Тіршілік қауіпсіздік негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 14:55, лекция

Краткое описание

Оқулықта Қазақстан Республикасының негізгі заңдарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарды, адам мекендейтін ортаның қауіптіліктерін, шаруашылық жүргізуші обьектілердің төтенше жағдайларда жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру тәсілдерін және олардың салдарын жою бойынша шаралары қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (3).docx

— 722.83 Кб (Скачать)

Кеңес одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс (АҚ) – деп аталына бастады. Кеңес  өкіметі 1925-1932 жылдары осы Азаматтық  қорғаныс жүйесін одан әрі нығайту  мақсатында бірнеше қаулылар қабылдады. Осы ХӘҚЖ – не төмендегідей міндеттер  жүктелді:

  • әуе шабуылы туралы халыққа ескерту және қауіптің өткендігін хабарлау;
  • әуе шабуылының зардаптарын жою;
  • бомбадан не газдан, улағыш заттардан (УЗ) паналау орындарын дайындау;
  • зардап шеккен жан-жануарларға көмек көрсету;
  • қауіп төнген аудандарға қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын жүргізу;
  • ХӘҚЖ үшін арнайы мамандар дайындау жұмысын жүргізу.

 

   Арнайы курстарда, қоғамдық қорғану  ұйымдарында оқытуды ұйымдастыру.

   Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл істерге жоғары маңыз беріліп, бұл күштер халықты қорғауда, шабуыл зардаптарын жоюда үлкен жұмыстар атқарды.

   Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан  кейін де бұл қызмет одан  ары қарай жалғастырып жетілдіре  берілді.

    Бұл күндері оларға жаңа міндеттер  жүктелінген, құрылымы өзгерген. Халықты әуе шабуылынан, атом  бомбасының қолдануынан, химиялық, бактериологиялық қарулардан қорғануға дайындау жұмыстары жүктелді. Бұл жұмысты басқаруды ұйымдастыру министрліктерге, облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктерге жүктелген.

 

2.2. Азаматтық қорғаныс жүйесінің  мақсаттары

 

Азаматтық қорғаныстың мақсаттары:

  • әр қоғамдағы ең басты және бағалысы – адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту – негізгі мақсат. Адамды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.
  • халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.

Азаматтық қорғаныс міндеттері:

  • халықты жаппай қыру құралдарының(ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу;
  • төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
  • зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу;
  • апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу;
  • зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету;
  • төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу;
  • өндірістік орындардағы апаттық көрші тұрғын объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіпу;
  • адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу;
  • территорияны, техниканы, киімді, тамақты, улы радиактивті заттардан, бактериялардан қорғау.

 

2.3. Азаматтық қорғаныс жүйесінің  басқару ұйымдары мен құрылымы

 

Азаматтық қорғаныстың  басқару ұйымдары:

  • республикадағы азаматтық қорғаныс штабы;
  • облыстық, қалалық, аудандық штабтар;
  • министрлік бойынша жергілікті жердегі мекемелерде;
  • АҚ штабтары немесе қызметкерлері;
  • азаматтық қорғаныс ұйымының кезекшілік қызметкерлері мен байланыс органдары.

Азаматтық қорғаныстың күштеріне  жататындар:

  • азаматтық қорғаныс әскерлері;
  • ауқымдық не министрліктерге бағынатын жасақшылар;
  • арнайы жасақшылар.

Басқару органдары:

  • Қазақ Республикасының Прьемер-министрі;
  • республикалық азаматтық қорғаныс штабы;
  • төтенше жағдай жөніндегі комиссия;
  • облыс әкімі;
  • қала әкімі;
  • аудан әкімі;
  • әр мекемедегі бірінші басшы (3-сурет).

Мекеменің басшысы осы мекеменің  төтенше жағдай кезінде дайындығы  үшін, құтқару жұмыстарының ұйымдастырылу  жұмыстарына жауап береді. ТЖ-дың  зардабын жоюға жауапты адам.

Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады.

Территориялық – дегеніміз әр облыс, қала , аудан  территориясында құрылады.

Өндірістік  – дегеніміз жұмыс саласындағы  әр министрлік бойынша жергілікті жерде  солардың басшылығымен жұмыс жасайтын азаматтық қорғаныстың орындары болады.

 

2.4. Ядролық қарудың жарылыс ошағы

 

Ядролық қару деп жарылыс кезінде  ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде  болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға  негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдік эквивалентпен өлшенеді.

Ядролық жарылыс ауада, жер (су) беттерінде және жер (су) астарында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына соққы  толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір  радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс  жатады.

 

АҚ штабы


АҚ бастығы

Жалпы қызмет атқаратындар

Біріктіріл-ген күштер

Құтқару-шылар

Топ,коман-да, отряд

Топ,коман-да отряд

Механика күштері

АҚ қызмет-керлері

Барлау қызметі

Байланыс қызметі

Медициналық қызмет

Өрт сөндіру қызмет

Техникалық  қызмет

Радиациядан қорғау қызмет

Химиялық қарудан қорғау қызметі

Қоғамдық тамақ, сауда  қызмет

Басқа да қажетті қызметтер

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет-3 Азаматтық қорғаныс штабының құрылымы

 

Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады. Және дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынның пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып сақтанады.

Жарықтық сәуле бөлу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер бар. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі.

Жарықты сәулелену – бұл жарылыс  кезінде болатын сәулелердің  қуаты. Бұның қызуы миллион градусқа (жарылыс барысында  бірнеше мыңға) дейін болады (жарылыстың аяғында).

Жарықты сәулелену өте қысқа  мерзімде әсер етеді және тарауы да лезде болады.

Ол күннен алдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан  алыстан көрінеді. Сәуленің мөлшері - калориямен өлшенеді.

Жарықты сәулелену – адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, соқыр қылады.

Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады:

   1 – ші дәрежелі – 4 кал/см;

   2 – ші дәрежелі – 4-7,5 кал/см;

   3 – ші дәрежелі – 7,5 - 12 кал/см (тері сыдырылады);

   4 – ші дәрежелі – 12 –ден жоғары  кал/см (терінің күйігі тереңдеп, жапырықтанып, бөлшектеніп түседі);

Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда  болуына әсер етеді, адамдар күйеді, көзді жандырып жібереді.

Өткір радиация – гамма сәулесінің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар  жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ласатайды.

Радиоактивті  заттар адамдарға екі жолмен әсер етеді: гамма сәуленің бетта-бөлшектермен бөлініп адамның ашық жеріне, терісіне қонады., екіншіден, олар адамның ішіне  кетеді. Осыдан адамдар сәуле ауруына  шалдығады. Егер теріге радиоактивті заттар көп қонса, адамдар радиоактивті күйік алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойына толық  тарайды. Радиоактивті заттардан панаханалар ғана сақтайды.

Электрлік магниттік импульс жарылыстан кенін электрлік және магниттік алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антеналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, приборларды, конденсаторларды, ваакумды қондырғыларды және т.с.с. электрондық қондырғыларды істен шығарады.

 

Радиацияға қарсы қорғаныс. Медициналық  көмек көрсету.           

Алдымен халықты радиациялық қауіп жөнінде  құлақтандыру керек; ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану туралы хабардар ету керек, радиактивті  заттармен ластанған аймақтың тұрғындарын  өздерін қалай ұстау керектігін мүмкіншілігінше түсіндіру қажет, радиацияның деңгейін анықтаудың маңызы зор, дозиметрлік бақылауды тұрақты  жүргізу керек, су мен тамақты  радиоактивті ластануға зерттеу  жасау керек.

2.5. Химиялық қарудың жарылу  ошағы

 

Химиялық қару дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улану заттарын  жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланады. Улану заттары адамдарды, мал-жануарларды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.

Улану заттарының жіктелуі келесі белгілермен  анықталады:

  • зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөлуге болады: нервті-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улану әсері (синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), псикаға әсері (ВZ), тітіркендіру әсері (СS – адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен  және т.б.);
  • улану заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синильдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоман, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды;
  • соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге алып келеді (иприт, зоман, U типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады;
  • әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жәй әсер ететіндер (әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті  иприттер, фосген, дифосген;
  • қолданылуы ықтимал заттары (V) және фосфорорганикалық заттар.

2.6. Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы

 

Бактериологиялық (биологиялық) қару деп терлеткі (потогенные) микроорганизмдерді, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығын айтады.

Бұл қарудің  қауіптілігі – приборлардың жиынтығынан  іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтау үшін, сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алынып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ол жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат.

2.7. Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар

 

    Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның исі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу ериді, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді.

     Ашық жатқан су көздерін, өте ұзақ уақыт бойы – 6 айға дейін зақымдаушы күшін жоймайды. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады. Жазды күндері бір жерде -12 тәулік бойы, ал қысты күні 2-3 айға дейін сақталып улайды.

    Зарин – бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке дейін сақталады.

  Бұл да теріге өтіп және тыныс алу орындарын улайды. Организмге сіңгеннен кейін орталық нерв жүйесіне зардабын тигізеді.

 Иприт – теріні күйдіріп,іріңдетіп улағыш заттарға жатады. Ол сарымсақтың исі бар сарғыш немес қара қошқыл түсті сұйық. Органикалық ерігіштерде жақсы ериді. Ол адам терісіне сіңу арқылы улайды. Бұл жағдайда адам терісі 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады.

Адам  тыныс жүйесі арқылы уланғанда бірнеше  сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, тұншығып өледі. Синильдік қышқыл. Бұл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез арада бұға айналып ұшып кетеді. Қату температурасы – 140С, адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады. Фозген – бұл тұншықтырғыш улы заттарға жатады. Ол түссіз газ түрінде болады және ауадан 3,5 есе ауыр. Шіріген көптің исі бар. Адамды буланған күйінде тыныс алу органдары арқылы уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін өзінің уландыру күшін сақтайды.

 

    1. Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ)

Информация о работе Тіршілік қауіпсіздік негіздері