Акпараттарды ондеу объектилеринде малиметтер базасын баскару жуйесин уйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 14:57, курсовая работа

Краткое описание

Казіргі таңда бар әлемде компьютерлік анықтамалы-ақпараттық жүйелер кең тараған, олардың көмегімен қажетті ақпаратты ең қысқа мерзімде алу мүмкіндігі бар. Барлық жүйелер ақпаратты өңдеу мен ұзақ уақыт сақтау функцияларымен қандай болса да деңгейде байланысты деп айтуға болады. Ақпарат ол кезде іс-әрекеттің әртүрлі саласының тиімділігін анықтайтын факторы болып табылады. Ақпараттың көлемі үлкейді, сонымен қатар мәліметтерді өңдеу жылдамдығына қойылатын талаптар жоғарылады, енді көптеген операциялар қолмен жасай алынбайды, олар ең перспективалы компьютерлік технологияларды қолдануын қажет етеді.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................
І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ............................................................................................
1.1. Заттық саланың жүйелік талдауы............................................................
1.2. Мәліметтерді өңдеуде қолданылатын технологиялар............................
1.3. Мәліметтерді өңдеуде қолданылатын контроллер жүйесі...................
1.4. Арнайы жүйелік тақшаларды қолдану...................................................
1.5. Қолданылатын операциялық жүйе.........................................................
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ........................................................................................
2.1. Бағдарламалық жабдықтаудың тандалуының негізделуі.....................
2.2. Мәліметтер базасын жасау технологиясы.............................................
2.3. Мәліметтер базасының инфологиялық құрылымы..............................
2.4. Мәліметтер базасын жобалау.................................................................
2.5. Қосымша бағдарламалық жабдықтар....................................................
2.6. Мәліметтер базасын басқару жүйесін ұйымдастыру………………….
2.7. Операциялық күшейткіш......................................................................
ІІІ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ......................................................................
ІV. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ.........................................................................................
Қорытынды........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................

Файлы: 1 файл

Акпараттарды ондеу объектилеринде малиметтер базасын баскару жуйесин уйымдастыру.doc

— 485.00 Кб (Скачать)

   Талдау барысында мәліметтер базасын жасаудың ең қолайлы ортасы Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесі болып табылады.

 Қазіргі таңда қойылған тапсырманы шешуге рұқсат берілген көптеген программалық құралдар мен мәліметтер базасын басқару жүйелерін жасайтын жүйелер бар. Windows қабығында жұмыс істейтін мәліметтер базасын басқару жүйесін жетілдіруде бірнеше әртүрлі жүйелер қарастырылған. Бұл жүйелер келесілерді білдіреді:

  Visual FoxPro бөлек компоненттерден тұрады, олар ақпаратты сақтауға және түсіндіруге пайдаланады. Бұл компоненттер кестелер, мәліметтерді түсіндіру, формалар, есептер, сұраулар, программалар және библиотекалар болып табылады. Формаларды және есептерді жасауға конструкторлар пайдаланады, сондықтан оларды конструкторлық объекттер деп атайды. Конструкторлық объекттер құрамалы объекттер болып табылады, яғни одан да майда объекттер (мысалы алаң, конпкалар, диаграммалар, рамкалар) тұрады, оларды интерфейстін объектілері деп атайды.

         Интерфейстің объектілеріне келесілер  жатады:

    • Мәтіндік объектілер;
    • Тікбұрыш және сызық;
    • Алаңдар;
    • Кнопкалар;
    • Графикалық объектілер;
    • OLE – объектілер.

  Visual FoxPro –да барлық ақпарат кестелерде орналасқан. Әрбір кестенің бірегей аты және ол бөлек файлда сақталады, оның аты кестенің атымен сәйкес келеді. Кестелердің атын қою тапсырмасында  Windows файлдарына ат қойған кезедегі ережелер пайданалады, Visual FoxPro кестелері бар файлдарға автоматты түрде DBF платасы кенеюі беріледі.

  Әрбір объект бөлек файлдарда сақталады, негізгі объекттері бар файлдардың атын сіз өзінің бересіз, ал объектілері бар файлдардың кестемен байланысты аттары, кестенің атымен сәйкес келеді.

 

2.2. Мәліметтер базасын жасау технологиясы

 

    Басқару қызметінің әртүрлі саларында, сонымен қатар күрделі экономикалық есептерді шешуге арналған ақпаратты өңдеу жүйелерің кең қолдануы ұжымдық пайдалану жағдайларында мәліметтерді ұйымдастыру тиімділігіне талаптарды күшейткенін ескертеді.

  Әдеттегі, нақты есептерді шешуге бағытталған мәліметтерді массив түрінде ұйымдастырылуы статикалықпен, тиісті бағдарламалық жабдықтаумен қатты байланысуымен ерекшеленеді, мәліметтерді жиналуы мен тексеруінің қайталануына келтіреді, оларды сақтауға арналған жадыны бірталай артық  жұмсалғанын, есептерді өзгерткен кезде мәліметтердің жиі қайта ұйдастыруын шақырады.

  Мәліметтер базасы қосымшылардың үлкен санында қолдануға және қажетті ақпаратты тез алу мен өзгерту мүмкіндіктерімен, ақпаратты ең аз артықшылығымен, қолданбалы бағдарламалардын тәуелсіздігімен, жалпы басқарылатын іздеу әдісімен сипатталатын өзара байланыс мәліметтердің жиынтығы болып табылады.

  Мәліметтер базасын пайдаланушының көптеген қолданбалы бағдарламаларында қолдану мүмкіндігі комплексті сұраныстарды іске асыруын жеңілдетеді, артықшылықты азайтады, ал жылдам өзгерту мүмкіндігі мәліметтерді бірдей жаңарту деңгейінде сақтауға рұқсат етеді. Мәліметтердің және оларды қолданатын бағдарламалардың тәуелсіздігі мәліметтер базасының негізгі қасиеті болып табылады. Мәліметтердің тәуелсіздігі деп олардың өзгеруі қолданбалы бағдарламалардың өзгеруіне алып келмейтінін түсінеді.

  Сондай тәуелсіздікті қамтамасыз ететін мәліметтер базасы әдеттегі ұйымдастыру түрі, ол үш деңгейлік құрылым:  қолданбалы бағдарламашының логикалық құрылымы (подсхема); мәліметтердің жалпы логикалық құрылымы (схема); мәліметтердің физикалық құрылымы.

  Мәліметтер базасын жасау бір жолғы процесс емес, ол оның барлық өмір уақытына созылады. Үш деңгейлі құрылым мәліметтер база құрылымды басқару жүйелерді енгізу мен өзгерту кезінде, сонымен қатар аппаратық жабдықтар жетілдіру мен өсіп жетілдіру жағдайларында тез өзгерту мүмкіндік қамтамасыз етеді.

  Мәліметтер базасын ұйымдастыру әдісін бағалау мен таңдауға керекті талдау пайдаланушының қажеттіліктерін мұқият зерттеуінен басталуы керек. Пайдаланушының талаптарын зерттеу негізінде сақтауға жататын мәліметтердің толық тізімін (олардың мінездемелер мен өзара байланыстарын көрсетіп), базамен бірлесіп әрекет қылатын процесстер мен пайдаланушылардың тізімін (олардың приоритеттері мен мәліметтерге кіру параметрлерін көрсетіп) жасау, сонымен қатар мәліметтер базасы айналастың бағасы мен уақытына қойылатын талаптарды құру керек.

  Қазіргі таңда бар мәліметтер базасын басқару жүйесі мәліметтерді басқарудың үш тәсілін қамтамасыз етеді: иерархиялық, желілі және реляциондық. Иерархиялық ықпал объектердің иерархиясын көрсетуінде негізделген. Иерархиялық өзара байланыстары желілі байланыстардың жеке түрі болып табылады. Реляциондық жүйелер объекттер мен өзара байланыстардың арасында айырмашылықтарды енгізбейді. Иерархиялық пен желілі өзара байланыстар қатынас деп айтылатын және келесі қасиеттермен сипатталатын екі деңгейлі кестелердің түрінде көрсетілуі мүмкін: кестенің әрбір элементі мәліметтердің әрбір элементі болып табылады (қайталынатын топтар жоқ); бағананың элементтері бір табиғатты болады, бағаналарға бір мағыналы аттар беріледі; бағаналардың ішінде екі бірдей жолдар жоқ бағаналар мен жолдардың ішіндегісін олардың ақпараттық мағынасына тәуелді емес тәртіп бойынша қарап шығуға мүмкіндік бар. Қатынастар арқылы құрылған мәліметтер базасы реляциондық деп аталады және келесі артықшылықтарға ие болады: дайындалмаған пайдаланушылар қолданып алады, қорғау жүйесінің қарапайымдылығы, мәліметтердің тәуелсіздігі.

  Мәліметтер базасын басқару жүйелері – ақпараттың компьютерлік қоймасың жасау мен қолдауын автоматтандыратын кең тараған бағдарламалық жүйелер. Мәліметтер базасын басқару жүйелерінің көпшілігі «достық интерфейс» және интеравтивтік көмектің кірістірілген жүйесімен жабдықталған реляциондық пен желілі мәліметтер базасына бағытталған. Соңғы жағдай мәліметтер базасын басқару жүйелерді зерттеуін жеңілдетеді. Қазіргі мәліметтер базасын басқару жүйелерімен қатары мәліметтер базасын жасау қарқынды механизмдерімен жабдықталады.

  Жобалаудың негізгі мақсаты – ол пайдаланушыны өзінің қызмет міндеттерін атқаруға қажетті нақты мәліметтермен жабдықтау және осы мәліметтерге қолайлы уақытта қол жеткізуін қамтамасыз ету.

        Мәліметтер базасын жобалау келесі этаптардан тұрады:

  1. талаптарды тұжырымдау мен талдау;
  2.    инфологиялық жобалау;
  3.    концептуалдық жобалау;
  4.    физикалық жобалау.

  Талаптары талдау процессі мекеменің қажеттіліктерін талдауын қосады, олар арқылы мәліметтер базасына қойылатын өзіндік талаптар анықталады. Бұл талаптар жобалаушы да, пайдаланушы да түсінетін түрде құжаттамаланады. Әңгімелесу нәтижесінде ақпараттық ағындар анықталады және заттық саланың семантикасы туралы бір мағыналық түсінік істеп шығарылады.

        Талаптарды тұжырымдау мен талдау процесі үш этаптардан тұрады:

  1. мәліметтер базасы шешетін қолданбалы есептеріне тәуелді емес мәліметтер базасын қолдану саласын анықтау;
  2. мәліметтер базасын пайдалану туралы ақпаратты жинау. Бұл мағлұматты екі түрге бөлуге болады: өндіріс функцияларымен байланысты ақпарат; басқару функцияларымен байланысты ақпарат. Ақпараттың осы түрлерін жинау әдістері бір-бірінен ерекшеленеді, бірақ үш мақсатты орындауға арналған бір әңгімелесу әдісі бойынша жүзеге асырылады;
  • әр туынды функцияны анықтау;
  • осы функцияларды орындауға қажетті мәліметтерді анықтау;
  • осы функциялар қашан және қалай орындалатынын анықтайтын айқын және айқын емес ережелердің идентификациясын жасау.
  • Барлық жасалынатын және пайдалатын мәліметтер элементтерінің тізімін жасау;
  • Есептерді, олардың сипаттамаларын және оларда пайдаланатын мәліметтерді анықтау;
  • Басқару есептерін, олардың сипаттамаларын және қолданылатын мәліметтерді анықтау;
  • Басқару іс-әрекетінің айқын мен айқын емес ережелердің және тәртіп бағыттарының тізімін жасау;
  • Болашақ өзгерістердің және олардың әсер жолдарының тізімі жасау.

  Талаптарды тұжырымдау мен талдау этапы негізгі болып табылады. Бұл этап ойдағыдай өткізілуіне мәліметтер базасының тиімділігі мен өнімділігіне байланысты.

 

 

 

2.3. Мәліметтер базасының  инфологиялық құрылымы

 

  Инфологиялық этаптын мақсаты – ақпаратты пайдаланушыға қолжетерлік және жүйенің спецификацияларына тәуелді емес түрде анықтау.

         Инфологиялық жобалаудың негізгі  этаптары:

    1. Есептерді дәлдеу мен талдау этапы. Талдау әр есеп бойынша бланкті толтыру түрінде өтеді, бланктің ішінде есептің атауы, қысқаша сипаттамасы, байланысқан есептер, мәліметтердің элементі, оның пайдалануы (кіріс, шығатын, өзгеретін, есептелетін), сипаттама және объекті көрсетіледі. Номер 1 жұмыс бланкісі қосымшаның бастапқы құрылымын жасауға негізі болып табылады;
    2. Диаграмма түрінде көрсетілетін есептердің жүйелілігін анықтау;
    3. Мәліметтерді талдау. Ол мәліметтер элементтерін мұқият талдауын және оларды объектке біріктіргенін жорамалайды, объекттер аяғында мәліметтер базасының кестелерін жасау үшін негізі болып тұрады. Мәліметтердің талдауы объекттердің жұмыс бланкілерін толтыруда тұрады.

  Объекттің жұмыс бланкілерін толтырғасын, мән және байланыс терминдер арқылы модельдердің диаграммасын құру қажет, сол модель заттық саланың инфологиялық моделі, яғни инфологиялық жобалау этабының нәтижесі болып табылады.

  Инфологиялық модельді концептуалдық модельге суреттеу бірыңғайлау процесс арқылы жүзеге асырылады, оның нәтижесінде мәліметтердің атрибуттары кестелерге топталады, ал кестелер – мәліметтер базасына. Бірыңғайлаудың мақсаттары: кестелерден қайталынатын ақпаратты жою, болашақ өзгерістерді енгізу мүмкіндігі алдын ала қарастырылған құрылымды жасау, қосымшаға құрылымды жасау. Бірыңғайлау процесі этаптар бойынша пайда болады:

    1. Бірінші бірқалыпты форма кесте жалпақ және ішінде қайталынатын топтар жоқ болғанын қажет етеді. Кестедегі жазбаларды бір мағыналы анықтайтын бірегей кілті жасау керек. Қайталынатын топтарды жойғасын, жаңа өрістерді жасағасын, байланыс өрістер мен бірегей кілті анықтағасын бастапқы кесте бірінші бірқалыпты формаға келтірілген болып саналады.
    2. Екінші бірқалыпты форма кестенің барлық бастапқы емес өрістері бастапқы кілттен толығымен немесе, егер кілт құрамалы болса, бастапқы кілттен әр элементіне тәуелсізді болғанын қажет етеді. Егер де өрістердің бір бастапқы кілттен тәуелсізді болмаса, қосымша кілттерді қосу керек.
    3. Үшінші бірқалыпты формаға қажетті деп кестенің барлық бастапқы емес өрістер бастапқы кілттен тәуелсізді, бірақ бір- біріне тәуелсізді еместігін санайды. Ол үшін кестелер бірінші мен екінші бірқалыпты формаларға келтірілген болу керек.
    4. Төртінші бірқалыпты форма кестенің ішінде тәуелсізді элементтер, егер олардың арасында көп көптерге деген қатынастар болса, болмағанын қажет етеді.
    5. Бесінші бірқалыпты форма берілген кестелердің негізінде бастапқы ақпаратты қалпына келтіруге болатындығын талап етеді. Көп деген өңдеушілер кестелерді төртінші мен бесінші бірқалыпты формаларына келтірмейді, оларды өте қиын  деп санап.

  Бірыңғайлау процесін өткізген соң, мәліметтер базасын басқару жүйелері арқылы іске асыруға дайын мәліметтер базасы тиімді схемасын алады.

  Мәліметтердің физикалық ұйымдастыруы жасалынып жатқан мәліметтер базасы эксплуатациялық сипаттамаларына негізгі әсер етеді. Физикалық жобалау анық адымдарға бөліну мүмкін, бірақ оқиғалар арасындағы қатты байланыстардың себебімен адымдардың ретке келтірілуі нақты жағдайларды есептеумен анықталады. Физикалық жобалаудың әрбір адымы бірнеше рет орындалу керек, сонымен қатар әр жүйелі талдау қалай болса да тезірек жасалыну қажет, өйткені жазып қойылған параметрлердің саны әр итерациямен көбейді. Бірінші үш адым физикалық жобалау бойынша негізгі шешімдерді қабылдаумен байланысты, қалған екі адымның ішіне шек қоюды есепке алу мен қолданбалы бағдарламаларды жобалау кіреді.

          1 қадам – сақталатын жазбаның  форматын жобалау. Бұл процес  мәліметтердің элементтерінің типтерінің сипаттамаларын есепке алып, сақталатын жазбаны форматтаудан, олардың мәндері мен әртүрлі қосымшаларда пайдалану спецификаларын таратудан тұрады. Бұл адымда мәліметтердің артықшылығы мен оларды мәліметтердің айқын сақталатын мәндердін талдауында негізделген қысу тұралы шешім қабылданады.

          2 қадам  – сақталатын жазбаларды кластерлеу. Бұл адымның ең негізгі мақсаты  сақталатын жазбаларды тарату болып табылады. Жазбаны кластерлеу мен секциялаудан физикалық блоктың өлшемін таңдау байланысты.

          3 қадам – рұқсат ету әдісі бойынша жобалау. Рұқсат ету әдісі физикалық құралдарда сақталатын мәліметтерді есте қалдыру мүмкіндігін жабдықтайды.

          4 қадам – мәліметтердің бүтіндігі  мен қауіпсіздігін қамтамассыз  етеді. Бұл этапта бүтіндікке, қауіпсіздікке және мәліметтер базасының жұмыс жасау тиімділігіне қойлатын талаптар талданады.

          5 қадамның ішіне бағдарламаларды жобалау кіреді. Мәліметтердің физикалық тәуелсіздігі, егер ол жеткізілген болса, қолданбалы бағдарламаларды өзгерту қажеттілігін жояды. Мәліметтер базасына жетуді ұйымдастыру үшін мәліметтер базасын басқару жүйелерінің стандартты құралдарын пайдалану қажет, ал сұраныстардың немесе жаңарту транзакциялардың оптимизациялауын жүйелі бағдарламалық жабдықтау деңгейінде жасау керек, сондықтан бағдарламаларды жобалауын мәліметтер базасын концептуалды жобалау этабында аяқтау керек.

 

 

2.4. Мәліметтер базасын жобалау

 

  Талаптарды қалыптастыру және талдау этапында мекеменің мақсаттары қойылған, осы мақсаттардан шығатын немесе мекеменің басқару қызметшілері арқылы қалыптастырылған, мәліметтер базасына спецификалық талаптар анықталған.

Информация о работе Акпараттарды ондеу объектилеринде малиметтер базасын баскару жуйесин уйымдастыру