Ұйымдар қызметінің жүйесіндегі стратегиялық контроллинг: проблемалары мен жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 10:48, автореферат

Краткое описание

Қазақстан экономикасының реформалануы тұрақтану тенденциясының пайда болуына себеп болды, осы ретте өндірістің, әсіресе экономиканың нақты секторының даму мүмкіндіктеріне көп көңіл бөліне бастады. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары экономиканың сапалы теңдестірілген өсуіне бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының қалыптасуы мен жүзеге асырылуына ықпалын тигізеді.

Файлы: 1 файл

Контроллинг.doc

— 343.00 Кб (Скачать)

 

Барлау бұрғылауы көбіне «Ембімұнайгаз» АҚ-да шектелген көлемде  жүргізіледі. Минералды-шикізаттық қор өндірісі бойынша жоспарланған шараларды жүзеге асыру нәтижесінде келесідей қор өсімі күтілуде (7-кесте):

 

7-кесте – 2009-2014 жж. жағдай бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қор өсімінің болжамы

 

Кәсіпорын

2009ж.

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

Барлығы

ЕМГ

6150

7220

7510

5360

4520

2562

33 322

ӨМГ

1000

1300

1600

-

-

-

3 900

Барлығы

7150

8520

9110

5360

4520

2562

37 222

Ескерту – Автормен құрастырылған, әдебиет: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ: 2020 жылға дейінгі стратегия және 2003-2008 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары. – Астана: ҚМГ, 2003. – 25 б.


 

Өндірістің өзіндік  құнының ағымдық деңгейі (өндірістік, әкімшілік және жалпы шаруашылық шығындар) әр түрлі баға өзгерісі жағдайларында  тасымалдау тарифтері мен қазіргі  салық салу деңгейінің өсу тенденциясын ескере отырып, өндіруші компаниялардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өндірістің өзіндік құнын төмендету даму жобаларын қаржыландырудың қосымша көздерін қамтамасыз ете алады.

Газ саласының қазіргі  жағдайы мен даму тенденциясын ескере отырып, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өз қызметін келесідей стратегиялық мақсаттаға жетуге бағыттауды көздеп отыр: тораптағы көшбасшылық орынды (монополияны) сақтау – газ бизнесінің ұйымдық құрылымын қалыптастыруды аяқтау, халықаралық стандарттарға сәйкес болу үшін газ құбырларын жетілдірудің жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету, өндірістік тәртіпті қатаңдату, диспетчерлеудің және автоматтандырылған басқару жүйесін халықаралық стандарттарын енгізу, газ құбыры тораптарын мемлекеттік меншікке заңнамалық бекіту, бағыттас газды пайдалану бойынша қатаң талаптарды белгілеу; сыртқы нарықтардағы қазақстандық газ маркетингі – сыртқы газ нарықтарын игеру стратегиясын жасау және енгізу, қазақстандық газдың экспортқа үлкен көлемде шығуын қамтамасыз ету, қазақстандық газды сыртқы нарықта өткізу бойынша монополиялық орынды заңнамалық деңгейде немесе халықаралық келісімдер шеңберінде бекіту; ішкі нарықтағы газ маркетингі және газды өткізу – белгілі мемлекеттермен газды жеткізу және айырбастау операциялары туралы тұрақты келісім жасау, газ тарату желілерін меншікке немесе басқаруға алу, газға сұранысты ынталандыру үшін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу; төмендетілген газ нарығын қалыптастыру – нарықтық, әкімшілік және экологиялық тетіктерді қолдану арқылы сұранысты ынталандыру сұйытылған газды пайдалану арқылы өндірістердің дамуына жәрдемдесу; ішкі тұтыну нарығын табиғи газбен қамтамасыз ету – бағалық дисбалансты төмендету, тарату желілерін құру және одан ары дамыту; іргелес (отандық өндіруші) немесе газ өңдеу бағытталған бизнес дамуына жәрдемдесу – бақылау-өлшеу аспаптарын өндіру, энергия үнемдеу технологиялары, тыңайтқыштар мен метанол өнімдері; газ өндіруді көбейту – мұнай кен орындарында бағыттас газ өндірісін тұрақтандыру, жандырылатын газ көлемін төмендету, Амангелді газ-кен орнын игеру жобасын жалғастыруды жүзеге асыру.

Осылайша, ірі компаниялар  мысалында стратегиялық контроллингтің әдістемелерін қолдану арқылы жүзеге асырылған болжау стратегиялары  қарастырылды.

Кез-келген ірі ұйымның стратегиясын анықтау мақсатында, стратегияны қабылдаудың негізгі деңгейлерін анықтайтын стратегиялар пирамидасы ұсынылып отыр (7-сурет).

7-сурет – Стратегиялар пирамидасы ұғымы

 

Ескерту – Автормен жасалынған

 

Талдау көрсеткендей, қазақстандық кәсіпорындар тәжірибесінде  стратегиялық контроллингті қолдану ірі компаниялардың даму басымдылықтарына негізделген. Олардың стратегиялық мақсаттары мемлекет пен тұтынушылардың техникалық және технологиялық өнімдеріне, инновациялық әдістемелері мен саланың басымдылықтарына негізделеді.

Қазақстандық ұйымдардың тәжірибесінен көріп отырғандай, стратегиялық контроллинг және оның құралдары көбіне ірі компанияларда және банк сферасында қолданылады. Стратегиялық дамудың басымдылықтары қолда бар құралдармен шектелмеуі керек.

Стратегияның іске асуын  бақылау жағдайында бұл міндеттер белгілі бір бағытқа ие болады, өйткені стратегиялық бақылау – стратегияны жүзеге асыру қаншалықты ұйым мақсатына жеткендігін анықтауға негізделеді.  Стратегиялық бақылау алдағы уақытта қабылданған стратегияны жүзеге асыру мүмкіндігін және оны іске асыру арқылы қойылған мақсаттарға қаншалықты жетуге болатындығын анықтауға бағытталған. Стратегиялық бақылау нәтижелері бойынша түзетулер енгізу жүзеге асырылатын стратегияларға да, ұйымның мақсаттарына да қатысты болуы мүмкін  (8-сурет).

 

 

Стратегиялық контроллинг жүйесі

 

Кіші жүйелер

Әдіснама

Процесс

Құрылым

ИТ-технология

Орындау

 

Стратегиялық контроллинг жүйесінің элементері

Мақсат пен міндет;

Заңдар мен қағидалар;

Әдістер мен қызметтер;

Технология мен тәжірибе

Коммуникация;

Процесс сызбасы;

Стратегияны әзірлеу мен жүзеге асыру;

Мәлімет

Функционалды;

Ұйымдастырушылық;

Персонал;

Міндеттемелер мен қызметтерді  бөлу

Компьютерлік бағдарламалар мен техника;

Құжат айналым жүйесі;

Ұйымдық техника

Контроллинг қызметі;

Контроллердің уақытша тобы;

Басқа да бөлімшелер құрамындағы контроллерлар


 

8-сурет – Стратегиялық контроллинг жүйесі

 

Ескерту – Автормен жасалынған

 

Контроллингтің әдіснамасы мен процесі контроллингтің концептуалды жүйесін, ал құрылым және техника оның механизмдерін құрайды. Контроллингтің жүйелік элементтері өзара әрекет негізінде бірегей ақпараттық кеңістіктегі келісімділікті арттырып, экономикалық хал ахуалды игереді, соңғыларын біріктірудің іс шараларын және басқару әсерін тудырады. Қалаулы хал ахуалдың элементтерін қамтыған басқару жүйесі бар әрбір мекемеде контроллингтің кейбір элементтері кездеседі деуге болады, бірақ олардың арасындағы өзара байланыстың (және өзара ықпалдың) жоқтығынан мекемеде нақты контроллинг жүйесі жоқ. Сонымен, есептеудің, жоспарлаудың, бақылаудың, талдаудың және мекемені тиімді басқарудың жүйесін салу бірыңғай жүйесін біріктіруге бағытталған контроллинг тұжырымдамасы сол ұйымдастырушылық-тәсілдемелік қамту болып табылады, соның көмегімен мекемедегі басқарушылық жүйенің үйлестірілуі жүзеге асырылады.

ҚОрЫТЫНДЫ

1. Стратегиялық контроллинг теориясының  тұрақсыздық және белгісіздік  жағдайында, сонымен бірге дағдарысқа  қарсы құрал ретінде дамуы  негізделді, бұл стратегиялық басқару  шеңберінде стратегиялық контроллинг  компоненттерінің негізгі құраушылары  ретінде стратегияларды, стратегиялық жоспарлау мен талдауды бірден-бірге сатылауға мүмкіндік береді. Экономиканың қазіргі жағдайы басқарудың, жоспарлаудың және талдаудың жаңа әдістерін қолдану қажеттілігін тереңдете түсті, бұл кәсіпорынның бәсекелік ортадағы мүмкіндіктерін кеңейтеді. Стратегиялық контроллинг сияқты жаңа құралдарды қолдану стратегиялық менеджмент құралнамасын жаңарту қажеттілігінен туындап отыр. Стратегиялық контроллингті дағдарыс жағдайында қолданудың маңызы өте жоғары, бұл банкроттық, қызметін тоқтату немесе тексеру тәуекелділігінің жоғарылауына байланысты.

2. Стратегиялық контроллинг теориясы  мен тәжірибесі кеңейтілді және  жүйеленді, стратегияның кейбір  түрлері, сонымен қатар тұрақсыздық  жағдайындағы стратегиялық контроллингтің  рөлі, мәні мен мағынасы көрсетілді, бұл кәсіпорынды стратегиялық басқарудың мақсаттарына жетуге қажетті стратегиялық контроллинг жүйесі құралдарының мүмкіндіктерін көрсетеді.  Стратегиялық контроллинг стратегиялық шешімдер дайындаумен ғана емес, сонымен қатар стратегиялық мақсаттарды үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырумен айналысады.  Дұрыс стратегия қабылдау үшін аналитикалық қызметте, ішкі және сыртқы ақпарат жинауда, стратегиялық дамудың теориясы мен тәжірибесін жинақтап қорытуда қолданылатын стратегиялық контроллинг құралдары пайдаланылады. 

3. Белгіленген мақсаттарға жету бойынша даму стратегиясын жасау үшін және басқару шешімдерін қабылдау үшін Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында стратегиялық контроллинг құралдарының қазіргі заманғы қолданылу тәжірибесі стратегиялық контроллингті енгізу сұрақтарындағы проблемалы аймақтарды анықтайды, оның негізгі проблемаларының бірі енгізу базасының жеткіліксіздігі болып табылады. Қазақстан экономикасының реформалануы тұрақтану тенденциясының пайда болуына себеп болды, сондықтан өндірістің, әсіресе экономиканың нақты секторының даму мүмкіндіктеріне көп көңіл бөліне бастады. Өндірістік сфераның неғұрлым қарқынды дамуы үшін стратегиялық жоспарлау мен басқарудың сапалы құралнамасы қажет, оған стратегиялық басқару шешімдерін дайындайтын құрал ретінде стратегиялық контроллингтің қолданылуы көмекші болады.

4. Қазақстандағы стратегиялық контроллингтің теориясы мен тәжірибесінің, әсіресе басқарудың әр текті ұйымдастырушылық құрылымы бар кәсіпорындарға енгізу барысындағы өзара әрекетінің анықталуы ел кәсіпорындарында стратегиялық контроллинг құралдарын қолдану үрдісіне әсер ететін тенденциялар мен факторларды көрсетеді. Стратегиялық контроллинг шеңберіндегі көптеген зерттеулерде шаруашылықтың стратегиялық аймағы мен стратегиялық шаруашылық орталықтары қарастырылады, оларды стратегия жасау барысында дұрыс анықтау және қолдану кәсіпорынға экономикада өз орнын анықтауға жағдай жасайды. Стратегиялық контроллингтің негізгі мақсаты түрлі қызмет сферасындағы, түрлі меншік формасындағы және әр түрлі көлемді кәсіпорындарда стратегиялық жоспарлау мен басқару үшін менеджментке қажетті құралнама мен әдістемені көрсету.

5. Стратегиялық контроллингтің  мүмкіндіктерін неғұрлым көрнекі  көрсету үшін стратегиялық жоспарлау,  стратегиялық контроллинг бойынша автордың зерттеулері, бәсекелік басымдылықтарға жету стратегияларының нұсқалары және стратегиялар пирамидасы ұсынылған, олардың көмегімен кәсіпорындар ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетістіктерін қолдану арқылы даму стратегияларын жасай алады. Стратегиялық контроллинг пен стратегиялық жоспарлаудың жүйеленуі біздің республикамызда әлі тиісті қолданысын таппаған стратегиялық контроллинг құралдарының кең шоғырының сипаттамасын неғұрлым көрнекі көрсетеді.

6. Стратегиялық контроллинг  құралдарының даму тенденциялары мен перспективалары, сонымен қатар көрсетілген стратегиялық контроллинг жүйесін қолдану барысында кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарылатудың есептеулері бәсекелік басымдылықтарға жету үшін стратегия жасаудың қажеттілігі туралы неғұрлым толық түсінік береді. Стратегиялық контроллингте есептеулерді жүргізу мақсаттар мен стратегияны анықтау барысында сценарий дамуының альтернативті нұсқаларын жасауды қарастырады. Стратегиялық контроллингте басты және анықтаушы болып мақсатқа сүйену болып табылады, ол стратегия жасау кезінде мақсаттар мен басымдықтардың дұрыс белгіленуін, сонымен қатар көзделген мақсатқа өзгеріссіз жылжуды қарастырады, оның нәтижесінде ішкі және сыртқы жағдайлар өзгеруіне қарай түзетулер енгізуге болады.

7. Ұлттық компанияларда ұйымдастырылатын контроллингтің жалпы жүйесінде ерекше орынға қаржылық контроллинг ие. Қаржылық контроллинг ұлттық компаниялардың қаржылық қызметтерінің ең басымды бағыттарындағы бақылау шараларына ерекше көңіл бөлуді, жоспарланған нәтижелерден нақты нәтижелердің ауытқуын уақытында анықтауды және экономикалық тұрақсыздық жағдайларында бірқалыптылықты қамтамасыз ететін оперативті басқарушылық шешімдерді қабылдауды бақылайтын жүйені сипаттайды.

8. Кешенді бюджеттің шығындар бөлімінің дұрыс жүргізілуі ұлттық компаниялардың каржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін бақылауға тәуелді. Мұндай міндеттердің сапалы шешілуін қамтамасыз ету үшін міндетті түрде басқарушылық шаралардың айқын бейнеленген тәртібін орнату қажет, ол өз кезегінде жиынтық бюджеттің жоспарланған көрсеткіштерден нақты ауытқуларына тез арада талдау жасауға; зерделеу барысында анықталған өндірістік емес шығындар мен қымбаттауға әкелетін факторларды жою негізіндегі шараларды әзірлеу; ұлттық компания басшылығына жиынтық және функционалдық бюджеттің орындалуы бойынша аналитикалық материалдарды ұсыну және рәсімдеу, сол арқылы осы бюджеттерді, сәйкесінше құрылымдық бөлімшелердің бюджетін де тез арада түзету мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

 

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ 

 

1  «Басқару негіздері», оқу құралы. – Алматы: Экономика, 1997, авторлар ұжымы, 2,7 б.т.

2  «Менеджмент», оқу  құралы. – Алматы: Ценные бумаги, 2008, авторлар ұжымы, 1,4 б.т.

3  Стратегиялық   контроллинг – тұрақсыздық   жағдайындағы   дағдарысқа

қарсы басқарудың элементі ретінде // ҚазЭУ хабаршысы, 2009. – № 1. – Б.137-140, 0,4 б.т.

4  Менеджмент     теориясындағы     контроллинг     стратегиясы //  ҚазЭУ

хабаршысы, 2009. – № 2. – Б.12-18, 0,5 б.т.

5  Дағдарыс  жағдайында  кәсіпорында стратегиялық контроллингті қолдану

тәжірибелері // ҚазЭУ хабаршысы, 2009. – № 3. – Б.171-177, 0,5 б.т.

6  Қазіргі  кезеңдегі   стратегиялық контроллингтің  қолданылу   сфералары //   

«Екінші Рысқұлов оқулары». Халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференция материалдары. – Алматы: Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті. – 21-26 мамыр: 2007. – Б.722-729, 0,4 б.т

7  Стратегиялық  контроллингті   қолдану  бағыттары  //  «Үшінші Рысқұлов

оқулары». Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференция  материалдары.   – Алматы: Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті. – 19-23 мамыр: 2008. – Б.721-729, 0,4 б.т.

Информация о работе Ұйымдар қызметінің жүйесіндегі стратегиялық контроллинг: проблемалары мен жетілдіру жолдары