Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 23:09, курсовая работа
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттің орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.
Кiрiспе
1 тарау. Мемлекеттің бюджетінің теориялық негiзi
Мемлекеттiк бюджеттің экономикалық мәнi
Мемлекеттік қаржы және мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы мемлекеттік саясат
2 тарау. Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуын талдау
2.1 Мемлекеттік бюджет түсiмдерiн талдау
2.2. Әлемдiк тәжiрибеде мемлекеттiк бюджеттiң қалыптасуы
3 тарау Мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды жетілдіру жолдары
3.1 Бюджет табысындағы салық түсiмдерiнiң қалыптасуындағы мәселелер
3.2 Бюджет табысындағы салық түсiмдерiнiң қалыптасуындағы мәселелердi шешу және қалыптасуын жетiлдiру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi
Салықтық үйлесiмдiлiкке қол жеткiзудегi келесi мысал болып корпарацияның пайдасына салынатын салықты алуға болады. Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң келiсуiмен корпарациялық салық бойынша ставка 30 пайыздан 40 пайызға дейiн белгiленедi. Сондықтан, Германия, Франция, Греция сияқты мемлекеттерде әлi де корпарация пайдасынан салынатын салықтық ставкасын төмендету қажет болды. Себебi, бұл салық Францияда 42 пайыз, Германияда 50 пайызға дейiн жеттi. Ал, керiсiнше бұл салықтың ставкiсi бойынша төменгi Ұлыбритания, Люксембург, Испания, Нидерланд сияқты мемлекеттер одан әрi салық ставкасын төмендетуi мүмкiн емес. Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң салықтық үйлесiмдiлiк бойынша жүргiзген жұмыстар нәтижесiнде соңғы кезде көптеген салықтар бойынша ставкiлер төмендетiлдi.
Салықтық үйлесiмдiлiк еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң ортақ нарық пен мақсатқа қол жеткiзу үшiн қажеттiлiгi өте маңызды болып отыр.
Құрылыс салынбаған жер учаскiлерiн салығымен жерлер, ормандар жатады.
Тұрғын үй салығы түрғын үйлердiң иелерiмен қатар, олардың арендаторларынан да ұсталады.
Профессионалдық салық профессионалдық қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар төлейдi. Бұл салықты есептеу үшiн 2 элемент көрсеткiшi жергiлiктi органдардың белгiлеген салықтық ставкiсiне көбейтiледi.
Франция мемлекетiнде салық төлеушiлердi салық қызметi оргондарынан қорғау, салық салудағы табыстарын жасырғаны үшiн қатаң жауапкершiлiкпен теңдей байланыста жүргiзiледi. Мысалы, кездейсоқ табысын жасыру немесе декларацияны толтыру кезiнде қате жiберiлген жағдайда салық толығымен алынады және жылына 9 пайыздық айыппұл төленедi. Егер табыс әдейi кемiтiлген жағдайда салық екi еселiк түрде салынады. Салық заңдылықтарын айтарлықтай бұзған жағдайда, заң бойынша қылмыстық жауапкершiлiк қарастырылып, ол бас бостандығынан айыруға дейiн барады.
Қосылған құн салығы, акциздермен кедендiк баж салықтарын жинаудың барлық мәселелерiмен кеден басқармасы мойына алған. Кеден басқармасы құрамында қосылған құн салығы мен акциз салығын қарастыратын иелiктi басқарма бар. Бұл басқарма құрамында, барлау жұмысы бөлiмi әрекет етедi.Компьютор орталығы бөлiмiнде салық төлемейтiн тұлғалар жайлы мәлiметтер жиналады. Бұл басқарма өте кѕрделi жағдайларда ғана тексередi. қосылған құн салығын төлеуде жасаған криминальды қылмыстық әрекеттерi үшiн салық заңдылығында бас бостандығынан 7 жылға дейiн айыру көзделген.
Бюджеттiк жүйе бұл мемлекет территориясында жұмыс iстейтiн бюджет тұтастығы. Ұлыбританияда бюджет екi толықтыруы болады: мемлекеттiк бюджет және жергiлiктi бюджет. Бұл жалғыз бiркелкi бюджет жоқ. Жергiлiктi билiк оргондарының бюджетi формальды түрде жекеленген. Бюджеттiк жүйенiң басты түрi әсiресе Ұлыбританияда бұл мемлекеттiк бюджет. Осы арқылы мемлекеттiң шамамен жалпы ұлттық кiрiсi үлестiрiледi.
Мемлекеттiк бюджеттiң құрылымы Ұлыбритания мемлекеттiк бюджетiн қаржы жоспары ретiнде де қарастырсада болады, оның iшiнде келе жатқан кезеңге экономикалық болжау және салық салымында болуы ықтимал өзгертулер бар. Ол екi бөлiмнен тұрады. Қарыздардың мерзiмiн ұзарту және ұлттық қор. Мемлекет бюджетiнiң қаржысының негiзгi бөлiмi осы шоғырлау қоры арқылы өтедi, оның iшiнде ағымдағы кiрiстер мен оларды шығындалуы көрсетiлген.
Қарыздардың ұлттық қоры - бұл ақша қаражатын жұмсайтын бюджет, шоғырлау қорының шығысқа қарағандағы кiрiс көлемiнiң ұлғайуы ұлттық қордың - табыс бөлiмiне қосылады. Егерде шоғырлау қорында дефицит болатын болса, ол қарыздардың ұлттық қордағы ссудаларымен өтеледi. Бұл сомма үкiмет мемлекеттiк қарызды ұлғайтады.
Бюджеттiң табыс бөлiмiнде салықтары қазiргi уақытта Ұлыбританиядағы мемлекеттiк бюджеттiң табысының 90 пайызын салықтар құрайды. Оның үстiне Ұлыбритания салықтарын қарастыру кезiнде өте мұқият болу керек, ол елдiң салықтары тұрақсыздығымен және кейбiр салық түсiмiнiң сәйкес келмейтiн баптарымен ерекшеледi. Ұлыбританиядағы кiрiс салығының құрылымы, табыс көзiне сүйене отырып бөлiктерге бөлiнген:
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi экономикалық қатынастарға және тиiстi құқықтық нормаларға негiзделген әртүрлi денгейдегi бюджеттердi қамтиды. Қазақстан Респубикасының бюджет жиынтығында мемлекеттiк бюджеттi құрайтын респубикалық бюджетпен жергiлiктi бюджеттер дербес жұмыс iстейдi. Бюджет жүйесiнiң жұмыс iстеуi бюжеттердiң әртүрлi денгейiнiң өзара байланысына негiзделген және оларды әзiрлеу, қарау, бекiту, атқару, бақылау тәртiбiмен сондай-ақ респубикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етiледi.
Бюджеттiк процес мемлекеттiк кiрiстерi мен шығыстарын баланстайды, теңдестiредi. Бiрақ қазiргi кезде барлық елдерде дерлiк мемлекеттiң шығыстары, оның кiрiстерi мен табыстарына қарағанда тез өсуде. Оның себебептерi көп, олардың iшiндегi ең бастылары өмiрдiң сан түрлi салаларындағы мемлекет рөлiнiң ѕздiксiз артуы, оның экономикалық және әлеуметтiк қызметiнiң кеңеюi, мемлекет аппараттары көлемiнiң өсуi және тағы басқа себептер. Бюджеттiк шығындардың көбеюi салық түсiмдерiмен сәйкес келмейдi, сондықтан бюджеттiң тапшылығы үдiксiз өсiп, оның көлемi ұлғаяды. Бюджет тапшылығы барлық мемлекеттерде абсоллюттi мөлшерi бойынша да жалпы ұлттық өнiмнiң қатынасынан да артық көрiнедi.
Мемлекеттiк бюджеттiң тұрақты тапшылығының негiзiнде көптеген сабептер жатыр. Оның қатарына жоғарыда көрсетiлген құрылымдық факторларды да жатқызуға болады. Ол мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк қызметiнiң ұлғаюы және осы мақсатқа шығынның көбеюiне байланысты. Артық өндiрудiң кезеңдiк дағдарыстары кезiнде бюджетке түсетiн салықтар азаяды. Бюджеттiк тапшылық мемлекеттiк қаржылардың терең сәйкессiздiгiнiң салдары. Сонымен қатар, олар ақша айналысының айтарлықтай берекесiз-дiгiмен де байланысты. Бюджеттiк тапшылықтарды реттеу қазiргi мемлекеттiң экономика саласындағы ең кѕрделi проблемасына айналды.
Республикалық
және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын
бақылау кезiнде бақыаудың
1) сәйкестiктi бақылау – бақылац обьектiсi қызметiнiң Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының талаптарына сәйкестiк дәрежесiн бағалау;
2) қаржылық есептiлiктi бақылау- бақылау обьектiсiнiң қаржылық есептiлiктiлiктi жасауы мен беруiнiң дұрыстығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау;
3) тиiмдiлiктi бақылау – бақылау обьектiсiнiң бюджеттiк бағдарламаны
оның паспортына сәйкес атқаруын бағалау.
Мемлекеттiк
бюджеттiк түсiмдерiң соңғы
Бұрын соңды салыққа қатысты заңдар бiр жүйеге түсiрiлмегенде оның үстiне аталған салық жүйесiнiң түгелдей iргетасын қалаудан, яғни бәрiн жаңадан бастадық. Салық заңдарын дайындау, оны қалыптастыру, кез - келген мемлекетте болатын күрделi процесс. ґйткенi, онда қоғамның барлық тобының мѕддесiн тепе – тең жағдайда қарастыру талап етiледi. Елiмiздегi салық заңдарының қалыптасуы қоғамдық түпкiлiктi реформалау уақыты мен түспа - түс келедi. Осының бәрi жинақталып келiп, салық заңдарының көп жағдайда талас тартыс шеңберiнде өрбуiне әкеледi.
Салық кодексi кәсiпкерлiктi дамытуға да өзiндiк үлес қосатын болды. Бұрын салықтан жалтарғандар өте көп болғандығы жасырын емес. lшкi табыстың 40 пайызына жуығы өткен кезеңде көлеңкелi экономикаға жұмыс iстегенi де белгiлi. Сол себептен қабылданғалы отырған кодекстiң бiр ерекшелiгi, салықтан жалтарғандарды айқындап отырады.Салық жинау тәсiлдерiн жетiлдiру жолдарында енгiзетiн тағы да бiр өте маңызды жаңалық, декларация экономикалық қызметтiң кодтары көзделген және салық төлеушiлер кәсiпорын қызметiнiң үш түрiнiң проценттiк арақатынасын көрсетуге тиiстi болады.
Мемлекеттiң экономикасын көтеруде оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық түрақты түрде төлейтiн жарналарының ықпалы ѕлкен. Қоғамның тарихында салықтық формаларымен әдiстерi мемлекеттiк сүранымды және қажеттiлiктердi қамтамасыз ету, сондай-ақ салық салудағы мәселелердi шешу жолдарына бейiмделiп отырып, әр түрлi өзгерiстерге үшырайды. Олардың қызмет ауқымы арқылы әлеуметтiк және экономикалық процестерге ролi де өзгерiп отырады.
Тауар –ақша қатынастары неғұрлым дамыған елдерде салықтар да жақсы дамиды да, оларға мүмкiндiгiнше әсер етедi.
Қай мемлекетте болмасын бюджетке түсетiн түсiмнiң негiзгi көзi болып салықтар табылады. Мемлекет салықтардың көлемi мен түрлерiн жинақтау мен төлемдi, олардың түсуiн бақылауды, оны төлеуден кейбiр жағдайда ауытқуды жазалауды заңды түрде бекiтедi.
Қазақстан Республикасының
дамуының негiзгi принциптерiнiң бiрi
Қазақстан Республикасының
Кәсiпкерлiк
қызметпен айналысатын жеке
Дамыған елдердiң салық саясатының ерекшелiгi кәсiпкерлiк қызметпен айналысушы тұлғалардың салық ставкаларын төмендету болып табылады. Егер салық ставкалары төмендетiлсе бюджетке төленетiн түсiмдердiң бiразы азаяды, бiрақ салық салынатын базаның ұлғаюына әкелiп соқтырып, кейiннен төленетiн салық мөлшерi де көбейедi.
Салық төлеушi және жинаушы салық төлеу процесiнде белгiлi бiр қарым - қатынасқа түседi. Бұл қарым-қатынас дұрыс, өзара тиiмдi әрi объективтi болса, соғұрлым салықтық жиналу денгейi де жоғары болады. Салық жинауына әсер ететiн объективтi және субъективтi жағдайлар бар. Олар: кәсiпкерлiк iс - әрекетпен айналысушы жеке тұлғалардың қаржы көздерiнiң төмендеуi, заңды бiлмеу немесе оның алдындағы жауапкершiлiктiң төмендеуi, салық салу нормаларын бұзу.
Мемлекеттiң экономикасын көтеруде оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық түрақты түрде төлейтiн жарналарының ықпалы ѕлкен. Іоғамның тарихында салықтық формаларымен әдiстерi мемлекеттiк сүранымды және қажеттiлiктердi қамтамасыз ету, сондай-ақ салық салудағы мәселелердi шешу жолдарына бейiмделiп отырып, әр түрлi өзгерiстерге үшырайды. Олардың қызмет ауқымы арқылы әлеуметтiк және экономикалық процестерге ролi де өзгерiп отырады.
Әрине, мемлекет барысында бюджеттiң кiрiс бөлiгiн көбейтуге тырысады. Кәсiпкер де солай, ешкiм өз еркiмен, өз табысының бiр бөлiгiн беруге құлшынбайды. Мiне, сондықтан да әр елдiң өз салық кодексi бар. Олар әр елдiң экономикасының қаржы-несие саясатының, түрмыс-тiршiлiгiнiң жағдайына байланысты әр - түрлi болып келедi.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Бюджет жүйесi туралы: Қазақстан Респубикасының Заңы.-Алматы: Юрист, 2006.- 8 б.
2. Финансы РК: Ежегодный статистический сборник 1990-2005/ Под ред. А.А. Смаилова.-Алматы, 2006.-122с.
3. Бюджет Оқулық/ Я.І. Әубәкiров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова Алматы: Қазақ университетi, 1999.-280 бюджет
4.Закон Республики Казахстана o бюджетной ситеме 1.04.99. и нормативные акты по финансам 2005.04
5.А.И. Худяков, Н.Е. Наурызбаев. Налоги: понятие, элементы, установление, виды. Алматы 1998г. ТОО Баспа.
6.Юткина ²Налоги и налогооблажения². Учебник.- Москва: Инфра, 1999.-224с.
7.Салық жинауда салғырттық болмасын. І. Ашутов. Қаржы-қаражат 1998/8.
8. Салыққа салаутты көзқарас керек Зерде N3 2004ж.
9. Жүнiсова Н.А Бюджет саясаты. Саясат-2005-1.
10 Жанибеков С. Бюджеттiң орындалуын қалай көтеру керек. Қазақстан қаржысы1999 жыл N8 .
11. Мемлекеттiк салық саясаты² Заң газетi. 1999 жыл 3 желтоқсан.
12. Бюджетке жаңаша қарау қажет. Қаржы-ақпарат.- N5- 03.2006
13. Салық және бюджет саясаты² Қазақстан ХХI ғасырға жол 2004 ж. N2
14. Салық- халық несiбесi Еегемендi Қазақстан, 2004ж.1 қазан
15. Салық бюджеттiң қайнар көзi// Заң газетi 2004 жыл шiлде.
16.Облыс бюджетiнiң басты бағыты. Оңтүстiк Қазақстан N81.29.06.2006.
17.Қазақша - орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздiк: Под общ. Ред. А.К. Кусаинова. – Алматы: Рауан, 2004-288 с.