Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 10:04, курсовая работа
Өндірістік күштердің өркениетті дамуы тәжірибесі мен әр түрлі әлеуметтік экономикалық қоғам қатынастары өндіріс үдерістерін басқару тетіктерін үнемі жетілдіріп отыруды қажет ететінін көрсетеді. Бұған тек қана қабылданған заңдар мен қоғамдық тәртіп мөлшерлерін сақтап отырғанда ғана қол жеткізуге болады.
Қаржылық бақылаудың аралас салаларына экономикалық бағалау, аудит, соттық-бухгалтерлік сарап пен тексеру де жатады. Оның әрбіреуі осы бағыттағы ашылу үдерісіне сәйкес қаралатын қаржылық бақылаумен белгілі бір ұқсастығы мен айырмашылығы бар.
Қаржылық бақылау қоғамдағы кері құбылыстар мен үйлесімсіздікті ашып, ынтымақтас елдедің, немесе мемлекеттердің, аймақтардың, салалардың, адамдар тобының, заңды және жеке тұлғалардың қоғамның экономикалық әлеуеттілігін оңтайлы пайдалануы мен қаржылық ресурстардың қозғалысын тиімді басқару негізінде өндіріс үдерістерін ұтымды ұйымдастыруға көмектеседі.
Қаржылық бақылаудың іс жүзіндегі көптеген типтері, түрлері және нысандарын мынандай белгілері бойынша жіктемелеуге болады:
Әкімшілік-әміршілдік жүйедегі жоғарғы органдар өз басқарылымындағы төменгі буындардың оларға бағыныштылығын, соған сәйкес әрбір төмен тұратын буынның берілген бұйрықты сапалы орындағаны жөнінде ақпарат жинау үшін тексеру қызметін жүргізілуін және оның өткізілген нәтижесі бойынша ұйымдық шараларды қабылдауын қатаң талап ететін.
Нарық экономикасында сатылас есеп берудің элементтері белгілі бір дәрежеде ол да қалады. Бірақ, сатылас қана емес, компанияның серіктестерімен, кредиторларымен, акционерлерімен және т.б. деңгейлес байланыстары жөнінде нақты ақпараттардың қажеттігі туындайды. Мұнда қаржылық бақылаудың басқа түрі – оның ішінде тәуелсіз аудиттің қажеттігі пайда болады.
Қаржылық бақылаудың маңызды нысаны – тексеру мен аудит болып саналады. Оның арасында бақылауды өткізудің бір-біріне ортақ ұқсастығы бола тұра, оларда арнаулы ерекшеліктері бар. Мыналар бас ерекшеліктерінің белгілері болып қызмет етеді:
Қаржылық бақылаудың негізгі түрлерін айқынырақ қараймыз:
1. Ревизия-мемлекеттік, ведостволық және сыртқы ведомстволық жүйедегі жетілдірілген қаржылық-шаруашылық операцияларындағы заңдалаған, сенімділігін, мақсатқа сәйкестігін және экономикалық тиімділігін анықтауға тиісті қаржылық бақылаудың құрамды бөлігі.
Субъектінің шаруашылық қызметіне және құжаттарында көрсетілуіне қатысты құбылыстар мен үдерістер ревизияның мәні болып табылады.
Ревизияның ауқымы өкілетті
органның нақты мақсатымен және оны
өткізудің бағдарламасымен
Ревизия – ведомстволық, жоспардан тыс, жоспарлы, толық, толық емес, жаппай, іріктеме, толассыз, тақырыптық, кешенді, құрамдастырылған, қосымша, қайталамалы және т.б. түрлерге бөлінеді.
2. Аудит классикалық
түсінікте-сол кәсіпорында
Аудиттің түрлері, нұсқалары,
теоретикалық, құқықтық, әдіснамалық
және ұйымдық негіздері мен
3. Дерек көздері жөніндегі аудит пен ревизияны өткізудің негізі болып құжатты және нақты бақылауды айырады.
3.1. Құжатты бақылаудың
мәні – барлық шаруашылық
3.2. Нақты бақылау –
бұл объектінің нақты жағдайын,
ресурстардың барлығын, есеп айырысу
жағдайы мен олардың есеп
4. Қаржылық бақылауды
мерзім бойынша өткізудің
4.1. Алдын ала бақылау
– шаруашылық операциясы
4.2. Жедел бақылау шаруашылық
жүргізуші субъектінің
4.3. Ағымдағы бақылау
қысқа уақыт аралығында
4.4. Кезектегі бақылау
кәсіпорынның өткен
5. Кешенді, тақырыптық,
есептік, жалпылай, ыңғайласпа және
басқа да тексерудің түрлері
қаржылық бақылау мен
1.3. Қаржылық бақылаудың субъектісі,
объектісі және компоненті
Қазақстан Республикасында
бұрын болған қаржылық бақылау жүйесі
экономиканы басқаруда
Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда ұтымды ұйымдастырылуымен, яғни субъектіні, объектіні нақты белгілеумен, бақылаудың компоненттерімен, оладың құқықтары мен міндеттерімен, бақылау шараларын өткізудегі әдістері мен нысандарының ұштастырылуымен анықталады. Жоғарыда айтылған бақылау жүйесінің ең жалпы мойындалған тиімділікке ықпал ететін факторы болып мыналар саналады:
Нарықтық экономикалы дамыған елдердің қаржылық бақылау органдарының тәжірибесін талдаудың көрсетуі бойынша, ревизиялық-бақылау жұмыстарының тиімділігін көтеру үшін мыналар ең маңызды бағыт болып саналады:
а) бақылауды жүзеге асыратын мамандардың жоғары дәрежелі болуы;
б) бақылау объектісі туралы бастапқы толық және анық деректері;
в) пайдаланатын әдістер мен техниканың жетілдірілуімен қамтамасыз етілген бақылаудың турашыл, сапалы, жедел және кешенді түрлері;
г) бақылау атқарылымының орындалуына құқықтық кепілдеме беретін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.
Жоғарыда келтірілген
бақылау қызметінің тиімділік факторларын
ресурстық-әлеуеттік келуімен, яғни,
бақылаушы органдардың
Бақылаушы органның әлеуеттілігі өндіріс күшін, әдіснамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етіп, әртүрлі жақтарын белгілейтін бірнеше компоненттерден тұрады:
Бақылаушы органдардың жұмысының тиімділігін үнемі зерттеп, кемшіліктерді анықтап, олардың құрылымы мен компоненттерін жетілдіріп, белгіленген талап деңгейінен және бақылау объектісінің атқарылымының белгілі бір мөлшерінен ауытқуды ескертіп, органдардың әлеуеттілігін көтерудегі қиындықтарды жеңу қажет.
Мысалы, 2000 жылдың 2-3-қарашасында Мәскеуде өткен ТМД елдерінің қаржылық бақылау органдарының жоғарғы басшыларының жиналысында жоғары қаржылық бақылау органдарының басшылары Кеңесі құрылды. Ынтымақтас елдердің жоғары қаржылық бақылау органдарының қызметінің сапасын біріккен күшпен көтеру қажеттігі піскендіктен осы Кеңес құрылды. Бұл органға ТМД елдеріндегі мемлекеттік қаржылық бақылау жүйелерін күшейту шараларының атқарылымын жүктеген. Одан басқа ТМД елдерінің жоғары қаржылық бақылау органдарының басшылары Кеңесі мен ынтымақтас елдердің бақылаушы органдары идея және тәжірибе алмасуды бақылау ісін дамытудың біріккен шаралары арқылы қамтамасыз ету қажет, сондай-ақ мамандарды кәсіптік шеберлікке оқыту, қаржылық-экономикалық құжаттарға үнемі ревизия жүргізу және ТМД атқарушы органдарының жұмыстарын талдауды қамтамасыз етуі тиіс.
Қаржылық бақылау жүйесі елдің бюджеттік, қаржылық-кредиттік және әлеуметтік-экономикалық аясын қамтуы керек. Ұйымдық құрылымдардың жұмыстарын жүйесіздікке және құқықтық белгісіздікке әкелетін, бақылаушы органдардың қызметін шектейтін нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарау орынды. Бақылау шараларын өткізудің, қаржылық заң бұзушылықты жіктеудің, айып салу мен басқа да санкцияларды қолдану тәртібінің материалдық және қылмыстық жауапкершіліктің, оған қоса әкімшілік шараның әдістемесін жетілдіру қажет.
Экономиканы басқару аясындағы реформаларды тереңдету шамасында Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға толық жауап беретін қаржылық бақылаудың жетілдірілген тұжырымдамасын құру мәселесінің көкейкестілігі өсе түседі. Қаржылық бақылау жүйесіндегі қалыптасқан тәжірибені үдерісті халықаралық тәжірибемен байыту үшін терең зерттеу қажеттігі туындайды және тұжырымдаманы ғылыми жетілдіру қажеттілігі өте өткір сезілуде.
Бұл ТМД елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының бүгінгі талабына ең жоғары дәрежеде жауап беретін қаржылық бақылаудың осындай моделін құрып және оны реформалаудың жолдарын анықтап, теориялық жаңғыртылуын талап етеді.
2-Бөлім. Қаржылық бақылаудың халықаралық тәжірибесі: нысандары, әдістері мен олардың бейімделу мүмкіндіктері
реформалау проблемалары
Халық шаруашылығын кешенді басқару жүйесінің қайта құрылуы мен нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған терең өзгерістер бақылау органдары құрылымның қайта ұйымдастырылуының алғышарты болды. Жаңадан мемлекеттік, қоғамдық және тәуелсіз бақылау- талдау қызметтері, шоттық палаталар, парламент комиссиялары, экономикалық құрылымдардың қызметін қадағалау жөнінде үкіметтік және ведомствалық комиттер қоғамдық, муниципалды, тәуелсіз аудиторлық пен консалтингтік ұйымдар.
Көптеген қоғамдық – көпшілік пен саяси бақылау органдары таратылды, солардың ішінде партиялық бақылау, халықтық бақылау, бақылау жөніндегі ведоствоаралық комиссиялар, т.б. Республикалық және ведомстволық бақылау – ревизиялық қызмет орындары мен жете білмейтін мамандар саны қысқарды.
Аудиттің құрылу (типтері, мақсаттары әдістері) - әлі де қазіргі уақытқа дейін аяқталмаған ұзақ процесс. Аудиттің қоғамдық рөлін, аудитордың кәсіби міндеттерін түсіну үшін, кәсіби аудит дегеніміз не және оны қалай жүргізу қажеттігін анықтап алу қажет.
Нарық экономикасына өту кезеңінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін басқаруда маңызды құралдардың бірі – бақылау болып қалады. Ерекше бөліп атап айтсақ, жаңа шаруашылық бақылау жүйесінің қалыптасуына болған себеп ТМД елдерінде нарық қатынастарының дамуы ішкі және сыртқы кәсіби аудитті қалыптастыруда алғышарт құрады. Кеңес дәуірінен кейінгі аумақтарда тәуелсіз бақылаудың дамуына, қаржы – шаруашылық бақылаудың қайта ұйымдастырылуына негіз болған принциптер мыналар: