Мемелекеттік бюджет

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 23:09, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттің орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.

Оглавление

Кiрiспе
1 тарау. Мемлекеттің бюджетінің теориялық негiзi
Мемлекеттiк бюджеттің экономикалық мәнi
Мемлекеттік қаржы және мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы мемлекеттік саясат

2 тарау. Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуын талдау
2.1 Мемлекеттік бюджет түсiмдерiн талдау
2.2. Әлемдiк тәжiрибеде мемлекеттiк бюджеттiң қалыптасуы
3 тарау Мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды жетілдіру жолдары
3.1 Бюджет табысындағы салық түсiмдерiнiң қалыптасуындағы мәселелер
3.2 Бюджет табысындағы салық түсiмдерiнiң қалыптасуындағы мәселелердi шешу және қалыптасуын жетiлдiру жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

Файлы: 1 файл

Мемлекеттік бюджет.doc

— 297.00 Кб (Скачать)

ЖОСПАР

Кiрiспе 

1 тарау. Мемлекеттің бюджетінің теориялық негiзi

    1. Мемлекеттiк бюджеттің экономикалық мәнi
    2. Мемлекеттік қаржы және мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы мемлекеттік саясат

 

2 тарау.  Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуын талдау

2.1 Мемлекеттік  бюджет түсiмдерiн талдау

2.2. Әлемдiк тәжiрибеде  мемлекеттiк бюджеттiң қалыптасуы

3 тарау  Мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды жетілдіру жолдары
3.1 Бюджет табысындағы  салық түсiмдерiнiң қалыптасуындағы  мәселелер
3.2 Бюджет табысындағы  салық түсiмдерiнiң   қалыптасуындағы мәселелердi шешу және қалыптасуын жетiлдiру жолдары

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

 

 

 

 

 

Кiрiспе

 Экономикалық  категория ретiнде мемлекеттiк  бюджет қоғамдық өнiм құнының   мемлекеттің  орталықтандырылғын  қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы  өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.

Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттің бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. ²Бюджет механизмі², - мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнің жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалыры мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттің негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика  Жоғарғы Кеңесiнің жыл сайын қабылдайтын ²мемлекеттiк бюджет туралы² заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс.

Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық меншiк  формасындағы кәсiпорындар, бiрлестiктер мен шаруашылық жүргізушi субъектiлер  республикалық бюджетке, кеден тарифтерiне сәйкес ұлттық валютамен экспорттық және импорттық баж салықтарын төлейдi.

Мына қорларға түсетiн  және олардан аударылатын қаражат республикалық бюджеттің кiрiсi  құрамында ескерiледi.

Ал, шығысына келетiн  болсақ  Қазақстан Республикасының халықтарын әлеуметтiк, экономикалық қорғау мақсатында жұмсалады.

Мемлекеттік  қаржы  қаржы жүйесінің бір бөлігі болғандықтан, олар мемлекеттік сектордағы мемлекеттік  сектордағы өзара байланыстарын қамтитын өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы қызметімен байланысты болады.

Мемлекеттік қаржының экономикалық мазмұны  мемлекеттің және оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарының құру үшін ұлттық байлық пен қоғамның өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастар болып табылады. бұл саланың ақша қатынастарының субъектілері бір жағынан мемлекет, яғни жергілкті билік және басқару органдары, екінші жағынан кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекет, азаматтар болып табылады. Мемлекеттік қаржының қызметтері қаржылық экономикалық категория ретінде атқаратын қызметтерімен бірдей болады яғни бөлу, бақылау қызметтері.  Мемлекеттік қаржы ерекше мақсаты бар маңызды звеноларға жіктеледі. Мемлекеттік қаржының құрамына: мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары кіреді. Мемлекеттік қаржы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саланы басқару денгейіне байланысты жалпы мемлекеттік және жергілкті болып бөлінеді.

Осындай қаржылық байланыстардың арқасында мемлекет аумақтық және салалық тұрғылардағы көптеген экономикалық және әлеуметтік үдерістерге әсер ете алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Мемлекеттік бюджеттің теориялық негiзi

    1. Мемлекеттiк бюджеттің экономикалық мәнi

Мемлекеттік қаржыладың құрамында бюджеттік қатынастар үлкен орын алады. Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мәнi сан алуан қаржы баланстарында жекелеген ерекшелiктерi белгiленетiн  айырықша салалары бар. Мәселен, мемлекеттiк кәсiпорындармен,  ұйымдармен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнiмдi құндық бөлудiң айырықша саласын құрайды. Бұл қатынастар қоғамдық қажеттердi өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрап, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттiң тiкелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы ²Мемлекеттiк бюджет² деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды.

Көптеген қаржы байланыс түрлерiнiң iшiнен, ерекше қасиетпен дараланып түратын салаларды бөлiп алуға болады. Жалпы қоғамдық өнiмнiң бағамдық  үлестiру саласының негiзiн, мемлекеттiң шаруашылық субьектiлер мен халық санымен жасаған қаржы қатынастары құрайды. Бұл қатынастар  үлестiру процессi кезiнде пайда болады. Бұл процеске мемлекетте қатысады және олар қоғамдық сүранысты қанағаттандыру  үшiн жұмсалатын ақша қаражатының орталық қорының құрылуы мен қолдануы мен байланысты. Мұндай қаржы қатынастарының тұтастығы ''Мемлекеттiк бюджет'' деген түсiнiктiнiң экономикалық мазмұнын құрайды.

Мемлекеттiк  бюджетте экономикалық қатынастарының тұтастығы ретiнде обьективтi қасиетi бар. Оның өзiндiк сала болып өмiр сүруi қоғамдық өндiрiстерге байланысты, әрине олардың дамуына орталық қор қажет. Ақша қаражатын орталықтандыру  ұлттық шаруашылықта үнемi айналым болу үшiн қажет, және экономиканы түзеу  үшiн де қажет. Бағамдық  үлестiрудiң бюджеттiк саласының болуы мемлекеттiң өзiне де қажет. Мемлекетке керек салаларды қаржыландыру  үшiн орталықтандырылған қор қажет. Сонымен қатар бұл қор мәдени - әлеуметтiк iс - шаралар өткiзуге, қорғаныс мәселелерiн шешуге, мемлекеттiк басқарудың жасаған шығындарын жабуға қажет. Осыған орай мемлекеттiк бюджеттiң болуы адамдардың субьективтi қалуының нәтижесi емес, бұл обьективтi қажеттiлiк. Экономиканың бѕгiнгi таңда дамуы кезеңiнде орталықтандырылған қаржы қоры мемлекетке көптеген мүмкiндiктер бередi.

 Мысалы,  үшiн  қоғамдық өндiрiстiң пропорциялдарын  және қарқынын қамтамасыз етедi, оның салалық және аймақтық  жүйесiн көздейдi, салалық экономиканың  бiрiншi қажеттi бағдарламаларын дамытуға  әсер ететiн қорды қалыптастырады, әлеуметтiк өзгерiстер өткiзедi.

Қаржы орталықтандыруының арқасында, ақша қоры экономикалық және әлеуметтiк дамуға жұмсалады және мемлекеттiң әлеуметтiк және экономикалық саясатының жүзеге асуына жағдайлар туғызады.

 Осыған орай  мемлекеттiк бюджет бағамдық  үлестiрудiң ерекше бөлiмi ретiнде өзгеше қоғамдық қызмет атқарады және қоғами мемлекеттiк сүранысты қанағаттандырады. Обьективтi  үлестiру қатынастарының экономикалық формасы бола түра, ерекше қоғамдық iс- әрекеттердi атқара тұра, мемлекеттiк бюджет экономикалық санат ретiнде шығады.

 Мемлекеттiк  бюджетке белгiлi бiр тұтас қаржы  қатынастары ретiнде оған қаржы  санатының қасиеттерi тән, бюджеттiк  қатынастардың  үлестiру қасиетi бар, ақшалай түрде жүзеге асады, бағытты ақша қорымен тетелес келедi. Сонымен қатар, бюджеттiк қатынастарға белгiлi бiр ерекшелiк тән, ол әрине қаржы тақырыбынан тыс болмайды. Мемлекеттiк бюджетiнiң өзгеше бiр сфера ретiнде бағамды  үлестiру қасиетiн қарасақ, ол мынадай:

  1. мемлекеттiң жалпы қоғамдық өнiмiнiң бөлiгiмен байланысты және оны қолдануымен, яғни қоғамдық сұранысты қанағаттандыру  үшiн қолданылатын  үлестiру қатынастарының экономикалық формасы
  2. халық шаруашылығы, аймақтар, экономика секторлары, қоғамдық iс - әрекеттiң өрiсi арасындағы бағамды  үлестiру  үшiн қолданылады
  3. ол қоғамдық өнiммен, яғни оның iс- әрекетiмен байланысты емес, ол одан бөлек жұмыс жасайды, бiрақ соның өзiнде де қаржы қатынастары тауарлық ақшалық прцесспен байланысын үзбейдi.

Мемлекеттiк  бюджет басқа да экономикалық санаттар сияқты өндiрiстiк қатынастар мен  оларға тән материалдық - заттық өзгерiстердi көрсетедi. Бюджеттiк қатынастар мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған орында заттандырылады. Осының нәтижесiнде, қоғамда болатын экономикалық процесс өзiнiң iс – әрекетiн  мемлекеттiң ақша қорында көрсетедi. Бюджеттiк қор бұл бағамдық  үлестiру кезеңiн басынан өткiзген және мемлекет сүранысын қанағаттандыра алатын қоғамдық өнiмнiң және  ұлттық өнiмнiң iс- әрекетiнiң экономикалық формасы.

    Экономикалық  санат ретiнде мемлекеттiк бюджет  – мемлекетпен басқада жалпы  қоғамдық өндiрiсiнiң арасында пайда болатын ақша қатынасы. Үлестiру және қайта  үлестiру жолымен мемлекеттiк орталықтандырылған ақша қорының болуы өте тиiмдi. Себебi ол мемлекет сүранысын қанағаттандыруға, өндiрiстi  ұлғайтуға ѕлкен әсерiн тигiзедi.

    Осыған  орай «Мемлекеттiк бюджет»  атты түрлендiрiлген түсiнiк келесi құрамаларымен түсiндiрiледi: 

  • мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған қоры;
  • экономикаға әсер ететiн құрал;
  • мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспары
  • қоғамның барлық м үшелерi оны заң ретiнде орындау керек.

Мемлекеттiк бюджеттiң қызметi- бiрiншiден, мемлекеттiк бюджет арқылы  ұлттық кiрiстiң 30 пайыз, жалпы iшкi өнiмнiң 20 пайыз, жалпы қоғамдық өнiмнiң 10 пайыз  үлестiрiлiп және қайта  үлестiрiледi.

    Ол  ақша қорын  ұлттық шаруашылықтың,  өндiрiс өрiсiнiң, экономикалық аудандар мен мемлекет аумағының арасында  үлестiрiледi.

Мемлекеттiк  бюджет экономикаға қатты әсер етедi, себебi ол бұл жерде  ұлттық шаруашылықтың  бюджет қызметiн атқарып түр. Мемлекеттiк бюджет материалдық өндiрiс өрiсiнде ѕлкен қызмет атқарады, себебi ол бұл жерде өсу симмуляторының қызметiн атқарып түр. Бюджеттiң қоры жекелей және қоғамдық қор айналымын қамтамасыз ету үшiн де қолданылады. Бюджет жүзеге аспай қалған жоспарларды өз жолын табуға көмектеседi. Сондай-ақ кәсiпорындардағы жұмыстың қарқынды және өтiмдi болуын қадағалап отырады. Мемлекеттiң, бiлiмге, денсаулық сақтауға, әлеуметтiк сақтандыруға және әлеуметтiк қамсыздандыруға, ғылымға, мәдениетке, өнерге, мемлекет шеңберiнде өтiлетiн мәдени шығынның орнын толтырып отырады.

Қазақстан  Республикасының ²бюджет жүйесi туралы² заңы республиканың түрлi денгейiндегi бюджеттерiн қалыптастыру процессiнде орын алатын қаржы қатынастарын реттейдi, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жасалу, қаралу, бекiтiлу, атқарылу және бақылану процесiн белгiлейдi.

Бюджет - мемлекеттiң  өз мiндеттерiн жүзеге асыруына арналған және тиiстi заңдарға сәйкес белгiленген  салықтар мен өзге де кiрiс көздерiнiң  және түсiмдердiң есебiнен құралатын  орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджет жiктелуi -  функционалдық, ведомстволық және  экономикалық сипаттама бойынша бюджетке түсетiн түсiмдер мен бюджеттен  жұмсалатын шығыстарының топталуы.

Бюджет құрылысы - бюджет жүйесiнiң, оның құрылу принциптерiнiң  ұйымдастырылуы.

Бюджет процесi- мемлекетттiң өз органдары мен  лауазымды адамдары арқылы барлық денгейдегi бюджеттердi жасау, қарау, бекiту, атқару, атқарылуын бақылау және олардың атқарылу туралы есептердi бекiту жөнiндегi заң арқылы регламенттелген қызметi.  

Мемлекеттiк  бюджет – республикалық  және жергiлдiктi бюджеттердiң  бiрiн-бiрi арасындағы өзара өтелетiн операциялар есепке алынбайтын жиынтығы.

Мемлекеттiк  кепiлдiктер – Қазақстан  Республикасы  Үкiметiнiң қарыз алушы өзiнiң алынатын соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда несие берушi алдындағы берешектi  iшiнара немесе толық өтеу жөнiндегi мiндеттемесi.

Мемлекеттiк шотты  –мемлекеттiң барлық денгейдегi бюджеттерiдiң  және бюджеттен тыс барлық қорлардың  шоттарындағы қаржы ресурстарын  есепке алу тәртiбi.

Бюджет тапшылығы- ѕкiметтiң қарызға алған сомаларын қоспағанда, шығыстар көлемiнiң және бюджеттен қайтарымды негiзгi бөлiнген несиелердiң бюджетке түсетiн түсiмдердiң жалпы сомасынан асып түсуi.

Республикаық  бюджеттiң құрамында бекiтiлетiн  тапшылық мөлшерi  ұлттық валютамен  және жалпы iшкi өнiмге шаққандағы проценттермен көрсетiедi.

Бюджет кiрiстерi- салық және салықтық емес түсiмдермен  алымдардың сондай-ақ бюджетке қайтарылмайтын негiзде келiп түсетiн капиталмен жасалатын операциялардан жасалатын  кiрiстердiң көлемi.

Мемлекеттiк  бiрiктiрiлген қаржы балансы- дербес жұмыс iс- тейтiн республикалық және жергiлiктi бджеттердiң (соның iшiнде арнаулы экономикалық аймақтар бюджеттерiн қоса алғанда), бюджеттен тыс қорлардың бiрiнiң-бiрi арасындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке аынбайтын ақша қаражатының жиынтығы.

Жергiлiктi бюджеттер - облыстық, қалалық (республкалық және облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандардың бюджеттерi және арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттерi.

Ресми трансферттер  - бюджетке тегiн және қайтарылмайтын болып түсетiн түсiмдер мен бюджеттен жасалатын шығыстар.

Бюджет профицитi- бюджетке келiп түсетiн кiрiстер мен  ресми трансферттер түсiмдерi жалпы  сомасының жалпы  шығыстар көлемiнен  және қайтарымды  негiзде бөлiнетiн  несиелерден асып түсуi. Республкалқ бюджет профицитiнiң мөлшерi   ұлттық  валютамен және жалпы iшкi өнiмге шаққандағы проценттермен есептелiнедi.

Информация о работе Мемелекеттік бюджет