Тіршілік қауіпсіздік негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 14:55, лекция

Краткое описание

Оқулықта Қазақстан Республикасының негізгі заңдарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарды, адам мекендейтін ортаның қауіптіліктерін, шаруашылық жүргізуші обьектілердің төтенше жағдайларда жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру тәсілдерін және олардың салдарын жою бойынша шаралары қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (3).docx

— 722.83 Кб (Скачать)

6-ші ұяда  – ақ түсті төрт қырлы пеналда  N2 радтоактивті уланудан қорғайтын  зат калий иодиді  10 таблетка) орналасқан. Оны радиоактивті заттар түскенде күніне 1 таблеткадан 10 күн қабылдайды. Ең алдымен балаларға 1 таблеткадан береді.

7-ші ұяда – көгілдір түсті  дөңгелек пеналда құсуға қарсы  қолданатын зат этаперазин  5 таблетка) орналасқан. Оны сіуле алғаннан кеиін тез арада және бас жарақатынан кейін лоқсу пайда болғанда 1 таблеткадан қабылдайды.

Ескерту! 8 жасқа дейінгі балаларға таблетканың 4/1 бөлігін, 8 жастан 15 жасқа деиінгі бплаларға 2/1 бөлігін береді.

2.14. Жеке химиялық пакет

 

   Жеке химиялық пакет дененің  ашық бөліктеріне және киімге  түскен тамшы – сұйық улы  заттарды залалсыздандыру үшін  қолданады. 

   Комплектегі бұранды қақпаға   жеке дегазды ертіндісі бар  флакон және 4 мақталы-дәкелі тампондар  кіреді.

  Тамшы  сұйық улы заттар дененің ашық  бөліктеріне және киімге түскенде  тампондарды флакондағы сұйыққа  малып, ластанған дене бөліктерін  және киімді сүртеді. Егер жеке  химиялық пакет болмаса, тампон  ретінде кәдімгі мақта мендәкені  қолдануға, ал дегазды ертіндіні  қолдан дайындауға болады. Бірдей  мөлшердегі 3% тотыққан сутегі ертіндісі  мен 3% сілтіті натрий ертіндісінің  қоспасын немесе 3%  тотыққан сутегі  ертіндісі мен 150 г. конторлық силикатты желімнің қоспасын қолдануға болады.

2.15. Жеке таңба пакеті

 

    Жеке таңба пакетінің ұзындығы  7 м., ені 10 см. дәке-бинттен және ұзындығы 17,5 см, ені 32 см мақта-дәкелі жастықшалардан тұрады. Жастықшаның біреуі дәке-бинттің басына қозғалмайтындай етіп бекітілген, екіншісі қозғалмалы, оны бинттің бойымен қозғалтуға болады.

 

2.16. Зақымденған ошақтағы құтқару  және апатты қайта қалпына  келтіру жұмыстары

 

Зардап шеккендерге берілетін  көмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалған  іс-әрекеттердің тиімділігінде.

Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады:

  • көмекке келер күштердің жүрер жолдарын барлау;
  • жолдағы немес апат орындағы өрттің жайылынуына жол бермеу;
  • апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу;
  • құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру;
  • оларды шығару;
  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;
  • халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;
  • адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазартудан өткізу;
  • территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.

 

Құтқару жұмыстарымен қатар, қалпына келтіру  жұмыстары да қатар жүргізіледі.

Қалпына келтіру жұмыстарына төмендегі  іс-әрекеттер жатады:

  • ластанған аумақтарға баратын жолдарды тазалау;
  • апаттың одан әрі тарауына жол бермеу;
  • бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында іске қосу;
  • қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;
  • көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;
  • құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.

 

Белгіленген жұмыстарға сәйкес зақымданған ошақтарға  барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайды, қорғану құрылыстары мен орындарының мән-жәйін, апат орнына барар жолдарды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Зақымданған орынға АҚ күштерін жіберіп, іс-шаралар жүргізіледі. Адамдарды құтқару жұмыстарына АҚ жүйесінің қызметкерлерімен бірге кәсіпорындарда біріктірілген топтарды жұмылдырады. Сонымен қатар құтқару және қалпына келтіру жұмысына арнайы техникаларды да пайдаланады.

       Жұмыс жүріп жатқан жерде арнайы аптечкалар, химиялық пакеттер, байлап орау жабдықтары болуы тиіс.

Апаттың зардабын жою бағытында жүргізілетін негізгі жұмыс – ол адамдарды  құтқару, оларды ауруханаға жөнелту, қажет  болған жағдайда ол жерден көшіру болып табылады. Көшірілетін адамдар қайда апаратылатындығы алдын ала белгілі болуы тиіс.

2.17. Радиациялық және химиялық  барлау құралдары

 

Радиациялық барлау құралдарына ДП-5В, ИМД-21 және т.б. жатады.

Химиялық барлау құралдарына ВПХР, ПХР, ХУЗ, мөлшерін анықтау мүмкіншілігі бар индикаторлық түтікшелер, аспалы газталдағыштар (АГП-1), дозиметрлік  бақылау құралдар ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24 және т.б. жатады.

Сонымен қатар, жердегі, ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ, азық-түлікті  улы затпен ластануын анықтау  үшін «Мастер-1», «Сосна», «Белла» тұрмыстық  дозиметрлері пайдаланады.

2.18.  Эвакуация

 

Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі  уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады. Оған, адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар  аймағынан және қазіргі заманғы  қырып-жою құралдары қолдануы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс  уақытында қауіп төнген аймақтардағы жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары  мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа  жайғастырып бөлу және орналастыру  жатады.

Көшіру  шаралары Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы мүмкін аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталады. Сонымен қатар, соғыс уақытына шекаралас аудандар мен қауіп төнген жерлердегі халықты көшіру тәртібі белгіленді. 

Уақытша көшіру шаралары:

  • ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін - өндірістік принцип бойынша;
  • халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;
  • көшіруді ұйымдастыру және меншік көлік иелерінің көліктерін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.

Көшіру  шараларын жүргізу үшін  жергілікті  атқарушы органдарында, ұйымдарда көшіру комиссиясы құрылады.

Көшіру шараларын ұйымдастыру  және оны жүргізу тиісті басқару  органдарының және ұйымдарының бірінші  басшыларына жүктелген.

Ұйымның эвакомиссиясының міндеттері:

  • ұйымның АҚ штабымен бірлесіп, объектінің жұмысшылары мен қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін орналастыру үшін олардың тізімдерін жасайды;
  • азаматтық қорғанысының басшысына эвакуациялық жинау пунктінің әкімшілік құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобил колонналары мен жаяу саптар бастықтарын тағайындау туралы ұсыныс әзірленеді.

 

 

2.19. Зақымданған ошақтағы құтқару  және қайта келтіру жұмыстары

 

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару  үшін және де жарақат алғандарға көмек  көрсету және  қайта қалпына  келтіру мақсатында жүргізіледі.

Төтенше жағдайдың зардабын жою стратегиясы  бір сыпыра қауіп-қатерге және соған  байланысты төуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет- адамдар  қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия  мен тактика қандай шараларды  қалай қолдануын ескереді.

Адамдарды құтқару төтенше жағдайды әсерін жоюдың бір бөлігін құрайды, сонымен  қатар, төтенше жағдайды зардабын жою  жұмыстары арнаулы үш топқа жіктеледі:

  • құтқару;
  • арнаулы (жедел);
  • қосалқы.

Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

  • басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;
  • зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);
  • зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;
  • зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру мыналарды қамтиды;
  • өрт сөндіру ;
  • коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;
  • тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;
  • осал құрылыстарды күшейту.

Арнаулы жұмыстардың атқарылу нәтижесінде  құтқару жұмыстарының орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жағдай туындайды.

Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орындарын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады:

  • аландарды тазалау;
  • техника орнату;
  • қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;
  • жұмыс орындарын жарықтандыру т.с.

Табиғи  және техногенді сипаттағы төтенше  жағдайларды ескерту мен жою  жөніндегі шараларында зандылыққа сәйкес азаматтық қорғаныс күштері қатысады.

Төтенше жағдай зардаптарын жою мынаны қамтиды:

  • халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру;
  • барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау;
  • тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;
  • құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;
  • төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;
  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;
  • құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;
  • төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру.

Сондай-ақ, төтенше жағдай зардабын жоюға және құтқару жұмыстарды қамсыздандыру  мен даярлауға бағытталган материалдық  және басқа шараларды ұйымдастыру  кіреді.

Күрделі зақымдану ошағындағы құтқару жұмыстарды тек өрттер мен кирауларды ғана емес, сондай-ақ радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымдауды ескере отырып ұйымдастырылады. Бұл жағдайда бактериологиялық зақымдану  түрлері аңықталғанға дейін барлық шаралар аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғану режимінде ұйымдастырылады. Ауру қоздырғыштар түрі аңықталысымен зақымдану ошағында және оған жапсарлас аудандарда тиісті оқшаулау-шектеу және жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізіледі. Күрделі зақымдану ошағында құтқару жұмыстарын табыста жүргізу үшін мыналарды істеу қажет:

  • барлаудың барлық түрлерін үздіксіз және бір уақытта жүргізу және оның мәліметтерін жылдам пайдалану;
  • мақсаттары әртүрлі күш пен құралды бір уақытта және дұрыс пайдалану;
  • зақымдау, қирау, өрт аймағын тез жою немесе айналып өту;
  • күш-жігерді маңызды нысандарға жұмылдыру, күш пен құралды бағыттау;
  • тұрақты және нақты өзара іс-қимыл қарқының қолдау;
  • күш пен құралды үздіксіз, мығым және ұтымды басқару.

 

Зақымдану ошағында медициналық күш пен  құралды жылдам еңгізудің, соңдай-ақ улағыш және қатты әсер ететін улы  заттармен зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастау мерзімін барынша жақындатудың ерекше маңызды бар.

Хайуанаттар мен өсімдіктердың, ауылшаруашылығы  өнімдері мен жануарларды, су көздерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.

Қызметтердің  негізгі міндеттері:

  • мал мен өсімдіктерді, ауылшаруашынық өнімдерін және өсімдік шаруашылығын, су көздері мен сумен жабдықтау жүйесін радиоактивтік, химиялық, бактериологиялык (биологиялық) зақымданудан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және орындау;
  • ветеринарлық және фитологиялық барлауды, зақымданған хайуанаттарды емдеуді ұйымдастыру;
  • зақымдалған хайуанаттарды амалсыз союды және оларды көмуді ұйымдастыру; егістікті, жайылымды және мал мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін залалсыздандыру;
  • ауылшаруашылығы өнімдері мен малды қауіпсіз аймаққа апаруды ұйымдастыру;
  • жем-шөп пен астықтың артық қорын жасау;
  • қызмет бөлімшелерін мақсат бойынша іс-әрекеттерге даярлата ұстау және оларды жеке құралмен, техникамен және мүлікпен қамсыздандыру;
  • дәрі-дәрмектердің, залалсыздандырғыш заттардың қорын жасау және де дер кезінде жаңарту;
  • төтенше жағдайдағы, зақымдану ошақтарындағы іс-әрекеттерге ауыл халқын оқытып-үйретуді ұйымдастыру және өткізу.

Информация о работе Тіршілік қауіпсіздік негіздері