Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 22:35, реферат
Жүрек тамыры ауруларының халықтың арасында қазіргі уақытта таралғандығы соншалық оны ХХ ғасырдың ауруы деп атай бастады. 19 ғасырда тырысқақ жайлады, ХХ ғасырдың басында халық туберкулезден, сүзектен басқа да жұқпалы аурулардан шетінеді. Біздің жүзжылдықтың алдыңғы жартысында жүрек пен тамыр аурулары алдыңғы қатарға шығып, қазіргі адам үшін №1 тажалға айналды.
Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т.б.
Жүрек аурулары
Адам шаршаса жатып демалады, ұйықтайды. Жүрек үздіксіз жұмыс істейді, адамның ми клеткалары басқа органдарына өмірлік қажетті оттегіні, қант пен өзге затты жеткізеді.
Жүректің
әрбір қысқарған уақытында ол
ірі тамырларға елу, жүз текше
сантиметр қан жөнелтеді.
Жүрек тамыры ауруларының халықтың арасында қазіргі уақытта таралғандығы соншалық оны ХХ ғасырдың ауруы деп атай бастады. 19 ғасырда тырысқақ жайлады, ХХ ғасырдың басында халық туберкулезден, сүзектен басқа да жұқпалы аурулардан шетінеді. Біздің жүзжылдықтың алдыңғы жартысында жүрек пен тамыр аурулары алдыңғы қатарға шығып, қазіргі адам үшін №1 тажалға айналды.
Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың
асқынуынан немесе жүрек және қантамыр
жүйесі қызметі бұзылуы мен
Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді.
Жүрек және қан тамыр неврозы – жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы. Бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы – жалпы невроз (неврастения, истерия, т.б.). Бұл кезде жүректің соғуы бұзылады. Клиникалық белгісі: адамның беті қызарады, сұрланады, басы ауырады. Екінші тобы – гипертония, гипотония аурулары. Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, ми қыртысының ауруға шалдығуынан пайда болады. Үшінші тобына вегетативтік жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулары жатады. Ауру көбіне адамның жеке органдарында дамып, кейін жұлын және симпатикалық жүйке жүйесінің басты бөлімдеріне таралады. Бұған Меньер, Рейно аурулары, Вольфра – Паркинсон – Уайт синдромы, бас сақинасы, стенокардия, жүрек аритмиясы, жүрек тосқауылдары, т.б. жатады. Бұлардан басқа да Жүрек Аурулары бар. Мысалы, Жүрек демікпесі; қ. Демікпе. Жүрек пен қантамырлар жүйесінің аурулары әр түрлі жағдайларға байланысты.
Вена қантамырларының кеңеюі
Ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып жұмыс істеген адамдарда вена қантамырлары кеңейеді. Кеңейген жерлерінде қанқатпа пайда болады. Сыртынан түйін-түйін болып көзге айқын білінеді. Вена қантамырларында қан қысымын жоғарылатады. Аяқ көп қимылдамаған соң оның бұлшықеттері де жиырыла алмайды. Қанқатпа ауруы асқынбау үшін көбірек қозғалу керек.
Қаназдық
Қаназдық (анемия) - қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен болатын ауру. Қаназдықтың болу себептері: денеден көп қан кету; химиялық заттардың, удың, безгек ауруының әсерінен эритроциттердің тіршілігін жоюы; кемік майы, бауыр, көкбауырдың зақымдануы; эритроциттердің түзілуіне қатысатын заттардың (темір, В12 витамині) жетіспеуі және т. б. Қан оттегіне қанықпағандықтан, мүшелер мен ұлпаларға оттек жетіспейді. Зат алмасу бұзылады. Эритроциттердің мөлшері азайғанда қанның тұтқырлығы төмендеп, жүрек соғуы жиілейді. Қаназдықтан жүрекке көп күш түседі. Оны қан құю арқылы емдейді.
Ақ қандылық
Ақ қандылық (лейкемия) лейкоциттердің тез көбейіп, қан ағынын толтырып жіберуден пайда болады (гр. leukas - ақ, гр. haima - қан). Лейкоциттер кеміктегі жілік майын ығыстырып, эритроциттердің түзілуіне кедергі жасайды. Бұл ауруды рентген сәулесі, радиоактивті элементтермен емдейді.
Қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем
Әр түрлі қолайсыз жағдайлардың әсерінен ағзадан қан кетуі мүмкін.
Артерия қантамырларынан қан кету
өте қауіпті, аз уақыттың ішінде көп
қан жоғалтады. Себебі артерия қантамырларында
қысым жоғары болғандықтан, қанның
ағуы да тез болады. Мұндайда жарақаттанған
жердің жоғарғы жағын саусақпен
қысады. Жарақаттың бетін таза шүберекпен
жауып, үстінен бұрау жіппен қатты
қысып байлайды. Артерия қантамырларынан
аққан қан алқызыл түсті
Вена қантамырларынан аққан қан күңгірт-қызыл түсті. Вена қантамырлары жарақаттанса, қан аққан жердің төменгі жағынан саусақпен басып тұрып қатты таңады.
Мұрыннан қан кеткен кезде - басты сәл көтеріп жатқызып немесе отырғызып, көз аралығының қырына суық шүберек басады. Мақтаны сутектің асқын тотығымен (перекись водорода) дымқылдап танауға тығады. Басты тым шалқайтуға болмайды, қан тамаққа кетіп, қақалып қалуы мүмкін. Ең абзалы дәрігерге көрсету керек.
Ішкі қуыстарға қан кету (кеуде,
құрсақ, бассүйектің ішіне және т.
б.) адам ағзасы үшін өте кауіпті. Бұл
кезде жедел операция жасау қажет.
Ішкі қуыстарға қан кеткенде тері
бозарады, суық тер шығады, тынысалу
баяулайды, тамырдың соғуы өзгереді.
Бұл кезде басты көтеріп
Бұлшықеттерге ауыр күш түсіретін жұмыстар - жүрек бұлшықеттеріне зақым келтіріп, жиырылу әрекетін төмендетеді. Жүрек бұлшықетін қанмен жабдықтайтын қантамырларды қанқатпа бітеліп, оттегі мен қоректік заттарды тасуға кедергі жасайды.
Өте қауіпті жұқпалы ауруды қоздырушылардың
бөлетін уы қанмен жүрекке жетіп,
жүрек бұлшықеттерін
Қалқанша без гормонының не аз, не көп бөлінуі ырғақты жиырылуды бұзады.
Жүрек қақпақшалары бактериялармен зақымданғанда жабылмай, жүрек жиырылғанда қанның кері ағуына әсер етеді. Жүрек - қантамырлары аурулары жүйке жүйесіне де байланысты.
Жүрек қантамырларына зиянды заттардың әсері
Никотинде (темекіде) у болатындықтан, ең алдымен жүректің жиырылуын жиілетіп, қантамырларын тарылтады. Жүректің бұлшықеттері тез шаршайды. Темекі тартатындардың басы ауырып, ұмытшақ болады. Темекі мүшелерді қанмен жабдықтауды әлсіретеді.
Еліктеткіш ішімдіктің (алкоголь) зияны темекіден де күшті. Арақтың уы қанға тез сіңіп, ағзаға тез таралады. Жүрек пен қантамырлар жұмысын бұзады. Қантамырлар қабырғасының серпінділігі азайып, осал болады. Адам ентігеді, жүрек қабы майланып, жүрек жұмысына кедергі жасайды.
Жүрек-қантамырлар ауруларының алдын алу үшін ең қажеттісі - көбірек қозғалу. Қозғалыстың негізі - бұлшықеттердің жиырылуы. Дене еңбегімен шұғылданғанда бұлшықеттер қанмен қамтамасыз етіледі. Қан бұлшықеттерді оттегімен және қоректі заттармен байытады. Дұрыс қалыптаскан ағза ауруларға көп шалдықпайды.
Шынығу-шынықтырудың да мәні зор. Шыныққан адамның жүрегі қандай жұмыс істесе де көпке дейін шаршамайды. Денесі де ширак, көңілі көтеріңкі болады. Жүректің бұлшықеттері қалыңдап, ырғақты жиырылады. Шынықпаған адам өлсіз, тез шаршайтын болады
Вегето-қантамыр дистониясы: жұмбағы көп ғасыр дерті
Медицина мамандары бұл ауруды бұрын жоққа шығарған еді. Себебін ауруға қарсы емдеу шараларының болмауынан деп түсіндіреді.
Атауы күрделі вегето-қантамыр ауруының басты себебі - күйзеліс болып шықты. Дәрігерлер күйзелістің біраз ауруларға себеп болғанын айта келіп, онымен күресудің медициналық, психологиялық, тіпті әлеуметтік жолдарын іздеген.
Вегето-қантамыр дистониясы (ВҚД) туралы
алғашқы мәліметтер Америкада жарияланды.
АҚШ оңтүстігі мен
Қантамырлары сыр берген жандар қатары күн санап үдей түсуде. Қазіргі таңда, бұл ауруға жер бетіндегі адамдардың 70%-ы шалдыққан. Көбінесе бойшаң әрі жүдеу кісілер, сонымен қатар, моральдық және физикалық жағдайына көп ауыртпалық түсетін жандар бұл ауруға осал келеді.
“Дәрігер, менің бүкіл денем маза бермей ауырады”, — деген шағыммен келетін науқасқа дәрігердің қоятын ең алғашқы диагнозы — вегето-қантамыр дистониясы. Зерттеушілер бұл аурудың 150 көрсеткіші мен 50 синдромын анықтаған. Кейде дәрігерлер қандай да бір ауруды анықтай алмай жатса, қантамырлар жүйесіне сілтей салатын көрінеді. Мұндай жағдайларға ұшырасып, зардап шегіп жатқан науқастар көп. Дәрігер жүрек-қантамырлар жүйесі (ВҚД) сыр берген деп, жүйке ауруларын емдейтін бөлімшеге жатқызған науқастың, кейін астма немесе өкпе ауруынан зардап шеккендігі анықталған.
Зерттеу барысында, қан тамырлары ауруларының белгілі бір індет емес, бірнеше симптомдардың жиынтығы екені белгілі болды.
“ВҚД” яғни, жүрек-қантамырлары ауруларының алғашқы белгілерін дәрігерлер былай белгілеген:
Есінен тану, жүрек пен кеуде айналасына шаншу қадалғанын сезіну;
Дене қызуының тұрақсыздығы мен өңнің солғын тартып, не қызаруы;
Тұла-бойының біресе терлеп, біресе қалтырап тоңуы;
Әр түрлі аурулардың өршуі, көп жағдайда бас пен жауырыннан ауырлық сезіледі;
Эмоциялық көңіл-күйдің бұзылуы: тез шаршау мен психологиялық қамкөңілдік.
Факторлары
Бұл ауруды тудыратын алғашқы фактор
— эмоциялық көңіл-күйдің түсуі
мен күйзеліс. Медицина ғылымдарының
кандидаты, дәрігер-психотерапевт Дмитрий
Мерзляковтың айтуынша, ВҚД ауруына
шалдығатын жандар көп жағдайда уайымға
беріліп, жабырқап жүреді. Кәсіби сөзбен
айшықтасақ, адам күйзеліске түскенде,
оның сезу мүшелерінің қызметі
Кейбір зерттеушілер «ВҚД ауруының басты себебі — қанның ағзада дұрыс айналмауынан», - деп түсіндіреді. “Сіз қантамырға жалғанбаған сау мүше көрдіңіз бе? Адамның алпыс екі қан тамыры бойындағы барлық он екі мүшесінің арасын жалғап, адамның өмір сүруін қамтамасыз етеді” — деп түсіндіреді дәрігер-остеопат Дмитрий Мохов. «Мәселен, неврология бөлімшесінде жасайтын бірде-бір дәрігер бас сақинасы ауруын іштің кебуімен байланыстырмайды. Алайда, бұл екі ауру та қанайналым жүйесіне әсер етеді. Сондықтан, қантамыр ауруларының ушығуына да негіз болуы мүмкін.
Кеңес: бойыңыздан қуат кетіп, денсаулығыңыздың сыр беріп жүргенін байқасаңыз, қантамырлар ауруы деп, қате ем қабылдаудан аулақ болыңыз. Себебі, бірнеше індет белгілері “ВҚД” ауруымен ұқсас келеді. Және есте сақтайтын маңызды жайт: кеуде қуыстарынан байқалатын әр шаншуға селқос қарамай, шұғыл емдеу қажет. Кез келген жай шаншумен, уақытша дене қызуының көтерілуі артында үлкен аурудың тұру мүмкіндігін ұмытпаңыз. Дер кезінде алдын алған сырқаттан оңай жазылуға болады. Жылына бір рет кардиолог, бір рет фтизиатор маманның тексеруінен өтіп тұрған жөн.
“ВҚД” ауруымен күресудің жолдары
“ВҚД” ауруының бетін қайтару үшін кешенді ем қабылдау керек. Қазіргі медицинада емдеудің әдіс-тәсілдері көп. Тек оларды шатастырмау қажет. Әдістер қатарына диета, психотерапия, фитотерапия және дене шынықтыру жаттығулары кіреді.
Егер бұл дерттен дәрі-дәрмек таба алмай жүрсеңіз, босқа әуреге салынбаңыз... Өйткені, бұл аурудан айықтыратын препарат әлі шығарылған жоқ. Сондықтан, ауруды болдырмау үшін таза ауада серуендеуді жиілетіңіз, дене шынықтыру жаттығуларын жасап жүріңіз. Дегенмен, жаттығулармен абай болу қажет. Себебі, жүрек пен тамырларға айтарлықтай күш түседі. Егер басқа уақытта дене жаттығуларын жасауға күш пен уақытыңыз жетпей жатса, таңертеңгілік 10 минутыңызды бөлсеңіз де, жетіп жатыр.
Тамақтану тәртібін сақтау — аурудың
бетін қайтарудың бірден-бір жолы.
Асыңыздың құрамына мән беріңіз.
Бидай мен көкөністі
Емдік қасиеттері мол өсімдіктердің көмегіне жүгініңіз. Қазір емдеу орындарында шөппен емдеу әдісі танымал. Оның шипасы мол. Дәріханаларда да дайын шөптік өнімдер көп. Розмарин мен биостимулятор көңіл-күйді көтеріп, дене ауыртпалығын жеңуге көмектеседі. Ал қозу мен мазасыздықтан валериана, пустырник, боярышник деген дәрмектер құтқарады.
Рефлекстік емдерді де қолданып көріңіз. Бұған массаж, ине салу емдері кіреді. Ауырған мүшелерді қатты уқалау сырқаттан құлан-таза айығуға септігін тигізеді. Алтын инемен емделудің де пайдасы зор. Ол буындардың жұмысын жақсартып, жүйке жүйесіне де тыныштық сыйлайды.