Ұйымдар қызметінің жүйесіндегі стратегиялық контроллинг: проблемалары мен жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 10:48, автореферат

Краткое описание

Қазақстан экономикасының реформалануы тұрақтану тенденциясының пайда болуына себеп болды, осы ретте өндірістің, әсіресе экономиканың нақты секторының даму мүмкіндіктеріне көп көңіл бөліне бастады. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары экономиканың сапалы теңдестірілген өсуіне бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының қалыптасуы мен жүзеге асырылуына ықпалын тигізеді.

Файлы: 1 файл

Контроллинг.doc

— 343.00 Кб (Скачать)

Диссертацияның тәжірибелік мәні стратегиялық контроллинг жүйесінің дамуын сипаттайтын қорытындылар мен ережелер, сонымен бірге көрсетілген нақты мәліметтер оқу үрдісінде тек студенттер, магистранттар үшін ғана емес, сонымен қатар шаруашылық қызметтің кәсіби қатысушылары үшін де пайдаланылу мүмкіндіктеріне негізделеді.

Жұмыстың негізгі  нәтижелерінің қолданылуы. Жұмыстың негізгі нәтижелері экономиканың, менеджменттің және стратегиялық даму теориясы мен тәжірибесінің өзекті сұрақтарына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалып талқыланған. Диссертация материалдары келесідей баяндамаларда мазмұндалды: «Үшінші Рысқұлов оқулары» атты халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы (Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Алматы, 19-24 мамыр 2008ж.), «Ломоносов – 2009» атты жас ғалымдар мен магистранттар, студенттердің халықаралық ғылыми конференциясы (М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалы, Астана, 11-12 сәуір 2009ж.), «Төртінші Рысқұлов оқулары» халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы (Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Алматы, 25-27 мамыр 2009ж.). 

Зерттеу нәтижелерінің жүзеге асырылуы. Зерттеу нәтижелері  Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің студенттері үшін «Менеджмент теориясы және тәжірибесі», «Менеджмент» пәндері негізінде оқу үрдісінде пайдаланылады. Автормен алынған зерттеудің ғылыми нәтижелері «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның «ӨзенМұнайГаз» өндірістік филиалы мен «Nur Trans Energo Telecom» ЖШС-нің қызметтерінде қолданылған және енгізілген.

Жарияланымдар. Диссертациялық жұмыс тақырыбы  бойынша жалпы көлемі 5,8 баспа табақ болатын 10 жұмыс баспаға шығарылды.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 26 кесте, 40 сурет және 5 формула бар.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Контроллингтің жалпы  тұжырымдамасы, басқару функциясы ретінде, оперативті және стратегиялық мақсаттарға жету үшін түрлі салалар қызметін үйлестіре және біріктіре отырып, кәсіпорын қызметінің барлық сфераларын қамтиды: қаржы және есеп, менеджмент және маркетинг. Бұл жерде тек маркетингтегідей компанияны басқару жүйесінің нарықтық бағытталуы туралы ғана емес, сонымен қатар, ұйымның ішкі және сыртқы ортасындағы өзгерістердің жоғары қарқыны жағдайында контроллинг жүйесінің қойылған міндеттерді орындау қабілеттілігі туралы да айтылады.

Менеджменттің жүйелік көзқарасы «контроллингті» менеджмент жүйесіндегі барлық кіші жүйелер қызметін үйлестірудің ұйымдастырушылық функциясы деп анықтайды. Дитгер Ханның пікірі бойынша, контроллинг автоматтандырылған басқару жүйесі ретінде сипатталады, осыдан контроллинг үш компонентке негізделеді деген тұжырым жасауға болады: экономикалық жүйе, басқару, ақпараттық жүйе.

Кәсіпорында контроллингті  қолдану процесін оперативті контроллинг  әдістерін қолданудан бастау, одан кейін стратегиялық контроллингті  енгізу ұсынылады. Контроллингті жүзеге асырудың мұндай тәжірибесін көптеген ірі компаниялар қолданады. Стратегиялық контроллинг фирманың өмір сүруін қамтамасыз етуге және оның белгіленген даму стратегиясына жылжуын бақылауға, ал оперативті контроллинг компанияның ағымдағы мақсаттарына қол жеткізу үшін басқару жүйесін жасауға бағытталған.

Қазіргі экономиканың 1990-жылдары басталған трансформациялық процестері контроллингтің, соның ішінде стратегиялық контроллингтің теориясы мен тәжірибесіне үлкен әсерін тигізді. Контроллингтің ұлттық немесе аймақтық модельдеріне сәйкес стратегиялық контроллингтің функциялары, міндеттері және әрекет ету аймақтары көп өзгере бастады.

Теоретиктер мен  тәжірибешілер өз зерттеулерінде компанияның  болашақтағы сәттілігі үшін неғұрлым қауіпті бар факторларды анықтады: ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлау; қаржылық және экономикалық талдау; тұтынушы және өнім бойынша табыстылық; компьютерлік жүйелер және операциялар; процестерді оңтайландыру.

Берілген тенденцияның анықталуы контроллингті қолданудың жаңа аймақтарын көрсетеді. Неғұрлым мазмұнды бағыт болып контроллинг жүйесін өзгеріс жағдайларына және оның кез-келген қызметке әсер етуіне негізделе отырып, болашақта, стратегиялық жоспарда қолдану болып табылады.

Контроллингті стратегиялық және оперативті деп бөлуді кейбір авторлар дұрыс емес деп есептейді. Алайда, көбінесе, жетекші ғалымдар стратегиялық контроллингті контроллингтің бөлек бағыты ретінде қарастырады, бұл міндеттер мен функцияларды атқаруда неғұрлым орынды болып табылады.

Оперативті контроллингке қарағанда, стратегиялық контроллинг кәсіпорын басымдылықтарын тиімді қолдануға мүмкіндік жасауы керек және болашақ қызмет үшін жағдай жасауы тиіс.

Стратегиялық жоспарлар  жасау барысында контроллинг  қызметі атқарушылар мен басқарушылар арасында делдал ретінде қызмет етеді және олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

Стратегиялық контроллингтің негізгі міндеті компанияның  ұзақ қызмет етуіне, қызметті жоспарлауға, сонымен қатар сәттілік мүмкіндіктерін іздеуге, жасауға және оны сақтап қалуға бағытталған.

Құрамында стратегиялық контроллинг жүйесі бар, автормен толықтырылған стратегиялық басқарудың сызбасы 1-суретте көрсетілген.

 





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет – Стратегиялық контроллинг құрылымы

Ескерту – әдебиет көздерінің негізінде  автормен жасалынған

 

Стратегиялық контроллинг бағыттарының бірі кәсіпорын қызметінің әр түрлі аспектілерін талдауға негізделген стратегиялық маркетингтік контроллинг болып табылады. Оның құралдары кәсіпорын қызметінің әр түрлі аспектілерін талдауға негізделеді. Контроллингте оперативті және стратегиялық маркетинг аймақтары бөліп көрсетіледі, олардың көрсеткіштері  қолданылатын  талдау әдістеріндегі айырмашылықтарды анықтайды.

2-суретте контроллингтің оперативті және стратегиялық аймақтарының айырмашылықтары көрсетілген. Осылайша, егер оперативті контроллинг сферасы айналым, тұрақты шығындарды жабу үлесі және шығындарға қатысты сұрақтарды қарастырса, стратегиялық контроллинг сферасына сәттілік мүмкіндігі, саланың тартымдылығы, имидж, компетенттілік, инновациялық қызмет, т.б. жатады.

 

        Оперативті                                                                                                                      Стратегиялық 



 


                

                 Айналымдар

                 Тұрақты шығындарды                   Оперативті мақсатты өлшемдер


                 жабу үлесі

                 Шығындар


 

 

                                                                                                   


                                                                                                      Жетістік әлеуеті

                                                                                                                                                    Салалық қызығушылық        

                                                   Стратегиялық мақсатты өлшемдер                                                                  Имидж


                                                                                                                                                                   Компетенттілік

                                                                                                                                       Инновациялық қызмет және т.б.   

 

 


          Уақытқа негізделген ось

 

2-сурет – Контроллингтегі оперативті және стратегиялық

мақсатты көлемдер

Ескерту – әдебиет көздерінің негізінде  автормен жасалынған

 

Стратегиялық контроллингтің қолданылу сфераларын көрнекі көрсету  үшін жекелеген белгілері бойынша  берілген Питер Хорваттың оперативті және стратегиялық контроллингтің салыстыруын көрсетуге болады (1-кесте).

 

1-кесте – Стратегиялық және оперативті контроллинг

Контроллинг белгілері

Контроллинг типі

Стратегиялық

Оперативті

Бағыты

Сыртқы орта мен кәсіпорын: бейімделу

Кәсіпорын: ішкі процестердің тиімділігі

Жоспарлау деңгейі

Стратегиялық жоспарлау

Тактикалық және оперативті жоспарлау, бюджеттеу

Өлшемдер

Мүмкіндіктер/ Тәуекелдер,

Күшті / Әлсіз жақтары

Шығындар / Табыс

Өндіріс шығындары / Өндіріс көлемдері

Мақсатты көлемдер

Қызмет тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Сәттіліктің негізгі факторлары

Үнемділік, пайда, рентабельділік.

Ескерту – Концепция контроллинга: Управленческий учет. Система отчетности. Бюджетирование / Horvath & Pertners; Пер. с нем. – 3-е изд. – М.: Альпина Бизнес Букс, 2008. – 269 б. әдебиеті бойынша құрастырылған


 

Көрсетілген салыстырудан стратегиялық контроллингтің негізгі  міндеті менеджментке стратегиялық басқару процестерінде көмектесу  екендігі көрінеді, бұл стратегиялық жоспарлау мен бақылауды сәйкестендіруге, сонымен қатар стратегиялық шешімдер қабылдау үшін маңызды ақпаратпен қамтамасыз етуге негізделеді.

Егер бұрын стратегиялық контроллингтің негізгі міндеті пайданы максималдау  болып саналса, қазіргі заман  экономикасының даму деңгейінде ұзақ мерзімді мүмкіндіктерде фирманың өз құнын жоғарылату маңыздырақ болып саналады. Фирма құны оның инвесторлар үшін тартымдылығын және осы бизнеске қаражат салу мүмкіндіктерін білдіреді.

Мұндай көзқарас стратегиялық контрллингтің  құндық-бағдарлық құралдарын фирманы басқару жүйесінде қолдануға мүмкіндік береді. Осындай құралдарға құнды жасау факторларын оңтайландыру құралдары жатады.

Әр түрлі қызмет сфералары  мысалында стратегиялық контроллинг  құралдары мен факторларының  әрекеттерін қарастыруға болады (2-кесте).

 

2-кесте – Қолданылу аймақтары бойынша стратегиялық контроллинг құралдары

 

Қолданылу аймағы

Құралдар

Есеп

Басқарушылық есеп жүйесі:

шаруашылық қызмет туралы есеп, соның  ішінде құрама;

басқарушылық есеп көрсеткіштері;

бірнеше жылға есептілікті талдау әдістері

Ақпаратпен 

қамтамасыз ету

Құжат айналым жүйесі, бизнес-процестер картасы;

Аймақтық және әлемдік экономика  тенденциялары

Жоспарлау

АВС-талдау,

инвестициялық жобаларды талдау әдістері,

маржиналды талдау,

бәсекелікті талдау әдістері,

бенчмаркинг,

логистика әдістері,

портфельдік талдау әдістері,

потенциалды талдау,

өнімнің өмірлік циклын талдау,

SWOT-талдау,

сценарийлерді талдау,

құндылықты жеткізу тізбегін талдау,

 Портердің бәсекелік күштерін талдау,

қабылдау карталары,

балансталған есептеу карталары,

тармақты жоспарлау,

баға белгілеу әдістемесі,

сызықтық бағдарламалау әдісі

Мониторинг және бақылау

Алдын-ала ескерту жүйесі,

 үзілістерді талдау

Ескерту – Әдебиет көздерін талдау негізінде автормен құрастырылған


 

Қолданылатын контроллинг  құралдарын талдау негізінде өзінің мамандануы мен ұзақ мерзімге негізделуіне байланысты әдістемесін пайдаланатын болашаққа бағытталған стратегиялық контроллинг құралдарын көрсетуге болады. 2-кестеде қолдану саласына сәйкестендіріліп стратегиялық контроллинг құралдарына ең қолайлыларын анықтау әрекеті жасалынған.

Контроллинг құралдарына, оның мақсаттарына жету үшін қолданылатын құралдар ретінде, төмендегілер жатады:

1. Контроллингтің барлық кезеңдерін қамтитын ақпараттық жүйе;

2. Экономикалық және қаржылық көрсеткіштер жүйесі, олар кәсіпорын қызметінің барлық сфераларын қамтиды: өндіріс; материалды-техникалық жабдықтау; өткізу; әкімшілік; қаржыландыру; ғылыми-техникалық және конструкторлық; персоналды басқару;

3. Ішкі өндірістік шығындарды есептеу және талдау жүйесі, оларды төмендету бағдарламаларын жасау;

4. Инвестициялық шешімдерді бағалау жүйесі.

Контроллинг функцияларының біртұтас жиынтығында басқару үшін қажетті ақпаратты беру функциясы  мен тікелей шешім қабылдау функциясын немесе, анығырақ айтқанда, шешім қабылдау және оларды үйлестіру әдістемесін бөліп көрсетуге болады. Контроллингтің ақпараттық қызмет көрсетуі кәсіпорын қызметінің ақырғы нәтижесінің мақсатына жетуге бағытталған жоспарлау, нормалау, есептеу және бақылау жүйелерінің көмегімен қамтамасыз етіледі. Ақпаратта міндетті (нормативті, жоспарлы және нақты) мәліметтер және бөлімшелер тұрғысындағы есептеу әдістерімен анықталатын кемшіліктер болуы керек.

Информация о работе Ұйымдар қызметінің жүйесіндегі стратегиялық контроллинг: проблемалары мен жетілдіру жолдары