Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 22:35, реферат
Жүрек тамыры ауруларының халықтың арасында қазіргі уақытта таралғандығы соншалық оны ХХ ғасырдың ауруы деп атай бастады. 19 ғасырда тырысқақ жайлады, ХХ ғасырдың басында халық туберкулезден, сүзектен басқа да жұқпалы аурулардан шетінеді. Біздің жүзжылдықтың алдыңғы жартысында жүрек пен тамыр аурулары алдыңғы қатарға шығып, қазіргі адам үшін №1 тажалға айналды.
Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т.б.