Акпараттарды ондеу объектилеринде малиметтер базасын баскару жуйесин уйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 14:57, курсовая работа

Краткое описание

Казіргі таңда бар әлемде компьютерлік анықтамалы-ақпараттық жүйелер кең тараған, олардың көмегімен қажетті ақпаратты ең қысқа мерзімде алу мүмкіндігі бар. Барлық жүйелер ақпаратты өңдеу мен ұзақ уақыт сақтау функцияларымен қандай болса да деңгейде байланысты деп айтуға болады. Ақпарат ол кезде іс-әрекеттің әртүрлі саласының тиімділігін анықтайтын факторы болып табылады. Ақпараттың көлемі үлкейді, сонымен қатар мәліметтерді өңдеу жылдамдығына қойылатын талаптар жоғарылады, енді көптеген операциялар қолмен жасай алынбайды, олар ең перспективалы компьютерлік технологияларды қолдануын қажет етеді.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................
І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ............................................................................................
1.1. Заттық саланың жүйелік талдауы............................................................
1.2. Мәліметтерді өңдеуде қолданылатын технологиялар............................
1.3. Мәліметтерді өңдеуде қолданылатын контроллер жүйесі...................
1.4. Арнайы жүйелік тақшаларды қолдану...................................................
1.5. Қолданылатын операциялық жүйе.........................................................
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ........................................................................................
2.1. Бағдарламалық жабдықтаудың тандалуының негізделуі.....................
2.2. Мәліметтер базасын жасау технологиясы.............................................
2.3. Мәліметтер базасының инфологиялық құрылымы..............................
2.4. Мәліметтер базасын жобалау.................................................................
2.5. Қосымша бағдарламалық жабдықтар....................................................
2.6. Мәліметтер базасын басқару жүйесін ұйымдастыру………………….
2.7. Операциялық күшейткіш......................................................................
ІІІ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ......................................................................
ІV. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ.........................................................................................
Қорытынды........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................

Файлы: 1 файл

Акпараттарды ондеу объектилеринде малиметтер базасын баскару жуйесин уйымдастыру.doc

— 485.00 Кб (Скачать)

  AMD - сұрауы бойынша шамамен 1100 доллар, екі ядролы Opteron 275-ке 1100 доллар, ал бір ядролы Opteron- 248-700 доллар ғана тұрады.  Intel-де де солай, екі ядролы Xeon (2,8ГГц)-1100 доллар шамасында тұрса, екі-бір ядролық 2,8ГГц - Xeon шамамен 550 доллар, екі 3,2ГГц - Xeon-700 доллардай тұрады. Бұл жерде комплектілердің құны орташа бағамен алынды. Корпорацияның 25 жыл бойы жеткен жетістігін бастапқы кезде болжау мүмкін емес еді. Корпорацияның микропроцессорлар мен компьютер жасаудағы даму жылдамдығын сараптасақ 2011-жылы 10 QHz (гигарц) тактілік жиілікте жұмыс істейді деп сенуге болады. Ал солай болған күнде әр процессорда 1 миллиард транзистор, есептеу күші - 100миллиард операцияны бір секундта орындалатын болады. Қазір дербес компьютерді қолданатын сфераларды санап шығу мүмкін емес. Алдағы уақытта Internet технологиясының дами келе –аудио, бейне және басқа да байланыстардың ақпараттық қорларын біріктіруге қол жеткізеді. Компьютерлік және ақпараттық технологиялар жүйесінің өсіп-өркендеуіне Intel корпорациясының қосқан үлесі өте зор. 

 

1.5. Қолданылатын операциялық  жүйе

 

Операциялық жүйе адам  мен компьютердің электрондық құрауыштары  және қолданбалы программалар арасында келістіруші барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің  және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес компьютерде жұмыс істеу, шындығында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады.

Дербес компьютерді, демек, олардың операциялық жүйесін  дүние жүзінде жүздеген миллион  адам қолданады. Дербес компьютердің операциялық  жүйесін білу – қазіргі қоғамда  телефон соғу және теледидар қосу, анықтамалар мен сөздіктерді, пошта және банк қызметін пайдалана білу сияқты қажеттілік болып келеді.

Қазіргі операциялық  жүйелер – жылдар бойы жүздеген, мыңдаған жасаушылар құратын күрделі  программалық кешендер. Операциялық  жүйенің  сипаттамалары қалың  томдарға әрең сияды, ал оны толық  оқып үйрену  жылдарға созылуы мүмкін. Операциялық жүйені жетік қолдану үшін көп білудің қажеті жоқ, жұмыс істеудің жалпы принципі мен негізгі операцияларды орындау әдістерін білу жеткілікті. Нақты операциялық жүйемен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгермей тұрып, онымен жұмыс  істеу мүмкін емес, жалпы принциптерін білмей, жүйені тиімді қолддануды үйрену және қазіргі дербес компьютерді пайдалануда кездесетін проблемаларды да шешу мүмкін емес.

Көптеген операцияларды  орындағанда операциялық жүйе бізді қызықтырмайтын, мысалы, оқитын бастиекті белгілі секторға орнату, нақты бір жолдағы ақпаратты шығарып оқу, дискіден бос орын табу және  сонда файлды жазу сияқты әрекеттер қалай орындалатынын көрсетпейді.

Дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, операциялық жүйелер:

    • Бір міндетті және көпміндетті қатар атқаратын;
    • Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын .

Бұдан басқа операциялық  жүйенің командалық немесе графикалық (немесе екеуі бірге) көп терезелі интерфейсі болуы мүмкін.

Бірміндетті операциялық  жүйелер қай кезде де адамның  компьютерде тек бір ғана іспен  шұғылдануына, яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.

Анығырақ айтқанда, мұндай жүйелер, әдетте, негізгі режімде бір программаны және фондық деп аталатын режімде көмекші тағы бір программаны іске қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі режімде мәтіндік редакторын, ал фондық режімде басу программасын  қосуға болады.

Көпміндетті жүйелер  бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.

Бұл программалар бір  біріне кедергі келтірмей, қатар  жұмыс істейді. Мысалы, бір программа  адаммен шахмат ойнағанда, басқасы  басқа компьютерлермен бірге  модем арқылы ақпарат тексеруі мүмкін.

Бірміндетті жүйелер  қарапайым, жинақы, қуаты аз компьютерлерде жұмыс істей береді, жұмыс істеу қолайлылығы жағынан көпміндетті жүйелерге теңес алмайды, сондықтан да біртіндеп ығыстырылуда.

Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде  тек бір ғана адамның жұмыс  істеуіне мүмкіндік береді.

Әрине, дербес компьютерде  бірнеше адам кезекпен жұмыс істеуіне болады және олардың әрқайсысы компьютердегі  барлық ақпаратқа шыға алады.

Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әрбір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек жеке өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.

Кейбір бірнеше адам пайдаланатын жүйелер, мысалы, UNIX, бір  компьютерде бірнеше пайдаланушының қатар жұмыс істеуіне мүмкіндік  береді. Бұл жағдайда әрбір пайдаланушының жұмыс орнына терминал орнатылуы  керек. Терминал ретінде  не арнайы жасалған құрылғылар (пернетақтасы барибейнемонитор), не дербес компьютерде іске қосылған арнайы программа болуы мүмкін. Бірнеше пайдаланушы, әрқайсысы өз терминалымен, бір - біріне  кедергі келтірмей, бір компьютерде қатарласа жұмыс істей алады.

Терминал компьютерден бірнеше метр немесе бірнеше мың километр қашықтықта болуы мүмкін. Егер мекеменің компьютерінде бірнеше адам пайдаланатын операциялық жүйе мен бірнеше модемдер орнатылған болса, онда әрбір қызметкер компьютермен модем арқылы байланыса алады және өзінің дербес (үстелдік немесе тасымалданатын)   компьютерін терминал ретінде пайдаланып, қызмет орнында отырғандай жұмыс істей алады. Терминал негізгі компьютермен дүниежүзілік компьютерлік желі Интернет арқылы да байланысуы мүмкін.

Бұдан жиырма жыл бұрын адамның операциялық жүйемен қарым – қатынасы командалық режимде жүретін жүйенің шақыруына жауап ретінде пайдаланушы команда теретін, сонда ғана жүйе оны орындайтын. Мұндай командалық режім көптеген  команданың пішімін білуді және ұзын командалық жолдарды қатесіз енгізуді талап етеді.

Соңғы жылдары графикалық көптерезелі интерфейс шын мәнінде компьютермен жұмыс істеудің стандартына айналды. Мұнда қажетті әркеттер мен объектілердің сипаттамалары мәтін түрінде енгізілмейді, маустың көмегімн менюден, файлдар тізімінен және т.с.с. таңдалады. Әсіресе, бұл көптерезелі интерфейс бірнеше программалармен бір мезгілде жұмыс істегенде қолайлы: олардың әрқайсысымен адам жеке терезеде жұмыс істейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Бағдарламалық жабдықтаудың тандалуының негізделуі

  Microsoft Access – ол толық реляциялы мәліметтер базасын басқаратын жүйе. Онда мәліметтерді анықтауда және өңдеуде барлық құралдар, сонымен қатар үлкен көлемді ақпараттармен жұмыс істеу де қарастырылған. Microsoft Access пайдаланушының интерфейсін тез жасауға мүмкіндік береді, бірақ алайда тез әрекетті программаларды жасайды.

  Microsoft Access 2002 программалық өнім Microsoft Office тобына жатады, өйткені ол реляциондық мәліметтер базасын басқару 32-разрядтық алымды және клиент-сервер архитектуралық мәліметтер базасының қосымшаларын жасауға арналған.

  Алдындағы версиямен салыстырғанда, Access 2002 жаңа мүмкіндіктер пайда болды:

- Microsoft Access 2002 кестелерді, сұраныстарды, түсініктерді, сақталған процедураларды, функцияларды және жиынтық кестелердегі және жиынтық диаграмма режимінде формаларды ашу мүмкіндіктері бар. Енді мәліметтерді талдау және қиын жиынтық кестелерін және жиынтық диаграммаларын бұрынғыға қарағанда тез жасауға болады. Мәліметтерге кіру беті есебінде жиынтық кесте және жиынтық диаграмма режимдерінде түсініктерді сақтауға мүмкіндіктері бар, ол кіру беттерін содан кейін Microsoft Internet Explorer 5.0 немесе одан кейінгі версиялары компьютерінде бар болған жағдайда әрбір пайдаланушы көріп шыға алады. Сонымен қатар жиынтық кестедегі және жиынтық диаграммадағы режимдерде бағынышты формаларды бүгінгі таңда кесте режиміндегідей пайдалануға болады. Өңдеушілер жиынтық кестесі және жиынтық диаграммасы режимінде программалардың формасын өздеріне ыңғайлы екенін түсінуі, сонымен қатар жаңа оқиғалардың артықшылықтарын жиынтық диаграмма режимінде пайдалана алады.

- ХМL тілінің міндеті. ХМL тілі (Extensible Markup Language) Интернетте мәліметтерді беру стандартты технологиясы ғана емес, ол іскер қосымшалар арасында мәліметтерді алмастырып алу технологиясына тез айналады. Microsoft Access 2002 бизнес-ережелері, құрылымы, хаттамалары, мәлісеттер форматы, тұғырнама ХМL-ге тәуелді емес мәліметтерін бірлесіп пайдаланудың алымды, интуициялық әдістемелерін қамтамасыз етеді.


 

 

 

 

 

 

 

 

Cурет 2.1. Мәліметтер базасын  басқару жүйесінің қосымшалармен  байланыс мүмкіндіктері

Пайдаланушыға таныс Microsoft Access интерфейсі арқылы ХМL мәліметтерін және құжаттар құрылымын, Jet немесе SQL Server құрылымын және мәліметтерін пайдалана  отырып оңай жасауға, сонымен бірге формаларда, есептерде және мәліметтер беттеріне енуде ХМL-дің басқа да қосымшаларын пайдалануға болады. Мәселен, керек мәліметтер SQL-дің бірнеше қайнар көздерінің ішкі серверінде, электронды кестелерде және басқа да, SAP сияқты ену құралдарында орналасқан. Бұл қайнар көздерінде мәліметтер алмастыру ХМL форматында орындалады, Microsoft Access-те осы мәліметтерді түсініктерге қыстырып статистикалық сұраныстардың жиынтығын, содан кейін осы түсініктер арқылы формалар мен есептерді жасауға болады. Microsoft Access стиль кестелерінің және схемаларының қолдауын және жасауын тым жеңілдету арқылы мәліметтерді ыңғайлы басқарудың әдістерін пайдалануға мүмкіндік береді. Microsoft Access қиын, құрастырылған мәліметтерді стандарттық және бірлескен әдісі бойынша оңай сипаттауға және әрбір қосымшаның ішінен және одан жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, Microsoft Access арқылы мәліметтер құрылысын сипаттайтын схемасын жасауға болады, содан кейін оны жабдықтаушыларға олардың шоттарында мәліметтерді қалайша шығарылу керектігін дәл білсін деп жіберіледі.

- Microsoft Access 2002 және Microsoft SQL 2000 кірістірілген интеграциясы Microsoft Access-тің жобасына SQL мәліметтер базасының  кеңейтілген сипаттамаларын қосу  арқылы айтарлықтай жетілдірілген.

Microsoft Access 2002 жобаларында  кеңейтілген сипаттамаларды қолдануы  келесі құралдарды пайдаланудың  мүмкіндігін берді: алмастырудың  байланыстары, мағыналарының шарттары (шек қою), мәтінді және қосалқы  кестені өзгерту. Кеңейтілген  сипаттамаларды кестелерде, түсініктерде, сақталған процедураларда дәл Microsoft Access мәліметтер файлдарының объектілеріндегідей пайдалануға болады. Кеңейтілген сипаттамаларды пайдалану бағанның енін, жолдың ұзындығын, шрифттерді және мәліметтердің маскаларының келтірілуін Microsoft Access-тің жобасының бір сеансынан екіншісіне аударуын жеңілдетті. Кеңейтілген сипаттамалар Microsoft Access мәліметтер базасынан Microsoft SQL Server-ға қосылған Microsoft Access жобасына іскер қосымшасын аудару процедурасын жеңілдетті.

- Қосымша қатынас Microsoft Access 2000 файлдарымен жұмыс істеуге және форматын өзгертпей файлдың Microsoft Access 2002-де өзін өзгерту мүмкіндігі бар. Бұл мәліметтер базасының файлдарының әр түрлі версияларымен Microsoft Access-ті пайдаланушылардың қосымша жұмысын жеңілдетті.

- Қайта құрудың әрекетті  жоюдың көптеген операциялары. Енді Microsoft Access мәліметтер базасының барлық  объекттеріне және Microsoft Access-тің  жобасының түсініктеріне, сақталған  процедураларға және функцияларға  конструктор режимінде жасалған  бірнеше амалдарды жою және қайта құруға болады.

- Microsoft SQL Server арқылы Microsoft Access жобаларында пакеттік жаңарту. Microsoft Access 2002 жобасына енгізілген  барлық мәліметтерді пакетке  орналастыруға болады, ол пакет  жазулар бойынша ауысып жүрген, форманы жапқан немесе команданы орындаған кезде, серверге жіберіледі. Бұдан басқа, форманың ішінде барлық жазуларды сақтайтын немесе жазуларда барлық өзгерістерді программа бойынша жоятын кнопкасын жасауға болады.

- Мәліметтерге жаңартылып  тұратын автономдық ену беттері. Microsoft Access жобасында мәліметтерге ену беттерін автономдық режимінде қолжетерлік ететін, оларға көшірлетін компьютерде өзгерістерді енгізу және SQL серверіне қосылған кезде бұл беттерді автоматты үйлестіруге мүмкіндігі бар. Автономдық беттер Microsoft SQL Server 2000 Desktop Engine (бұрын MSDE) жергілікті ядросына қосылған Microsoft Access жобасында өзгереді.

- Өзара қайта құру  қателерінің журналын жүргізуі. Егер Microsoft Access 95-тен немесе одан  кеш версиясынан өзара қайта  құрылысын жасаған кезде қателер пайда болса, ал Microsoft Access 2002 әр қате мөлтіктерді жоюға және іздеу процедурасын жеңілдетеді.

- Бағынышты формаларды-еспетерді  конструктор режимінің жеке терезеде  ашу. Түр (вид) меню арқылы  немесе тікелей формадан және  есептен конструктор режимінің жеке терезесінде бағынышты формаларды немесе есептерді ашуға мүмкіндік бар. Бұдан басқа, бұрғылағышты жақсарту арқылы бағынышты формалармен және есептермен жұмыс істеу оңайланды.

- Байланысқан кестелердің  шебері. Microsoft Access жобасында байланысқан кестелердің шеберінің нұсқаулары кестелерді Microsoft SQL Server мәліметтер базасымен байланастыруға көмектеседі.

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2.2. Microsoft Access құралдары

 

- Microsoft Access 2002 формалармен  және есептермен жұмыс істеу айтарлықтай жеңілдеген:

  • F8 пернесін басқан кезде форманың немесе есептің конструктор режиміндегі алаң тізімі ашылады.
  • Форманың немесе есептің конструктор режимінде алаңды тізімде таңдап, ENTER пернесін басқанда ол форма есеп макетіне автоматты түрде қосылады.
  • CTRL+ТАВ пернелерін басқанда фокусты формалар немесе есептер бөлімінен қосалқы бөлімге ауыстырады.
  • Алдын ала көру режимінде Масштаб командасына екі қосымша командалар қосылған (1000% және 500%-ке үлкейту).

      Сол  арқылы Access 2002 мәліметтер базасын басқару жұйесі мәліметтер базасының пайданалатын қазіргі қосымшаларды жасауға барлық қойылған талаптарына сай келеді.

Информация о работе Акпараттарды ондеу объектилеринде малиметтер базасын баскару жуйесин уйымдастыру