Ұйымдар қызметінің жүйесіндегі стратегиялық контроллинг: проблемалары мен жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 10:48, автореферат

Краткое описание

Қазақстан экономикасының реформалануы тұрақтану тенденциясының пайда болуына себеп болды, осы ретте өндірістің, әсіресе экономиканың нақты секторының даму мүмкіндіктеріне көп көңіл бөліне бастады. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары экономиканың сапалы теңдестірілген өсуіне бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының қалыптасуы мен жүзеге асырылуына ықпалын тигізеді.

Файлы: 1 файл

Контроллинг.doc

— 343.00 Кб (Скачать)

Қазақстанда стратегиялық контроллингті енгізумен «Галактика»  Корпорациясы айналысады. «Галактика»  Корпорациясы Қазақстан Республикасында 1995 жылдан бастап жұмыс істейді. «Галактика-Қазақстан» – бұл тек Қазақстандағы «Галактика» Корпорациясының Орта-Азиялық офисі ғана емес, бұл жергілікті заңнамаларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы үшін жасалған бағдарламалық кешен. Ол «Галактика» Корпорациясымен ұсынылатын қызметтердің толық шоғыры: консалтинг, іске қосу жұмыстары, техникалық қолдау, пайдаланушыларды оқыту (3-кесте).

 

3-кесте – «Галактика» корпорациясының Қазақстандағы тұтынушылары

 

Тұтынушы-компаниялар атауы

«Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ

«Ақтөбе ферроқорытпа зауыты» АҚ

«Қазақстан алюминиі» АҚ

«Донской тау-кен комбинаты» АҚ

«Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ

«Қазақтелеком» АҚ

«Казахстан «РТРК» АҚ

«Майкл Уилсон и Партнеры» ЛТД

«Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ

«Шұбаркөл көмір» АҚ

Ескерту – Автормен құрастырылған  // www. galaktika. kz сайтының материалдары негізінде


 

Стратегиялық  контроллинг кешенін жасаудың мысалын  «Галактика» корпорациясының тұтынушыларының  бірі – «Қазақтелеком» АҚ тәжірибесінде  қарастыруға болады. Қазақстанның ұлттық байланыс операторы және кеңес үкіметінен кейінгі ең серпінді дамып келе жатқан телекоммуникация компанияларының бірі «Қазақтелеком» АҚ, инфокоммуникациялық қызметтің кең ауқымын ұсынады. «Қазақтелеком» АҚ-ның 51% акциясы «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқаттылық қоры атынан мемлекетке жатады. «Қазақтелеком» АҚ компаниясы тобының құрылымына: «Алтел» АҚ (100%), «Мобайл-Телеком Сервис» ЖШС (51%), «GSM Казахстан» ЖШС – «Қазақтелеком» АҚ (49%), «Нұрсат» АҚ (95,68%), «Сигнум» ЖШК (100%), «ШығысТелеком» ЖШС (100%), «Кептер телеком» АҚ (100%), «Radio Tell» ЖШС (100%) жатады. Бүгінгі күні «Қазақтелеком» АҚ компаниясының тобы инфокоммуникациялық қызметті тұтынушыларының барлық негізгі мақсатты нарығын қамтиды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның тәуелсіз және бәсекеге қабілетті телекоммуникациялық  желісі бар. Оның қызметі көп жағдайда «Қазақтелеком» АҚ-ның мемлекеттік мәні бар ірі жобасы – Ұлттық ақпараттық супермагистральдің (ҰАСМ) құрылысын аяқтаумен келісілген. Осы жобаның жүзеге асырылуы «цифрлы мемлекетті» құру, «электрондық үкімет», сондай-ақ «ақпараттық қоғам» инфрақұрылымын құру жолына маңызды қадам жасауына мүмкіндік берді. Бұдан басқа да, ҰАСМ Қазақстанның әлемдік ақпараттық кеңістікке бірігуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бағалау деректері бойынша, «Қазақтелеком» АҚ (еншілес компаниялар есебімен) Интернет-пайдаланушыларының жалпы саны 2008 жылдың қорытындысы бойынша 1 млн. 190 мыңнан астам адамды құрады, 2007 ж. қарағанда 41,5% артық. Олардың ішінен кеңжолақты Интернет пайдаланушылар саны (еншілес компаниялар есебімен) – 660 мыңнан астам адам. 2007 ж. салыстырғанда өсу шегі – 124,5%.

Жедел деректер бойынша 2008 жылдың 12 айына «Қазақтелеком» АҚ-ның шоғырланған табысы 164 млрд. 390 млн. теңгені құрады. Шоғырланған табысының өсімі 2007 жылмен салыстырғанда 3% астам құрады. EBITDA көрсеткіші (салық салу мен тозуға дейінгі пайда) 46 млрд. теңгеге жуық құрады. «Қазақтелеком» АҚ-ның 2008 ж. таза пайдасы шындығында, 2007 ж. деңгейінде болжанады және 31 млрд. 381 млн. теңгені құрайды.  
      «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында NGN (Next Generation Networks) жаңа ұрпақтың магистральдық қалааралық желісін салуды аяқтады. Бүгінгі күні «Қазақтелеком» АҚ ТМД-ғы бүкіл елдің ауқымында қалааралық байланыс желісінің NGN-ға өткен бірінші телекоммуникациялық операторы болып табылады. NGN әдеттегі қалааралық байланыс желісіне қарағанда IP технологиясы бойынша жұмыс істейді. Осы шешім қалааралық байланыс желісін анағұрлым тиімді және үнемді тәсілмен кеңейтуді және оның базасында жергілікті NGN желісін дамыту мүмкіндік береді. 2007 ж. ішінде NGN жергілікті желілері Астана, Алматы, Қарағанда, Павлодар, Тараз және Талдықорған қалаларында пайдалануға енгізілді. 2008 жылы NGN желілері Петропавл, Өскемен, Семей және Шымкент қаларында пайдалануға іске қосылды. NGN желілерінің құрылыс Атырау, Көкшетау және Ақтөбе қаларында басталды.

Қызметтер сапасын арттыру  және олардың ауқымын кеңейту, технологиялық  жаңалықтар, қолайлы тарифтік саясат, операторлар арасындағы өзара пайдалы  серіктестік қатынастарын дамыту компанияны дамыту саясатының негізгі басымдылығы болып табылады. Бұл мәселелер, әсіресе телекоммуникация нарығын ырықтандыру және бәсекелестіктің өсуі талаптарында өзекті бола түседі.

 «Қазақтелеком» АҚ  негізгі стратегиялық инвестициялық  жобалары жаңғырту, ірі инвестициялық және коммерциялық жобалар болып бөлінеді, олар 3-суретте көрсетілген.

 

Стратегиялық инвестициялық жобалар


 

 

Жаңғырту жобалары

1. «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникация  желілерін Next Generation Network       

    технологиясына ауыстыру

2. CDMA технологиясын қолданып, ауыл байланысының телекоммуникация

    желілерін жаңғырту мен  дамыту 


 

 

Ірі инвестициялық жобалар

1. DWDM магистральдік желісін салу

2. Халықаралық байланыс операторларымен  түйісу шлюздарын ұйымдастыру

3. IP/MPLS желісін дамыту

4. Республиканың ірі қалаларында  CDMA 800 желісін дамыту

5. ҚР төтенше және анықтама-ақпараттық  қызметтерін шақыру кезіндегі  нөмірді 

    терудің өзгеруі


 

 

Коммерциялық жобалар

1. Трафикпен алмасу орталығын  салу

2. Интернет Дата орталықтарын  құру

3. IP/TV жобасы

4. SIP тұғырнамасын дамыту


 

3-cурет – «Қазақтелеком» АҚ стратегиялық инвестициялық жобалары

Ескерту – әдебиет көздерінің негізінде  автормен жасалынған

 

«Қазақтелеком» АҚ компаниясы байланыс нарығындағы алдыңғы қатарлы оператор болып есептеледі. 4-суретте телекоммуникациялық қызмет көрсетуден түсетін табыс көрсеткіштерінің серпіні көрсетілген. 2005-2008жж. кезеңінде компанияда табыс көлемінің қомақты өскенін байқауға болады, мұндай әрекет 2008 жылы 2005 жылмен салыстырғанда қарастырылып отырған көрсеткіштің 42,9%-ға өскенін көрсетеді. «Қазақтелеком» АҚ компаниясы бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырған, сонымен бірге тораптарды сандық жүйеге келтіруді, жаңа технологияларды енгізуді, ауылды жерлерге телефон қондыруды жалғастыруда.

4-сурет – «Қазақтелеком» АҚ 2005-2008жж. телекоммуникациялық

қызмет көрсетуден түскен табыстың серпіні

Ескерту – Автормен жасалынған

 

Сонымен бірге телекоммуникациялық  желілердің үзіліссіз жұмысы қамтамасыз етілген, жергілікті байланыс желісін сандық жүйеге келтіру деңгейі 75%-дан асқан. Ұлттық ақпараттық супермагистральдың негізгі торабының құрылысының аяқталуы «Қазақтелеком» АҚ-на бәсекеге қабілетті телекоммуникациялық желі құруға мүмкіндік берді.

Инвестициялық жобаларды  жүзеге асыру «Қазақтелеком» АҚ компаниясының  негізгі қызметі бойынша табыстарының бірқатар өсуіне мүмкіндік берді. Бірақ, басқа көрсеткіштердің серпіні: операциондық табыс пен таза табыстың – компания жұмысының жекелеген салалардағы қызметтердің нашарлағандығын бейнелейді (5-сурет).

5-сурет – «Қазақтелеком» АҚ 2005-2008жж. таза табысының

өзгеру серпіні

Ескерту – Автормен жасалынған

 

5-суретте 2008 жылы 2005 жылмен  салыстырғанда «Қазақтелеком» АҚ-да таза табыс көлемінің төмендегенін көруге болады. Коммерциялық нәтижелерге экономикалық дағдарыс үлкен әсерін тигізді. «Қазақтелеком» АҚ компаниясы табыс көлемін ұлғайтуда, бірақ телекоммуникациялық қызмет көрсетулердің тұтынушылары болып есептелетін көптеген компаниялардың төлем қабілеттілігінің төмендеуі таза және операциондық табыстың төмендеуіне әкеліп соқты (6-сурет).   

6-сурет – «Қазақтелеком» АҚ 2005-2008жж. операциондық

табысының өзгеру серпіні

Ескерту – Автормен жасалынған

 

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы – көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу мен тасымалдау бойынша  Қазақстанның мұнай-газ саласында  мемлекет мүддесінен өкілдік етуші  қазақстандық ұлттық оператор болып  табылады. 100% акция «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на тиесілі. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы – көмірсутек шикізатын барлау, өндіру, өңдеу мен тасымалдаушы, маркетинг, өткізу операциялары мен сервистік қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын тік-біріккен байланыстағы мұнай-газ компаниясы.

 

4-кесте – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның коммерциялық нәтижелері

 

Көрсеткіштер

2007ж.

2008ж.

Өсу қарқыны, %

Өткізуден түскен табыс, млн. тг.

1414326

2537391

179,4

Табыстар барлығы, млн. тг.

1482906

2682602

180,9

Шығындар барлығы, млн. тг.

905 167

2 065 404

228,2

Соның ішінде, өзіндік құны, млн. тг.

643 343

1 385 985

215,4

Пайда, млн. тг.

292 093

292 680

100,2

Ескерту – Автормен құрастырылған


 

«ҚазМұнайГаз» елдің  мұнай-газ секторында алдыңғы қатарлы  ұстанымға ие, мұнай өндірудің  төрттен бірін, мұнай тасымалдаудың 80 пайызын, газ тасымалдаудан барлық көлемді дерлік, сонымен қатар Қазақстандағы мұнай өңдеудің 50 пайызын 2008 жылы компания мұнай ресурстарының елеулі өсуіне қол жеткізді, соның ішінде Қазақстан территориясындағы ірі мұнай-газ жобаларының үлесін алу есебімен. 2008 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша іс жүзінде дәлелденген мұнай мен газ қорлары 701,1 млн. тонна мен 69,3 млрд.кубометрді құрады. 4-кестеде компанияның коммерциялық мәліметтері келтірілген. 

Кестеден көріп отырғанымыздай, дағдарысқа байланысты табыстың өсу қарқыны, компания шығындарының өсу қарқынынан төмен. 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда компанияның табысы 80,9%-ға өскен, ал сол кезең аралығында шығындар 128,2%-ға өскен. Мұндай жағдай кейбір компаниялардың өз міндеттемелері бойынша төлей алмағандығынан. 2008 жылы пайда көлемі де 2007 жылдың деңгейінде қалған. Серіктестердің төлем төлемеуі табыс пен пайдада байқалып отыр, бірақ та осы кезеңде компания жақсы өндірістік көрсеткіштерге ие (5-кесте). Сонымен қатар, мұнай өндіру үш жылда 40,1%, газ өндіру 17,4%, мұнай тасымалдау 40,1%, мұнай өңдеу 175,4% өскен.

 

5-кесте – «ҚазМұнайГаз»  ҰК» АҚ негізгі өндірістік  көрсеткіштері

 

 

Көрсеткіштер атауы

 

2006ж.

 

2007ж.

 

2008ж.

Өсу қарқыны 2008ж. 2006ж., %

Мұнай мен конденсат өндіру, мың тонна

12886

16690

18051

140,1

Газ өндіру,

млн. куб. метр

3224

3532

3786

117,4

Мұнай құбырлары арқылы мұнайды  тасымалдау, млн. тонна

42,9

50,8

60,1

140,1

Газ құбырлары арқылы газ тасымалдау,

млрд. куб. метр

121,9

114,2

116,4

95,5

Мұнай өңдеу,

мың тонна

3746

4712

10316

275,4

Ескерту – Автормен құрастырылған


 

Стратегиялық контроллинг  құралнамасын қолданудың келесі мысалын  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ даму стратегиясы  арқылы көрсетуге болады. Акционерлік  қоғам мұнай өндіруші кәсіпорындарда операциондық бақылау жүргізеді.

Көмірсутек өндірісінің  шикізаттық қоры екі өндіруші компанияда шоғырланған, бұл кен орындары өндіріс  деңгейі мен өнім қоры бойынша  қатты ерекшеленеді.  Кен орындарындағы  қабат қысымы су толтыру жолымен  сақталады, ұңғымалар дебитін қабаттарға механикалық, электрикалық және химиялық әсер ету жолымен жоғарылатады. Өндірістік бағдарламаларға сәйкес, еншілес кәсіпорындарда мұнай өндірудің келесідей көлемдері жоспарланып отыр (6-кесте):

 

 

6-кесте – 2009-2015жж. жағдай бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өндіру болжамы (мың тенге)

 

Кәсіпорын

2009ж.

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж.

Барлығы

ЕМГ

2820

2800

2780

2750

2700

2650

2560

19060

ӨМГ

5883

5671

5467

5270

5080

4907

4740

37018

Барлығы

8703

8471

8247

8020

7780

7557

7300

56078

Ескерту – Автормен құрастырылған, әдебиет: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ: 2020 жылға дейінгі стратегия және 2003-2008 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары. – Астана: ҚМГ, 2003. – 25 б.

Информация о работе Ұйымдар қызметінің жүйесіндегі стратегиялық контроллинг: проблемалары мен жетілдіру жолдары