Кәсіпорын өнімінің сапасы және бәсекеге қабілеттілігі. Баға белгілеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 12:34, курсовая работа

Краткое описание

Бағаны нарық категориясы ретінде қарастыру.
Баға нарықты экономиканың шешуші элементтерінің бірі б.т.
Баға- күрделі экономикалық категория. Онда қоғамдағы бүкіл негізігі экономикалық қарым-қатынастар айқындалады. Бұл ең бастысы тауар өндірісі мен оны өткізуге, олардың құнын қалыптастыруға, сонымен қатар ақша қорларының жиналуына, бөлу мен қолданылуына қатысты. Баға барлық тауар-ақша қатынастарын айқындайды.

Файлы: 1 файл

экон9.doc

— 112.00 Кб (Скачать)

 

Еңбек ақының өсуi еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiнен немесе тауар мен қызметтi өндiруден артық болса.

 

Сатушының талабы әсер еткен жоғары  баға. Кейбiр өнiмдердi оның тұтыну сапасына сәйкес келмейтiн өте жоғары бағамен  ұсынады, және бұл жағдай өте жиi кездеседi.

 

Баға жақын арады көтерiледi деген немесе осыған ұқсас ақпараттарды тарату әбігерлік сұранысқа әкеледi.

 

Бағаның төмендеуiне әсер ететiн факторлар:

 

ұсыныс сұраныстан артық.

 

Еңбек өнiмдiлiгiнiң артуы мен  тауарларды өндiрудi ұлғайту табыс  деңгейiн тұрақтандырады.

 

Сатушының не болса да сатам деген өте айқын құлшынысы. Сiздiң тұрақты мекен жайыңызды өзгертуiңiзге байланысты өз үйiңiзден тез арылғыңыз келетiн жағдайыңызды білетiн сатып алушы бағаны төмендетуге тырысады. Баға төмендейді деген қауіп төнсе, сатып алушылар ұсынылған тауардан бас тартады.

 

Коммерциялық  көрсету саласының ерекшеліктері: жеке тұтыну сипаты, қорланудың мүмкін еместігі, өндіру мен тұтынудың бөлек  болмайтыны. Бұл ерекшеліктеріне  қарай, мұнда баға құрылуының, оны  анықтау тәсілінің және баға саясатын жүргізудің де өзіндік ерекшеліктері бар.

 

Коммерциялық  маркетинг саласында баға сұранымы икемді келеді. Өйткені, мұнда баға көбінесе сапа көрсеткіші ретінде алынады.

 

Коммерциялық  маркетинг саласының бағасын  реттеу үш факторға  бөлінеді:

 

Мемлекет  реттейтін қызмет көрсету бағасының тарифі;

 

Нарыққа қатысушылардың өздері реттейтін қызмет көрсету  бағасының тарифі;

 

Таза нарық  механизмі қалыптастыратын қызмет көрсету бағасы.

 

Бірінші топқа  қызмет көрсетудің мына түрлерін жатқызуға  болады: байланыс, транспорт, денсаулық  сақтау және білім беру. Бұл топқа тарифті мемлекет реттейтін табиғи монополия да жатады.

 

Екінші  топқа, қызмет көрсетудің баға тарифін  әр түрлі бірлестіктер немесе нарыққа  қатысушылар келісімімен реттелетіндер  тобы жатады: авиа тасымалдау, нотариус қызметі, адвокат.

 

Ал, үшінші топқа баға тарифі толықтай нарық  жағдайымен анықталатын қызметтер  жатады: тұрмыстық қызмет көрсету, банк қызметі, коммерциялық, медициналық  қызмет көрсету.

 

Коммерциялық  маркетинг саласында бағаның  қалыптасу процесі, баға құрылуының тәсілімен стратегиясына фирманың жұмыс істейтін нарық құрылымы елеулі әсер етеді.

 

Нарық бәсекелесі жағдайында коммерциялық маркетинг  саласының, туристік агент, емханадағы тіс дәрігерлері. Кәсіпорындардың  бұл тобындағы жұмыс істейтіндердің іс-әрекеттерінің баға деңгейі белгіленіп беріледі, бірақ бұлардың қызмет бағасы нарық конъюнктурасының өзгеруіне байланысты тез өзгеруі мүмкін.

 

Коммерциялық  маркетинг саласының нақты жағдайда сол қызмет көрсетуді бір адамнан  екінші адамға қайталап сату болмайды. Бірақ, баға құрылу процесінде баға дискриминациясы болуы мүмкін (әр  түрлілік). Бұл процесс әр түрлі нарық сегменті түрінде көрінеді. Басқаша айтқанда тұтынушылардың бір тобына арзан немесе қымбат бағамен қызмет көрсетіледі: коммуналдық қызмет көрсету, транспорт, адвокат қызметі – Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектер жеңілдік бағаны пайдаланады немесе оларға тегін қызмет көрсетіледі.


Информация о работе Кәсіпорын өнімінің сапасы және бәсекеге қабілеттілігі. Баға белгілеу