Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2012 в 19:43, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың мақсаты: банктегі есеп айырысу шотының теориясы мен есебі және оның аудиті болып табылады. Курстық жұмыстың міндетіне мыналар жатады:
Банктік шот туралы түсінік, оны ашу, жүргізу және жабу тәртібі;
Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі;
ҚР-ның II деңгейлі банктері бухгалтерлік есебінің шот жоспары;
Банктегі есеп айырысу шоты бойынша бастапқы құжаттау;
Есеп айырысудың аккредитивтік нысаны;
Вексельдермен операциялар есебі.
Кіріспе....................................................................................................................3
I бөлім. Банктегі есеп айрысу шотының теориясы............................................5
Банктік шот туралы түсінік, оны ашу, жүргізу және жабу тәртібі....5
Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі........................8
ҚР-ның II деңгейлі банктері бухгалтерлік есебінің шот жоспары....9
II бөлім. Банктегі есеп айырысу шотының есебі...............................................13
2.1. Банктегі есеп айырысу шоты бойынша бастапқы құжаттау............13
2.2. Есеп айырысудың аккредитивтік нысанының есебі........................20
2.3. Вексельдермен операциялар есебі.....................................................24
III бөлім. Банк операцияларының аудиті...........................................................27
Қорытынды...........................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер..........................
Банк балансында алғашқы үш класстың шоттары бейнеленеді. Төртінші, бесінші класс шоттары қаржылық нәтиже туралы есеп беруде бейнеленеді, сондықтан қаржылық нәтиженің өзі үшінші класс меншікті капитал шоты бойынша есепті мерзімнің аяқталуымен анықталады. Алтыншы класстық шоттар банктің шартты және мүмкін міндеттемелеріне есеп беруді жасауда пайдаланылады, жетінші класс шотын пайдалана отырып банктің операциялар жайлы қосымша ақпарат алуға болады.
Шоттың сандық кодының бірінші цифрі класын, екінші, үшінші – шот тобын, төртінші – шот топтарын одан әрі бөлшектуге және кеңейтуге болжанатындығын көрсетеді. ІІ деңгейлі банкте бухгалтерлік есеп шот жоспарының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктің мәнісі активтердің, міндеттемелердің, есептелген кірістер мен есептелген шығындардың, активтер және міндеттемелердің өзара қарым-қатынасы, кірістер мен шығындар, пайыздық кірісжәне пайыздық шығынның есебі бойынша қисынды тізбесінде. Пайыздық кірістер есептелуі мүмкін активтер – есептелген кірістер – пайыздық кірістер. Пайыздық табыстар есептелінуі мүмкін активтер 1000-1499 шоттарда ескеріледі. Сәйкес пайыздық кірістер 4000-4499 шоттарында ескеріледі. Активтердің әрбір шотына пайыздық кіріс шоты сәйкес келеді, сондықтан активтер шотының кейінгі үш цифры кірістер шотының кейінгі үш цифрына тең.
Есептеу принципіне сәйкес несие бойынша банктер пайызды есептеуге міндетті төлемі кейін жүргізілген жағдайда депозиттерге де пайыз есептеледі. Есептелген кірістерді есептеуге қисынды құрылымы бар 1700 шоттар тобы арналған. Есептелген кірістердің кейінгі екі цифры пайыз есептелетін шоттар тобының ортаңғы екі цифрына тең. Оларға жатпайтындар:
Пайыздық шығыстар есептелуі мүмкін міндеттемелер 2000-2499 шоттарында есептеледі, соған сәйкес пайыздық шығындар 5000-5499 шоттарда есептеледі. Міндеттеменің әрбір шотына пайыздық шығыстар шоты сәйкес келеді, сонымен бірге міндеттемелер шотының кейінгі үш цифры шығыстар шотының кейінгі үш цифрына тең.
Төлемдер алдағы уақытта төленетін жағдайда есептеу принципіне сәйкес банктер кредиттер мен депозиттер бойынша аә сайын пайыз есептеуі керек.
Есептелген шығыстарды есептеу үшін қисынды құрылымы бар 2700 шот топтары белгіленген. Яғни есептелген шығындардың кейінгі екі цифры пайыз есептелетін шот тобының ортаңғы екі цифрына тең. Бұл қисынға жатпайтындар:
Алтыншы
класс бойынша операциялардың есебі
– шартты және мүмкін талаптар –
шартты және мүмкін міндеттемелердің
келесідей логикалық
ІІ бөлім. Банктегі есеп айырысу шотының есебі.
2.1.
Банктегі есеп айырысу шоты бойынша бастапқы
құжаттау.
Төлем құжаты ақша жөнелтушінің қызмет көрсетуші банкке, тапсырмада көрсетілген соманы, оның ақшасын бенефициар есебіне аудару туралы берген тапсырмасы. Аударымды жүзеге асыру үшін жөнелтуші өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгідегі төлем тапсырмасын ұсынады. Төлем құжаттарын электронды түрде де, сол сияқты қағаз тасымалдаушыларымен де ұсынуға болады. Қағаз тасымалдаушыларында оларды қайтару немесе орындалуын тоқтату жөніндегі кез келген түзетулерді жүргізуге болмайды. Алушы банк немесе бенефициар банк талаптарға сәйкес келмейтін нысанда толтырылған және ұсынылған төлем құжаттарын акцептеуден бас тартуға құқылы.
Алушы банк ақша аударымына жазылған төлем тапсырмасын немесе өтінішті оның жазылған күнін көрсете отырып, он күнтізбелік күн ішінде қабылдайды. Ол Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес, төлем тапсырмасы мен аударымға өтініштен тыс төлем негізін дәлелдейтін басқа да құжаттарды талап етуге құқылы. Ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы банк келісімі бойынша төлем тапсырмасында немесе ақша аударымы өтінішінде валюталау күнін көрсетеді.
Жөнелтушінің
төлем құжатын орындаудағы банк
міндеттемесі төлем құжатының акцепті
деп аталады. Акцепт кезінде алушы
банкке жөнелтушінің банктік шотынан
төлем тапсырмасында
Төлем құжатын алушы-банк келесі жағдайларда акцептейді:
Алушы-банк келесі жағдайларда төлем құжатының акцептінен бас тартуы мүмкін:
Акцептелген төлем құжаты бойынша төлем келесі тәртіппен жүргізіледі: жөнелтуші өзі мен алушы-банк арасында жасалған келісімге сәйкес, акцептелген төлем тапсырмасының сомасына алушы төлем жүргізуге және санкцияланған төлем тапсырмасын іздестіру немесе орындауға байланысты шығындарды қалпына келтіруге міндетті. Бұл кезде жөнелтуші төлем тапсырмасын орындаған кезден бастап алушы банкте төлем жүргізу міндеттемесі пайда болады. Алушы банкке жөнелтуші төлемі алушы банк жөнелтуші шотын дебеттегенде жүргізіледі.
Төлем құжатын бюджет және басқа да Ұлттық банктің нормативтік құжаттары мен заңдылығында қарастырылған мақсатқа ұсынғанда, қаржы жетіспесе төлем ордері қолданылады (Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасының 2000 жылғы 25 қарашадағы №133 қаулысымен бекітілген, клиент пен оған қызмет көрсетуші банк арасында қолма-қол емес төлемдерді жүзеге асыру Ережесіне сәйкес).
Төлем құжатымен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде шоттардың келесі клрреспонденциясы құрылады:
Дт 2203 «клиенттердің ағымдағы есепшоттары» ақша жөнелтуші
Кт 2203 «клиенттердің ағымдағы есепшоттары» бенефициар
Дт 2203 «клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоты»
Немесе
Кт 1052
«Банктің басқа банктердегі
Дт 2203 «клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
Кт 4601 «банктің аударым операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер».
Төлем-талап
тапсырмасы – қызмет көрсетуші банкке
жолданған есеп айырысу және тиеу
құжаттары негізінде
Төлем-талап тапсырмасын бенефициар бланкке жазып бенефициар банкіне немесе жөнелтуші банкке тізіліммен бірге ұсынады, егер төлем электронды жолмен жүзеге асырылса, екі данада. Бенефициар төлем-талап тапсырмасын қабылдай отырып, өзіне инкассалаушы банк міндеттемесін алады.
Инкассо – банк өз клиентінің тапсырысы бойынша және есеп айырысу құжаттары негізінде ақша аударушыдан оған тиесілі ақша сомасын алып, бұл соманы клиенттер есебіне аудару ісі жүргізілетін операция. Инкассалаушы банк міндеттемесі төлем-талап тапсырмасын инкассаға алумен байланысты, бенефициармен жасалған келісім немесе қолданыстағы заңдылық негізінде пайда болады. Бұл кезде инкассалаушы банк өзіне келесі міндеттемелерді қабылдайды:
Тиісті
міндеттемелерді қабылдай отырып, инкассалаушы
банк төлем-талап тапсырмасын
Төлемге келісім білдірілген жағдайда аталған төлем-талап тапсырмасы акцептеледі. Жөнелтушінің төлем-талап тапсырмасының акцептеуді талап етпейтін төлем-талап тапсырмасынан басқалары соңғының аталған талаптарға сәйкес төлем жүргізуге келісімін білдіреді. Ақша жөнелтушінің акцептсіз төленетін төлем тапсырмасымен акцептелген құжаттар бойынша баланстан тыс есеп жүргізіп және оларды корреспонденттік шотқа кезекті төлем және аударым үшін ақша түскенге дейін сақтауға міндетті. Бұл кезде Қазақстан Республикасының заң актілерінде қарастырылмаған болса, жөнелтуші-банк өзара келісімге сәйкес ақша жөнелтушісіне айып немесе өсімақы төлеуге міндетті. Жөнелтушіде ақша сомасы жеткіліксіз немесе болмаса, алушы-банк төлем тапсырмасын ақша жөнелтушінің банктік шотына оларды орындауға жеткілікті ақша сомасы түскенге дейін сақтайды. Төлем-талап тапсырмасын толық немесе жартылай төлеуге келісім білдірілген жағдайда, жөнелтуші оның барлық данасын банктік шотты жүргізуге өкілетті тұлғалар қолы және мөртаңбасымен рәсімдейді және оны қызмет көрсетуші банкке жолдайды, оның:
Заң актілеріне сәйкес ақша жөнелтушінің келісімінсіз оның шотынан ақша алу жүргізіледі, бұл кезде икассолық өкім деп аталатын құжат қолданылады, сондай-ақ салық қызметі және кеден ұйымдарының инкассолық өкімі қолданылады. Ақша жөнелтушінің банкіне ақша өндіріп алу туралы сот анықтамасы қаулылрының , шешімдерінің, өкімдерінің, аталған өндіріп алуды сендіретін сот бұйрығы немесе көшірмесі, атқарушы парақтар және бұйрықтарға қоса инкассолық өкім ұсынылады. Салық қызметі органдары мен кеден органдарының инкассолық өкімі ұсынылмайды. Бұл талаптарды Ұлттық банк бекітеді.