Тіршілік қауіпсіздік негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 14:55, лекция

Краткое описание

Оқулықта Қазақстан Республикасының негізгі заңдарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарды, адам мекендейтін ортаның қауіптіліктерін, шаруашылық жүргізуші обьектілердің төтенше жағдайларда жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру тәсілдерін және олардың салдарын жою бойынша шаралары қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (3).docx

— 722.83 Кб (Скачать)

 

Шаруашылықтағы  мал мен өсімдіктің зақымдалуын  оқшауландыру және жою жұмыстары  төтенше жағдай аймағында тікелей  іс-әрекет ететін мал мен өсімдікті  қорғау командасына (МӨҚК) жіктеледі, олар:

  • хайуанаттарға ветеринарлық көмек көрсетеді;
  • оларды көшіріп, қоныстандырады;
  • зақымданған хайуанаттарды, өсімдіктерді сынақтама тексерінен өткізеді, ескереді және зерттеу үшін зертханаға жеткізеді;
  • хайуанаттар нысандарына залалсыздандыру жүргізеді және зақымдалған хайуанаттарға ветеринарлық ем-дом жасайды;
  • улы химикаттар көмегімен зақымдалған егістіктерді залалсыздандырады.

 

АҚ шараларын  және күштерінің іс-әрекеттерін қамсыздандырудың негізгі түрлері:

  • барлау;
  • инженерлік қамсыздандыру;
  • химиялық қамсыздандыру;
  • медициналық қамсыздандыру;
  • көлікпен қамсыздандыру;
  • материалдық-техникалық қамсыздандыру;
  • гидрометеорологиялық және метеорологиялық қамсыздандыру.

 

Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында негізгі  күш пен құралдарды зардап шеккендерге  алғашқы дәрі-дөрмек көмегін беру үшін, бұзылыста қалғандарды шығару үшін, жедел жетуде мақсатталады.

 

2.20. Жұмыс жүргізудің әдісі мен  тәсілі

 

Құтқару жұмыстарын жүргізу тәсілдер мен  әдістері жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан, коммуналды, энергетикалық, технологиялық  жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық  зарардану дәрежесінен, құрама іс-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларына тәуелді.

Әуелі, адам болып қалуы мүмкін жерлерде қираған  құрылыстарға, бұзылған ғимараттарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге  бөгет жасайтын авария орындарына жол  ашылу керек. Бір бағытты кіретін жолдарың ені 3-3,5 м, ал екі бағыттағылардың ені 7 м болуы тиіс.

Қираған құрылыстар астынан адам құтқару  шараларымен әдетте әскери бөлімшелері  мен АҚ құрамалары айналасады. Бірақ  бұл жұмысқа басқа да барлық тұрғыңдарды  қатыстыру керек.

Жеке  құрама панаханаларды іздестіріп, қорғаныс құрылыстарында қамалып қалған адамдарымен  байланыс құралдарымен тұрақты байланыс жасауға тырысады, ол үшін желдеткіш  саңылауларын, есік, ірге, су-жылу құбырларын тықылдатып пайдаланады. Ең алдымен желдеткіш арналары немесе қабырғаларда тесік жасап таза ауа жібереді. Панахананы ашу барысында қирау сипатына қарай әртүрлі тәсілдер мен саймандар пайдаланады: негізгі кіре-берісте бұзылғанды тазалау, одан кейін есікті ашу немесе бұзып ашу, үңгір немесе авариялық шығу люгін қазып алу, көршілес жатқан белмеден панаға қарайтын қабырғаны бұзу, бұзылыс үстіндегі бегетті ашу одан кейін адам шығару үшін жол жасау.

Армениядағы Ленинакан, Спитак қалаларындағы жер  сілкініс зардабын жою кезінде адамдарды қирау астынан шығару бойынша алынған тәжрибесінен бұзылыстарды аршуға 16 тоннадан кем көтермейтін қуатты көтергіш крандар, үлкен экскаваторлар, жылжымалы электрстанциялары мен прожекторлар түнгі жұмыстарында талап етіледі.

Коммуналды-энергетикалық  пен технологиялық жүйелерінде  авария мен бұзылу зардабын жоюдағы  негізгі амалы — қираған бөлімшелерді және ғимараттардағы электр мен газ  және су жүйелерін ажырату болып  табылады.

 

 

 

 

 

 

 

III-тарау.  Жарақаттар түрі

 

Жарақаттар-бұл  адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Әсер механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін. Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы).

   Механикалық жарақаттар ашық  және жабық болуы мүмкін. Жабық  зақымдану –бұл тері жамылғылары  мен кілегейлі қабықтар тұтастығы  бұзылмайтын зақымдану түрлері.  Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің  созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы  (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы  жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы).

  Ашық  зақымдану бұл органдар ұлпаларының  зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың  кілегейлі қабықтардың тұтастығы  бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық  сынуы).

  Организм  ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ,  қатты әсер ету нәтижесінде  пайда болған зақымдану қатты  жарақат деп аталады, аз күштің  көп мәрте және тұрақты әсерінен  пайда болған жарақат созылмалы  жарақат деп аталады.

  Кез-келген  жарақат бір орындағы ұлпалардың  бұзылуымен қатар организмде  басқа да белгілі бір жалпы  өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр  қызметінің, тыныс алудың, зат алмасуының  бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық  нерв жүйесінің тітіркенуінен,  қанның кетуінен, өмірлік маңызды  органдардың зақымдалуынан, уланудан  пайда болады. Қатты сырқырататын  және қан көп кеткен ауқымды  зақымдану кезінде сырқаттың  жалпы жағдайы өте жедел және  күрт нашарлайды.

  Талықсу-  адам миының қансыздануы нәтижесінде  естен кенеттен уақытша айрылу.

  Талықсу  көбінесе психикалық жарақат  деп аталады (қорқу, қанның  түрі, дененің аяқ асты сырқырауы).

  Талықсуға  қажу, ашығу, қанның аздығы, жуынатын  бөлмеде ұзақ отыру әсер етеді.  Талықсу көбінесе аяқ асты  пайда болады, алайда кейде сырқаттың құсқысы келеді, ауаның жетіспеуін сезінеді. Бұл жағдайда сырқат бозарады, тамыр соғысы әлсірейді, дем алысы күшейеді. Есінен айрылған бойда сырқат құлайды.

 

      1. Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем көрсету

 

 Талықсу  кезінде сырқатты оның басын  денесінен төменірек етіп жатқызған  жөн. Бұл бас миын қан ағынының  көбірек келуіне көмектеседі.  Сырқаттың тар киімдерін шешу  қажет (жағаның түймесін ағыту,  галстукты, белбеуді босату, таза  ауаның келуін қамсыздандыру). Тыныс  алуды қоздыру үшін сырқатқа  иіскеу үшін мүсәтір спиртін  береді, оның бетіне суық су  себелейді. Әдетте осы құралдар  сырқатты талықсу күйінен шығару  үшін жеткілікті.

 Өте  ауыр жағдайларда жүрек қызметін  жақсарту және тамырлардың соғысын  арттыру үшін сырқаттың терісіне  кофеин кордиамин енгізеді.

  Коллапс-өмір  үшін қауіпті жағдай, қан қысымының  өмірлік маңызды органдардағы  қан айналымының нашарлаған кезінде  түсуімен сипатталады. Бұл кезде  адам әлсіреп, бет әлпеті ағарады,  аяқ-қолы суынады. Алайда коллапс  уланған және ауырған (сүзек,  өкпе ауруы, қауіпті панкриотит  және тағамнан шыққан аурулар)  Дене қызуы 34-35 градус шамасында  болғанда артериалдық қысымы  санап бағанасымен 50-80 мм байқалады. Егер де тез арада шара қолданбаса адам қаза болады.

 

      1. Коллапс кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету

 

 Талықсыған  кезде қан айналымын жақсартатын,  әсіресе қанның басқа келуі  үшін шаралар қолданылады. Сондықтан  сырқатты басын сәл түсіріп,  етпетінен жатқызады. Белбеуді  босатып, көйлектің жағасының  түймесін ағытады; таза ауа  ағынымен қамтамасыз етеді, мүсәтір  спиртін қолданады. Ауру сабасына  түскен кезде ыстық сусын, бірнеше  тамшы арақ ішкізген дұрыс.

  Тамырлардың  соғысын арттыру үшін теріге 1% -1мл мезатон, 25%-2мл кордиамин, 5% -1 мл эфедрин, 0,1%-1мл адреналин, 10%-1мл  кофеин енгізеді. Осы шаралардың  бәрін кез-келген жағдайда жүргізуге  болады. Тамырлары қатты таралған  сырқаттарды шұғыл көмек көрсеткеннен  кейін кешіктірмей ауруханаға  апарады.

  Коллапс  салдарынан туындаған ауыр жағдайда  жүректің сыртынан ысқылайды  (жүрек тұсындағы кеуде клеткаларын  ырғақпен қысады) және «ауызға-ауыз»  тәсілімен жасанды тыныс алдырады.

 

      1. Жарақаттан естен тану туралы түсінік

 

 Жарақаттың, күйіктің, үсіктің ауыр салдары  естен тану болып табылады.

 Естен  тану-орталық нерв жүйесі қызметінің  күрт нашарлауы нәтижесінде дамып,  организмнің барлық жүйесі қызметінің  тоқтауына алып келетін ауыр  жағдай.

 Естен  тану қатты ауру кезіндегі  тітіркеністен пайда болады. Сүйектің  зақымдануынан болған жұмсақ  ұлпалардың үлкен көлемде мылжалануынан,  жаншылуынан, күюден болған қатты  жарақат. Әсіресе, қан көп кеткен  кезде, дене суынғанда, қорыққанда, шектен тыс ойға шомғанда, сәулеге  ұшырағанда, жұқпалы ауруларда жиі  кездеседі.

Екі кезеңнен тұрады:

  • Бастапқы кезең. Өте қысқа мерзімде өтеді, мазасыздық жағдайы тән, сырқат бір орында тұрмайды, айғайлайды, бұл жағдайда сырқаттың бет әлпеті өзгереді, ерін көгереді тамыр соғысы жиілейді. Бұл кезең жедел екінші сатыға көшеді.
  • Екінші кезең. Орталық нерв жүйесі қызметінің әлсіреу басталады, көмек сұрамайды, есі толық болса да ол төңірегіндегілерге  селқос, оның денесі суық, беті ағарған, тамыр соғысы әлсіз, дем алысы зорға білінеді, сұрақтарға жауап бермейді.

 

   I дәреже -  жәй   естан тану. Ес сақталады, сырқат сұрақтарға дұрыс жауап береді,алайда   әңгімеге құлқы жоқ. Тері мен көрінетін кілегейлі қабықтар бозарады.Дене температурасы қалыпты немесе сәл төмендейді. Көздің қарашығы үлкеймейді,  жарықтан тітіркемейді. Тамырдың соғысы  бірқалыпты, жиілігі минутына 100-110 соққы. Күре тамырлық қысым сынап бағанасы бойынша 110/65 мм.   Тыныс алу бір қалыпты, терең,  кейде жиілейді. 

  II дәреже - қатты естан тану. Жағдай ауыр. Ес сақталады, алайда зардап шегушінің  қоршаған ортаға құлқы жоқ.Сыртқы әлем әсерін әлсіз сезінеді көздің қарашығы тарылған,  жарықтан әлсіз тітіркенеді. Рефлекстердің барлық түрлері төмендетілген. Тері сұрғылт түске еніп бозарып ақшылданады, ұстаған кезде салқын, дене температурасы төмендеген. Тамыр соғысы жиі, жүректің ырғағы баяу естіледі. Күре тамырлық қысым сынап бағанасы бойынша 70/40 мм. Тыныс алу күшейіп, жиілей түседі.

III  дәреже   - өте ауыр жағдай. Зардап шегушінің мүлдем есі жоқ.Тері бозарады,суық, салқан тері шып-шып шығады. Көздің қарашығы үлкейеді, жарықтан мүлдем тітіркенбейді, Күре тамырлық  қан қысымы анықталмайды, тамырдың соғысы байқалмайды, тыныс алу бірқалыпты емес. Дененің құрысуы мүмкін.

 

3.4. Естен тануға қарсы шаралар

 

    Есінен айырылған адамдар алғашқы  медициналық көмекті қажетсінеді.  Зардап шегушіні ауыратын жерлері  бөгде затқа тимейтіндей етіп  жатқызады. Оларға мүмкіндік болса,  ауыртпайтын дәрі – дәрмек: промедол.морфин, аналгин 5%-2мм ертінді, олар  болмаса 0,5 г аналгин, 0,1г кофеин, кордиамин егеді, есінен тануға әсер еткен себепті жояды, үстінен жылы киім  жабады. Егер зардап шегушінің ішінен жарақат жоқ болса, оған ыстық шәй ішкізеді, арақ немесе басқа да спирт ішімдігін береді.

  Зардап  шегушіні өте мұқият және кешіктірмей  медицина мекемесіне жеткізеді.  Оны апаратын жерге аса сақтықпен,  басқа жерлерден ауыртып алмай,  ыңғайлы көлікпен жеткізеді.

  Дененің  сыдырылуы, тілінуі, буынның таюы, сіңірдің созылуы. Терінің айтарлықтай  беріктік қасиеті бар және  жарақат кезінде оның тұтастығы  бұзылмайды, ал осы уақытта   жұмсақ ұлпалар мен сүйектер  зақымдалуы мүмкін.

  Егер  дене тілінген немесе сыдырылған  жерлер ластанбаса, оны адамның  өзінің емдеуіне  болады. Егер  жара үлкен болса, ең жақсысы  дәрігерге барып, ауруға қарсы  ектіру керек.

  Жұмсақ  ұлпалар зақымдануының аса көп  тараған түрі дененің сыдырылуы  болып табылады, ол қатты заттың  соққы салдарынан пайда болады,соққы  тиген жер бірден үлбірейді,  көбінесе көгереді олардың пайда  болуы зақымдалған тамырлардан  қанның ағуымен түсіндіріледі.

 Тарамыстың  созылуы секірген, құлаған,ауыр затты  көтерген кездегі ебдейсіз әрекеттерден  туындайды. Созылу белгілері-буынның сырқырауы, терінің үлбіреуі,қозғалауы қиындығы.

Алғашқы медициналық көмек. Жараға тиіспей, оның айналасын суланған мақтамен сүртіңіз, жараға йод жағып, оны таза дәкімен таңыңыз, үлкен жараны ең жақсысы алғашқы көмектің жеке пакетіндегі дәкілі-мақталы жастықшасы бар таңғышпен байлаған жақсы (мұндай пакеттер дәріханада сатылады), таңғыш материалды алған кезде ешбір жағдайда жараның үстіне жабылатын жастықшаға тиіспеңіз,егер қолыңызда дәкі жоқ болса, таза бет орамалды пайдаланыңыз, жараны толық  жабу керек, таңғыш денені қатты ауыртпау үшін оны аса қатты тартпау қажет, егер бір-екі күннен кейін тілінген немесе сыдырлыған жер іріңдеп, ал оның төңірегі ісіп кетсе дәрігерге барыңыз.Сырқатты басу үшін зардап шегушіге 0,25-0,5г анальгин беруге, ал жарақаттанған жерге мұзды қағанақ қоюға болады.

  Буының  шығуы – бұл буындағы сүйектерді  ажырататын буының үстіңгі жағының  анатономиялық өзара қарым-қатынасының  өзгерісі.Буын шыққан кезде оның  қызметі бұзылады.Буынның шығуы  толық және жартылай шығу  болып  бөлінеді. Буынның таюы әдетте сіңірдің созылуына немесе буынды бекітетін байламды үзуге,кейде буын қоржынын зақымдауға, яғни буынның үстіңгі жағын жабатын  қабатты  зақымдауға алып келеді.

Информация о работе Тіршілік қауіпсіздік негіздері