Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі және оның маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:08, реферат

Краткое описание

Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінде қылмыс туралы ұғым, жаза түрлерінің тізбегі, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың жалпы принциптері ( қағидалары ) сөз болса, ал Ерекше бөлімде нақты қандай қоғамға қауіпті іс - әрекеттің қауіпті қылмыс болатыны жасалған қылмысқа қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларымен белгіленген нақты бір жаза түрін тағайындау мәселелері қарастырылады.

Оглавление

Ерекше бөлімнің түсінігі және маңызы.
Қылмысты дұрыс саралаудың әділсоттылықты жүзеге асырудағы маңызы.
Қылмыстық құқық ерекше бөлімінің нормаларын формальды – тоғышарлықпен талқылауға және ерекше бөлімнің нормаларының заңдылық табиғатын түсіндіруде нигилистік көзқарасқа жол бермеу.
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің жүйелері.

Файлы: 1 файл

Қылмыстық құқық пәнінен лекциялар.doc

— 177.00 Кб (Скачать)

           Қылмыстың обьектісі болып азаматтардың еңбек құқығын бұзу болып табылады.  Еңбек туралы заңды өзге де бұзу деп еңбекке дұрыс ақы төлемеуді, жұмыс уақытының ұзақтығын, дұрыс сақтамау, демалыс беруден бас тарту, жұмысқа алудан негізсіз бас тарту, жекелеген қызметкерге заңда белгіленген жеңілдіктерді қолданудан бас тарту және т. б.

         Қылмыс құрамы материалдық. Субьективтік жағынан бұл қылмыс қасақаналықпен істеледі. Қылмыс субьектісі болып тек қана мемлекеттік немесе мемлекеттік емес аппаратқа жұмысқа алу немесе жұмыстан шығару құқы бар лауазымды адамдар танылады.

                                  Еңбекті қорғау ережелерін бұзу ( 152 – бап ).

         Қылмыстың тікелей обьектісі еңбектің қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар, қосымша тікелей обьектісі жәбірленушінің өмірі, денсаулығы. Қылмыстық кодекстің 152 – бабындағы норма бланкеттік диспозицияға негізделген.

         Обьективтік жағынан алғанда сөз болып отырған қылмыс қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария ережелерін немесе еңбекті қорғаудың өзге де ережелерін, осы ережелерді сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның бұзуы абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соғу арқылы көрініс табады.

         Қылмыстың  бұл құрамы материалдық құрамдағы қылмыс болып табылады. Субьективтік жағынан қылмыс кінәнің абайсыздық нысаны ( менмендік немесе немқұрайдылық ) арқылы істеледі. Қылмыстың субьектісі арнаулы – еңбекті қорғау ережелерін сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер өзіне жүктелген 16 – ға толған адам. Осы баптың 2 – тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі – еңбекті қорғау ережелерін бұзудан абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.  

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар.

 

         1) Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстардың түрлері.

         2) Жеке құқықтар мен бостандықтарға  қарсы қылмыстардың жекеленген  түрлері. 

         Жеке өмірге  қол сұғылмаушылықты бұзу ( 142 –  бап ); Хат жазысу, телефонмен сөйлесу,  почта, телеграф хабарларының  немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу ( 147-

бап ); Дәрігерлік құпияны жария  ету ( 144 – бап ); Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты  бұзу ( 145 – бап );Ар – ождан және діни – наным бостандығықұқығын  жүзеге асыруға кедергі жасау ( 149 – бап ).

 

                             Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу ( 142 – бап ).

         ҚР – ң Конституциясының 18 – бабының 1 – тармағында «Әркімнің жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар – намысының қорғалуына құқығы бар», - делінген. Жеке өмірге қол сұғушылықты бұзу қылмыс болып табылады. Қылмыстың тікелей обьектісі жеке өмірге қол сұғылмаушылықты реттейтін қоғамдық қатынастар, қылмыстың жәбірленушісі – жеке өміріне қол сұғылған адамдар.

         Қылмыстың  заты – жеке адамдар туралы  немесе оның отбасы туралы әртүрлі мәліметтер ( адамның денаулығы, өмір сүру салты, дінге көзқарасы, жеке творчествалық жоспары, басқа адамдармен қарым – қатынасы т.с.с. ) .

         Қылмыс  обьективтік жағынан адамның  жеке өмірі туралы, оның жеке  немесе отбасы құпиясын құрайтын мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз жинау немесе тарату, егер осы әрекеттер жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру арқылы жүзеге асырылады. Адамның жеке өмірі, оның отбасы туралы құпиясын құрайтын мағлұматтарды жинауды заңсыз мәліметтер жинау деп атаймыз. Осы жиналған мәліметтерді үшінші жаққа хабарлауды оны тарату деп бағалаймыз. Осы әрекеттерден жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірілуі қажет. Келтірілген зиян мөлшері мүліктік немесе моральдық немесе басқа тұрғыда ( отбасындағы келеңсіз жағдайлардың пайда болуы, жұмысқа орналаса алмау, т.с.с ) болуы мүмкін.

         Субьективтік  жағынан бұл қылмыс тікелей  қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың  субьектісі 16 – ға толған кез  келген есі дұрыс адам.

        

         Хат жазысу, телефонмен сөйлесу,  почта, телеграф хабарларының  немесе өзге хабарлар құпиясын  заңсыз бұзу ( 143 – бап ).

         Конституцияның 18 бабының 1 – тармағына сәйкес азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайды. Азаматтардың хат – хабар жазуы, телефонмен сөйлесуі, телеграф арқылы хабарлауы олардың жеке өмірлік құқықтары болып табылады және мұндай хабарлаудың құпиялылығы сақталады ( 18 – баптың 2 – тармағы ). Байланыс мекемелері азаматтардың осындай құқықтарын мүлтіксіз қорғауға міндетті.

         Қылмыстың  тікелей обьектісі хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф  хабарларының немесе өзге хабарлар  құпиясын реттейтін қоғамдық  қатынастар.

         Қылмыс  обьективтік жағынан азаматтардың  хат жазысу, почта, телеграф хабарларының, телефонмен сөйлесу немесе өзге хабарларының құпиясын заңсыз бұзу.

         Субьективтік  жағынан қылмыс тек қана тікелей  қасақаналықпен істеледі.

         Қылмыстың  субьектісі 16 – ға толған есі  дұрыс, кез келген адам.

 

         Дәрігерлік құпияны жария ету ( 144 – бап ).

         Қылмыстың тікелей обьектісі дәрігерлік құпияны қамтамасыз етуді реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың жәбірленушісі – сырқатқа ұшыраған пациент.

         Қылмыс  обьективтік жағынан әрекетсіздік  арқылы пациенттің сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелері туралы мәліметті кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз жария ету арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс құрамы формальдық, ол дәрігерлік құпияны жария еткен кезден бастап аяқталған деп танылады.

        Субьективтік  жағынан қылмыс қасақаналықпен істеледі. Қылмыс субьектісі арнаулы – медициналық қызметкер ( дәрігер, медбикефельдшер, т.с.с ).

        ҚК – ң  144 – бабының 2 – тармағында  осы қылмыстың ауырлататын түрі  адам бойында ВИЧ/ЖҚТБ бар екені  туралы мәліметтерді хабарлау үшін жауапкершілік белгіленген. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса ( жәбірленушінің қорланып өзін - өзі өтлтіруі, ауыр дене жарақатын алуы, ерлі – жұбайлылардың отбасылық қатынастарының бұзылуы т.б. ) онда кінәлі адам ҚК – ң тің 144 – бабының 3 – тармағы бойынша кінәлі деп танылады.

 

                            Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу ( 145 – бап ).   

         ҚР –  ң Конституциясының 25 – бабына  сәйкес тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Осыған орай ҚК – ң 145 – бабында тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзғаны үшін жауаптылық көзделген. Қылмыстың тікелей обьектісі – тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

         Қылмыс  обьективтік жағынан тұрғын үйге  онда тұратын адамның еркінен  тыс басып кіру арқылы көрініс  табады.

         Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол тұрғын үйге онда тұратын адамның еркінен тыс жағдайда басып кірген сәттен аяқталған деп танылады.

         Субьективтік  жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен  істеледі.

         Қылмыстың  субьектісі 16 – ға толған есі  дұрыс кез келген адам.

         ҚК –  ң 145 – бабының 3 – тармағында  көрсетілген қылмыс материалдық  құрамға жатады.

 

         Ар – ождан және діни наным  бостандығы құқығын жүзеге асыруға  кедергі жасау ( 149 – бап ).

         ҚР – сы Конституциясының 22 – бабына сәйкес әркімнің ар – ождан бостандығына құқығы бар. Ар – ождан құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

         Обьективтік  жағынан қылмыс діни ұйымдардың заңды қызметіне немесе діни салттарды жүзеге асыруға кедергі жасау арқылы жүзеге асырылады.

         Субьективтік  жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен  істеледі. Қылмыстың субьектісі 16 –  ға толған кез келген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері.

 

        1) Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түсінігі және құрамы.

        2) Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне  қарсы қылмыстардың түрлері.

 

         Қылмыстық  кодекстің Жалпы бөлімінің 2 – бабында қылмыстық құқық қорғау обьектілерінің қатарына тұңғыш рет бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігі мүддесі қосылып отыр. Осыған орай ҚК – ң Ерекше бөлімінде бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жеке тарау берілген. Мұндай қылмыстар халықаралық қылмыстарға жатады. Мұндай қылмыстар үшін жауаптылықтың негізгі қайнар көзі Халықаралық әскери трибунал болып табылады. Осы жарғыда бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жауаптылығының негіздері және олардың түрлері :

1) бейбітшілікке қарсы қылмыстар; 2) соғыс қылмыстары; 3) адамзатқа  қарсы қылмыстар нақты көрсетілген. 

         Халықаралық  нормада осы тұрғыдағы қылмыстарға  нақты тұрақты анықтамалар беру  мен оларды топқа бөлу әлі  аяқталған жоқ, мұның өзі мемлекеттердің ұлттық қылмыстық кодексін қабылдауда осы мәселеде белгілі бір қиындықтар туғызып отыр. Бірақта ҚР – ң жаңа ҚК – ң 4 – тарауында халықаралық құқықтың жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген осы тұрғыдағы қылмыстар үшін жауаптылық көзделген.

         Бейбітшілік  пен адамзаттың қауіпсіздігіне  қарсы қылмыстардың топтық обьектісі  халықаралық құқық нормаларымен  белгіленген жалпыға бірдей бейбітшілік  пен халықаралық қауіпсіздік  болып табылады. Осы қылмыстардың  кейбір құрамдарының міндетті белгісі қылмыстың заты ( Мысалы, ҚК – ң 158 – бабындағы – химиялық, биологиялық және жаппай қырып – жоятын қарулар ) болады.

         Обьективтік  жағынан осы топқа жататын  қылмыстар қоғамға қауіпті іс - әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар дені формальдық құрамға жатады. Тек қана ҚК – ң 161 – бабындағы қылмыс – экоцид құрамы үшін қоғамға қауіпті зардап – экологиялық апаттың болуы қажет. Субьективтік жағынан осы тараудағы барлық қылмыстар тікелей қасақаналықпен, ал қайсыбір құрамдар белгілі бір мақсатпен ( 160, 163 – баптар ) жасалады.

         Қылмыстың  субьектісі 16 – ға толған есі  дұрыс, жай адамдар. Кейбір  қылмыс құрамының субьектісі  арнаулы субьект мемлекеттік  жауапты қызмет атқаратын адам

( 157 – баптың 2 – тармағы ), қызмет бабын пайдаланған адам ( 164 – баптың 2 – тармағы )

         2. Тікелей обьектісіне байланысты талданып отырылған қылмыс құрамдары мына төмендегідей топтарға бөлінеді.

         Бейбітшілікке қарсы қылмыстар : Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу ( 156 – бап ). Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру ( 157 – бап ). Жаппай қырып – жою қаруын өндіру немесе тарату ( 158 – бап ).

         Соғыс қылмыстары : Соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану ( 159 – бап ). Жалдамалылық ( 162 – бап ).

         Адамзатқа қарсы қылмыстар : Геноцид ( 160 – бап ). Экоцид ( 161 – бап ).

         Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыс : Қылмысты халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға шабуыл жасау ( 163 – бап ).

         Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік –  топтық және рулық астамшылықты  насихаттауға немесе үгіттеуге  жол бермеу жөніндегі конституциялық  принципке қол сұғу; әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру ( 164 – бап ). 

 

 

                                               Бейбітшілікке қарсы қылмыстар.

 

        1) Бейбітшілікке қарсы қылмыстардың  жекеленген құрамдары.

        2) Соғыс қылмыстарының жекеленген құрамдары.

        3) Адамзатқа қарсы қылмыстардың  жекеленген құрамдары.

       

 Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу ( 156 – бап ).

        Қылмыстың тікелей обьектісі – халықтар арасындағы бейбітшілік. Мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі және достастығы.

        Обьективтік  жағынан қылмыс басқыншылық соғысты  жоспарлау, әзірлеу немесе тұтандыру  арқылы жүзеге асырылады.

        Қылмыстың  обьективтік жағы бірнеше балама  әрекеттерден тұрады. Оның біріншісі басқыншылық соғысты жоспарлау. Жоспарлауға халықаралық құқық нормаларына қайшы түрде бейбіт тұрғындарға қарсы соғыс әрекеттерін жүргізудің арнаулы жоспарларын жасау, соғыс әрекеттерін жүргізуге бағытталған әртүрлі әдістемелік құралдар жасау, соғыстың құрбаны болатын мемлекетті белгілеу, басқыншылық соғыс әрекеттерін жүргізудің мерзімін және көлемін белгілеу әрекеттері жатады.

Информация о работе Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі және оның маңызы