Ұйымдар қызметінің жүйесіндегі стратегиялық контроллинг: проблемалары мен жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 10:48, автореферат

Краткое описание

Қазақстан экономикасының реформалануы тұрақтану тенденциясының пайда болуына себеп болды, осы ретте өндірістің, әсіресе экономиканың нақты секторының даму мүмкіндіктеріне көп көңіл бөліне бастады. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары экономиканың сапалы теңдестірілген өсуіне бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының қалыптасуы мен жүзеге асырылуына ықпалын тигізеді.

Файлы: 1 файл

Контроллинг.doc

— 343.00 Кб (Скачать)

ӘОЖ 658:338.2(574)                                                                  Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

ЕРҒАЛИЕВ ҚАНАТ  РАИМХАНОВИЧ

 

 

 

Ұйымдар қызметінің жүйесіндегі стратегиялық контроллинг: проблемалары мен жетілдіру жолдары 

(ҚР материалдары негізінде)

 

 

 

08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару

(қызмет салалары және  сфералары бойынша) мамандығы

 

 

 

 

Экономика ғылымдарының кандидаты 

ғылыми дәрежесін алу  үшін дайындалған диссертацияның

 

 

АВТОРЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

 

Жұмыс Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінде орындалған

 

 

Ғылыми жетекшісі:

экономика ғылымдарының кандидаты,  К.Б.Бердалиев

Ресми оппоненттер:

экономика ғылымдарының докторы,

С.Д.Ташенова

 

экономика ғылымдарының кандидаты,

С.Ш.Бисенова

Жетекші ұйым:

«Туран» университеті

 

 

 

 


 

                 

 

 

 

Қорғау 2010 жылдың «15» қаңтар күні сағат 16.00-да Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетіндегі экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін іздену жөніндегі Д 14.02.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде өткізіледі, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144 бөлме.

 

 

 

Диссертациямен Тұрар  Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің кітапханасында танысуға болады.

 

 

 

 

Автореферат «____» желтоқсанда 2009 жылы таратылды.

 

 

 

 

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы,

экономика ғылымдарының докторы                                      А.Б.Темирбекова


КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі шаруашылық субъектілері қолданатын стратегиялар арқылы кәсіпорын қызметінің ауқымын болашақта кеңейтуге негізделген. Оперативті жоспарлау кәсіпорын дамуының қысқа мерзімді тенденцияларын қарастырады, ал стратегиялық жоспарлау мен болжау кәсіпорынның және ел экономикасының перспективалық даму мақсаттарын анықтайды.

Қазақстан экономикасының реформалануы тұрақтану тенденциясының пайда болуына себеп болды, осы ретте өндірістің, әсіресе экономиканың нақты секторының даму мүмкіндіктеріне көп көңіл бөліне бастады. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары экономиканың сапалы теңдестірілген өсуіне бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының қалыптасуы мен жүзеге асырылуына ықпалын тигізеді. 2009 жылдың маусым айында қабылданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде ұлттық компаниялардың даму стратегияларын жүзеге асыру барысындағы бақылаудың ерекше маңыздылығы атап көрсетілген. Өндірістік сфераның неғұрлым қарқынды дамуы үшін стратегиялық жоспарлау мен басқарудың сапалы құралнамасы қажет, оған стратегиялық басқару шешімдерін дайындайтын құрал ретінде стратегиялық контроллингтің қолданылуы ерекше рөл атқарады.

Стратегиялық контроллинг стратегиялық шешімдер дайындаумен ғана емес, сонымен қатар стратегиялық мақсаттарды үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырумен айналысады. Дұрыс стратегия қабылдау үшін аналитикалық қызметте, ішкі және сыртқы ақпарат жинауда, стратегиялық дамудың теориясы мен тәжірибесін жинақтап қорытуда қолданылатын стратегиялық контроллинг құралдары пайдаланылады. Қолданыстағы экономикалық әдебиеттердегі ақпаратқа негізделген әр түрлі талдау әдістемелері ашылған. Кәсіпорын деңгейіндегі ақпараттардың қайнар көздері оның қаржылық есептері, стратегиясы, жоспарлары және олардың нақты орындалуы болып табылады. Талдау нәтижесінің дәлдігіне және басқару шешімдерінің қабылдануына жеткілікті деңгейде дұрыс және сенімді болуға тиіс сыртқы ақпарат жоғары ықпал етеді. Даму стратегиясын дұрыс болжау үшін мәліметтер әр түрлі қайнар көздерден болғаны тиімді және талдау негізінде кәсіпкерлік жоспарларына тура немесе жанама әсер ететін даму тенденциялары мен мүмкін нұсқаларын немесе сценарийлерін анықтау керек.

Стратегиялық контроллингті дағдарыс жағдайында қолданудың маңызы өте жоғары, бұл банкроттық, қызметті тоқтату немесе рейдерлік тәуекелділігінің жоғарылауына байланысты. Кейбір жағдайлар есептеулерде алдын-ала жоспарлануы немесе ескерілуі мүмкін, ол әр түрлі кәсіпорындардың теориясы мен тәжірибесінде стратегиялық контроллингтің мүмкіндіктерін көрсетеді. Дұрыс жасалған стратегия кәсіпорынға бәсекелік күресте басым болу мүмкіндіктерін береді, ал стратегиялық контроллинг құралдарының орынды қолданылуы дағдарыстық жағдайлардың кері әсерін төмендетеді және кәсіпкерлік қызметтің жағымды жақтарын жоғарылатады. Стратегиялық контроллинг шеңберіндегі көптеген зерттеулерде шаруашылықтың стратегиялық аймақтары мен стратегиялық шаруашылық орталықтары қарастырылады, оларды стратегия жасау барысында дұрыс анықтау және қолдану кәсіпорынға экономикада өз орнын анықтауға жағдай жасайды. Стратегиялық контроллингтің негізгі мақсаты түрлі қызмет сферасындағы, меншік формасындағы және кәсіпорындарда стратегиялық жоспарлау мен басқару үшін менеджментке қажетті  құралнама мен әдістемені көрсету.

Тақырыптың  зерттелу дәрежесі. Әдебиет құралдары стратегиялық контроллингтің белгілі құралнамасын ұсынады, ол мемлекеттің немесе кәсіпорынның қызмет жағдайына қарай толықтырылуы немесе икемделуі мүмкін.  Контроллингтің теориясы мен тәжірибесін және оның түрлерін қарастыру дамыған елдердің жетекші ғалымдарына тән, олардың ішінде Ансофф И., Берр Х., Исикава К., Кобаичи И., Кюппер Х.-У., Лейболд К., Мескон М. Х., Мюллер А., Пич Г., Портер М.Э., Фольмут Х., Форд Г., Хан Д., Хорват П., Хинтерхубер Х.Х., Хунгенберг Х., Шерер А.Г., Томпсон А.А., Стрикленд А.Дж. және т.б.

Зерттеу жүргізу барысында ресейлік жетекші теоретиктер мен тәжірибешілердің еңбектері маңызды рөльге ие болды, олардың жұмыстарында контроллингті, соның ішінде стратегиялық контроллингті қолданудың теориялық және тәжірибелік аспектілері неғұрлым терең зерттелген, олардың ішінен Анискин Ю.П., Васильчук О.И., Ивашкевич В.Б., Карминский А.М., Малышева Л., Никонова Т.В., Одегов Ю.Г., Попова Л.В., Попов Д., Сафаров А., Сулоева С.Б., Фалько С.Г. және т.б. авторларды бөліп көрсетуге болады. Жұмыста стратегиялық менеджмент пен стратегиялық маркетингтің теориясы мен тәжірибесі бойынша Агапцов С.А., Виханский О.С., Герчикова И.Н., Ефремов В.С., Кохно П.А.,  Комаров С.Е., Кныш М.И., Любинова Н.Г., Пучков В.В., Тютиков Ю.П., Фатхутдинов Р.А. және т.б. авторлардың еңбектері қолданылған.

Соңғы жылдары Қазақстанда да контроллингтің теориясы мен тәжірибесін, талдауды және басқаруды жетілдіруді зерттеуге  көңіл бөле басталды. Бұл Ташенова С.Д., Баишев Б.К., Мельдаханова М.К. сияқты отандық теоретиктер мен тәжірибешілердің еңбектерінде көрініс тапты.  Алайда, контроллингті қолдану мәселелері бойынша жұмыстардың көпшілігі шаруашылықтың белгілі сфераларына бағытталған салалық сипатта болатынын немесе контроллинг түрлерінің ерекшеліктеріне қарай бөлінбеген жалпы бағытта болатынын  ескерген жөн.

Отандық экономикалық әдебиеттерде стратегиялық контроллингтің теориясы мен тәжірибесі, сонымен бірге экономиканың нақты  секторындағы тұрақсыздық, белгісіздік, дағдарыс жағдайларында стратегиялық контроллингті қолдану мүмкіндіктері мен проблемалары жете қарастырылмаған.

Зерттеудің  мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты стратегиялық контроллингтің теориялық негіздерін игеру,  оны жетілдіру және  экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына бейімдеу бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Зерттеу мақсатына жету үшін және жұмыстың ғылыми бағытына сәйкес, өзара байланысты міндеттер кешенін  шешу көзделген:

  • менеджмент теориясымен және кәсіпорынның стратегиялық дамуымен байланыстыра отырып, стратегиялық контроллинг теориясының эволюциясын зерттеу және қорыту;
  • стратегиялық контроллингтің теориясы мен тәжірибесін, оның тұрақсыздық және экономикалық дағдарыс жағдайында кәсіпорындар үшін маңызы мен мәнін, сонымен қатар қолданылу аймақтары бойынша құралнамасын қарастыру;
  • Қазақстандағы стратегиялық контроллинг тәжірибесінің нақты жағдайын, сонымен бірге даму стратегияларын  жасау кезінде контроллинг құралдарын енгізу мен қолдану проблемаларын көрсету;
  • стратегиялық контроллинг теориясы мен тәжірибесінің және әр түрлі басқару құрылымдарына енгізу ерекшеліктерінің басқарушылық көзқарастардың басқа бағыттарымен байланыста өзара әрекет ету проблемаларын зерттеу;
  • стратегиялық контроллинг құралдарының даму және қолданылу перспективалары мен тенденцияларын, сонымен бірге стратегиялық контроллинг жүйесінің тиімділігін есептеу мүмкіндіктерін көрсету.

Зерттеу объектісі  ретінде Қазақстан Республикасының ірі ұлттық компаниялары алынды.

Зерттеу пәні стратегиялық контроллинг құралдарын жүзеге асыру үрдісіндегі ұйымдастырушылық-экономикалық қатынастар,  корпоративтік басқару жүйесіндегі стратегиялық контроллингті қолдануды енгізу мен жетілдіру үрдісі болып табылады.

Диссертациялық зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі стратегиялық басқару, жоспарлау, талдау, контроллинг дамуы мәселелері бойынша шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының нормативті-заңнамалық актілері болды.

Зерттеудің ақпараттық базасы жетекші экономистердің – теоретиктер мен тәжірибешілердің еңбектері, алыс және жақын шетел басылымдарындағы ғылыми және тәжірибелік мақалалар, сонымен қатар нормативті-заңнамалық база мен республика кәсіпорындарының мәліметтері болды.

Зерттеу үрдісінде теоретикалық концепцияларды жинақтап қорыту, стратегиялық жоспарлау және талдау әдістері, сонымен  қатар дамудың жүйелілік және қарқындылық қағидалары қолданылды.

Зерттеу жұмысының  ғылыми жаңалығы келесідей түрде берілген қорытындылар мен ұсыныстарда тұжырымдалады:

  • стратегиялық контроллинг эволюциясының теориялық аспектілері, оның стратегиялық менеджментпен, стратегиялық маркетингпен, стратегиялық жоспарлау және талдаумен өзара байланысы мен өзара әрекет етуі ғылыми жинақталынған;
  • стратегия жасаудың теориясы мен тәжірибесі және оның түрлері, тұрақсыздық жағдайындағы стратегиялық контроллингтің рөлі, мәні және мағынасы, сонымен бірге стратегияны түзетуге қажетті ақпаратты талдау үшін оның құралдары кеңейтілді және жүйеленді;
  • белгіленген мақсаттарға жету бойынша даму стратегиясын жасау үшін және басқару шешімдерін қабылдау үшін Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында стратегиялық контроллинг құралдарының қазіргі заманғы қолданылу тәжірибесіне әсер ететін факторлар бейнеленген;
  • Қазақстандағы стратегиялық контроллингтің теориясы мен тәжірибесінің, әсіресе басқарудың әр текті ұйымдастырушылық құрылымы бар әр түрлі кәсіпорындарға енгізу барысындағы өзара әрекет етуі анықталды және стратегиялар пирамидасы жасалынды;
  • стратегиялық жоспарлау, стратегиялық контроллинг жүйелері бойынша автордың зерттеулері және бәсекелік басымдықтарға жету стратегияларының нұсқалары ұсынылды; 
  • стратегиялық контроллинг құралдарының даму тенденциялары мен перспективалары, сонымен қатар стратегиялық контроллинг жүйесін қолдану барысында кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарылатуды есептеу мүмкіндіктері көрсетілді.

Қорғауға шығарылған негізгі тұжырымдар:

  • стратегиялық контроллинг теориясын дағдарысқа қарсы құрал ретінде қарастырудың авторлық тәсілі, ол стратегиялық басқару шеңберінде стратегиялық контроллинг компоненттерінің негізгі құраушылары ретінде стратегияларды, стратегиялық жоспарлау мен талдауды бірден-бірге сатылауға (градациялауға) мүмкіндік береді;
  • стратегия жасаудың теориясы мен тәжірибесінің және оның түрлерінің, тұрақсыздық жағдайындағы стратегиялық контроллингтің рөлінің, мәні мен мағынасының, сонымен бірге стратегияны түзетуге қажетті ақпаратты талдау үшін оның құралдарының кеңейтілген және жүйелендірілген авторлық көзқарас кәсіпорынды стратегиялық басқарудың мақсаттарына жету үшін стратегиялық контроллинг жүйесі құралдарының мүмкіндіктерін көрсетеді;
  • контроллинг тұжырымдамасы кәсіпорынды күрделі ашық әлеуметті-техникалық жүйе ретінде көрсетуге негізделген, нақты мақсаттары, өзін-өзі реттеудің өзіне тән механизмі бар, басқару шегінде кері өзара байланысты қамтамасыз етеді;
  • белгіленген мақсаттарға жету бойынша даму стратегиясын жасау үшін және басқару шешімдерін қабылдау үшін Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында стратегиялық контроллинг құралдарын пайдалану бойынша ұсыныстар стратегиялық контроллингті енгізу мәселелеріндегі проблемалы аймақтарды анықтайды, оның негізгі проблемаларының бірі енгізу базасының жеткіліксіздігі болып табылады;
  • Қазақстандағы стратегиялық контроллингтің теориясы мен тәжірибесінің, әсіресе басқарудың әр текті ұйымдастырушылық құрылымы бар кәсіпорындарға енгізу барысындағы өзара әрекетінің проблемаларын шешу жолдары, ол өз кезегінде ел кәсіпорындарында стратегиялық контроллинг құралдарын қолдану үрдісіне әсер ететін тенденциялар мен факторларды көрсетеді;
  • стратегиялық жоспарлау, контроллинг, бәсекелік басымдылықтарға жету жоспарларының нұсқалары мен стратегиялар пирамидасы бойынша автор зерттеулері, олардың көмегімен кәсіпорындар ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетістіктерін қолдану арқылы даму стратегияларын жасай алады;
  • стратегиялық контроллинг құралдарының даму тенденциялары мен перспективалары, сонымен қатар стратегиялық контроллинг жүйесін қолдану барысында кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарылатудың әдістемелік тәсілдері.

Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік мәні. Диссертацияда алынған ғылыми нәтижелер стратегиялық контроллингтің құралдары мен жеке әдістерін, соның ішінде сыртқы орта мен кәсіпорынның ішкі саясатының өзгерістеріне байланысты стратегия жасау әдістемесін, стратегиялық мақсаттарға жету және оларды түзету мүмкіндіктерін толығырақ қолдануға мүмкіндік береді. Зерттеудегі ұсыныстар, тұжырымдамалар, қазіргі дағдарыс жағдайындағы проблемаларды бәсеңдетуге әсер етеді.

Информация о работе Ұйымдар қызметінің жүйесіндегі стратегиялық контроллинг: проблемалары мен жетілдіру жолдары