Материалдық емес активтер есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2012 в 08:08, реферат

Краткое описание

Жұмыс 21 беттен тұрады. Реферат жұмысында 2 кесте, 6 мысал бар. Жұмысты дайындауда 7 әдебиет көздері қолданылды. Оның мазмұнын төмендегідей маңызды терминдер сипаттайды: материалдық емес активтер есебі, материалдық емес активтердің маңызы, салық міндеттемесінің есебі, міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі, салық базасы, салық мөлшерлемесі, салық кезеңі, салық салу объектісі, салық түрлері, алымдар, төлемдер, кеден төлемдері және т.б.

Оглавление

КІРІСПЕ
I ТАРАУ. Материалдық емес активтер есебінің маңызы.
1.1. Материалдық емес активтерді анықтау және оларды тану критерийлері.
1.2. Материалдық емес активтер есебін анықтау.
1.3. Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

реферат фин учет.docx

— 35.68 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ 
 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы; «МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІ» 
 
 
 
 
 
 

Орындаған: Ескендирова А.

Тексерген: Абдулина Г. С. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Астана  қ. 2012ж.

ЖОСПАР 

      КІРІСПЕ

I ТАРАУ. Материалдық емес активтер есебінің маңызы. 

1.1. Материалдық  емес активтерді анықтау және  оларды тану критерийлері.

1.2. Материалдық  емес активтер есебін анықтау.

1.3. Материалдық  емес активтердің амортизациясын есептеу. 

Қорытынды 

Қолданылған әдебиеттер

 

КІРІСПЕ

      Жұмыс 21 беттен тұрады. Реферат жұмысында 2 кесте, 6 мысал бар. Жұмысты дайындауда 7 әдебиет көздері қолданылды. Оның мазмұнын төмендегідей маңызды терминдер сипаттайды: материалдық емес активтер есебі, материалдық емес активтердің маңызы, салық міндеттемесінің есебі, міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі, салық базасы, салық мөлшерлемесі, салық кезеңі, салық салу объектісі, салық түрлері, алымдар, төлемдер, кеден төлемдері және т.б.

      Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар--- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде  белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

      Салықтардың  экономикалық мәні олардың өзінің функциялары  мен міндеттерін  жүзеге асыру  үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

      Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты  бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім  қабылдаудың негізі. ҚР аймағында  әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге  қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

      Мемлекеттік бюджет-жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.

      Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға  пайдаланылады. Жеке және заңды тұлғалардан  алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып  табылады 
I ТАРАУ. Материалдық емес активтер есебінің маңызы.

      1.1. Материалдық емес  активтерді анықтау  және оларды тану критерийлері.

        «Материалдық емес активтер»  ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралык  стандарттарына) және 28 «Материалдық  емес активтер есебі» БЕС (бухгалтерлік  есеп стандарттары) сәйкес Материалдық  емес активтер әкімшілік мақсатта  және басқа субъектілерге жалға беруде, өндірісте және тауарларды (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізуде ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:

      а) анықтауға болады;

      ә) субъект бақылайды;

      б) қолданудан субъект болашақта эқономикалық пай да алуды күтеді. 
Материалдық емес бап Материалдық емес актив болып саналады, егер: 
а) Материалдық актив анықтамаларына сәйкес келсе;

      ә) белгі - өлшемдерге сай келеді және мынадай жағдайда есепте тіркеледі:

  • субъектінің осы активке тікелей байланысты болашақта күтілетін экономикалық пайда алу ықтималдығы жоғары болса;
  • актив құнын күмәнсіз сеніммен анықтауға болса;
  • материалдық емес активтерді тану сәтінде олардың бастапқы құн бойынша бағаланғанында.

      Материалдық емес активтердің бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, бұған  оларды алуға кеткен және қолдануға  әзірлейтін жағдайға (сатып алу бағасы, орны толып өтелмейтін салықтар мен  алымдыр және т.б. шығындар) келтіруге  жұмсалған шығындар кіреді. 
 
 

      Материалдық емес активтерді жіктеу. 

      Ұйымның материалдық емес актив объектілерін қабылдау - тапсыруды құжатпен ресімдеу үшін материалдық емес актив түрінің  толық атауы, оның ұйымға берілген ай-күні, жылы (ұйымда жасалған ай-күні, жылы), объектінің сипаттамасы, оның құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мағлұматтар көрсетілуі тиіс.

      Материалды  емес актив объектілерін қабылдауды рәсімдегенде акт материалды емес актив объектісінің әрбір объектісіне бір данадан жасалады. Материалды емес активтердің бірнеше біртектес объектілерін қабылдауды рәсімдейтін жалпы акт жасауға болады. Акт рәсімделгеннен кейін материалдық емес актив объектісін немесе оны қолдануды жүйелеп баяндайтын құжаттама немесе осы объектіге қатысты ұйымның сондай және тағы басқа мүліктік құндылықтарьн растайтын құжаттар тіркеліп, ұйымның бухгалтериясына беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және ұйым басшысы немесе соған уәкілетті тұлға бекітеді. Басқа ұйымға материалдық емес ақтивтерді бергенде (сатқанда) акт екі дана болып жасалады, тапсыратын ұйым және материалдық емес активтер есебі карточкасында тиісті жазба жасалады.

      Ұйым  пайдалануына түскен матерналдық емес активтердің барлық түрлерінің есебі  үшін қолданылады. Материалдық емес актив объектілеріне жатқызу  тәртібі мен олардың құралы заңдармен  және нормативті актілермен ретгеледі.

      Бухгалтерияда әрбір объектіге карточка жүргізіледі. Форма кіріске алынуға арналған құжат, материалдық емес активтерді қабьшдау-тапсыру және басқа құжаттама негізінде бір дана болып толтырылады. 8 графада бастапқы құжат пен пайдалы қызмет ету мерзіміне негізделіп есептелген мөлшер (норма) бойынша ай сайын есептелетін амортизация сомасы көрсетіледі. «Материалдық емес актив объектілерінің қысқаша сипаттамасы» бөлігінде тек қана актив объектінің негізгі көрсеткіштері жазылады, ұйымда бар осы объектіге арналған техникалық құжаттама мәліметтерін көшіруге болмайды 

      Материадцық емес активтерді мынандай түрлерге бөліп, жіктеуге болады:

  • лицензиялық келісімдер - кәсіпорынға үкіметтік органдар немесе муниципали тет беретін және қоғамдық меншікті монополиялық пайдалануға (электр желілері үшін қоғамдық жерді пайдалануға және т.б.) беретін құқықтар;
  • багдарламамен   қамтамасыз   ету,   ол   әлде   сатып   алынады,   не   болмаса субъектінің өзі жасайды және сыртқы немесе ішкі мақсаттарға арналады;
  • патенттер - заңды түрде танылған және тіркелген айрықша құқықтар. Патент белгілі бір өнімді шығаруға, не болмаса арнайы ерекше процесс пен технологияны пайдалануға эксклюзивтік кұқық береді;
  • ұйымдастыру   шығындары   (қалдырылган   шығындар)   -   субъект   шеккен шығындар, олардан тек болашақта ғана нәтиже алынады немесе шығындар болашақ кезеңдерге (ұйымның мекен-тұрақты ауыстыруына байланысты шыгындар, ұзақ мерзімді алдын ала төлеу - бірнеше жыл бұрын аванс болып төленетін) сақтандыру;

 

  • гудвилл - субъектінің жағымды сипаттамасына  байланысты сатып алушының сауда  сәтінде пайда болған кұндылығы. Ол сатып алушының бухгалтерлік балансында сатылым   (субъектінің   тұтастай   алғандағы   құны)   мен   таза   активтердің   жеке-жеке нарықтық құн сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Есеп мақсаттары үшін 
    гудвилл фирманың алган нақты бағасы мен таза активтердің сәйкес теңестірілген әділ нарықтық бағасы арасындағы айырма ретінде қарастырылады. Таза капитал: «капитал минус міндеттемелер» болып анықталады;
  • басқадай (авторлық құқықтар - шығарма, әзірлеме және т.б. авторларға заңмен берілетін қорғау формалары, сауда маркалары немесе тауарлық белгілер - ұйымға, өнімге (көрсетілген қызметке) берілген, атаулар, рәміздер немесе сәйкестендіруді білдіретін баскалары); франчайзингтер - мемлекеттік меншікті пайдалану құқығына ие болу немесе 
    коммуналдық қызмет көрсету және т,б. үшін үкіметтік органдар береді.

      Материалдық емес активтердің түсуі мен құрылуын есептеу

      Материалдық емес активтер мыналардың нәтижесінде  алынады:

      • сатып алулар

      Мысалы. Бағдарламалық камтамасыз ету алынды:

      а) нақты өзіндік құнға:

      102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті

      671 «Төленетін шоттар» шот кредиті 60 000;

      ә) ҚҚС сомасына: 331 «Өтелетін ҚҚС» шот  дебеті;

      671 «Төленетін шоттар» шот кредиті  (15%) 9 000;

      б) объектіні дайын жағдайға дейін жеткізу бойынша шыққан шығындар сомасына: 102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті;

      681 «Қызметкерлердің қызметін өтеу  бойынша есеп айырысулар», 635 «Әлеуметтік  салық», 687 «Басқадай кредиторлық  берешек» 8 000;

      • жарғы капиталына салымдар - материалдық емес активтер тараптардың шартпен белгіленген бағасы бойьшша есепте көрсетіледі:

 

      1. Жарияланған капитал сомасына: 5-11 «Төленбеғен капитал» шот дебеті 501 «Жай акциялар» шот кредиті, 502 «Артықшылықты акциялар», 503 «Жарғы капиталына салымдар мен пайлар» 1 000 000.

      2. Жарғыда көрсетілген, салынған материалдық емес активтердің келісімшарттық құны: 101 -103 «Материадцық емес активтер» шот дебеті

      511 «Төленбеген капитал» шот кредиті 400 000;

      • кәсіпорындардың   бірігуі   нәтижесінде   ие   болу   -   материалдық   емес активтердің бастапқы құны өткізу құны бойынша мойындалады, еғер оны күмәнсіз сенімділікпен бағалау мүмкін болмаса, онда актив жеке материалдық емес актив  болып танылмайды, алайда гудвиллге (фирманың іскерлік беделінің бағасы) енеді; өйткені жақсы іскерлік бедел, қолайлы мекен-тұрақ бар, тауар нарықта жақсы белгіленген бағасы бар және т.б.

      Мысалы. 8 000 000 теңгеге ұйым сатып алынды, активтің өзіндік құны 6 000 000 теңге.

      1. Активтің нақты кұны сомасы:

      687 «Баскадай кредиторлык берешек»  шот дебеті

      441 «Ағымдык шоттағы акша» шот кредиті 6 000 000.

      2. Гудвилл сомасына:

      105 «Гудвилл» шот дебеті

      441 «Ағымдык шоттағы ақша» шот  кредиті 2000000.

      3. Қосылған кезде:

      Барлық  активтердің дебеті

      687 «Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті 6 000 000.

      Сатып алынған таза активтердің әділ құны фирманың сатылым бағасынан (сатып алатын субъект үшін бұл - пайдалы мәміле) артса, сатылым бағасы мен алынған активтердің әділетті құн арасындағы есептелетін теріс айырма болып табылады және теріс гудвилл (бэдвил) деп аталады. Кез келген теріс гудвилл фирма алған активтердің құндылықтарын азайту үшін пропорционалды бөлінуге тиіс. Мұндай жағдайда теріс гудвиллді болдырмау үшін материалдық активтердің құндылығын азайту қажет:

      • мемлекеттік жәрдем  ақша  (субсидиялар)  есебінен  шығындардьң  нақты сомасына (бағдарламамен қамтамасыз ету):

      102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті

      726 «Билікті атқарушы орғандарының  жәрдем ақшалары (субсидиялары)»  шот кредиті.

      Есепті  шот соңында кірістер жиынтық табысты арттыру үшін есептен шығарылады: 726 «Билікті атқарушы органдарының жәрдем ақшалары (субсидиялар)» шот   дебеті

      571 «Жиынтық табыс» шот қредиті;

      • айырбас - тұтсас емес активке айырбастау нәтижесінде алынған материалдық емес активтердің бастапқы құны алынған немесе төленген ақшалай қаражат сомасына түзетілген, айырбасқа алынған активтің өткізу құны бойынша мойындалып, танылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Материалдық емес активтер есебі