалық
жағдайды жақсарту керек болды.
Бағаны жанама реттеудің
негізгі бағыттары:
- рестрикциондық несие- ақша
саясаты, федералды резервтік
жүйенің есептік мөлшерлемесін
реттеу,
- тауарлар мен қызмет көрсетуді
федералды сатып алуды кеңейту
- мемлекеттік бюджет тапшылығын
қысқарту
- рационалды салық саясаты
Мұндай мемлекеттік макроэкономикалық
саясатты жүргізу арқасында АҚШ
ішкі нарықтағы ұсыныс пен
сұраныс арақатынасына белсенді
түрде өзгерістер енгізді және
баға деңгейі мен базалық айырбастау пропорциясын
анықтады. Елде соңғы жылда тұрақты және
жоғары қарқынды өсу байқалды, елеулі
профицитпен сөзсіз қосылатын мемлекеттік
бюджеттің тапшылық мәселелері жойылды.
Қазір бағаны тікелей мемлекеттік
реттеу тек жоғары монополияланған салаларда
ғана қолданылады. АҚШ- та мемлекет тұрғысынан
бағалық 5%- дан 10%-ға дейін ғана реттеледі.
Франция экономикасындағы баға
мәселесіне тоқталар болсақ, Франция
өнеркәсібі дамыған елдердің
бірі болып табылады. Бұл елде
ұзақ уақыт бойы баға мемлекеттік реттеудің
қатаң тәртібінде болды. 40 жыл бойы(1947-
1986) бағаны жартылай мемлекеттік реттеу,
осы уақытқа дейін сақталған «дирижизм»
саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.
Бағаны либеризациялау 1973 жылдан
1980 жылдың екінші жартысына дейін
созылды. 1986 жылы мемлекеттік бақылаудан
өнеркәсіп өнімі бағасының 90%- ы босатылды.
Қазір француз үкіметі монополист-
салалар кәсіпорындағры өнімінің
бағасын реттейді: газ, электр
энергиясын, көлікті, ауыл шарушылық
өнімдерін. Тауарлар мен қызмет көрсетудің
және реттеу бағалары арасындағы арақатынас
мынадай: бағаның 20%-ын мемлекет реттесе,
ал қалған 80%- ы еркін баға белгілеу тәртібінде
реттеледі.
Бағаны реттеу ауыл шаруашылық
өнімдерін өндірушілерге мемлекеттік
әсер етудің, фермерлер мен өнеркәсіп,
сауда қызмет көрсету жұмысшылары табыстарындағы
паритетті сақтаудың басты аспабы болып
табылады.
Ауыл шарушылық өнімдерінің
бағасының 90%- ы реттеледі. Сонымен
мемлекет азық- түлік өнімінің
бөлшек бағасы динамикасына және
деңгейіне жанама ықпал етеді.
Бағаны реттеуді жүзеге асыратын
мемлекеттік құүрылым, экономика
және жоспарлау министрлігінің
бәсеке бойынша департаменті
болып табылады.
Швеция. Бұл елде бағаны бақылау
мен тексеруді – Азаматтық
әкімшілігі министрлігіне бағынатын
бәсеке мен бағаны мемлекеттік басқармасы
сияқты арнаулы орган іске асырады. Швецияда
бағаны реттеу заңы мен бәсеке шартымен
баға туралы мәліметтерді ұсыну міндеттігі
туралы заң қабылданған және әрекет етеді.
Қысқа мерзімді бағаны тоқтату-
бұл инфляцияның көтерілмеуіне
жол бермеу және нарықтағы күрт дисбаланстарды
қалпына келтіру үшін қолданылады. Бағаны
реттеу туралы заң мемлекетке соғыс , не
оның шығу қаупі ,не бағаның жалпы өсу
қаупі кезінде бағаға тікелей әсер ету
жөніндегі шараларды іске асыру құқын
береді. Жекелеген тауарлар үшін максималды
баға деңгейін қою, тәртіп орнату мүмкіндігіне
ие. Бұл кезде бағаны жоғарлатуға, осы
жөнінде алдын ала ескерту берілгенннен
кейін және бағаны жоғарлату мөлшері дәлелденгеннен
соң ғана рұқсат беріледі.
Баға деңгейіне ықпал ету, мемлекеттік
монополия және мемлекеттік кәсіпорындар
арқылы ғана іске асырылады.
Швецияның ауыл шаруашылығына
бағалық субсидиялаудың маңызды
көзі- импорттық шикізаттарға қойылатын
кедендік алымдар. Олар ішкі
нарықпен сыртқы нарықтың ең
жоғарғы бағалары арасындағы айырмашылық
мөлшерінде орнатылады.
Баға белгілеуді мемлекеттің
тұрғысына реттеудің маңызды
сферасы- тұрғын үй бағасы. Үйлердің
өте қымбат екенін ескере отырып,
мемлекет тұрғын үй субсидиясы
мен қарыздар береді.
Даниядағы баға белгілеу мен баға
реттеуге келсек, бұл елде баға белгілеу
жүйесі нарық факторларының ықпалымен
құрыларды. Бағаны қалыптастыруға мемлекттік
әсер аса шектеулі. Бұл облыстағы мемлекет
функциясы сұраныс пен ұсыныс арақатынасының
өндірістік шығындары мөлшері сияқты
критерийлерден шыға отырып, өз өнімі
бағасын дербес орнататын және өндірушілердің
еркін бәсекесі үшін максималды жағымды
жағдайлар орнатуда болып табылады.
Мемлекеттің сектордағы масштабы
үлкен емес бағалар мен тарифтерді
мемлекеттік және муниципалдық
өкімет, фолькетинг(парламент) орнатады.
Тікелей мемлекет орнататын немесе реттелетін
бағалардың үлкен салмағы 6%- ға жуық болады.
Даниядағы баға белгілеудің
негізгі заңды актісі, 1989 жылы 1 маусымда
фолькетинг қабылдаған бәсеке
туралы заң болып табылады.
Баға
белгілеу облысындағы монополияның
қызметін қадағалайтын мүшелер,
өнеркәсіп министрі төрт жылдық
мерзімге тағайындайтын мүшелерін
бәсеке мәселелері бойынша кеңес
іске асырады. Ауыл шаруашылық
өнімдеріне баға белгілеу процесі,
Дания мүше болып енетін ЕО(ЕС) ауыл
шаруашылық саясаты механизмінің ықпалымен
құрылады. Сонымен қатар фермерлерге мемлекет
тарапынан күрделі құрылыс үшін, суландыру
жұмыстарын жүргізуді, энергия сақтаушы
жүйені негіз үшін қарыз беру мен жеңілдетілген
ренталық жағдайлар ұсынылады.
Норвегия
. Елдегі бағаны мемлекеттік реттеудің
, 1995 жылғы бекітілеген баға пайда
мен бәсекені шектеудің негізі
сонымен қатар осы заң негізінде
жарық көрген бірқатар корольдік
бақылау заңы, резолюциялар болып
табылады.
Кәсіпкерлік
пен баға белгілеу сұрақтарын реттеуші
заңдардың орындалуын бақылауды баға
белгілеудің мамандандырылған органдары
іске асырады. Оның ішіндегі маңыздылары:
Баға бойынша кеңес, Баға бойынша директорат,
Баға бойынаша мемлекеттік инспекция.
Мемлекет
максималды және минималды баға деңгейін
анықтап, бағаны тоқтатуды жүргізеді,
баға белгілеу облысындағы баға жеңілдіктер
мен үстемелерді, пайданың максималды
деңгейі мен басқа ережелерді орнатады.