Банк операцияларының аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2012 в 19:43, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың мақсаты: банктегі есеп айырысу шотының теориясы мен есебі және оның аудиті болып табылады. Курстық жұмыстың міндетіне мыналар жатады:
Банктік шот туралы түсінік, оны ашу, жүргізу және жабу тәртібі;
Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі;
ҚР-ның II деңгейлі банктері бухгалтерлік есебінің шот жоспары;
Банктегі есеп айырысу шоты бойынша бастапқы құжаттау;
Есеп айырысудың аккредитивтік нысаны;
Вексельдермен операциялар есебі.

Оглавление

Кіріспе....................................................................................................................3
I бөлім. Банктегі есеп айрысу шотының теориясы............................................5
Банктік шот туралы түсінік, оны ашу, жүргізу және жабу тәртібі....5
Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі........................8
ҚР-ның II деңгейлі банктері бухгалтерлік есебінің шот жоспары....9
II бөлім. Банктегі есеп айырысу шотының есебі...............................................13
2.1. Банктегі есеп айырысу шоты бойынша бастапқы құжаттау............13
2.2. Есеп айырысудың аккредитивтік нысанының есебі........................20
2.3. Вексельдермен операциялар есебі.....................................................24
III бөлім. Банк операцияларының аудиті...........................................................27
Қорытынды...........................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер..........................

Файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 217.00 Кб (Скачать)

Жоспар: 

Кіріспе....................................................................................................................3

I бөлім. Банктегі есеп айрысу шотының теориясы............................................5

    1. Банктік шот туралы түсінік, оны ашу, жүргізу және жабу тәртібі....5
    2. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі........................8
    3. ҚР-ның II деңгейлі банктері бухгалтерлік есебінің шот жоспары....9

II бөлім. Банктегі есеп айырысу шотының есебі...............................................13

    2.1.     Банктегі есеп айырысу шоты  бойынша бастапқы құжаттау............13

    2.2.     Есеп айырысудың аккредитивтік нысанының есебі........................20

    2.3.     Вексельдермен операциялар есебі.....................................................24

III бөлім. Банк операцияларының аудиті...........................................................27

Қорытынды...........................................................................................................32

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................34

Қосымшалар.........................................................................................................35 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Банк  ісі нарықтық экономиканың ең маңызды әрі динмикалық құрылымы болып табылады. Банктер ақшалай есеп айырысуды жүргізіп, экономиканы неиелеп, капиталдың қайта бөлінуінде делдал ретінде өндірістің жалпы тиімділігін арттыруды әрі елдің қорлануына өз ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда, яғни осы заманғы жағдайда банк жүйесінің құрылымы күрделене түсті. Қаржы мекемелерінің жаңа түрлері, жаңа несие құралдары және клиентке қызмет көрсетудің жаңа әдістері пайда болып үлгерді. Пайда алуға, коммерциялық жетістікке бағдарланған, әр түрлі меншік формаларына негізделген серпінді әрі икемді несие жүйесіне өту қолға алынды.

     Нарықтық  экономика Казақстан Республикасында өзінің алғашқы қадамдарын жасап  даму үстінде, жаңа шаруашьшық қатынастарды дамытуға бағытталған заңдар мен қаулылар топтамалары қабылданды. Қазақстанда жарнама өнеркәсіп, сауда салаларымен салыстырғанда қаржы-несие жүйесінде, соның ішінде банк қызметінде нақты дамып келеді. Банк жүйесінің екі деңгейге бөлінуі нәтнжесінде көптеген коммерциялық банктер ашылып, қатаң бәсекелестіктің туыңдауын жеделдетті. Республикамыздың каржы-несие жүйесі қазір өз дамуындағы калыптасу кезеңінен өту үстінде. Әлемдік ірі қаржы орталықтарымен, банктермен арадағы тығыз қарым-қатынас нәтижесінде халыкаралық тәжірибе қазақстан банктерінің күңделікті тірлігіне енді.

       Екінші деңгейлі банктердегі есептің ерекшелігі операция сипатына, есеп жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ бухгалтерлік және басқа да есеп құжаттарының мазмұнына байланысты.

           Бұл курстық жұмыстың мақсаты: банктегі есеп айырысу шотының теориясы мен есебі және оның аудиті болып табылады. Курстық жұмыстың міндетіне мыналар жатады:

  • Банктік шот  туралы түсінік, оны ашу, жүргізу және жабу тәртібі;
  • Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі;
  • ҚР-ның II деңгейлі банктері бухгалтерлік есебінің шот жоспары;
  • Банктегі есеп айырысу шоты бойынша бастапқы құжаттау;
  • Есеп айырысудың аккредитивтік нысаны;
  • Вексельдермен операциялар есебі.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    I бөлім. Банктегі есеп айырысу шотының теориясы.

    1. Банктік шот туралы түсінік, оны ашу, жүргізу және жабу тәртібі

      Банктік шот – бұл банк тәжірибесінде қалыптасқан іскерлік қатынас салтында қолданылатын заңдылықтар мен келісім шарттарда қарастырылған, клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты депозитті қабылдау және банктік операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісім шарттық қатынасты бейнелеу әдісі.

      Клиенттің есеп айырысу шоты банктік шот  келісіміне немесе есеп айырысу-кассалық қызмет келісім шартына сәйкес жүргізіледі. Келісім клиенттің шот ашуға жазған өтініші негізінде жасалады. Осы келісім шартқа сәйкес банк клиентке есеп айырысу және  басқа да шоттарды ашады, оған түскен қаржыны есепке алады, клиент тапсырмасы бойынша шоттан қаржы алады, клиенттен қолма-қол ақша қабылдайды, босатады, қалдықты сақтағаны үшін пайыз төлейді және шот бойынша басқа да операцияларды жүргізеді.

      Банктік шот ашу үшін ҚР-ның резидент заңды  тұлғалары келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • Клиенттің салық есебіне тұрғандығын растайтын салық қызметі берген құжаттың түпнұсқасы;
  • Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын құжат көшірмесі;
  • Жарғының нотариалды бекітілген көшірмесі, ал оқшауланған бөлімшелер үшін – бекітілген ереженің көшірмесі;
  • Қол қойылып, мөр басылған карточка үлгісі.

  Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды немесе жеке тұлғаға шот ашқан жағдайда, банк салық қызметін 3 жұмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс. Есеп айырысу шоты арқылы жүргізілген операциялар бойынша банк клиентке шот көшірмесін ұсынады. Көшірме клиентке сенімхат негізінде беріледі. Банктік шот ашпастан жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлем және ақша аударымдары төлем құжаттарының негізінде жүзеге асырылады.

        Төлем құжаттары – бұлардың  көмегімен немесе негізінде азаматтық-құқықтық  мәмәлелер, келісім шарттар, ҚР-ның  заңдық нормалар және сот шешімдерінің шарттарына сәйкес ақшалай міндеттемелер орындалатын құжаттар. Олар банкке банк бекіткен операциялық күн ағымында қабылданады және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген төлем хабарламасының нысаны болмаса, алушы-банк бекіткен немесе іскерлік қатынаста қалыптасқан нысанда қабылданады. Алушы-банк ақша жөнелтушіден төлем хабарламасын алады және оны акцептейді. Төлем құжатын алу кезінде алушы-банк жөнелтушіге қолма-қол ақшаны қабылдағаны туралы тиісті бекітімді береді. Төлем хабарламасын акцептей отырып, алушы-банк бенефициар есебіне ақша аударымдарын жүзеге асыруға міндеттеме қабылдайды, алушы-банк оны Қазақстан Республикасының заң актілері белгілеген мерзімде орындайды. Банктік шот ашпастан орындалған клиенттік төлемдер мен ақша аударымдары бойынша банк комиссиялық сыйақы ұстайды. Егер бұл алушы-банк пен ақша жөнелтуші арасындағы келісімде қарастырылмаса, сыйақы еш уақытта төлем сомасынан ұсталмайды.

      Банк  ақша жөнелтушіден келесі жағдайларда  төлем хабарламаларын қабылдаудан  бас тартуы мүмкін:

  • Төлем құжаты талаптардан бұрмаланып толтырылса және ұсынылса;
  • Аударымды жүзеге асыруға қажетті ақша сомасын жөнелтуші қамтамасыз ете алмаса;
  • Төлем құжатында санмен және сөзбен көрсетілген соманың банкпен сәйкессіздігі анықталса;
  • Қазақстан Республикасыың заңдарымен және ақша аударымы туралы келісім шарттарының талаптарымен бекітілген басқа да талаптар орындалмаса.

     Банктік шотты ашпастан ақша аударымын жасау  үшін алушы банк және жөнелтуші ақша аударымы туралы келісім жасайды. Сондықтан  бір тарап (алушы банк) екінші тараптың тапсырысы бойынша (ақша жөнелтушінің) оған дербес сәйкестендірілген код белгілеместен үшінші тарапқа ақша аударымын жүргізеді. Келісімде қатысушы тараптар аударымды жүзеге асыру тәртібін, соның ішінде комиссиялық сыйақы алу ретін және өз құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін келісуі тиіс. Бенефициар келмеген жағдайда, банк екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік шоттар жоспарында қарастырылған тиісті банктік шоттарға төлем хабарламасына сәйкес аталған соманы банктің бекітілген ішкі ережелеріне сәйкес есепке алуы тиіс. Аударым қате жүргізілсе, оның сомасы ақша жөнелтушінің банкіне келесі операциялық күннен кешіктірілмей, себептері көрсетіле отырып қайтарылуы тиіс. Қате аударылған сома ақша жөнелтушінің банктік шоты бар болып, жөнелтуші банкіне қайтарылғанда, сома жөнелтушінің банктік шотына құйылады, ақша жөнелтушінің банктік шоты болмаған жағдайда сома, екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік есепшот жоспарына сәйкес банктік шотқа есепке алынады. Ақшаны қайтарған жағдайда жөнелтушіні үш банктік күн ішінде хабардар етуі тиіс. Егер ақша, ақша аударымы қате белгіленуі себебімен қайтарылған болса, онда жөнелтуші банк ақша жөнелтушіні ақшаның қайтарылғандығы туралы хабардар етпеуге құқылы және құжат қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бенефициар банкке төлем құжаттарын тиісті деректемелерімен жолдайды. Егер жөнелтушінің банктік шоты болмаса, онда аударымның  қабылданғандығы туралы банк белгісін қойып, тиісті құжаттарымен жөнелтушіге ақша касса арқылы қайтарылады.

     Банктік шоттың жабылуы клиенттің шотты жабу себебін көрсеткен өтініші негізінде жүзеге асырылады. Егер банк клиенті – заңды тұлға таратылып немесе қайта құрылса, шотта бір жылдан аса мерзімде қаржысы болмаса, ал жеке тұлғаларда – үш жылдан аса, онда орындалмаған талаптар бойынша шот жабылады. Банк кәсіпкерлік қызметті жүргізуші заңды немесе жеке тұлғаның банктік шотының жабылғандығы туралы 10 күн мерзімде салық қызметінің тиісті органдарын жазбаша хабардар етуі тиіс. 

    1. Есеп айырысу  операциялары және олардың жіктелуі

     Қатысушыларға байланысты банктің есеп операциялары негізгі екі топқа бөлінеді:

  • Клиенттік есеп айырысу операциялары, мұнда негізгі субъект ретінде банк және оның клиенттері қатысады;
  • Негізгі субъект банк болып табылатын, таза банктік есеп айырысу операциялары және банкаралық есеп айырысулар.

     Есеп  айырысу нысандарындағы ерекшеліктергі байланысты банктің келесі есеп айырсу операцияларын бөліп көрсетуге  болады:

  • Аккредетивтік операциялар;
  • Инкассолық операциялар;
  • Аударым операциялары;
  • Клирингтік операциялар.

     Есеп  айырысу операцияларында қолданылған төлем құралдарына байланысты есеп айырысу операциялары былайша жіктеледі:

  • Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;
  • Чектермен есеп айырысу;
  • Вексельдермен есеп айырысу;
  • Төлем карточкаларымен есеп айырысу;
  • Қолма-қол есеп айырысу.

     Атқарымдық  негіздерінде, есеп айырысу мәні мен жүзеге асыу кезеңдеріне қарай банктің есеп айырысу операциялары былайша бөлінеді:

  • Ағымдағы, мерзімдік есеп айырысу және басқа да шоттар операциялары;
  • Әр түрлі шоттарды жүргізу, қаржыларды өтеу және қосу, сыйақы мен комиссиялық ақылар есептеу операциялары;
  • Кассалық операциялар (қолма-қол ақшаларды қолма-қол емес ақшаға айналдыру және керісінше);
  • Тиісті құжаттарды төлеуге төлеушінің келісімін (немесе қарсылығын) алуға байланысты акцептік операциялар;
  • Төлем алу құқығын беруге байланысты операциялар: факторингтік, есептік, индоссациялық (банк индоссант болып табылатын кездегі);
  • Банк төлемге келіп немесе тапсырыс беруші болып табылатын, банктің авальді (кепілді тапсырманың) операциялары.

      Банк  аударым операцияларының үлкен  көлемін жүзеге асырады, яғни заңды және жеке тұлғалардың қаржы аударымдарын жүзеге асыру тапсырыстарын орындау бойынша операциялар. Аударым операциялары кредиттік және дебеттік болып бөлінеді. Кредиттік аударымдар - төлем құжатын, алушы банкке инициатор ұсыну жолымен жүзеге асырылатын қолма-қолсыз төлем.

   Дебеттік  аударым - ақша жөнелтуші төлеу үшін төлем құжаттарын банкке бенефициар ұсынатын қолма-қолсыз төлем түрі.Аударым  операцияларын жүзеге асыру үшін банкте төлеуші мен алушы арасындағы есеп айырысудың келесі нысандары қолданылады: төлем тапсырмаларымен, төлем-талап тапсырмаларымен, инкассолық өкімдермен, чектермен, аккредитивтермен, вексельдермен, банктік карточкалармен және басқа Ұлттық банктің нормативті құқықтық актілерінде бекітілген төлем құжаттары.

   Кредиттік аударымдар төлем тапсырмасын қолдану арқылы жүргізіледі. Дебеттік аударымдарда келесідей төлем құжаттары қолданылады: чек, төлем-талап тапсырмасы, инкассалық өкім, вексель. 

    1.  ҚР  II деңгейлі банктері бухгалтерлік есебінің шоттар жоспары.
 

     Қазақстан Республикасы банктерінде бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі – есепшоттар жүйесі, яғни екінші деңгейлі банктегі бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2002 жылы 30 шілдеде бекіткен. Шот жоспары төрт санды кодты шоттар тізімі болып табылады. Бұл құжат кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметінің бухгалтерлік шот жүйесінен ерекше. Қазақстандағы барлық екінші деңгейлі банктер үшін бірыңғай есеп нысаны болуы банк қызметіне талдау жасауға мүмкіндік береді.

     Шот жоспарының барлық шоттары 7 классқа бөлінеді:

     I класс – Активтер;

     II класс – Міндеттемелер;

     III класс – Меншікті капитал;

     IV класс – Табыстар;

     V класс – Шығындар;

     VI класс – Шартты және мүмкін талаптар мен міндеттемелер;

     VII класс – банк балансына меморандум шоттары.

     Бухгалтерлік  шоттар баланстық және баланстан  тыс шоттар болып бөлінеді. Баланстық  шоттарға бірінші класстан бесінші  классқа дейінгілер кіреді – активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, табыстар шығындар, ал алтыншы және жетінші  класс шоттары баланстан тыс шоттарға жатады. Баланстық шоттар өз кезегінде екіге бөлінеді – актив және пассив. Актив шоттарға бірінші және бесігші класс шоттары жатқызылады, пассивке – екінші, үшінші және төртінші класс шоттары жатады.

Информация о работе Банк операцияларының аудиті