Акпараттарды ондеу объектилеринде малиметтер базасын баскару жуйесин уйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 14:57, курсовая работа

Краткое описание

Казіргі таңда бар әлемде компьютерлік анықтамалы-ақпараттық жүйелер кең тараған, олардың көмегімен қажетті ақпаратты ең қысқа мерзімде алу мүмкіндігі бар. Барлық жүйелер ақпаратты өңдеу мен ұзақ уақыт сақтау функцияларымен қандай болса да деңгейде байланысты деп айтуға болады. Ақпарат ол кезде іс-әрекеттің әртүрлі саласының тиімділігін анықтайтын факторы болып табылады. Ақпараттың көлемі үлкейді, сонымен қатар мәліметтерді өңдеу жылдамдығына қойылатын талаптар жоғарылады, енді көптеген операциялар қолмен жасай алынбайды, олар ең перспективалы компьютерлік технологияларды қолдануын қажет етеді.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................
І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ............................................................................................
1.1. Заттық саланың жүйелік талдауы............................................................
1.2. Мәліметтерді өңдеуде қолданылатын технологиялар............................
1.3. Мәліметтерді өңдеуде қолданылатын контроллер жүйесі...................
1.4. Арнайы жүйелік тақшаларды қолдану...................................................
1.5. Қолданылатын операциялық жүйе.........................................................
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ........................................................................................
2.1. Бағдарламалық жабдықтаудың тандалуының негізделуі.....................
2.2. Мәліметтер базасын жасау технологиясы.............................................
2.3. Мәліметтер базасының инфологиялық құрылымы..............................
2.4. Мәліметтер базасын жобалау.................................................................
2.5. Қосымша бағдарламалық жабдықтар....................................................
2.6. Мәліметтер базасын басқару жүйесін ұйымдастыру………………….
2.7. Операциялық күшейткіш......................................................................
ІІІ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ......................................................................
ІV. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ.........................................................................................
Қорытынды........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................

Файлы: 1 файл

Акпараттарды ондеу объектилеринде малиметтер базасын баскару жуйесин уйымдастыру.doc

— 485.00 Кб (Скачать)

  Инфологиялық жобалау этапы әртүрлі пайдаланушылардың мәліметтер базасының бастапқы жобасына қоятын ақпараттық талаптарды сипаттаумен және синтездеумен байланысты. Бұл этаптың нәтижесі ақпараттық түсініктердің талаптары – «мән-байланыс» диаграммасы. Бұл диаграмманың негізін мәннің жиынтығы құрады, олар атрибуттармен сипатталып, мәндердің көсемсуінің нақтылауына рұқсат береді:

 

1) Төлеу

 

2) Бару пункті

 

3) Абонент

      Инфологиялық  жобалаудың нәтижесі заттар саласының  инфологиялық моделі, 1-суретіндегі сұраныстар пен ұсыныстардың арасындағы қатынасты көрсетеді.

 


                               1          м                                 м            1  


                       
                                    

Сурет 2.3. Инфологиялық модель

         Реляциондық мәліметтер базасының кестесінде ақпараттар қайталануы мүмкін. Осы жағдай болмас үшін негізгі кестелерді қалыптандыру процесі жүргізіледі.

         Қалыптандыру деп формалды процедураның барысында мәліметтердің элементтері кестеге, ал кестелер мәліметтер базасына топталуын айтады. Қалыптандыру:

      1. кестелегі қайталанатын ақпаратты шығаруға;
      2. болашақта өзгерту мүмкіндігі алдын ала қарастырылған құрылым құру;
      3. құрылымдық өзгерістердің қосымшаға әсер етуі, осы мәліметтер базасының мәліметтерін пайдаланатынының бәрі минимумға келетін құрылым құру.

Реляционды мәліметтер базасының теориясында бірқалыпты формалардың келесі тізбегі айқын көрінеді:

      1. Бірінші бірқалыпты форма (1 NF)
      2. Екінші бірқалыпты форма (2 NF
      3. Үшінші бірқалыпты форма (3 NF)

 Бірқалыпты формалардың  негізгі сипаттары:

      1. әрбір келесі бірқалыпты форма кейбір мәнде өткен формалардың сипаттарын жақсартады;
      2. келесі бірқалыпты формаға өткен кезде алдындағы бірқалыпты форманың сипаттары сақталады.

Қатынас бірінші бірқалыпты формада, әрбір бағанада және әрбір  жолда тек қана атрибуттардың  элементарлық мағыналары қиылысқанда ғана болады.

                 Кесте екінші бірқалыпты формада, ол бірінші бірқалыпты формада болғанда және құрамында алғашқы кілт атрибутына тәуелді емес толық емес функционалды атрибуттары болмаған жағдайда ғана болады.

                 Кесте үшінші бірқалыпты формада, ол екінші бірқалыпты формада болғанда және құрамында транзитивті тәуелсіздік болмаған жағдайда ғана болады.

                Инфологиялық модельді құрғаннан кейін келесі қадам концептуалді модельді жетілдіру болып табылады, инфологиялық модельді концептуалдыққа бейнелеу бірыңғайлау процесі арқылы болады.

               Бірыңғайлау – қалыпты және формалар (nоrmal forms) деп аталатын берілгендерді жобалау стандартының жиынтығы. Көпшілік мақұлдаған болып бес қалыпты форма саналады, дегенмен маңызды түрде олар одан да көп болған. Осы стандарттармен сәйкес кестелер жасау ретте өзгереді. Әр келесі форма алдыңғы форманың талаптарын қанағаттандырады. Егер бірыңғайлаудың бірінші ережесін қолдансақ, онда берілгендер бірінші қалыпты формада ұсынылады, Егер берілгендер бірыңғайлаудың үшінші ережесін қанағаттандырса, олар үшінші қалыпты формада болады (сонымен қатар, бірінші және екінші формаларда да).

            Бірыңғайлаудың ережелерін орындау  әдетте кестелерді екі немесе  одан да көп бағаналары аз саны бар кестелерге бөлінуіне алып келеді, қатынастарды бөліп көрсетудің бастапқы кілтін – сыртқы кілтті кестелерге алып келеді, олар қайтадан біріктіру операциясы арқылы қосылуы мүмкін.

            Бірыңғайлатудың ережелерімен сәйкес  кестелерді бөлудің негізгі нәтижелерінің бірі берілгендердің кестелеріндегі артықшылығын төмендету болып табылады. Базада бастапқы және сыртқы кілттердің бірдей бағаналары пайда болуы мүмкін. Бұндай қасақана қайталану – бұл артықшылық секілді емес. Шынында бастапқы және сыртқы кілттердің арасындағы сөзсіздігін қолдау берілгендердің тұтастылығын қабылдау болып табылады.

            Бірыңғайлатулардың ережелері объектті модельдеудің принциптеріне ұқсас берілгендер базасы шектерінің теориясында қалыптасты. Берілгендер базасын жетілдірудің көбісі берілгендерді үшінші және төртінші қалыпты формаларда ұсыну толығымен олардың барлық талаптарын қанағаттандыратынын мақұлдайды.

            Бірінші қалыпты форма жолдар  мен бағаналардың кез – келген  қиысуында атомарлы болуы қажет  бір ғана мән болуын талап етеді. Сонымен қатар, бірінші қалыпты форманы қанағаттандыратын кестеде қайталанатын топтар болмауы тиіс.

            Бірыңғайлатудың екінші ережесі  кез-келген кілттік емес бағана  бастапқы кілттің барлығынан  тәуелді болуын талап етеді.  Кестенің құрамалы бастапқы кілттің бөлігінен ғана тәуелді кілттік емес бағанасы болмауы керек. Кестені екінші қалыпты формада ұсыну барлық бастапқы кілттер емес кестелер (обекітті сипаттайтын бағаналар, бірақ оны бірмәнді идентификациялайтын бағаналар) бастапқы кілттен бөлек компоненттерінен емес, ал оның барлығынан тәуелді болуын талап етеді.

            Үшінші қалыпты форма екінші  қалыпты форманың талаптарын  көтереді: ол құрамалы бастапқы  кілттермен шектелмейді. Үшінші  қалыпты форма бірде-бір кілттік  бағана басқа кілттік емес бағананадан тәуелді болмауын талап етеді. Кез-келген кілттік емес бағана бастапқы кілттің бағанасынан ғана тәуелді болуы керек.

             Осы кестелердің құрылымын қарастыра отырып, олар екінші де, үшінші де қалыпты форманы қанағаттандыратынын көресіз. Олар екінші қалыпты форманы қанағаттадырады, себебі барлық кілттік емес бағаналар барлық бастапқы кілттен тәуелді және үшінші қалыпты форманы қанағаттандырады, өйткені барлық кілттік емес бағаналар бір-бірінен тәуелсіз.

          Төртінші қалыпты форма үшін кестеде тәуелсіз элементтер құрылмауын талап етеді, егер олардың арасында «көбісі көбіне» қатынасы болса.

          Бесінші қалыпты форма үшін кестелер берілгендерінің негізінде алғашқы ақпаратты орнына келтіруге болатынын талап етеді.

Көптеген жетілдірушілер кестелерді төртінші және бесінші қалыпты формаларға келтірмейді, оларды өте қиын деп санайды.

           Бірыңғайлату процесін жүргізгеннен  кейін берілгендер базасының  тиімді сызбасын алады, ол мәліметтер базасын басқару жүйелері арқылы іске асыруға дайын.

           «Пошта бөлімшесі қызметкерінің  автоматтандырылған жұмыс орны»  болашақ мәліметтер базасында  бірінші бірқалыпты формаға өту  үшін, «Телеграммаға төлеу» кестесінде  қайталанатын бару пункт жазбаларынан  құтылып, оларды «Бару пункті» кестесіне бөліп.

           Екінші бірқалыпты формада «Абонент»  кестесінде «Абонентің коды»  бастапқы кілтін анықтау керек,  ол мәліметтер базасындағы жазбалардың  алғашқы кілтке тәуелді болуына  әкеліп соғады.

           Үшінші бірқалыпты формада «Абонент» кестесін толтырғанда, онда әрбір жазба басқа кестедегі өзіне байланысты жазбаларына сәйкес келуі керек.

            Кестелердің құрылымын жасағаннан кейін, пайдаланушылардың қосымша макетін формалар және оларды өзара байланыстыру арқылы жасау керек. Пайдаланушының қосымша формаларымен және есептерімен жұмыс істегенде кнопкалы форманы пайдалануына болады.

            «Пошта бөлімшесі қызметкерінің автоматтандырылған жұмыс орны» бағдарламасын ашқан кезде, кнопкалы форма шығады.

Оның ішінде бес кнопка бар:

        1. Төлеу
        2. Абоненттер
        3. Бару пунктары
        4. Есептер
        5. Қосымшадан шығу.

            «Төлеу» кнопкасын басқан кезде  «Төлеу»  формасы пайда болады. Форманың ішінде үш бағынышты формалар бар: «Телефонға төлеу», «Посылкаларға төлеу» және «Телеграммаларға төлеу». «Телефонға төлеу» формада «Телефонға төлеу» есебің ашатын кнопка бар, «Посылкаларға төлеу» форманың ішінде аттас есепті ашатын кнопка бар, ал «Телеграммаларға төлеу» - «Телеграммаларға төлеу» есебін ашатын кнопка бар.

             «Абоненттер» кнопкасын басқан кезде, аттас форма ашылады.

             «Бару пунктары» кнопкасын бассаңыз, «Бару пункттері» формасы ашылады.

             «Есептер» кнопкасын басуы жеті кнопкасы бар «Есептер» деген форманы экранға шығарады:

    1. телефонға төлеу саны;
    2. телеграммаларға төлеу саны;
    3. телефонға төлеу сомасы;
    4. телеграммаға төлеу сомасы;
    5. посылкалардың массасы;
    6. посылкаларға төлеу сомасы;
    7. басты формаға қайту.

             «Телефонға төлеу саны» кнопкасы «Телефонға төлеу саны» есебі ашады, «Телеграмма төлеу саны» кнопкасы - «Телеграмма төлеу саны» есебі және т.б.

              Басты кнопкалы форманың «Қосымшадан  шығу» кнопкасын басқан кезде  Microsoft Access қосымшадан шығу пайда  болады.

 

2.5. Қосымша бағдарламалық жабдықтар

 

              Дипломдық жобаның құрылымы іске асыру барысында АССЕSS мәліметтер базасын басқару жүйесінен бөлек, қосымша программалық құралдар көмегімен дипломдық жоба жасалды.

Microsoft Word - мәтіндік қүжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазга басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы. Ол — мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.

Қазіргі компютерлік  технологияда орындауға болатын  кез келген операция бүл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал-макетін толық жасауга дейінгі барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкіндіктері де толық қамтылған. Мұнда құжаттар мен кестелерді көрікті етіп, безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограммалау тілі, қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.

World Wide Web (WWW, Web), яғни "дүниежүзілік өрмек" информация іздеп бүкіл дүние жүзіне "электрондық саяхат" жасайтын гипермәтіндік жүйе больш табылады. Қазіргі кездегі әр түрлі информация алуға болатын ең кең тараған жүйе ретінде, WWW есептеледі. Intеrnet-тің қалған бөліктерінен гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл әрі ыңғайлы.

Мұнда бір-бірімен байланысқан сөздер тізбекше аркылы іздеу жүргізіледі. Өзіңізге керекті тақырыпты тандап алып, соған байланысты информацияны карап шығасыз, сол информация ішінеп тағы бір тақырыпты тандап алсаңыз, соған байланысты ғана мәліметтерді оқи бастайсыз. Осылай бір тақырыптан екіншісіне ауысьш қарап шығасыз, бірак, қажет болса, кейін оралуыңыз да қиын емес.

WWW жүйесі байланыс орнатылған құжаттардан тұрады. Егер сіз Windows жүйесінің көмек беретін мәліметтер құрылымын карап шыксаңыз немесе Macintosh компьютерінің Hyper Card файлын көрсеңіз, сол гипермәтін мысалы бола алады. Гипермәтін құжат бір ұғымнан екінші ұғымға мәтіндік байланыс арқылы (мазмұны арқылы) тез өтуді қамтамасыз етеді (links). Бір мәтінді бастан аяк оқудан гөрі сол мәтіннің белгілі бір бөлігін ғана оқып, сонан кейін сол бөлікпен байланысты басқа ұғымдарға жылдам өте аласыз. Бұлай жылжу ерекшеленген мәтін үзіндісіне курсорды алып барып тышқанды шерту арқылы орындалып отырады.

Пошталық байланыс. Internet-пен қосыла алатын бірнеше пошталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe болып келген компьютерлер бірден Internet-пен пошталык байланысқа кіре алады. Олар өз поштасың Internet-ке беріп, одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe жүйесінде пошта адресі аддына Internet деп жазып қойылады. Бұл ортада әр түрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмек (network gateways) деп аталады, олар Internet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.

Почталық катынастың колмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы бір түрі бар, бірақ  ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да UUCP деген почталық байлаыыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады (Бүл туралы келесі сабақта айтылған).

         Microsoft Access реляциялық деректер қоймасын басқару жүйесі болып табылады. Реляциялық деректер қоймасы – қазіргі уақытта едәуір кең тараған және ақиқат өнеркәсіптік стандарт. Реляциялық деректер қоймасында барлық деректер тікбұрышты кесте түрінде сақталады әрі деректер қоймасымен орындалатын барлық операциялар кестелерде қолмен жасалып беріледі.

         Microsoft Access-те деректер қоймасы  ақпаратты енгізу, сақтау, қарау,  таңдау және басқару үшін арналған  құралдар жиынынан тұрады. Бұл  құралдарға кестелер, пішімдер, есеп  берулер, сұратулар жатады.

Информация о работе Акпараттарды ондеу объектилеринде малиметтер базасын баскару жуйесин уйымдастыру