Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 14:55, лекция
Оқулықта Қазақстан Республикасының негізгі заңдарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарды, адам мекендейтін ортаның қауіптіліктерін, шаруашылық жүргізуші обьектілердің төтенше жағдайларда жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру тәсілдерін және олардың салдарын жою бойынша шаралары қарастырылған.
Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан адамды жерге көміп тастауы керектігі туралы пікір өрескел қате болып табылады.
Тұрмыста
кеңірек таралған найзағай
Ыстық күндері адамның басына ұзақ күн сәулесінің тікелей әсері ми қан тамырларының кеңеюіне әкеп соқтырады, соның нәтижесінде басқа қанның құюлуы байқалады (гиперемия).
Беттің
қызаруы мен бастың қатты ауыру
күннің өтуінің алғашқы белгілері
болып табылады.Сонан соң
Басты орамалмен жабу,сондай-ақ басқа суық су құю алдын алу шаралары болып табылады.
Ыстық тию. Бүкіл организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-40) ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысыну ыстық тию деп аталады. Ол жоғары немесе әдеттегідей жылу реттегіштің қызметі кеміген немесе тоқтатылған кезде пайда болады.
Денеге ыстық тиюдің үш себебі:
Ыстық тию тек ыстық күндерде емес ол жылы және қапырық бөлмелерде, ыстық цехтарда, ұзақ жорық пен марштар кезінде болады. Ыстық тию әсіресе көрсетілген үш себептер қосылған кезде пайда болады.
Қатты ысынған және терлеген кезде организм ылғалды жоғалтады, қан қоюланады, организмдегі тұздың мөлшері азаяды, осының нәтижесінде ыстық тию пайда болады. Бұл организмдегі әсіресе мидағы оттегі тапшылығына акеп соқтырады.
Ыстық тиюдің алғашқы белгілері- аурудың әлсіздгі, қалжырағандығы, жүрегінің айнуы, басының ауыруы, айналуы. Дененің ысынып, температурасы 38-40 градус дейін көтерілген кезде ауру құсады, талықсиды, кейде құрысу пайда болуы мүмкін.
Алғашқы медициналық көмек. Зардап шегушіні суық жерге, көлеңкеге немесе жақсы желдетілетін орынға апарып, киімін шешіп, басын сәл көтеріп жатқызады. Зардап шегушіні тыныштықта қалдырып, басы мен жүрек төңірегін салқындатады (суық су құяды), тез және аяқ асты салқындатуға болмайды. Сырқатты ылғал матамен ораған дұрыс, олай ету суды буландырып, температураны төмендетеді. Сусын мен жеңіл тағам береді. Жүрек-тамыр қызметі әлсіресе, тыныс алу бұзылса, 1мл 10 пайыз кофейн ерітіндісін, 1мл кордиамин, 1мл 10 пайыз лобелин ерітіндісін береді. Күн тиген кездегі алғашқы көмек ыстық тиген кездегідей.
Сіз, әрине, кеудеңізде жүректің соғып тұрғандығын білесіз. Алайда қан айдайтындығы туралы бір сәтке ойланып көрдіңіз бе? Адам шаршаса жатып демалады, ұйықтайды. Жүрек үздіксіз жұмыс істейді, адамның ми клеткалары басқа органдарына өмірлік қажетті оттегіні, қант пен өзге затты жеткізеді.
Жүректің
әрбір қысқарған уақытында ол
ірі тамырларға елу, жүз текше
сантиметр қан жөнелтеді.
Жүрек тамыры ауруларының халықтың арасында қазіргі уақытта таралғандығы соншалық оны ХХ ғасырдың ауруы деп атай бастады. 19 ғасырда тырысқақ жайлады, ХХ ғасырдың басында халық туберкулезден, сүзектен басқа да жұқпалы аурулардан шетінеді. Біздің жүзжылдықтың алдыңғы жартысында жүрек пен тамыр аурулары алдыңғы қатарға шығып, қазіргі адам үшін №1 тажалға айналды.
Жастардың арасында өз денсаулығына немқұрайды қарау орын алып отыр. Олар кейде ауырған кезде бірақ емделеміз деп даңдайсиды. Ең бастысы ауруға шалдыққанша оның алдын алған жөн. 19 ғасырдың белгілі терапевті М.Я. Мудров былай деген еді: «Дені сау адамдарды өз қолына алу, оларды аурудан сақтау, оларға лайықты өмір салтын көрсету-дәрігер үшін емдеуден гөрі оңай міндет».
Тұрмысымызды
анағұрлым жеңілдетіп жүрген осы
затқа арнайы күтім мен ұқыптылық
қажет. Сондықтан, газды дұрыс пайдалану
жөніндегі төменгі кеңестерге назар
аударыңыз!
Газдың сыртқа шығуының негізгі себептері:
Газ баллондарын өз беттеріңізше орнатып, газ құрал – жабдықтарын өз бетіңізше жөндемеңіз. Бұл әрекетіңіз – қайғылы оқиғаға апарып соғуы мүмкін.
Газ ошағы.
Газ ошағын тек жақсы желдетілген
үй-жайда пайдалануға болады. Газ
ошағының ішкі қуысының оттығын тұтатарда
оның есігін бірнеше рет ашып –
жабу арқылы желдету қажет. Газды
жағарда алдымен жанып тұрған
шырпыны оттыққа жақындатыңыз, сосын
шүмекті ашыңыз. Түбі үлкен ыдысты
қақпаққа қоярда кең қабырғалы тіреуді
пайдалану қажет. Газ ошағын үйді
жылыту мақсатында пайдалануға мүлде
болмайды. Себебі, желдетілмеген үй-жайдағы
көмір қышқылды газдың жиналуы және
иісті газдың бөлінуі адам ағзасының
улануына апарып соғады. Газ баллоны
толтырылған әрі ақаусыз газ
баллондарын тек арнайы мамандандырылған
газ қызметтерінен ғана сатып
алыңыздар! Бұрандалы қосылған жер
мен баллонның редуктормен
Баллон
мен газ ошағының арасы 0,5 метрден
жақын болмауы керек. Сондай –
ақ жылу радиаторына немесе пешке 1
метрден жақын орнатылмауы
27 литрлік баллонды ауыстырғанда немесе
оған газ толтырғанда қақпақтың саңылаусыз
жабылғанын тексеруді талап етіңіз.
Нығыздаушы шығыршықтың жай – күйін үнемі
тексеріп отырыңыз. Дұрыс шығыршықта кесілген
жарық, кедір – бұдыр сияқты ақаулар болмауы
тиіс. Газ құрал – жабдықтарын орнату
мен жөндеу кезінде тек тиісті құжаты
бар мамандарға ғана рұқсат беріңіз. Газды
пайдаланып болғанда газ құрал жабдық-тарындағы
және олардың алдындағы шүмектерді жабу
керек. Ал ас үйдің ішіне баллондарды орнату
кезінде баллондағы қақпақты немесе редуктор
жалғаушысын жабу қажет. Дұрыс жанғанда
жалын бір қалыпты, көгілдір – жасыл түсте
болады. Түтіндіктің жыл сайын тексерілуін
қадағалаңыз.
Тарту күшінің болмауы газдың толық жанбай,
иісті газдың бөлінуіне себеп болады.
Маңызды төрт қағиданы есте сақтаңыз!
Газ құрал
– жабдықтарын өз бетіңізше жөндемеңіз.
Газ түтіктеріне кір жаятын жіпті байламаңыз.
Газ желісі түтіктерінің ақауларын жөндемеңіз!
Аспаптан қатерлі ұшқын шығуы мүмкін.
Газ құрал – жабдықтарын жұмыс істеп тұрғанда,
әсіресе, оларға балалардың қолдары жететін
жағдайда қараусыз қалдырмаңыз. Егер сіз
газдың өткір иісін сезсеңіз,
шүмекті дереу жабыңыз.Үйді желдетіңіз
(терезе, есіктерді ашыңыз).
Газ шыққан жерді тек сабын көбігінің
көпіршіктері арқылы ғана анықтауға болады.
4.104 телефоны арқылы газ апаттық қызметін
шақырыңыз (телефонды газдың иісі жайылмаған
бөлмеден немесе көрші пәтерлерден пайдаланған
жөн).
VII-тарау. Төтенше жағдай
Адамның
жұмыстық қызметі экологиялық тепе-
Адамзат күнделікті көптеген табиғи
қауіп–қатермен кездесуде.Жер шарында
жыл сайын жобамен 10 мың су тасқыны,
100 мыңнан аса жер сілкінісі, көптеген
өрттер мен опырмалар, вулкан атқылауы
және тропикалық циклондар болып
тұрады. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметі
бойынша соңғы 20 жылда стихиялық
апат пен катастрофаның арқасында
3 млн артық адамдар қаза болған.
Сол себепті төтенше жағдайдың
алдын алу, оның әсерін жою қазіргі
уақыттың актуальді проблемалары болып
табылады.Төтенше жағдай бола қалған
жағдайда адамдарды құтқарудағы
білікті қимыл жасау, оларға керек
көмек көрсету және апат ошағында
құтқару жұмыстарын тиімді ұйымдастыру
адам мен материалдық шығынды
азайтуға мүмкіншілік жасайды.
Төтенше жағдайдың болуына негізінен
ішкі және сыртқы әсерлер ықпал етеді.
Ішкі әсерге технологияның күрделілігі
арнайы мамандардың аздығы, жобалау
кезіндегі кемшіліктер еңбек
және технологиялық тәртіптің
Төтенше жағдай келесі жағдайларда болуы мүмкін:
Төтенше
жағдай деп табиғи стихиялық
пен техногенді апаттарда
Төтенше жағдай бұл аймағы жағынан үлкен маштабты және көптеген адамдарға төндіретін қауіпі бар оқиға. Көптеген жағдайда бұл оқиғаны авария және катастрофа деп те атайды. Бір қарағанда бұл екеуінің айырмашылығы жоқ. Ал олардың әкелген зияндығын, адам өлімін ескерген жағдайда ғана айырмашылығын білуге болады.
Авария - бұл машиналар, технологиялық процестердің және т.б. өндірістік орындарда болатын апат. Олар жарылыстарға, өртке, улы заттарды ауаға немесе суға тастауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Бірақ бұл оқиғалардың әсері өте үлкен және адам шығыны көп емес. Катастрофа - бұл адам шығыны ауқымды болған жағдайдағы қайғылы оқиға. Ол бірнеше түрге бөлінеді:
Экологиялық катастрофа дегеніміз
өмір сүру ортасына төтенше жағымсыз
өзгеріс тудыратын үлкен
Техногендік катастрофа - кенеттен механикалық, химиялық, радиациялық тағы с.с. энергиялардың тасталуы, адам және материялдық шығындарға алып келіп соғатын үлкен апаттардың әсерінен болатын апат түрі.
Стихиялық апат- бұл қауіпті катастрофаға алып келетін геофизикалық, геологиялық, гидрогеологиялық, атмосфералық тағы сол сияқты процестер мен құбылыстардан тұратын апат. Бұл жағдай адамның өмір тіршілігін кенеттен өзгертіп материалдық ресурстарды бұзуға және құртуға әсер жасайды (19-сурет).
Төтенше жағдай, пайда болу әсерінің таралуы немесе ауқымы, өркендеу жылдамдығы және төтенше жағдайды жою мүмкіншілігі жағынан топталады. Төтенше жағдай пайда болу жағынан –табиғи, техногенді, экологиялық, биологиялық, антропогендік, әлеуметтік және біріккен немесе қосылған болып бөлінеді. Техногендік төтенше жағдайға - техникалық обьектілерден туындайтын төтенше жағдайлар жатады. Мысалы, өрттер, жарылыс, химиялық қауіпті обьектілердегі апаттар, радиоактивті және химиялық заттардың тасталуы, ғимараттың қирауы және адам тіршілігіне қажетті жүйелердің апаттары.
Табиғи төтенше жағдайға жер сілкісі, су алу, вулкан атқылауы, опырмалар, сел, дауыл, табиғи өрт және т.б. жатады.
Экологиялық төтенше жағдайға атмосфераның ластануы, азот қабатының бұзылуы, жердің шөлге айналуы, жердің тұздануы, қышқылдың жаңбырлар және т.б. жатады.
Биологиялық төтенше жағдайға эпидемия, эпизоотия және эпифитотия жатады.
Әлеуметтік төтенше жағдайға - қоғамда
болып жатқан оқиғалар: ұлтаралық
конфликттер,терроризм,геноцид,
Антропогендік төтенше жағдайлар адамның қате іс-әрекетінен туындайды.