Қаржылық бақылау: теория және тәжірибе

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 10:04, курсовая работа

Краткое описание

Өндірістік күштердің өркениетті дамуы тәжірибесі мен әр түрлі әлеуметтік экономикалық қоғам қатынастары өндіріс үдерістерін басқару тетіктерін үнемі жетілдіріп отыруды қажет ететінін көрсетеді. Бұған тек қана қабылданған заңдар мен қоғамдық тәртіп мөлшерлерін сақтап отырғанда ғана қол жеткізуге болады.

Файлы: 1 файл

Курсовой.doc

— 210.50 Кб (Скачать)

Салық салу және қаржылық органдар өздерінің негізгі жұмыстары  – мемлекеттің кірістері мен  шығыстарын асқарумен қатар бақылауды  жүзеге асырады. Сондықтан да қаржылық басқарулардың бақылауы атқарушылық – қызметтермен қатар жүргізіледі. Бұл органдар бюджеттік мекемелердің қаржылық қызметтерін тексеру мен ревизия жүргізу және бекітілген тәртіп бойынша шаруашылық – есептік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық – шаруашылық қызметтерін тексеруді жүзеге асырады.

Қаржылық органдармен  жүргізілетін бақылау барлық формаларда жүзеге асырылады, олардың негізгілері  алдын ала және ағымдық бақылау  болып табылады. Бақылаудың негізгі  әдісі есепті тексеру. Салалық басқарулардың мамандары ревизиялық бригадалар құрамында ревизияға бағындырылады.

Қаржылық бақылау органдарының объектісі білім беру мен ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорларының дұрыс орындалуы сияқты сұрақтар болып табылады.

3.2.Ведомстволық  және ішкі бақылаудың ерекшелігі

 

Ведостволық қаржылық бақылауды  республиканың министрліктері мен  ведомстволары, жергілікті әкімшілік  басқарулардың қатынасында оларға бағынышты кәсіпорындар, ұйымдар  және мекемелер жүзеге асырады. Ведоствалық  қаржылық бақылау үш формада жүзеге асырылады: алдын ала, ағымдағы және кезекті бақылаулар. Бақылаудың негізгі әдістері қаржылық жоспарлар, ревизия және тексерулердің жобаларын қарастыру болып табылады. Ақша қаражаттарының орталықтандырылмаған қорлары бақылаудың объектісі.

Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің құрылымдық бөлімшелеріне ішкішаруашылық бақылау жүргізеді. Қаржы саласында бақылау қызметтерін басшылар, бухгалтерия мен қаржылық қызмет жүзеге асырады. Ішкішаруашылық бақылауда қаржылық бақылауға қатысты барлық формалар жүзеге асырылады. Оның негізгі әдістері – тексеру мен ревизия. Коммерциялық құрылымдарда ішкішаруашылық бақылауды құрылтайшы немесе меншік иесі, сонымен қатар оның тапсыруы бойынша аудиторлық фирмалар жүзеге асырады.

Ішкішаруашылықтағы аудит, басқарудың аса маңызды құралы ретінде бақылау және өндірістік қаржы – шаруашылығы жұмыстарын, олардың құрылымдық бөлімшелерін тексеруін экономикалық тиімділігін, қаржылық қорытындысын және басқару шешімдерінің заңдылығын тексереді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты орнатылған тұрғылардан ауытқуды анықтау, шаруашылық жағдайларды болдырмауы тиімсіз және шаруашылық субъектілерінің жұмысын жақсарту үшін тұжырымдар жасау болып табылады. Бухгалтерлік есептің бақылау функциялары олардың барлық әдістерінің элементтері арқылы орындалады:

құжаттар және инвентаризация, бағалау және калькуляция, есеп жүйесі және қосарлы жахба, балансты қорытындылау және қаржылық есеп.

Бухгалтерлік есепті ылғи да ұйымдастыруды және әдіснамасын  жетілдіру, оқу жүйесіне жаңа есептеу  техникасын енгізу, бухгалтерлік кадрлардың білімін көтеруге шаруашылыққа керексіз шығынға, жетіспеушілікке және ұрлыққа тосқауыл қояды.

Жеке өндірістік субъект  ретінде кәсіпорынның мәртебесін көтеру сыртқы мемлекеттік органдарына  қаржы бақылау функциялары мен  көлемінің азаюына алып келеді. Сонымен, қаржы бақылауыың негізгі түрі ішкішаруашылық аудит болады. Ол сыртқы қаржы аудитімен тығыз байланысты, өйткені өндіріс ақпараты салық және басқа органдарға және сыртқы аудиттің тәуелсіз қызметі өз жұмыстары үшін негізгі анықтама болады.

Ірі және орта өндірістердегі басқарудың негізгі тізбегі ішкі аудит болады.

Ішкі аудит – ол өндірістегі шығындарды құрылу органдары  мен жауапкершілік орталығының  ішкішаруашылық бақылауы. Ішкі тексеру  барысында нормативтік көрсеткіштерден, ауытқушылықтың негізгі себептері және заң талаптарына ауытқу анықталады.

Барлық басқару қызметтері аудиторлық тексру барысындағы хабарламалармен  жабдықталады, ол жұмыс барысындағы  жасалынған кемшіліктерді түзету және жұмысты жақсарту үшін қолданылады.

Ішкі аудитор өндіріс әкімшілігіне есеп және экономикалық қызмет туралы әртүрлі анықтамалар береді және фискалды жағдайдағы барлық сұрақтарды қарайды.

Бухгалтерлік құжаттардың  барлығы және оларды дұрыс жасау  жөнінде ревизия жасаудан басқа, директива мен бұйрықтар орындалуын, активтерді ұйымдастыру, алынған қорытынды мен оған шыққан шығынды салыстыруға қатысу, компания құрылымын ұйымдастыру үшін шаралар қабылдау мақсатына байланысты басқарушылық ақпараттарды талдауды жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

3.3. Қаржылық  бақылаудың қазіргі нысандары мен әдістеріне шолу

 

Қаржы бақылауы әртүрлі  әдістерімен, ол әртүрлі жағдайларда  жүргізіледі. Арнаулы әдісті пайдалану  әртүрлі факторларға байланысты, олар тексеру жүргізуші органның қызмет түріне, объекті және бақылаудың түріне, бақылау жұмысының объектісі мен бақылаудың мақсатына, бақылау жүргізу шарасына, себебіне байланысты.

Қазіргі нарықтық қатынас  кезінде қаржылық бақылаудың мына түрлері  кең қолданылады: ревизия, тексеру, шолулы талдау, инспекция, мониторинг, қаржы жоспарларының жобасын  қарастыру, қаржы – шауаршылық қызметінің есебін қарау, баяндама тыңдау, лауазым иесі адамдардың мәліметтері және басқалар.

Қаржы бақылауының түрлері  мен әдістері ылғи да дамуда, компьютерлік техника базасының жаңалық жүйелерінің  пайда болуы оларға өзгеріс алып келеді. Көрсетілген жалпы әдістері методикада және қаржы бақылауы мен әртүрлі объектілерде аудит жүргізу ережелерінде нақтыланады. Мысалы, құжаттық әдістер өз мезгілінде информациялық модельдеу, нормативтік құқықты реттеу және қаржылық есепті тексеру болып бөлінеді.

Қаржы бақылауының негізгі  бір түрі – ревизия, ол өндірістің, мекеменің, шаруашылықтың өткен  бір кезеңдеріндегі қаржы – шаруашылық қызметін толық тексеру болады. Ревизияны  жеке, мемлекеттік, қоғамдық және басқа  органдар жүргізеді. Олар осы органдардың жоспарлары арқылы не басқа құқығы бар органдардың тапсыруымен жүргізіледі.

Объектісіне байланысты ревизиялар құжатты, нақтылы, толық  және таңдамалы болып бөлінеді. Құрылымына байланысты жоспарлы және жоспарсыз, жалпылама  және тақырыптық болады.

Нақтылы ревизия тек қана құжаттар емес, ақшаның қолда бары және т.б.

Толық ревизия деп  шаруашылық, мекеме және өндірістің бір  нақтылы уақыттағы тексеруін  айтады.

Таңдамалы ревизия кезінде  бақылау тек қаржы шаруашылық қызметінің бөлек жағына жүргізіледі.

Тақырыптық ревизиялар бірнеше бір типті шаруашылықтар, мекемелер немесе бірнеше министрліктер, ведомствалардың, қаржы – шаруашылық қызметіне жүргізіледі.

Ревизияның әдістері: материалдық заттарды инвентризациялау, кассадағы ақшаның бар екендгін тексеру, тексерілетін объектінің қызметін жоспарлық, нормативтік және есептік көрсеткіштерін салыстыру, құжатты және қарсы тексеру. Бұл әдістер ревизияның қойған мақсатына сай қолданылады.

Ревизия жүргізу үшін бағдарлама жасалады, онда ревизияның мақсаты және объектісі, оның тақырыбы және негізгі сұрақтар тексеруге жатады. Ревизияның қорытындысы ретінде акті жазылады, оған ревизиялық топтың төрағасы, тексерілетін мекеменің басшысы мен бас бухгалтері қол қөояды. Тексерілген мекеменің төрағасы мен бас бухгалтері өздерінің ескертулері мен қарсылықтарын бөлек жазып, ревизия актісіне тіркейді, оған қол қояды.

Ревизия актісі бойынша  қаржы тәртібін бұзу фактілерін болдырмау, келген шығынның орнын толтыру, кінәлілерді  жауапқа тарту, қаржы тәртібін бұзушылықты  болдырмау үшін ұсыныстар беріледі.

Ревизия тағайындаған мекеме төрағасы ревизия қорытындысы бойынша  қабылданған шешімдердің орындалуына  бақылау жасау керек.

Есепті тексеру негізінен  бухгалтерлік есеп пен баланстың  дұрыстығын бақылау үш кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде есептің әр түрлі форма көрсеткіштерінің сәйкестігі қаралады. Екінші кезеңде кейбір есептегі көрсеткіштерінің бухгалтерлік есептегі регистрдегі жазулармен салыстырылады. Үшінші кезеңде есептегі жазулардың алдыңғы құжаттардағы сәйкестігі тексеріледі.

Қаржылық есептің міндетіне кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайына байланысты анық және уақтылы, сонымен бірге шаруашылық қызметтің соңғы қаржылық нәтижелері бойынша ақпарат алу кіреді. Бұл міндет бухгалтерлік есеп шоттары жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады, онда кәсіпорынның меншік құқығымен негізгі құралдар материалдық емес активтер, өндіріс қорлары, дайын өнім, ақша қаражаттары, олардың табыстары мен шығыстары және да басқалардың қозғалысы туралы ақпараттар қамтылады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық және бақылауышылық қызметін жақсы орындау алғашқы құжаттарға байланысты. Алғашқы есептің типтік, салалық формаларын қолдану үлкен маңызға ие, оның көмегімен тұлғалардың ТМҚ-ды қабылдау, сақтау, жұмсау және шығару және де алғашқы құжаттардың есебін және еңбек ақыны жетілдіру жүргізіледі.

Алғашқы құжаттарды уақытында  құрастыруда ең басты назар «Бухгалтерлік  есеп және қаржылық туралы( заңы қаржылық есептің халықаралық стандарттары мен Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша оларды дұрыс  толтыру, сақтау және архивке өткізуге көп көңіл бөлу қажет.

Алғашқы құжаттардың  дұрыс толтырылуын тексере оытрып, онда міндетті деректемелердің, құжаттың аталуы, кәсіпорын коды, құрастыру  мерзімі, шаруашылық операция және оның өлшемдерінің мазмұны, тұлғалардың  қызметі мен қолы бар болуы міндетті түрде қажет. Егер де алғашқы құжаттарда тазартулар, қателіктер, талқыланбаған түзетулер, есеп пен шоттарда арифметикалық қателіктер табылса, онда бұл бұзушылықтардың пайда болуының себептерін және оларды шектеу үшін шешімдер қабылдау қажет. Бухгалтерлік бақылаудың тиімділігі көп жағдайда мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығына байланысты. Олар алғашқы құжаттардың мәліметтерін пайдалана отырып, кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін бақылау, шаруашылық құралдар мен көздерінің қалыптасуына байланысты кәсіпорынның жағдайы мен қозғалысына модель жасауға болады. Есепті ақпараттардың бақылаушылық – талдаулық қасиеттерінің оперативтілігін жақсартуды көтеруде, олардың құрылымын қазіргі кездегі компьютерлік технологияға ауыстыру қажет.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Менің осы курстық жұмысымның тақырыбы: «Қаржылық бақылау: теория және тәжірибе». Бұл тақырыпта нарық экономикасы жағдайында қаржы-лық бақылаудың дамуы шаруашылық субъектілерінің бюджеттік, қарыздық және өзіне тиесілі қаржыларын заңды, тиімді және мақсатты пайдалануына ерекше көңіл бөлінген.

Қаржылық бақылаудың негізгі міндеті – елдегі эконимакалық мақсаттық тиімді жүзеге асуына және елдегі, аймақтағы, секторлардағы, шаруашылық жүйелерінің өндірістік салаларының  өркендеп дамуына ықпал ету.

«Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы және практикасы» курстық жұмысында кіріспеден, үш бөлімнен, тоғыз тараудан, қорытынды сөзден және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

«Қаржылық бақылау: теория және тәжірибе» тақырыбының бірінщі  бөлімінде мемлекеттік, қоғамдық, корпоративтік салалардың жеке ұйымдар мен мекемелерді  аудиттік және қаржылық бақылаудың теориялық аспектілері жан – жақты ашылған. Нарық экономикасының нақтылығында жүйелі сарапатама негізінде қаржылық бақылаудың қажеттілігі мен оның белгіленуі негізгі екені анықталды, сондай-ақ олардың ғылыми және тәжірибелік үрдістері белгіленді. Соған орай мемлекеттік және тәуелсіз қаржылық бақылаудың нысандарына, үлгілеріне, түрлеріне жіктелу жүргізілді. Қаржылық бақылау органдарының нысандары, объектілері, функциялары, мақсаттары мен міндеттерінің жаңа талапқа сай үлгілері берілген.

«Қаржылық бақылау: теория  және тәжірибе» тақырыбының екінші бөлімінде қаржы бақылау жүйесінің  нарық шарттарына сәйкес реформалау проблемалары, аудиттің тәуелсіз қаржылық бақылауының нысаны ретінде дамуына көп көңіл бөлінген. Сонымен қатар бұл бөлімде халықаралық қаржы бақылау тәжірибесін талдау, дамыған елдердің бюджеттік – қаржылық бақылау органдарына сипаттама тереңдетіле  жазылған. Және шетел ілгерішіл бақылау тәжірибесіне қорытынды берілген. Қаржылық – аудиторық қызметтегі мөлшерлер мен стандарттардың белгілі бір ережелердегі маңызды мен рөлдері терең баяндалған.

«Қаржылық бақылау: теория және тәжірибе» тақырыбының үшінші бөлімінде экономикасы транзитті  елдердегі мемлекеттік қаржы бақылауын ұйымдастыру, қаржы бақылауының жалпы мемлекеттік жүйесі, мемлекеттік органдардың өкілеттілігі жан – жақты жазылған. Онда әр түрлі жергілікті органдардың құдіреті, ведомствалық және ішкі бақылаудың ерекшелігі, сондай-ақ қаржылық бақылаудың қазіргі нысандары мен әдістеріне қысқаша шолу жасалған.

Материалдық өндірістік саласындағы кәсіпорындар мен мекемелердің шаруашылық қызметін, нарықтық салалар  мен әлеуметтік инфақұрылым  қызметтерін  оперативті және кешенді тексерудің ерекшеліктерін жан – жақты ашуға ерекше көңіл бөлген. Шаруашылықпен айналысатын экономикалық субъектілерге ықпалды қаржылық бақылау мен басқарушылық аудит өткізу көкейкесті мәселе болып келді, сондықтан оны әрі қарай жетілдіру қажеттілігі туды. Осы себепті тәжірибе талаптары Президент аппаратының, Парламенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдігін күшейтіп, Есеп комитетінің, Қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, Кедендік бақылау және басқа да тексерістік бақылау салаларының қызмет аясын кеңейтуді қажет етеді.

Информация о работе Қаржылық бақылау: теория және тәжірибе