Банк операцияларының аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2012 в 19:43, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың мақсаты: банктегі есеп айырысу шотының теориясы мен есебі және оның аудиті болып табылады. Курстық жұмыстың міндетіне мыналар жатады:
Банктік шот туралы түсінік, оны ашу, жүргізу және жабу тәртібі;
Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі;
ҚР-ның II деңгейлі банктері бухгалтерлік есебінің шот жоспары;
Банктегі есеп айырысу шоты бойынша бастапқы құжаттау;
Есеп айырысудың аккредитивтік нысаны;
Вексельдермен операциялар есебі.

Оглавление

Кіріспе....................................................................................................................3
I бөлім. Банктегі есеп айрысу шотының теориясы............................................5
Банктік шот туралы түсінік, оны ашу, жүргізу және жабу тәртібі....5
Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі........................8
ҚР-ның II деңгейлі банктері бухгалтерлік есебінің шот жоспары....9
II бөлім. Банктегі есеп айырысу шотының есебі...............................................13
2.1. Банктегі есеп айырысу шоты бойынша бастапқы құжаттау............13
2.2. Есеп айырысудың аккредитивтік нысанының есебі........................20
2.3. Вексельдермен операциялар есебі.....................................................24
III бөлім. Банк операцияларының аудиті...........................................................27
Қорытынды...........................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер..........................

Файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 217.00 Кб (Скачать)

   Инкассолық  өкімде жөнелтуші келісімінсіз оның банктік шотынан ақша алуға құқық беретін заң актісінің сәйкес нөмірі мен күні көрсетіліп, төлем мәні жазылуы тиіс. Салық және кеден қызметі органдарының инкассолық өкімінде қосымша бюджеттік жіктелу коды, операция түрі көрсетіледі. Банктер ақша жөнелтушінің олардың келісімінсіз банктік шотынан қаржы алуға қарсылық білдірген арызға қарамайды. Жөнелтуші алушы банкке бекітілген банк нысанда жазылған «қайтарып алу өкімін» жолдау арқылы бұйрықты тоқтатуға болады. алушы-банк Қазақстан Республикасы заңдылықтарының талаптарына және жөнелтуші мен алушы банк арасындағы келісімге қайшы келетін бұйрықты қайтару туралы өкімдерді қабылдамауы тиіс. Алушы-банк немесе бенефициар банк төлем тапсырысын қайтару туралы өкімді уақытылы алмаса ақша аударымын жүзеге асыруға құқылары жоқ. Бұл кезде алушы-банк немесе бенефициар банк түскен соманы жөнелтушіге қайтаруға міндетті. Бұйрық алушы банкке «бұйрықты орындауды тоқтата тұру туралы өкім» жөнелтушінің жолдауы арқылы тоқтатылуы мүмкін.

   Чек банк клиентінің банкке ақша қаражатын  өз шотынан алушы шотына аудару туралы арнайы бланкте жазылған жазбаша тапсырмасын білдіретін бағалы қағаз болып табылады.

   Чек кімнің есебіне жазылғандығына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:

  • Арнайы – тек осы кісіге төлеңіз;
  • Ордерлік – осы кісіге немесеоның бұрығы бойынша төлеңіз;
  • Ұсынушы – ұсынушыға төлеңіз.

   Чектің  заңды құрамында мыналар белгіленеді: «чек» сөзі; анықталған соманы төлеу  бойынша шартсыз міндеттемесі; банк трассат (тратта бойынша төлеуге  міндетті тұлға); төлем орны; шығарылған орны және күні; трассант қолы (траттаны беретін тұлға).

   Коммерциялық  құрамы: чек нөмірі; трассат шотының нөмірі; трассат банктің коды; чек сомасының санмен қайталануы; бенефициар; кодтау желісі.

   Біздің  республикамызда чекті қолдану 2002 жылғы 13 мамырда ҚРҰБ Басқармасы бекіткен Қазақстан аумағында чектерді қолдану Ережесімен реттеледі.

   Қазіргі кезде Ұлттық банк нұсқауы бойынша есеп айырысуда тек депонирленген чектерді қолдану қарастырылуда. Қаржыларды депонирлеу чек беруші клиентпен банктік 2221 «клиенттердің арнайы салымдары» шотында жүргізіледі, бұл аталған чек бойынша төлемдерді қамтамасыз етеді.

   Есеп  айырысу чек кітапшасын алу үшін клиент банкке бекітілген үлгідегі, чек  саны және чектермен есеп айырысуда  қажетті жалпы сома көрсетілген  өтінішті ұсынады. Осы деректер негізінде  әр чек сыртында көрсетілген бір  чек лимиті қойылады. Чек алуға өтініш кәсіпорын жетекшісінің, бас бухгалитердің қолымен және мөрімен бекітіледі. Сонымен қатар, өтінішпен қоса клиент банкке аталған ақша сомасын өзінің есеп айырысу шотынан 2221 «клиенттердің арнайы салымдары» шотына қосу үшін төлем тапсырысын әкеледі, бұл қаржылар депонирленген соң клиент бұл чектерді ала алады.

   Бұл кезде мынадай өткізбе құрылады:

   Дт 2203 «клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

   Кт 2221 «клиенттердің арнайы салымдары»

   Чек заңды және жеке тұлғалармен өзара  есеп айырысу кезінде алынған тауарлы-материалдық құндылықтар және көрсетілген қызметтер, сондай-ақ басқа да жағдайлар үшін қабылданады.

   Чектер  келесі екі түрге бөлінеді:

  • Есеп айырысу чек кітапшаларының чектері;
  • Аманатшының чек кітапшаларының чектері.

   Есеп  айырысу чек кітапшаларының чектері заңды тұлғалар арасында өзара есеп айырысу үшін қолданылады.

   Аманатшының чек кітапшасы жеке тұлғалардың  олармен ақшасыз есеп айырысуы және нақты ақша алуы үшін қолданылады. Чектік кітапша егер клиентке банктен 6 айдан кем емес уақыт қызмет көрсетілген болса және банк клиенттің әділдігі мен жауаптылығына сенімді болуына негіз болғанда ғана беріледі.

   Қазақстан Республикасында чек беруші барлық банктің чектері қабылдауы мен  төлеуіне және клиенттеріне тиесілі. Чек  бланктері ҚР Ұлттық банкінің өндірістік кәсіпорындарында дайындалады. Қауіпсіздік деңгейі Ұлттық банкте бекітіледі.

   Чектермен есеп айырысу жасалған соң шоттардың  келесі корреспонденциясы жүргізіледі.

  1. Егер чек беруші мен чек ұстаушыға бір банктен қызмет көрсетілсе:

Дт 2221 «клиенттердің  арнайы салымдары»

Кт 2203 «клиенттердің  ағымдағы есеп шоттары»

  1. Егер чек беруші мен чек ұстаушыға әр түрлі банктер қызмет көрсетсе, чек беруші банкте:

Дт 2221 «клиенттердің  арнайы салымдары»

Кт 2551 «басқа банктермен есеп айырысу»

Чек ұстаушы  банкте:

Дт 2551 «басқа банктермен есеп айырысу»

Кт 2203 «клиенттердің  ағымдағы есепшоттары». 

    1. Есеп айырысудың аккредитивтік нысанының есебі
 

   Аккредитив – банктің бір немесе бірнеше банктерге аккредитивте көрсетілген шарт негізінде қамтамасыз етілген сома шегінде жеке немесе заңды тұлғаларғаклиент есебінен нұсқау бойынша тапсырысы.

   Аккредитивтік операция – банктің күрделі делдалдық  операциясы. Банктер аккредитивтік  операцияларды жүргізумен қатар  аккредитивті ашқаны және (немесе) жүргізгені үшін клиенттерден комиссиялық ақы  алады. Аккредитивтің негізгі түрлеріне ақшалай және құжаттық аккредитивтер жатады.

   Ақшалай аккредитив – бұл клиенттің банкке ақша сомасын енгізгендігін растайтын  құжат және осы банктің бір  немесе бірнеше банкке аккредитив ұстаушының сонда көрсетілген соманы төлеуі туралы тапсырмасының сәйкестігі.

   Құжаттық  аккредитив -  клиент өтініші және нұсқауы бойынша немесе жеке өз қарауы бойынша, онда көрсетілген бенефициарға немесе оның бұрығы бойынша төлем  жүргізуге банктің міндеттемесін  қарастыратын құжаттық есеп айырысу нысаны, сондай-ақ бенефициар қойған аударманы вексель акцепті мен төлемін немесе аккредитивтің барлық шарттары сақталған жағдайда, белгіленген мерзімде аккредитивте көрсетілген құжаттарға қарсы негоциацияны көрсетеді, яғни сәйкес құжатты көрсеткен кезде төленеді.

   Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен кепіл  операцияларын өткізуге лицензиясы болған жағдайда ғана банк аккредитив ашуға құқылы. Аккредитив ашу үшін бұйрық беруші қызмет көрсетуші эмитент  банкке өтініш ұсынады. Өтінішті 2 данада ұсынады. Бірінші данасы банкте аккредитив ашу үшін қалады, екіншісі қабылданғаны туралы белгі мен банк бекітілген мерзімде қайтарылады. Одан соң банк алынған өтініш негізінде бенефициар банкке жолдау үшін аккредитивті рәсімдейді. Аккредитивке қайтарылатын немесе қайтарылмайтын аккредитив екендігі анық көрсетілуі тиіс. Егер мұндай нұсқау болмаса аккредитив қайтарылмайтын болып табылады.

   Қайтарылатын  аккредитив – эмитент-банк бенефициарды алдын ала хабардар етпестен өзгерілетін  немесе жойылатын аккредитив, яғни оның қызметі онда көрсетілген мерзім басталғанға дейін тоқтатылуы мүмкін. Қайтарылмайтын аккредитив – банктпен бенефициарды сендіретін эмитент банктің келісімінсіз өзгетуге және жоюға жатпайтын аккредитив, яғни уақыты өткенге дейін жоюға құқы жоқ белгілі бір мерзімге ашылады. Қайтарылмайтын аккредитив эмитент банктің келесі әрекеттерді орындауға нақты міндеттемесін көрсетеді:

  • Егер аккредитив ұсынушыға төлеуді білдірсе, ұсыну бойынша төлем жасауға;
  • Егер аккредитив мерзімін ұзартып төлеуді білдірсе, аккредитив шартымен көрсетілген мерзімдегі төлемді қамтамасыз етуге;
  • Егер аккредитив эмитент банкке акцепті қарастырса, бенефициар мен эмитент-банкке ұсынылған аудармалы вексельдерді акцептеу және төлем мерзімі жеткенге дейін оларды төлеу;
  • Бенефициар ұсынған аудармалы вексельдерді трассат банк акцептемесе немесе акцептеп, бірақ белгіленген мерзімде төлемесе, мерзімінде аецептеу немесе төлеу.

   Сонымен қатар аккредитив жабылған және жабылмаған болуы мүмкін.

   Жабылған  аккредитив – клиент қаржысы есебінен жабылатын аккредитив. Жабылмаған аккредитив – банк есебінен есеп айырысуға кепілдік жасалатын аккредитив.

   Шетел валютасында белгіленген аккредитивтердің орындалуы біздің мемлекеттің валюталық  заңдылығына сәйкес жүргізіледі. Бенефициардың  аудармалы вексельдің акцепті немесе негоциациясы аккредитивтер шарттарына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы» заңы және Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктермен аударым операцияларын жүргізу тәртібі мен бекітілген ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

   Аккредитивтермен  есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде  келесі шоттар корреспонденциясы құрылады.

    1. Банкте жабылмаған  аккредитивті ау:

   Дт 6005 «Шығарылған өтелмеген аккредитив бойынша болуы мүмкін талаптар»

   Кт 6505 «Шығарылған өтелмеген аккредитив бойынша болуы мүмкін міндеттемелер»

     2. Басқа банк ашатын аккредитивті банктің бекітуі:

   Дт 6010 «Расталған өтелмеген аккредитивтер  бойынша болуы мүмкін талаптар»

   Кт 6510 «Расталған өтелмеген аккредитивтер  бойынша болуы мүмкін міндеттемелер»

   3. Клиент қаржысы есебінен ашылатын жабылған аккредитивті банктің ашуы:

   Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

   Кт 2855 «Құжаттамалық есеп айырысу бойынша  кредиторлар»

   Жабылған  аккредитив банктің басқа банктегі қаржы есебінен ашылған:

   Дт 1855 «Құжаттандырылған есеп айырысу бойынша дебиторлар»

   Кт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есепшоттары»

   Банк  басқа банкте жабуды жүргізбесе:

   Дт 6020 «Шығарылған өтелген аккредитив бойынша болуы мүмкін талаптар»

   Кт 6520 «Шығарылған өтелген аккредитив бойынша болуы мүмкін міндеттемелер»

   4.Аккредетив орындалса немесе жойылса, келесі шоттар корреспонденциясы құрылады.Жабылмаған аккредитивті орындау немесе жою кезінде:

   Дт 6505 «Шығарылған өтелмеген аккредитив бойынша болуы мүмкін талаптар»

   Кт 6005 «Шығарылған өтелмеген аккредитив бойынша болуы мүмкін міндеттемелер»

   Жабылған  аккредитивтіорындау немесе жою  кезінде, егер банк басқа банкте өтеу жасамаса:

   Дт 6520 «Шығарылған өтелмеген аккредитив бойынша болуы мүмкін міндеттемелер»

   Кт 6020 «Шығарылған өтелген аккредитив бойынша болуы мүмкін талаптар»

   Жабылған  аккредитивті орындау кезінде баланстық  шот бойынша келесі өткізбе құрылады:

   Дт 2855 «Құжаттамалық есеп айырысу бойынша  кредиторлар»

   Кт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есепшоттары»

   1855 «Құжаттандырылған есеп айырысу бойынша дебиторлар». 

    1. Вексельдермен операциялар есебі
 

   Біздің  елімізде вексель бағалы қағаздарға жатпайды, ол «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» ҚР Заңына сәйкес төлем құралы және несиелеу құралы болып табылады. Вексель - бұл қандай да бір тұлғаға нақты ақша сомасын белгілі бір орында және белгілі бір мерзімде төлейтін шартсыз міндеттеме. Бұл ешқандай шартқа тәуелді болып қалмайтын дерексіз қарыз міндеттемесі.

   Вексельге тән белгілер:

  • ақшалай міндеттеменің шартсыз сипаты, яғни вексель беруші белгілі бір соманы төлеуді өз мойнына алады немесе үшінші жақтағы тұлғаға вексельдік соманы төлеу туралы бұйрық қандай да бір шартпен шектеліп қалмайды;
  • міндеттеменің дерексіз сипаты, яғни вексельдің мәтінінде ол қандай мәміленің негізінде берілгеніне сілтеме жасалмайды;
    • осы құжатты толтырудың қатаң формаланған рәсімі, яғни форма барлық қажетті реквизиттерді қамтуы керек, өйткені қалсетті реквизиттердің біреуі болмай қалса, вексель түкке жарамсыз болып қалады;
    • есеп айырысудың ақшалай формасы, яғни міндеттеменің тек ақша қаражаты болуы мүмкін.

    Вексельдер екі негізгі түрге бөлінеді: жай вексель және аудармалы вексель.

    Жай вексель (соло) - несие берушіге ақша қаражаттарының нақты сомасын белгілі бір орында және белгіленген мерзімде қарыз алушы төлейтін, қандай да бір шартпен шектеліп қалмайтын міндеттемені қамтитын вексель немесе үшінші тұлғаға қаражатты аудару жөніндегі несие

Информация о работе Банк операцияларының аудиті