Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 23:09, курсовая работа
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттің орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.
Кiрiспе
1 тарау. Мемлекеттің бюджетінің теориялық негiзi
Мемлекеттiк бюджеттің экономикалық мәнi
Мемлекеттік қаржы және мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы мемлекеттік саясат
2 тарау. Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуын талдау
2.1 Мемлекеттік бюджет түсiмдерiн талдау
2.2. Әлемдiк тәжiрибеде мемлекеттiк бюджеттiң қалыптасуы
3 тарау Мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды жетілдіру жолдары
3.1 Бюджет табысындағы салық түсiмдерiнiң қалыптасуындағы мәселелер
3.2 Бюджет табысындағы салық түсiмдерiнiң қалыптасуындағы мәселелердi шешу және қалыптасуын жетiлдiру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi
Бюджет шығыстары- бекiтiлген бюджет шегiнде бюджеттен қайтарылмайтын негiзде бөлiнетiн қаражат.
Резервтiк қор- бiржолғы сипаттағы тосым шығындарды қаржыландыру үшiн бюджет қаражаты есебiнен құралатын қор, соның iшiнде республикалық бюджеттегi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арнап орталықтандырылған қаражат.
Ерекшелiк - бюджет қаражатын жұмсаудың экономикалық сипаттамасын айқындайтын көрсеткiш.
Субденциялар- нысаналы шығындарды немесе нысаналы бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн төменгi бюджеттердiң жоғары түрған бюджеттерден бекiтiлген сомалар шегiнде алатын ресми трансферттерi.
Субсидиялар - бюджеттен нысаналы шығыстарды (бағдарламаларды) қаржыландыру үшiн ұйымдарға бекiтiлген сомалар шегiнде бөлiнетiн трансферттiк төлемдер.
Есептi кезең- жаңа қаржы жылына енбейтiн кезең, бұл кезең iшiнде өткен қаржы жылында бекiтiлген қаржыландырумен қамтамасыз етiлмеген бюджеттiк шығыстар бойынша қорытынды операциялар жүргiзiледi. Есептi кезеңнiң ұзақтығын Қазақстан Республикасы Қаржы мнистрлiгi бегiлейдi.
Қаржы жылы -күнтiзбелiк жылдың бiрiншi 1 қаңтарында басталып, 31 жетоқсанда аяқталатын түрақты бюджеттiк есепке алу кезеңi. Қаржы жылына есептi кезең енбейдi.
Функционалдық топ- жалпы мемлекеттiк мiндеттердi орындау мақсатымен бюджеттен жұмсалатын төлемдер тобы.
Нысаналы қорлар-
бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiне
енгiзiлетiн және арнайы белгiленген
кiрiстер көздерiнiң есебiнен
Таза несие беру- берiлген және өтелген несиелердiң жалпы сомасы арасындағы айырма.
Қазақстан Республикасына
жинақтап алғанда мемлекеттiң
Барлық денгейдегi бюджеттi қалыптастыру, бекiту және олардың атқарылуын есепке алу ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы бюджеттiң құрылысы- республиканың бюджет жүйесiне кiретiн барлық бюжеттердiң бiрлiгi толықтығы,нақтылығы, жариялығы және дербестiгi принциптерiне негiзделедi. Бюджет жүйесiнiң бiрлiгi бiрынғай құқықтық негiз, бiрынғай бюджеттiк жiктеудi пайдалану, бюджеттiң бiр денгейiнен екiншiсiне берiлiп отыратын мемелекеттiк қаржы статистикасының бiрлiгi, бюджет процесiнiң принциптерi, ақша жүйесiнiң бiрлiгi арқылы қамтамасыз етiледi. Ол барлық денгейдегi бюжеттердiң кiрiстердi қайта бөлу, нысаналы бюджеттiк қорлар құру. Оларға iшiнара қайта бөлу арқылы өзара iс-қимыл жасауына негiзделген.
Экономиканың қазiргi жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндiрiс қарқынын қамтамасыз ететiн салалық және аумақтық құрылымдар құрып, iрi әлеуметтiк өзгерiстер жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының көмегiмен қаражат экономиканың басты аймақтарына шоғырланып, мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтiп, құндық бөлiнiстiң айырықша бөлiгi ретiнде ²Мемлекеттiк бюджет² айырықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттiк қажеттердi қанағаттандыруға қызмет етедi.
Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк-әрекеттегi қызметкерлер мен жұмысшылардың әлеуметтiк-экономикалық қорғалуы, елiмiздiң қорғаныс қызметiндегi iш-шаралардың жүзеге асырылуы осы экономикалық категория ретiнде көрiнетiн бюджетке байланысты.
Бюджеттiң құрылуы мемлекеттiң жалпы қызмет етуiнде маңызды фактор. Сондықтан бюджеттiң түсiмiндегi салықтардың маңыздылығын ашу дипломдық жұмысымның тақырыбын маңыздылауға негiз болып отыр.
Қазақстан Республикасының бюджетiнiң кiрiсiндегi бюджетке төленетiн салықтар мен басқа да төлемдерден құралады. Яғни:
Салықтар:
Алымдар:
Төлемақылар:
Мемлекеттiк баж:
Кеден төлемдерi:
Мемлекеттiң орталықтандырылған ақшалай қаражатының қорын жасау және пайдаланумен бапйланысты бюджеттiң қызметi айрықша экономикалық формалар – бюджеттiң кiрiстер мен шығыстары арқылы атқарылады. Осы екi категорияда объективтi және бюджет секiлдi өздерiнiң арнайы қоғамдық мiндеттерi бар. Кiрiстер мемлекеттi қажеттi қаражатпен қамтамасыз етсе, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды тиiсiнше жалпы мемлекеттiк қажеттерге бөледi.
Бүгiнгi таңда бюджет жүйесi республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тұрады.
Республикалық бюджет негiзiнен жалпы мемлекеттiк салықтар есебiнен қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасының Үкiметi өзiне Конститутциямен, заңдармен Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн белгiлейтiн жалпы мемлекеттiк бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруға арналған орталықандырылған ақша қаражатының қоры болып табылады.
Жергiлiктi бюджеттер бюджет жүйесiнiң дербес буыны ретiнде өз қызметiн жүзеге асырады. Дербес бюджет – аумақтық басқарушы органдар өздерiне Заң жѕiзнде бекiтiлiп берiлген кiрiстер базасы негiзiнде бюджеттiң көлемiн, кiрiспен шығыстың мөлшерiн баптарға сәйкес анықтап, олардың құрылымын белгiлейдi. Олардың орындалуы Республика заңдарына сәйкес атқарылады.
Республикамыздағы жергiлiктi бюджеттер облыстық, қалалық бюджеттер аудандық бюджеттер және арнайы экономикалық аймақтарының бюджеттерiнен түрады.
Жергiлiктi бюджеттен жергiлiктi бағдарламалармен шараларды қаржыландыру қамтамасыз етiледi және жергiлiктi бюджет арқылы жалпы мемлекеттiк бағдарламалар мен шаралардың бiр бөлiгiн iске асыруға жол берiледi.
Жергiлiктi салықтар мен алымдар жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiн толтыруға, бекiтiлiп берiлген және жергiлiктi мақсаттағы қажеттердi қаржыландыруға жұмсалатын жеке тұлғалар мен кәсiпорындардың заң жүзiнде белгiленген мiндеттi төлемдерiнен түратын Қазақстан Рспубликасының салықтар жүйесiнiң бiр бөлiгi.
Жергiлiктi салықтар мен алымдарды құру мен алудың мынадай ерекшелiктерi бар:
Жергiлiктi салықтар мен алымдардың тағы бiр ерекшелiгi – жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiнде үлес салмағының қомақты болуы, онымен ғана шектелiп қоймай қаржы ресуртарын бөлiп беру қатынастарының бақылау функциясын атқаратындығы. Жерiлiктi салықтар мен алымдарды алудың объектiлерiне жер учаскелерi, мүлiк, көлiк құралдары, аукционда жүргiзiлетiн ақша операциялары, кәсiпкерлердi тiркеу және жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқы үшiн қызметтер жатады және оларды иемдену мен пайдаланудың бiрден-бiр есебiн жүргiзiп, осы объектiлердi бақылауға жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасының “Бюджет жүйесi туралы” Заңы негiзiнде жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдер мынадай кiрiстерден тұрады:
1. Бекiтiлген кiрiс көздерi – яғни заң жүзiнде түрақты кiрiс көздерi ретiнде қарастырылған жергiлiктi салықтар мен алымдар. Оларға заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың жер, мүлiк және кiлiгiне салынатын салықтары мен әр түрлi алымдар жатады.
2. Жергiлiктi бюджеттердiң кiрiс көздерiнiң екiншi түрi реттеушi кiрiс көздерi. Оларға аймақтық әлеуметтiк экономикалық даму деңгейiн ескере отырып, бюджеттердi реттеу тәртiбi мен жалпы мемлекеттiк салықтардан бөлiнетiн қаржы салалары жатады. Оның түрi мен проценттiк бөлу мөлшерi әр жыл сайын өзгерiп түрады және заң жүзiнде республикалық бюджет туралы заңда берiлiп отырады.
3. Жергiлiктi бюджет кiрiс көдерiнiң үшiншi түрiне – актiлерiмен белгiленген салықтық емес түсiмдер жатады. Мысалы, орманды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлемдер, су үшiн төленетiн төлем, коммуналдық меншiктегi мүлiктердi жалға беруден түскен кiрiстер, әкiмшiлiк айыппЅл төлемдерiнен түскен сомалар, жеке меншiк иесiнiң құқығы мен жердi пайдалану құқығын сатудан (жер учаскелерiн берумен қоса есептегендегi) түскен сомалар.
Сонымен бiрге жергiлiктi бюджеттердiң кiрiс көздерiне кейбiр облыстардың әлеуметтiк – экономикалық даму деңгейiн теңестiруге арналған ресими трансферттер, тоқсан сайын кассалық ѕзiлiстi жабу үшiн төменгi бюджеттердiң жоспары түрғаны бюджеттерден қарызға алған қаражатының түсiмдерi, бұрын берiлген несиелердi өтеуден түсетiн түсiмдер жатады.
Жергiлiктi салықтар мен алымдар бюджетке түскеннен кейiн, жергiлiктi басқару органдары белгiлеген тәртiп бойынша, жергiлiктi аумақтық қажеттерiне сәйкес мақсаттарға жұмсалады. Мысалы, тиiстi аумақтық жергiлiктi бюджеттерден жұмсалатын қаражаттары мыналарды қамтиды:
жөнiндегi бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған шығыстырды жұмсау.
Бүгiнде бюджеттi түрдегі қаржылық қатынастар екi бағытта қарастырылып жүзеге асырылуда, бiрiншiден экономиканы дағарыстан шығару үшiн қаржы ресурстарын орталықтандырылған жүйеде бөлiп беру болса, ал екiншiден, жергiлiктi басқару органдарының қаржы қорларын құру және пайдалануға байланысты құқыларын арттыру ақылы iске асырылуда. Осы орайда жергiлiктi бюджеттердiң дербестiгi орасан зор рөл атқарады. Бiрақ аумақтардың экономикалық дербестiгi абсолюттi бола бермейдi. Өйткенi қазiргi кезеңдегi аумақтардың әлеуметтiк экономикалық дамуының деңгейi, елiмiздегi нарықтық қатынастардың қиындықтарымен сәйкес келуiн ескерсек, көптеген жергiлiктi бюджеттердiң дербестiгiн iске асыру үшiн елiмiздiң экокномикалық қаржылық бюджеттiк салаларындағы проблемаларды неғұрлым кең заң жүзiнде құрулармен қамтамасыз етудi талап етедi.