Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:08, реферат
Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінде қылмыс туралы ұғым, жаза түрлерінің тізбегі, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың жалпы принциптері ( қағидалары ) сөз болса, ал Ерекше бөлімде нақты қандай қоғамға қауіпті іс - әрекеттің қауіпті қылмыс болатыны жасалған қылмысқа қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларымен белгіленген нақты бір жаза түрін тағайындау мәселелері қарастырылады.
Ерекше бөлімнің түсінігі және маңызы.
Қылмысты дұрыс саралаудың әділсоттылықты жүзеге асырудағы маңызы.
Қылмыстық құқық ерекше бөлімінің нормаларын формальды – тоғышарлықпен талқылауға және ерекше бөлімнің нормаларының заңдылық табиғатын түсіндіруде нигилистік көзқарасқа жол бермеу.
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің жүйелері.
Басқыншылық
соғысты әзірлеуге
Көрсетілген қылмыс формальдық құрамға жатады, сондықтан да заңда көрсетілген – басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу немесе тұтандыру әрекеттерінің біреуі іске асырылған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады. Қылмыс субьективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субьектісі арнаулы. ҚР – ң жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымды адамдары.
Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру ( 157 – бап ).
Қылмыстың тікелей обьектісі мемлекеттердің өзара бейбіт өмір сүру және тату қарым – қатынаста болу мүддесі болып табылады. Қылмыс обьективтік жағынан басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыстың субьектісі 16 – ға толған есі дұрыс кез келген адам. Қылмыс субьективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасалған не мемлекеттік жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам жасаған дәл сол әрекет – осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады ( 157 – баптың 2 – тармағы ).
Жаппай қырып – жою қаруын өндіру немесе тарату ( 158 – бап ).
Қылмыстың тікелей обьектісі бейбітшілік пен қауіпсіздік және бейбіт қатар өмір сүру қауіпсіздігі болып табылады. Қылмыстың затына ҚР – да халықаралық шарттар бойынша өндіруге тыйым салынған жаппай қырып – жоятын қарулар немесе олардың басқа түрлері, химиялық, биологиялық заттар жатады. Жаппай қырып – жоятын қаруларға ядролық қарулар жатады. Химиялық қаруларға – уландыратын, тұншықтыратын немесе нерв жүйелеріне басқадай әсер ететін қарулар жатады. Биологиялыққа - әртүрлі бактерия, вирус, адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді жаппай ауруға шалдықтыратын заттар жатады. Қылмыс обьективтік жағынан химиялық, биологиялық, сондай – ақ ҚР – ң халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып – жою қаруының басқа да түрлерін өндіру, алу немесе өткізу арқылы сипатталады. Қылмыс құрамы формальдық. Қылмыс субьектісі 16 – ға толған кез келген адам. Қылмыс субьективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі.
2. Соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану ( 159 – бап ).
Қылмыстың тікелей
обьектісі халықаралық құқық
нормаларымен белгіленген
Қылмыс құрамы формальдық. Қылмыстың субьектісі 16 – ға толған кез келген есі дұрыс адам. Субьективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі.
ҚР – сы халықаралық құқық нормаларын басшылыққа ала отырып, жаңа Қылмыстық кодекске жалдамалылық үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін арнаулы бапты енгізді. Қылмыстың тікелей обьектісі халықаралық құқық нормалары белгілеген соғыс жүргізудің құралдары мен әдістерін қолдануды реттейтін қоғамдық қатынастар.
Обьективтік жағынан
қылмыс заң диспозициясында
Геноцид ( 160 – бап ).
Информация о работе Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі және оның маңызы