Айналымнан тыс активтер есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 10:23, курсовая работа

Краткое описание

Осы курстық жұмыстың тақырыбы “Айналымнан тыс активтер” болып табылады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 18.09.2002 ж. №438 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шотының І-бөлімі «Айналымнан тыс активтер» деп аталады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста «Айналымнан тыс активтер» бөліміне жататын келесідей мәселелер қарастырылды: бірінші бөлімінде «Материалдық емес активтер» және «Материалдық емес активтердің амортизациясы», екінші бөлімінде «Негізгі құралдар», «Негізгі құралдардың тозуы» және «Инвестициялар».
«Материалдық емес активтер» бабы бойынша шаруашылық қызметте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын және кіріс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорынның жұмсаған шығындары көрсетіледі. Материалдық емес активтердің тозуы өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына олардың бастапқы құны мен ұтымды пайдалану мерзіміне қарай кәсіпорыын есептеген нормалар бойынша, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып жатқызылады.

Оглавление

Кіріспе ............................................................................................................... 3
І. Айналымнан тыс активтер
1.1. Материалдық емес активтер есебі ........................................................... 5
1.2. Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі .................... 17
ІІ. Негізгі құралдар
2.1. Негізгі құралдар есебі ............................................................................... 18
2.2. Негізгі құралдардың тозуының есебі ...................................................... 25
2.3. Инвестициялар есебі ................................................................................. 28
Қорытынды ........................................................................................................ 38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 40

Файлы: 1 файл

Айналымнан тыс активтер есебі.doc

— 246.50 Кб (Скачать)

          Шот кредиті 871 «Басқадай ұйымдардағы қатысу үлесінен табыс (залал)»

          30 000 теңге × 35% = 10 500 теңге

          б) дивидендтер үлесіне:

Шот дебеті 332 «Есептелген  сыйақы»

          Шот кредиті 142 «Тәуелді серіктестіктегі  инвестициялар»

          15 000 теңге × 35%=5 250 теңге

          Егер тәуелді шаруашылықты серіктестік қызметінің нәтижесі залал келтірсе, онда инвестор бұл серіктестіктегі өзінің қатысу үлесін мойындайды, осының салдарынан инвсетицияның баланстық құны кемиді.

       Мысалы. Тәуелді шаруашылықты серіктестік 50 000 теңге залалға ұшырады. Тлемге кеткен дивиденд (артықшылықты акция бойынша) 25 000 теңге:

  • залалдағы қатысу үлесіне:

871 «Басқа ұйымдардағы  қатысу үлесінен табыс (залал)»  шот дебеті

       142 «Тәуелді  серіктестіктегі инвестициялар» шот кредиті

       50 000 теңге × 35%=17 500 теңге.

  • дивидендтер үлесіне:

332 «Есептелген сыйақы»  шот дебеті

       142 «Тәуелді  серіктестіктегі инвестициялар»  шот кредиті

       25 000 теңге × 35%= 8 750 теңге

       Егер  тәуелді шаруашылықты серіктестік  активтерді қайта бағалауды жүргізсе, онда инвестор бұл өзгерістерді өзінің үлесін көрестуі керек.

       Мысалы. тәуелді шаруашылықты серіктестік  негізгі құрал-жабдықты 10 000 теңге сомасына бағалады. Таза табыс 20 000 теңге, дивидендтер – 8 000 теңгені құрады:

  • активтерді бағалау үлесіне:

142 «Туелді серіктестіктегі  инвестициялар есебі» шот дебеті

       542 «Инвестицияны  қайта бағалаудан қосымша төленбеген  капитал» шот кредиті

       10 000 теңге × 35%= 3 500 теңге;

  • табыс үлесіне:

142 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар есебі» шот дебеті

       871 «Басқа  ұйымдардағы қатысу үлесінен  табсы (залал)» шот кредиті

       20 000 × 35%= 7 000 теңге;

  • дивидендтер үлесіне:

332 «Есептелген сыйақы»  шот дебеті

       142 «Тәуелді  серіктестіктегі инвестициялар  есебі» шот кредиті

        8 000 теңге × 35%= 2 800 теңге.

        Бұрынғы сома жойылған кезде  қайта бағаланған инвестиция сомасы бөлінбеген табыс деп танылады:

542 «Инвестицияны қайта  бағалаудан қосымша төленбеген  капитал» шот дебеті

        561 «Есептік жылдың бөлінбеген табысы (орны толмаған залал)» шот кредиті –    3 500 теңге.

        Инвестицияның қайтуы мынадан  көрінеді:

441 «Ағымдық шоттағы  ақша» шот дебеті

        142 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар»  шот кредиті     56 700 теңге.

        Құндық әдісті қолдану барысында  – сатып алу сәтіндегі инвестициядан  түсетін табыс сатып алу құны  бойынша білінеді. Инвсетициядан түсетін табыс тиесілі дивидендтер көлемінде  танылады, бірақ инвестицияны сатып алу сәтіне дейінгі кезең үшін алынған дивидендтер қайтарылған капитал ретінде қарастырылады және инвестицияның баланстық құнының кемуінен көрінеді.

        Бұл әдіс қаржылық есеп жасау барысында,  мынадай жағдайда инвесторға қолданылады:

  • тәуелді шаруашылықты серіктестік ұзақ мерзімді шектеу жағдайында

әрекет еткенде (оның дивидендтік саясатына араласа  алатын үкіметтің қадағалауында  болады; олардың қызметі шетелге  таза табысты аударуға тыйым салынатын елде, шетелде іс жүзіне асырылады; тәуелді шаруашылықты серіктестіктің қызметін  шектеуге әкелуі мүмкін саяси ахуалдың өзгеруі);

  • инвестициялар жақын күндері іске асырылу үшін сатып алынатын болса.

Мысалы, 1 мамырда тәуелді шаруашылық серіктестігінің 35% акциясы 500 000 теңгеге сатып алынды:

  • Сатып алу сәті

142 «Тәуелді серіктестіктегі  инвестициялар» шот дебеті

        441 «Ағымдық шоттағы ақша» шот  кредиті                          500 000 теңге.

        Жылдың соңында жарияланған дивидендтер 40 000 теңге;

  • 8 айға арналған тиесілі диивдендтер сомасына:

332 «Есептелген сыйақы»  шот дебеті

       724 «Акция  бойынша дивидендтер және процент  түріндегі табыстар» шот кредиті

       40 000 теңге × 35%= 14 000 теңге;

  • 1.01.1-ден 1.05.01-ге дейінгі  кезең үшін дивидендтер (инвестицияны

сатып алу сәтіне дейін) инвестицияның баланстық құнының  кемуінен көрінеді

Шот дебеті 332 «Есептелген  сыйақы»

        Шот кредиті 142 «Тәуелді серіктестіктегі  инвестициялар»

        40 000 теңге – 14 000 теңге = 26 000 теңге.

Қаржылық  инвестиция есебі

        Қаржылық инвестиция – бұл  субъект табсы лау, инвестициялық  капитал өсімін немесе басқадай  пайда алу мақсатында иемденетін  акивтер. Қаржылық инвестиция  есебі 8 «Қаржылық инвестиция  есебі» бухгалтерлік есеп стнадартымен реттемеленеді (регламентируются). Қаржылық инвестицияға сондай-ақ пайдалануға (эксплуатацияға) жатпайтын жылыжмайтын мүліктің де қатысы бар.

      Сатып  алған сәтке дейінгі кезең үшін есептелетін проценті де қосылатын құн бойынша қаржылық инвестицияны сатып алу есепте сатып алушының сатушыға процентпен төленген көлемге кемітілген сату құны бойынша көрінеді. Құнды қағаздардағы инвестицияны жабу құны арасныдағы айырмашылықты (жеңілдік немесе сатып алу барысныда пайда болған сыйлықақы) инвестор  оны иеленген кезең ішінде өтейді (амортизациялайды).

         Қаржылық инвестиция мыналарға  жіктеледі:

  • Қысқа мерзімді – баланста не белгілі бір күні ғана әрекет ететін

ағымдағы нарық бағасымен, не ағымдағы сатудың төмен бағасымен  ескеріледі. Егер  қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдық сатудың төмен бағасы бойынша ескерілсе, баланстық құн не тұтастай құнды қағаз портфелі негізінде не инвестиция  түрінде немесе жекелеген инвестиция негізінде негізінде анықталады.

        Ұзақ мерзімді қаржылық  инвестицияны қайта бағалау барысында бағалау  сомасы өзіндік капиталдың өсуіне қатысты болады. Арзандатулар сомасы (сумма уценки) бір ғана сол инвестицияның бағалау сомасы есебінен жүзеге асырылады, ал бағалау сомасы болмаған (жеткіліксіз) кезде оның  кеміген сомасы залалға жатады.

        Қаржылық инвестицияны босатып  алу барысында сатудан түскен  табыс пен баланстық  құн  арасындағы айырмашылық, шығындарды (брокердің немесе дилердің қызметі)  шегеруде  табыс немесе шығын  ретінде танылады. Егер инвестиция  бұрын қайта бағаланған болса, немесе  ағымдағы құн бойынша бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы қабылданған есеп саясатына сәйкес бөлінбеген табысқа жатады.

        Қаржылық инвестицияны қысқа  мерзімді бағалау категориясына  аудару барысында болатын нәрселер:

  • егер қысқа мерзімді инвестициялар ағымдағы сату құнының төмен

бағасы бойынша есекрілетін  болса, онда ол сату және  баланыстық құнның төмен бағасы бойынша алынады;

  • егер қысқа мерзімді қаржылық инвестцииялар  ағымдағы құн

бойынша ескерілетін  болса, онда ол баланыстық құн бойынша болады.

Бухгалтерлік есепте қаржылық инвестиция былай көрінеді:

р/с

Шаруашылық операцияның мазмұны

Дебет

Кредит

Сома

1.

Сату құны бойынша сатып алынған  акциялар

401 «Акциялар»

431 «Валюталық шоттағы ақша», 441 «Ағымдағы шоттағы ақша», 451 «Ұлттық валюталық кассадағы

қолма-қол ақша»

100 000

2.

Акция бойынша дивидендтердің есептік  шотына түсті

441 «Ағымдық шоттағы ақша»

724 «Акция бойынша дивидендтер»

20 000

3.

Акцияны сату:

– акцияны баланстық құны есептен  шығарылды

 

– акцияны өткізуден түскен табысты есептеу

 

 

843 «Қаржылық инвестицияны, инвестицияны  босатып алу шығындары»

431 «Валюталық шоттағы ақша»

441 «Ағымдағы шоттағы ақша»

451 «Ұлттық валюталық кассадағы 

қолма-қол ақша»

401 «Акциялар»

 

 

 

 

723 «Қаржылық инвестицицяны, инвестицияны босатып алудан түскен табыс»

 

 

 

 

100 000

 

 

150 000

 

4.

Облигацияны және басқа құнды қағаздарды сату құны бойынша сатып алу

402 «Облигациялар»,

403 «Басқадай қаржылық инвестиция»

441 «Ағымдық шоттағы ақша», 451 «Ұлттық валюталық кассадағы қолма-қол ақша»

200 000

5.

Облигация мен басқа құнды қағаздар сатып алудан тиесілі әрбір табысты  есептеуде мыналар орындалады:

  • егер сату құны номиналды құннан төмен болса, онда бұл құнды қағаздардың сату және номиналды құндары арасындағы айырмашылықты есептеп шығарумен
  • егер сату құны номиналдыдан төмен болса, сату мен номиналды құндар арасындағы айырмашылықты есептеумен

845 «Негізсіз қызметтен болатын басқадай шығындар»

 

 

 

 

402 «Облигациялар»

402 «Облигациялар»

 

 

 

 

 

 

727 «Негізсіз қызметтен түсетін  басқадай табыстар»

 

 

 

 

 

20 000

6.

Қайта бағалау нәтижесінде ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның бастапқы құнын өсіру

401-403 «Қаржылық инвестициялар»

542 «Инвестицияны қайта бағалаудан  қосымша төленбеген капитал»

 

7.

Қайта бағалау нәтижесінде ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция құнын кеміту:

а) Шот үшін және сома шегінде сол  инвестицияны бағалау

ә) Соманың болмауы (жеткіліксіз) негізінде  бір ғана сол инвестицияны бағалау

542 «Инвестицияны қайта бағалаудан  қосымша төленбеген капитал»

845 «Негізсіз қызметтен болатын басқадай шығындар»

401-403 «Қаржылық инвестициялар»

 

 

401-403 «Қаржылық инвестициялар»

 

 

 

 

 

 

 Қорытынды

        Қорытындылай келгенде, материалдық емес активтер – бұл интеллектуалды меншік  объектілерінің шартты құны жер, су, табиғат ресурстарын пайдалану  құқықтары. Олардың ерекшелігі  бұл активтердің өз маңызына сәйкес табиғи заттай  үлгісі болмауы мен ұзақ мерзім бойы пайдалануынан туындайды. Материалдық емес активтерге өндірістік үлгі түрлеріне құқықтай тауар белгілері авторлық  құқықтар табиғи ресуртарды пайдалану құқықтары тауарлы  шикізат пен қорлар биржаларындағы  орындар гудвилл кәсіпорынды  құрумен байланысты ұйымдастыру шығындары жатады. Материалдық емес активтердің соңғы түрлерінің  ерекшелігі – кәсіпорынның   құрылтай құжаттарында  шығыстар белгіленген сомада қатысушының салымы ретінде жазып қойылуы тиіс болғандықтан, ай сайын материалдық емес активтерге бастапқы құны мен тиімді пайдалану мерзіміне негізделіп есептелген нормалар бойынша амортизация есептеледі. Егер ол белгілі болмаса онда ол онжылдық  мерзімге негізделуі мүмкін. Жарғылық қорға құрылтайшының салымы болатын материалдық емес активтердің құны мен тиімді  пайдалану мерзімі құрылтай  құжаттарында жазылуы тиіс.

        Материалдық емес активтердің  амортизациясы амортизациялық қаржылар ретінде  кәсіпорынның өнімі, жұмыстар мен қызметкерлердің өзіндік құны енгізіледі.

        Материалдық емес бапты жасауға кеткен шығындар анықтама мен өлшемдерге сәйкес келетін сәтке  дейін активтің бастапқы құнына кірмейді және кезең шығындары болып танылмайды.

        Материалдық емес активтерді кәсіпорынның құрылтайшылары /меншік иелері/ жарғылық капиталға салым есебінде енгізуі, сондай – ақ кәсіпорын өз қызметінің барысында сатып алуы мүмкін. Бап бойынша бастапқы бағалау кезіндегі материалдық емес активтердің құны, есептелген тозудың сомасы жекелей келтіріледі және қалдық құны  көрсетіледі. Материалдық емес активтер баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі.

         Материалдық емес активтердің  амортизациясын есептеу  6 – «Негізгі  құрал- жабдықтар есебі» БЕС-нда (Бухгалтерлік  есеп стандарттары) белгіленген тәсілдер жолымен анықталады, бірақ қолданылатын тәсіл активті қолданудан  түскен экономикалық пайданы тұтыну үлгісін көрсетеді. Егер экономикалық пайданы тұтыну үлгісін анықату мүмкін болмас, онда тіксызықты есептен шығару тәсілі қолданылады.

        Негізгі құралдарға үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, шаруашылық құрал-саймандар және т.б. қызмет мерзімі бір жылдан асқан материалдық құралдар жатады. негізгі құралдардың аналиткалық есебі арнайы тізімде тіркеуге жататын карточкаларда әрбір инвентарь объектісі бойынша жеткізіледі. Объектілердің саны аз болған жағдайда  есеп инвентарь кітабында жүргізіледі.

Информация о работе Айналымнан тыс активтер есебі