Акпараттарды ондеу объектилеринде малиметтер базасын баскару жуйесин уйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 14:57, курсовая работа

Краткое описание

Казіргі таңда бар әлемде компьютерлік анықтамалы-ақпараттық жүйелер кең тараған, олардың көмегімен қажетті ақпаратты ең қысқа мерзімде алу мүмкіндігі бар. Барлық жүйелер ақпаратты өңдеу мен ұзақ уақыт сақтау функцияларымен қандай болса да деңгейде байланысты деп айтуға болады. Ақпарат ол кезде іс-әрекеттің әртүрлі саласының тиімділігін анықтайтын факторы болып табылады. Ақпараттың көлемі үлкейді, сонымен қатар мәліметтерді өңдеу жылдамдығына қойылатын талаптар жоғарылады, енді көптеген операциялар қолмен жасай алынбайды, олар ең перспективалы компьютерлік технологияларды қолдануын қажет етеді.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................
І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ............................................................................................
1.1. Заттық саланың жүйелік талдауы............................................................
1.2. Мәліметтерді өңдеуде қолданылатын технологиялар............................
1.3. Мәліметтерді өңдеуде қолданылатын контроллер жүйесі...................
1.4. Арнайы жүйелік тақшаларды қолдану...................................................
1.5. Қолданылатын операциялық жүйе.........................................................
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ........................................................................................
2.1. Бағдарламалық жабдықтаудың тандалуының негізделуі.....................
2.2. Мәліметтер базасын жасау технологиясы.............................................
2.3. Мәліметтер базасының инфологиялық құрылымы..............................
2.4. Мәліметтер базасын жобалау.................................................................
2.5. Қосымша бағдарламалық жабдықтар....................................................
2.6. Мәліметтер базасын басқару жүйесін ұйымдастыру………………….
2.7. Операциялық күшейткіш......................................................................
ІІІ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ......................................................................
ІV. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ.........................................................................................
Қорытынды........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................

Файлы: 1 файл

Акпараттарды ондеу объектилеринде малиметтер базасын баскару жуйесин уйымдастыру.doc

— 485.00 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе................................................................................................................

І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ............................................................................................

1.1. Заттық саланың жүйелік талдауы............................................................

1.2. Мәліметтерді өңдеуде қолданылатын технологиялар............................

1.3. Мәліметтерді өңдеуде қолданылатын контроллер жүйесі...................

1.4. Арнайы жүйелік тақшаларды қолдану...................................................

1.5. Қолданылатын операциялық  жүйе.........................................................

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ........................................................................................

2.1. Бағдарламалық жабдықтаудың тандалуының негізделуі.....................

2.2. Мәліметтер базасын жасау технологиясы.............................................

2.3. Мәліметтер базасының  инфологиялық құрылымы..............................

2.4. Мәліметтер базасын жобалау.................................................................

2.5. Қосымша бағдарламалық жабдықтар....................................................

2.6. Мәліметтер базасын  басқару жүйесін ұйымдастыру………………….

2.7. Операциялық күшейткіш......................................................................

ІІІ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ......................................................................

ІV. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ.........................................................................................

Қорытынды........................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Казіргі таңда бар  әлемде компьютерлік анықтамалы-ақпараттық жүйелер кең тараған, олардың  көмегімен қажетті ақпаратты  ең қысқа мерзімде алу мүмкіндігі бар. Барлық жүйелер ақпаратты өңдеу  мен ұзақ уақыт сақтау функцияларымен  қандай болса да деңгейде байланысты деп айтуға болады. Ақпарат ол кезде іс-әрекеттің әртүрлі саласының тиімділігін анықтайтын факторы болып табылады. Ақпараттың көлемі үлкейді, сонымен қатар  мәліметтерді өңдеу жылдамдығына қойылатын талаптар жоғарылады, енді көптеген операциялар қолмен жасай алынбайды, олар ең перспективалы компьютерлік технологияларды қолдануын қажет етеді. Әрбір әкімшілік шешім кезектегі жағдайдын анық және дәл бағалауын, сонымен қатар оны өзгертуге болатын болашақ переспективаларды  талап етеді.

Дербес компьютерлерде ең көп қолданылатын реляционды мәліметтер базалары. Сондай базаларда ақпарат жазбалардың реттелген жиынтығы түрінде сақталады, әр жазба белгіленген көлемді өрістерден (поле) тұрады. Ақпаратты сақтау мұндай әдісі мәліметтерді қағазда бірнеше кестелер түрінде көрсеткенге ұқсайды. Кестелердің жеке жолдарына мәліметтер базасында жазбалар сай келеді, ал бағаналарға – жазбалардың өрістері.

Қазіргі заманға сай мәліметтер базасының жаңа технологиясы ондаған  жылдар бойы мәліметтерді өңдеу мен  ақпаратты басқару әдістерінің дамыуының нәтижесі болып табылады. Қазіргі кезде мәліметтер базасының басқару жүйесінің міндеті корпоративті басқаруда ақпараттық жүйенің негізі болып табылады. Жаңа технологиялар, яғни бағытталған объектіні мәліметтер базасы және клиент-сервер платформасы жаңа тапсырмаларды шешуге бағытталған. Мәліметтер базасы бір немесе бірнеше қолданбалы  жүйелермен өңделе алатын  бір-бірімен байланысты берілгендердің элементарлық тобы. Мәліметтер базасы мәліметтер базасын басқаратын программалық қамтамадан, арнайы құрал-жабдықтар кешенінен және осының барлығын басқаратын адамнан тұрады. Қазіргі уақытта тиімділігі өте жоғары мәліметтер базасын басқару жүйесін құру басты процесс болып отыр.

Компьютерлік техниканың дамуы мен тік кіру сыртқы есте сақтайтың құрылғылардың пайда болуы әртүрлі масштаб пен мақсаттарға арналған автоматты жүйелердің  қарқынды дамуын алдын ала анықтады, ол бірінші кезекте бизнес-қосымшыларда белгілі болды. Компьютерлік жүйелер әдетте күрделі құрылымы бар, өңдеу жылдамдығын талап ететін, жиі жаңартылып тұратын және ұзақ уақыт сақтауды қажет ететін ақпараттың көп деген көлемімен жұмыс жасайды.

Кейде жұмыс талаптары  қоршаған ортаның немесе қоғам өмірінің белгілі бір құбылысы туралы нақты  мағлұмат беретін көп мөлшерлі әр түрлі деректер жиындарымен жұмыс істеуді талап етеді.

Осындай жиындарды және онда көрсетілген  деректерді сақтауға және өңдеуге арналған ақпараттық және программалық  құралдарды ақпараттық жүйелер деп  атайды.

Ақпараттық жүйелер  екі топқа бөлінеді: фактографиялық және құжаттық. Фактографиялық ақпараттық жүйелерде белгілі бір объект туралы нақты фактілер көрсетіледі. Мысалы, қарапайым қойын кітапшасы фактографиялық ақпараттық жүйе ретінде күнделікті қолданылады.

Құжаттық ақпараттық жүйелерде фактографиялық жүйелерен  салыстырғанда, қойылған сұраққа  бір мағыналы жауап берілмейді. Бұл жүйелер ретінде деректер жиындарда белгілі бір формалды іздеу әдісімен қамтылған құрылымсыз мәтіндік құжаттар (мақалалар, кітаптар, рефераттар, заң баптары және т.б.) және графикалық бейнелер сақталады.

Мәліметтер қоры - өзіндік құрылым белгілі, деректерді сипаттаудың, сақтаудың және өзгертдің жалпы принциптеріне сүйенген қағидалар арқылы байланысқан деректердің жиыны. Ақпараттардың мәліметтер қоры түрінде сақталуы – олардың пайдалану мұмкіндіктерін кеңейтіп, іздеу, өңдеу және алу әрекеттерін жеңілдетеді.

Мәліметтерен қалыпты  жұмыс атқару   үлгісіне адам, құжат және картотекалық шкафтар  жатады. Автоматтандыру әдісін қолданбайтын «мәліметтер қорының»  негізі қағазбен жұмыс істеу.

Нақты құжаттық жүйелерде деректермен жұмысты жеңлдететін әр түрлі формальды әдістер мен әрекеттерді пайдалануға болады. Қажетті мәліметті табу үшін пайдаланушы белгілі бір шкафты ашып, оның ішінен белгілі бір буманы алып, қажетті бетін ашады.

Енді қолданушыға құжаттарды сұрыптау немесе мәліметтерді табу үшін әр түрлі құжаттардан жеке бетке немесе электрондық кестелерге көшіруге тура келеді.  Алынған деректерді талдау және нәтижесін даярлау үшін калькулятор немесе электрондық кестелерді пайдалануға болады.

Компьютерлік мәліметтер қоры дегеніміз - қағаз бетінде сақталған құжаттарды жинақтауға және олардан мәлімет алуға арналған автоматты нұсқа жүйесі. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ

 

1.1. Заттық саланың жүйелік талдауы

 

Пошта – ол транспорт  жабдықтар арқылы жүйелі түрде жазба хат-хабар, периодтық басылымдар, ақша аудармалар, бандероль, посылкаларды жіберуін жүзеге асыратын байланыстың түрі.

Ұйымдастыру жөнінде  пошта байланысы ол пошта жіберулерді  қабылдау, өңдеу мен жеткізуді  қамтамасыз ететін транспорт жабдықтар  мен байланыс өнеркәсіптердің желісінен тұратын біркелкі жүйе болып табылады. Байланыс өнеркәсіптерге почтамттар мен байланыс тораптар және олардың құрамына кіретін бөлімшерлер жатады. Поштамттар аймақ орталықтарында, аймақ пен республика бағынысты қалаларында, ал байланыс түйіндер аудан орталықтарында ұйымдастырылған.  

Поштамттар мен байланыс түйіндер оларға бекітілген аймақта пошта байланысын ұйымдастырады – пошта берулерді қабылдайды, тапсырады,  олардың өңдеуін жасап, поштаны маршруттар бойынша тасуын іске асырады. Байланыс бөлімшілері пошта жіберулерін қабылдайды, өзінің почтамтына немесе түйінге жібереді және олардан түскен поштаны адресаттарға жеткізеді.

Байланыс өнеркәсіптерде пошта жіберулерді қабылдауға арнайы жер бөлінеді, ол жерде операторлардың жұмыс орындары орналасады, ол операциондық зал деп аталады. Операторлар жай корреспонденциядан (тапсырыс емес хаттар мен открыткалар) басқа барлық жіберулерді қабылдайды. 

Пошта жіберулерін өңдеу - оларды адрес мәліметтері бойынша реттеу және адресаттарға қалай болса да тезірек тапсыруын қамтамасыз ететін ең тиімді жолдармен жіберуге дайындау деп түсінеді.

Пошта байланыс өнеркәсіптердің  жұмысын аяқтайтын этапы, адресаттарға пошта жіберулерді жеткізу мен тапсыру болып табылады. Ірі мекемелерге және кәсіпорындарға пошта автокөлікпен жеткізіледі  және қабылдауға уәкіл етілген адамдарға тапсырылады. Халыққа поштаны пошташы жеткізеді.  

Периодтық баспасөзді экспедированиесі деп - баспаны типографиялардан қабылдау, жолдама құжаттарды дайындау, баспаны жазылушыларға апарып беретін байланыс өнеркәсіптер бойынша реттеу, буып-түю және ұшақпен, поездбен немесе автокөлікпен жіберу. Әдетте бұл жұмысты типографияларда ұйымдастырылған және байланыс өнеркәсіптерге бағынатын экспедициялар орындайды. Бірақ көптеген жағдайларда экспедированиені тікелей байланыс өнеркәсіптері іске асырады – почтамттар, қалалық пен аудандық байланыс түйіндер - өздерінің өндіріс алаңдарында орындайды.  

Аудармаларды қабылдау мен төлеу операцияларды іске асыру нәтижесінде байланыс өнеркәсіптер арқылы ақша қаражаттың үлкен соммалары өтеді. Аудармаларды қабылдау мен төлеудің алғашкы құжаттарын салыстырып тексеру арқылы төлеудің дұрыстығы білінеді. 

Поштаны тасу теміржол транспорты бойынша жүзеге асырылады. Теміржол транспорты ауыр поштаны – посылка, бандерол, журналдарды тасуға пайдаланады. Пошта вагондары жүйрік пен жолаушы поездердің құрамына қосылады. Ең толтырылған бағыттарда поштаны 8-12 пошта және 2-6 жүк вагондардан тұратын, бағыт бойынша жүретін пошталы-жүк поездармен тасиды. Авиакөлік газеттер мен корреспонденцияны үлкен қалалар арасында, аймақтың ішінде тасып жүруге арналған.

 

1.2. Мәліметтерді өңдеуде қолданылатын технологиялар

 

DirectX – дамып келе жатқан технология, оның қазіргі тоғызыншы нұсқасы программалық қамтама жасаушыларға максималды түрде нақты графиканы жасауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде пайдаланушылар бейнекартаның өнімділігі мен сапасын жоғары дәрежеде бағалауда. Тоғызыншы нұсқада жоғары деңгейлі шейдерлік тілдер пайда болды, ол DirectX-тің  барлық талаптарына сәйкес келетін, барлық графикалық карталарға сәйкес келеді. Әртүрлі үшөлшемді графика күшейткішінде бірдей әсер беретін мүмкіндікті жобалаушылар пайдалануда. Шейдер тілінің негізіне С программалау тілі жатады, себебі ол күшті программалау тілі болғанмен, пайдалануы өте қарапайым. Кейбір бейнекарталардың техникалық сипаттамаларын келесі кестеден көруге болады.

NVIDIA корпорациясының  GeForce 4 чипсет негізіндегі бейнекарталардың  технологиясының және маркетингтік параметрлерін қарастырайық:

    • Жоғары деңгейде GeForce 4 Titanium 4600 және 4800 чипсеттері көрсетілген. Бұл екеуінің айырмашылығы AGP 4x және AGP8х интерфейсінің қамтамасыз етілуі. Бұл модельдердің функционалдық қызметтеріне: жоғары және пиксельдік шейдермен жабдықталуы, әрқайсысында  екі текстуралық блокта 4 пиксельді конвейерден тұрады. Бейнежадысы 128 биттік локальдік шина. Ядроның жиілігі 300 МГц, жадының эквивалентті жиілігі 650 МГц.
    • GeForce 4 Titanium 4200 және 4200 8х. Барлық мүмкіндіктері мен архитектурасы бойынша жоғары деңгейдегі бейнекарталарды қайталайды, бірақ ядро жиілігі 250 МГц-ке дейін төмендетілген.
    • Бюджеттік жағынан 3 түрлі модификация біріккен: GeForce 4 МХ420, МХ440, МХ460. Алдыңғы типтеріне қарағанда  негізгі айырмашылығы – архитектурасы. Жоғарғы және пиксельді шейдерді өңдеу блогы жоқ, пиксельді конвейер саны екіге дейін азайтылған, ядро жиілігі 250-300МГц, жады жиілігі 166-550 МГц

Осылайша бюджеттік  МХ индексті бейнекарталар GeForce 3 чипсеттерінен  де мүмкіндіктері төмен болып  шықты.

АТІ Technologies компаниясы Radeon 9ххх сериясының чипсеттері тек жұмыс жиілігімен ғана ажыратылмай, архитектурасы мен қызметімен ажыратылады: 

9000 және 9000Pro  бейнекартасы RV250 чипсет негізінде;

9100 бейнекартасы R200 чипсеттер негізінде;

9500 бейнекартасы R300 чипсеттер негізінде,  пиксельді конвейері екі есе  төмендетілген;

9500 Pro бейнекартасы R300 толық функционалды  чипсеттер негізінде;

9200 бейнекартасы R350 шейдерді қамтамасыз  ету мүмкіндігі ажыратылған чипсеттер  негізінде;

9600 бейнекартасы R350 пиксельді конвейер  саны және жоғары  шейдерді  өңдеу блогы да екі есе төмендетілген чипсеттер негізінде;

9800 Pro бейнекартасы сегіз пиксельді  конвейермен және программаланатын  төрт геометриялық блокпен қамтамасыз  етілген чипсеттер негізінде  ажыратылады.

Үшөлшемді күшейткіш графикасы  пайда болмай тұрып, бейнекарта қарапайым функцияларды орындады: өзіндік жады блогына процессор дайындаға мәліметтерді сақтап, қажет болған кезде ақпаратты түрде сурет салып, кейін кадр буферіне жіберіп отырады. Ол жерден мәліметтер аналогты-сандық түрлендіргішке түсіп, аналогты сигналдарды монитордың электронды трактысына жіберіп отырады. Егер программада үшөлшемді объект кездессе, барлық өңдеуді орталық процессор орындайды.

Алғашқы өзгеріс 1996 жылы үшөлшемді  күшейткіш графикасы пайда болғанда болды. Содан бері үшөлшемді күшейткіш  өңдеулерін бейнекарта чипсеттері орындайтын болды. 3D графиканы өңдеудің негізгі этаптарына тоқталсақ: сценаны дайындау, геометриялық  түрлендіру, текстуралау. Әрбір  этап бірнеше  стадиядан тұрады. Бірінші этаптың бірінші стадиясында модельдер сценарийіне барлық кіріс геометриялық примитивтер жинақталып, оның ағымдық жағдайы есептеледі. Бұл стадия толық орталық процессорде есептеледі. Қалған этаптар мен стадиялар бейнекарта чипсеттерінде орындалады.

Информация о работе Акпараттарды ондеу объектилеринде малиметтер базасын баскару жуйесин уйымдастыру