Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 10:04, курсовая работа
Өндірістік күштердің өркениетті дамуы тәжірибесі мен әр түрлі әлеуметтік экономикалық қоғам қатынастары өндіріс үдерістерін басқару тетіктерін үнемі жетілдіріп отыруды қажет ететінін көрсетеді. Бұған тек қана қабылданған заңдар мен қоғамдық тәртіп мөлшерлерін сақтап отырғанда ғана қол жеткізуге болады.
1-Бөлім. Қаржылық бақылау мағынасы және оның мәні мен жүйесі
1.1. Бақылау мәні, түсінігі және жүйесінің элементтері
Өндірістік күштердің
өркениетті дамуы тәжірибесі мен
әр түрлі әлеуметтік экономикалық қоғам
қатынастары өндіріс
Бақылау қоғамдық даму үрдістерін басқарудың жүйесі болып табылады. Бұл халықтық демократиялық-құқықтық мемлекеттің саяси басшылығына, әлеуметтік басқаруына тікелей қатысты. Бақылау әлеуметтік басқару тетігі болғандықтан, ол әрқашан қажет. Ол бақылау кезеңіндегі объектінің іс барысына бағыт бере отыра, басқару үдерісін басқарудың бекітілген ең жоғарғы үлгісімен бағыттайды.
«Бақылау» латынның «контра рутулус», яғни, белгіленген немесе болжанған белгілі бір оқиғаға не үдеріске «қарсы қою» деген мағынаны білдіретін сөзінен алынған. Француз тілінен аударғанда «бақылау» сөзі бірнәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бірақ ол «контроле» сөзінің негізін ала отырып, трансформацияға түсу арқылы «бақылау» мағынасын беретін болған.
Бақылау мәселелерін жоспарлау үшін істің сараптамасын талдау қажет. Біріншіден экономистердің, заңгерлердің, әлеуметтанушылардың көзқарасы бойынша бақылау мемлекеттік және шаруашылық саласы қызметіне және оны атқарушы, басқарушы қызмет нысанына жатады. Екіншіден кибернетика тұрғысынан бақылау қайта айналмалы заңы тәрізді, басқарушы жүйе бақылау арқылы қажетті деректерді жинап, оны тиімді басқаруда пайдаланады.
Ревизиялық-бақылау қызметіне арналған арнаулы әдебиеттерде бақылаудың негізгі мәні – шаруашылық жүргізуші объектінің заңдарды сақтауын қадағалау мен мемлекеттік тәртіптің бұзылуын анықтау деп түсіндіреді. Ал, шындығында, басқарушы субъект, объектіні тексергенде оның жүктелген тапсырманы орындалу барысын тексеру үшін жүргізеді.
Бұл бақылау – басқарылушы
объектілердің жұмысын
Ал, шындығында, жалпы айтқанда бақылау жоқ, тек нысаны мен нақты мазмұны ғана бар. Бақылаудың мынандай негізгі түрлері анықталған: әкімшілік, техникалық, қаржылық, экономикалық, экологиялық, атқарымдық, мемлекеттік, муниципиалдық, ведомстволық және т.б. Бақылау элементтері мақсатқа жету үдерісінде өзара сәйкес келе отырып, бақылау жүйесін құрайды.
Бақылау элементтері оның жетістікке жету мақсатында біртұтас бақылау жүйесін құрайды.
Бақылау жүйесі мынандай элементтерден тұрады:
а) бақылау субъектісі (кім бақылайды);
б) бақылау объектісі (кімді бақылайды);
в) бақылау заты (нені бақылауды);
г) бақылау принципі;
д) бақылау әдістемесі (не арқылы бақылайды);
е) бақылау техникасы мен технологиясы;
ж) бақылау үдерісі;
з) бақылау жүргізу үшін бастапқы деректерді жинау мен өңдеу;
и) бақылау қорытындысы мен оған жұмсалған шығын;
к) бақылау нәтижесі бойынша шешім қабылдайтын субъект;
л) бақылау қорытындысы бойынша қабылданған шешім.
Тереңдетілген тексеру жүргізілген кезде мамандар принциптер жиынтығын, әдістемелерін, тексеріс үдерісін пайдалана отырып, тексеру кезінде объектіде теріс ағымдардың, кемшіліктердің болу мүмкіндігін болжайды.
Басқару үдерісі бақылаудың белгілі бір міндеттерін, түрлерін, әдістемелерін, принциптерін және техникасын жүзеге асыра отырып, басқару субъектілерінің алға қойылған мақсаттарын пайдалы жүзеге асырылуына кепілді бағыт береді.
Қаржылық бақылаудың салалық қызметі әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық және т.б. бақылаулармен қабар келіп қалуы мүмкін. Оның басты себебі субъектілердің қаржылық қызметі шаруашылықпен тығыз байланысты болғандықтан, қаржылық бақылауды одан бөліп қарау тіпті мүмкін емес, яғни қаржылық тексеріс кезінде шаруашылық элементтерінің басқа да көріністері мен қорытындылары пайда болады.
1.2. Қаржылық бақылаудың пәні, функциялары,
мақсаты және мәселелері
Әміршілдік-әкімшілдік басқарушылық жүйесі тұсында ұзақ уақыт бойы және нарық экономикасына көшу кезінде қаржылық бақылау деп есептік жазбаларды және есеп берудің ереже бойынша дұрыс құрылғанын, сондай-ақ, салықтар мен алымдардың мемлекеттік, жергілікті бюджеттерге толық түсірілгенін анықтап, тексеретін құрылым деп түсінетін. Біртіндеп бұл түсінік жаңаша қолданыла бастады. Қаржылық бақылаудың жаңа замандағы түсінігі, мазмұны, міндеті кең және оның мақсаттылығының көпжақты, әр түрлі бағытта екенін байқауға болады. Оның ішінде ең маңыздысы болып, есептік-қаржылық құжаттардың сенімділігін, шаруашылық заңдылықтарын сақтау, әр түрлі шаруашылық деңгейіндегі экономикалық құрылымдарды басқару тетіктерінің дұрыстығын тексеру болып табылады. Қаржылық, еңбек және материалдық ресурстарды ең алғашқы сатысында пайдаланудың қабылданған нормативтері мен стандарттарынан ауытқуды ашу білікті органдарға уақытында бағыттаушы шара қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, заң бұзушылықты болдырмас үшін алдын алу жұмыстарын жүргізуге және келешекте басқа да кері көріністерді болдырмас үшін зор маңызға ие.
Қаржылық бақылау –
ұлттық өнімнің жалпы түсімінің
соған сәйкесті қаржы қорына негізделген
бағасымен бөлінуін және бір мақсаттарға
жұмсалуын тексеруге
Қаржылық бақылаудың пәнін анықтауда мақсаты, функциясы және оның міндеті тәрізді мазмұнын да анықтау қажет.
Қаржылық бақылаудың пәні болып белгіленген ереже негізіндегі нормативтік-құқықтық реттеуді сақтауға негізделген ұдайы өндірістің кеңейтілген үдерісі мен қаржылық ресурстарын басқару болып табылады. Қаржылық бақылаудың мазмұнын ашу кезінде қалыптасу аясындағы істің мақсатқа сәйкес және заңдылығын, мемлекеттік қаржы қорларын пайдалану мен бөлу, жергілікті өзін-өзі басқару мекемелері мен заңды жеке тұлғаларды тексеру шаралары мен орган жүйесі екенін атап өту орынды.
Қаржылық бақылау – заңдылықты сақтауға, меншікьі қорғауға, бюджеттік, заемдік және меншіктік қаржыны дұрыс, тиімді пайдалануға, қаржылық тәртіпті бұзушылықты ашуға көмектесетін экономикалық бақылаудың ең маңызды нысандарының бірі.
Қаржылық бақылаудың басқа бақылау түрлерінен айырмашылығы, ол – қолдануының белгілі бір ерекшеліктері бар және мақсатты бағыты болатындығы.
Бақылаудың қаржылық функциясы өндіріс үдерісіне, бөлінуіне, айырбасқа және материалдық игіліктерді тұтынуға қоғамның ықпал етуіне мүмкіндік жасайды. Осы қаржылық функцияның көмегімен бөліну үйлесімділігінің жинақталуын, қорлардың қалыптасу көздерінің қатынастарын және оларды пайдалану жағдайларын ескертеді.
Бірақ бұл мүмкіндік қоғамдық қатынастар мен белгілі бір жағдайлар болғанда ғана жүзеге асады, яғни:
а) ерекше қаржылық бақылау органдарын құру;
б) қаржылық бақылау органдарын білікті мамандармен толықтыру;
в) үкіметтік, ведомстволық, қоғамдық және тәуелсіз бақылау органдарының қызметін реттемелеу.
Қаржылық бақылау функциясы өндірістік ресурстарды басқару құралы ретінде пайдаланудың объективті жағдайын белгілейді және қоғамның экономикалық потенциалын анықтайды. Егер қаржы экономикалық негіздердің қатынасын білдіретін болса, олар өндіріс қатынастарының бөлшектері яғни, қаржылық бақылау қаржыны (жоспарлау, есептеу және талдаумен қатар) басқарудың бір элементтері ретінде қондырмалық санаты болып саналады.
Қаржылық бақылаудың мәні сол, ол ақшалай нысанда жүзеге асады. Кірістердің қалыптасу үдерісі, жинақталу, қаржы қорын құру мен пайдалану, ынтымақтас мемлекеттің немесе жеке елдің, қоғамның барлық деңгейіндегі шаруашылық өміріндегі қаржылық-экономикалық өзара қатынастарын реттеудің тетіктері оның тікелей объектісі болып табылады. Қаржылық бақылаудың іс-әрекеті қаржы қатынастарының кең көлеміне тарады, өйткені қаржының өзі басқа да құнды нысандармен, оның ішінде еңбек ақысын төлеуге, өнімнің өзіндік құнына, қаржылық нәтижелерге, өндірістік инвестиуияларға байланысты. Сонымен бірге, қаржылық бақылау мемлекеттік аймақтық құрылымдардың, мекемелердің, ұйымдардың бюджеттік бөлінген қаржыларды дұрыс пайдалануын тексеріп, қызметтерінің барлық жағын, оған қоса кеңейтілген желіліре мен контингенттерін, қаржыны белгіленген мөлшерде жұмсалуын және т.б. жүзеге асырады.
Қаржылық бақылаудың мәні, мақсаты және тағайындалуы тұрғысынан оның негізгі мәселелері анықталады. Оның ішіндегі ең маңыздысы мыналар:
Бақылаудың негізгі міндеті адамдардың жұмыс тәжірибесінде даму мен қайта жетілдіруді ұтымды пайдалану үшін оның пайда болу заңдылығын анықтау мақсатында қандай да бір объектіні ғылыми зерттеу болып табылады.
Ғылым тұжырымдамасы тұрғысынан қарағанда қаржылық бақылау теріс құбылыстарды анықтау мен жоюға, өндірістік күштерді дамытуға және қоғамға қажетті өнімді өндіруді кеңейтетін және қаржылық-экономикалық қатынастарды өз уақытында реттейтін экономикалық білім оның серпінді жүйесі болып табылады.
Экономикалық ғылымның
саласы ретінде қаржылық бақылау - өндірістің
кеңейтілген мәселелерін
Қаржылық бақылау өзінің дамуында қаржы, бағаның құралуы, ақша айналымы және кредиттеу, қаржылық менеджмент, банк ісі, экономикалық талдау, аудит, статистика, маркетинг, логистика, ұйымдастырушылық тәртіп, басқару құрамы және т.б. арқылы атқарымдық экономикалық ғылыммен тығыз бірігеді.
Эклномикалық әдебиетте қаржылық бақылау ғылыми-практикалық тәжірибенің және бухгалтерлік есеп, қаржылық менеджмент, қаржылық құқық пен шаруашылық қызметінің талдау синтезі ретінде жиі түсіндіріледі.
Қаржылық бақылау іргелі ғылымның заңдары мен қағидаларын, оның ішінде философия мен экономикалық теорияны шығармашылықпен пайдалана отырып, адамдардың өмірдегі маңызды қажетін қанағаттандыру үшін өндіріс жүйесіндегі қаржылық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану үдерістерін оңтайландыруда, практикалық ұсыныстарды қамтамасыз етуде қоғамдық маңызды роль атқарады.
Қалыптасудағы нарықтық тетіктер бизнестің жағдайы туралы деректерді өңдеп және жинауды алдыңғы қатарды әдістерге ие болу қажеттілігіне себепші болады. Экономикалық ғылымның қазіргі жіктеліміне орай және олардың ақпараттық мазмұны, есептікталдау жәнешаруашылық субъектілерін басқаруыдң бақылаулы атқарымы үш қатардағы ғылым салаларының: бухалтерлік есеп, экономикалық талдау және қаржылық бақылау түрінде бір блокты құрайды. Бұл тарихи әдіснамалық және ақпараттық аспектілерде өзін-өзі ақтаған.
Қазіргі уақытта шаруашылық
жүргізуші субъектілерді
Кеңес дәуіріндегі кеңістіктің өтпелі кезеңнің басында бухгалтерлік есеп пен экономикалық талдауды қаржылық және басқару, қаржылық бақылауды соған сәйкес басқарушылық аудит, жалпы аудит, бақылау мен қаржылық есеп берудің аудиті, сыртқы және ішкі бақылау, операциондық, атқарымды, технологиялық аудит және т.б. деп бөлінуі жақсы қабылданды. Бұл дамыған елдердің өткізілім аясын басқарудағы, талдаудағы және бухгалтерлік есептің бақылауы атқарымындағы, қаржылық бақылаудағы экономикалық талдаудағы үдерісті тұжырымдары мен алдыңғы қатардағы тәжірибесін молынан тиімді пайдалану қажеттілігінен туындаған.
Кез келген бизнесті ойдағыдай
ұйымдастыру – қалыптасқан